Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2860 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 13:05

Өңірде 6 миллион теңгенің субсидиясы игерілген

Оңтүстік Қазақстан облысы Ауыл шаруашылық басқармасының 23-желтоқсандағы мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылы Оңтүстік өңірдегі шаруаларға субсидия беру жұмыстары нәтижелі қорытындыланған. Бұл туралы «Абай ақпарат» порталы ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басым ауыл шаруашылығы дақылын субсидиялауға 2016 жылы бөлінген қаржыны игеру туралы ОҚО Ауыл шаруашылық басқармасының басшысы С. Тұрбеков қорытынды баяндама жасады.

Басқарма басшысының мәліметтеріне сүйенсек, биыл өңірде 0,71 мың гектар егіс тікке егілген  өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйелерін, өнеркәсіптік спринкерлік суару жүйелерін қолдана отырып өсірілген мақтаның гектарына 60 мың теңге көлемінде субсидия бөлінген.  Ал 59,18 мың гектарға егілген көкөніс және бақшы дақылдарының әр гектарына 18 мың теңге көлемінде субсидия берілген. Жылдың қорытындысы бойынша өңірде көкөніс және бақша дақылдары бойынша игерілген субсидия көлемі 1 018 547,7 мың теңгені құрапты.  

Оңтүстік Қазақстан облысы Ауылшаруашылық басқармасының басшысы С.Тұрбековтың деректеріне сүйенсек, 2016 жылы облыстық бюджеттен қарастырылған сома бойынша Ауылшаруашылық басқармасы тарапынан  6 194 786,7 теңгенің субсидиясы игерілген екен. Өңірдегі шаруаларға мемлекет тарапына жасалып жатқан қолдаудың мақсатты игерілуін қорытындылаған басқарма басшысының есебіне сүйенсек, былтырғы жылмен салыстырғанда биылғы жылдың желтоқсан айында шаруалардың жылдық табысы жоғары нәтиже көрсеткен.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417