Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2810 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 11:29

29 бас ірі қараны 320 басқа көбейткен кәсіпкер

Гранд Микс» фермерлік шаруашылық жетекшісі Файзулла Абдулиев мал шаруашылығын қарқынды дамытуда «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы мол үлесін қосқанын айтты, - деп хабарлайды Абай-ақпарат.

 Бұл ойын ол «Нұр Отан» партиясының Түркістан қалалық филиалының ұйымдастыруымен қаланың экономикасы мен мәдениетінің дамуына қажырлы еңбек етіп, үлестерін қосып жүрген партия және еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, ірі фермерлік шаруашылық жетекшілерінің жастар ұйымдарының өкілдерімен кездесуі барысында айтқан. 

Кездесудің негізгі мақсаты - еркін пікір алмасу алаңын қалыптастыру, жастардың өз кәсібін ашуға байланысты бағыт-бағдар беру. 

- Осыдан екі жыл бұрын 29 бас ірі қара малым болған. Еңбектенудің арқасында мал басын көбейтіп, мемлекеттің жеңілдетілген несиесінің арқасында, жаңа мал бордақылау орнын ашуға қол жеткіздім. Қазіргі таңда 320 бас ірі қара мал бордақылауға қол жеткізіп отырмын, - деді кәсіпкер.

Сондай-ақ, қожалық жетекшісі жастарға еңбек ету арқылы жетістікке жетуге болатынын түсіндірді.

- Елбасы ет экспортын еселей түсу керектігін үнемі айтып келеді. Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес 2016 жылға дейін жылына 60 мың тонна ет сырт мемлекеттерге жіберілуі тиіс. Түркістандық шаруалар осы орайда мал бордақылау ісін мықтап қолға ала бастаған.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 5381 ірі қара мал, 1723 Ірі қара аналығы, 92 бұқа сатып алынды. «Құлан» бағдарламасы бойынша 165 бас жылқы аналығы 10 айғыр сатып алынды. Ет өнімдері 8223,7 тн. 101,7%-ға, өсті, - дейді өз сөзінде қала әкімінің орынбасары Дәурен Тәңірбергенов.

Түркістан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, партия ардагері Жарылқасын Әзіретбергенұлының айтуынша, жеке кәсібін бастағысы келетін адамның ішкі сенімі мықты болуы керек. - Қазақстандай мемлекетте тұрып, кәсіпкерлікпен айналыспау, өз бизнесіңді жолға қоймау, шынында да, санаға сыймайтын селқостық деген болар едім. Қазақстандағы бизнесті қолдау бағдарламалары мен жастарға жасалған жеңілдіктерді тиімді пайдалана білу керек, - деп сөзін түйіндеді ақсақал.

Кездесу соңында «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасына қатысып, білім алғысы келетін жастар оқуға шақырылды. 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406