Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2826 0 пікір 24 Желтоқсан, 2016 сағат 11:19

Облыс басшысы шаруашылықтардың тыныс-тіршілігімен танысты

Өңір басшысы жұмысымен танысқан тағы бір нысан – үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылатын «Шардара Балық-1» ЖШС-нің балық өңдеу зауыты болды. Биылғы жылғы қыркүйек айында іске қосылатын бұл нысанға 182 млн. теңге инвестиция тартылған. Мұздатылған және ысталған балық, филе өнімдерін шығаратын зауытта 100 адам қызмет атқаратын болады.  

Ауданда 63 500 гектар суармалы жердің биылғы жылы 58 007 гектары игерілген және 91,3 пайызына дақылдар орналастырылған.  Сонымен бірге, аудандағы су нысандарын қалпына келтіру жоспарланып, 129 шақырымның 121 шақырымы немесе 93,8 пайызы тазаланыпты. Нәтижесінде 625 гектар жер қосымша айналымға қосылған. 

«Сыбаға» бағдарламасы аясында 8 кәсіпкерлік тұлға 76,1 млн. теңге несие алып, оған 475 аналық бас ірі қара мал сатып алыпты. Жыл соңына дейін 2 кәсіпкерлік тұлғаға 15,0 млн теңге несие беріліп, 75 аналық бас ірі қара мал сатып алу жоспарлануда. 

Тамшылатып суғару технологиясын ендіру 600 гектарға жоспарланса, орындалғаны 345 немесе 57,5 пайыз. Жылыжай құрылысын салудың жоспары 8 гектар болса, әзірге орындалғаны 4,2 гектар. Сонымен қатар, үш жақтама келісімге сәйкес 2013 жылы аудан бойынша 68 техника жаңартылуға тиіс болса, бүгінгі таңда 54 дана ауыл шаруашылығы техникалары алыныпты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407