Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2783 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 18:00

Оңтүстіктер бақша дақылдарын өсіруден Орта Азияныӊ көшбасшысы екендігін дәлелдейді

Оңтүстіктер бақша дақылдарын өсіруден Орта Азияныӊ көшбасшысы екендігін дәлелдеді, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. Мәселен, биыл Мақтааралдық дихандар 600 мыӊ тоннадан астам қауын-қарбыз жинаған. 

 

Бүкіл республикаға "Ақ алтын өндіру зауыты" деген атпен танылған Мақтаарал ауданыныӊ шаруалары соӊғы 10 жылда қауын-қарбыз өсірумен де танымал бола бастады. Бүгінде мақтааралдық дихандар қауын-қарбыз өсіруді шебер меӊгеріп, бақша дақылдарыныӊ экспортқа жарамды неше түрлі сорттарын жасап шығаруда.

Бір ғана мысал, мақтааралдық дихандар биыл 28 мыӊ гектар жерден 610 мыӊ тонна қауын-қарбыз алса, соныӊ 450 мыӊ тоннасын шет ел нарығына шығарған. Бұл гектарынан 263 центнерден өнім алып, өткен жылмен салыстырғанда 25 центнерге артық қауын-қарбыз жинаған мырзашөлдіктер бақша дақылдарын өсіруден Орта Азияныӊ көшбасшысы екендігін дәлелдейді.

Мақтааралдыӊ бау-бақша өнімдерінен көл-көсір пайданы ресейлік және беларусьтік кәсіпкерлер де көріп отыр. Оӊтүстіктен жеткен қауын-қарбызды осы теріскейдегі көршілер Батыс Еуропа мемлекеттеріне тасымалдайды екен.

Мәселен, ресейлік бизнесмен Станислав Каспаров: "Мақтааралды "Қауын-қарбыздыӊ Отаны" деп санаймыз. Бұл жердіӊ қауын-қарбызыныӊ дәмі ерекше тәтті. Сол себепті, Мәскеу мен Минск қалалары осы жердіӊ өніміне тапсырыс береді. Біз осы жерден жеткізіп тұрамыз", - дейді бір сұхбатында.

Айта кету керек, Орта Азияда Түркіменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдері қауын өсірумен айналысады. Дегенмен, "ЕурАзиялық Экономикалық Одақтыӊ" арқасында Мақтаарал ауданыныӊ шаруалары өнімдерін Ресей мен Белоруссияға оӊай экспорттап, кедендік мәселелердіӊ болмауыныӊ арқасында шетелдерге жол тартуда.

Бұдан бұрын да хабарланғандай, бұған дейінгі облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов өӊір халқына берген есебінде ауылшаруашылығы саласында болашақта атқарылатын жұмыстар жайлы былай деген еді: 

Үшіншіден. Ауылшаруашылық саласын дамыту.

Бұл саланыӊ потенциалы өте үлкен.

Сондықтан да, келесі бесжылдықта бұл саланы дамытуға ерекше көӊіл бөлінетін болады.

Ауылшаруашылық саласын реформалаудыӊ басты бес бағытын белгіледік.

Бірінші. Суармалы жерлерді ұлғайту. Мемлекеттік бағдарлама аясында алдағы 5 жылда қарастырылған қаржыныӊ бестен бірі облысқа бөлінеді.

Нәтижесінде, бес жүз жиырма бес (525 мыӊ) мыӊ гектар жердіӊ су жүйелері жақсарады.

Екінші. Фермерлерге берілетін төмен пайызды несие көлемін арттыру.

Биыл бұл мақсатта "Максимум" орталығы арқылы 10 млрд. теӊге бөлінеді.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда қырық бес пайызға (45%) өсіп отыр.

Үшінші. Кооперативтерге қарасты МТС-тер ашу.

Төртінші. Бүгінгі таӊда ғылыми негізсіз ауылшаруашылығы бәсекеге қабілетті бола алмайды.

Сондықтан, әрбір ауданда Ғылыми консультациялық қызмет көрсететін орталықтар ашылатын болады.

Бесінші. Әрбір ауданныӊ потенциалы мен климатына сәйкес дамудыӊ басым бағыттары айқындалды.

Мәселен, таулы аудандарда интенсивті бау шаруашылығы қолға алынатын болады.

Биыл Қазығұрт ауданында 1800 гектарға жаӊғақ, 300 гектарға алма бақтарын егетін боламыз.

Сондай-ақ, Төлеби мен Түлкібас аудандарында 1200 гектарға алма отырғызу қолға алынды.

Осы аудандарда бау және оны қайта өӊдеу кластері құрылатын болады.

Таулы аудандардыӊ тағы бір басым бағыты - сүт кластерін дамыту.

Мақтарал ауданында мақта шаруашылығын қайтадан қолға аламыз.

Ол үшін мақтаныӊ егіс алаӊын ұлғайтамыз. Ал, өнімділігін арттыру бойынша - арнайы бағдарлама қабылданады.

Бүгінде республика бойынша жылыжайлардыӊ 46 пайызы - Сарыағашта.

Сарығаш - көкөнiс өндiретін нағыз "фабрикаға" айналуы тиіс.

Ол үшін біз еӊ алдымен, дихандарға өнімін сыртқа шығару үшін жағдай жасалу керек.

Сол үшін, біз Сарыағаш ауданында Транспорттық-логистикалық орталықтар құруды жоспарлап отырмыз.

Бұл - Елбасыныӊ тапсырмасы.

Сонымен қатар, Шымкент пен Түркістанда Транспорттық-логистикалық орталықтары іске қосылады. 

Сырдыӊ бойында 80 мыӊ гектар жаӊа суармалы жерлер қосылады. Шардара, Отырар аудандары және Арыс пен Түркістанда жүгері мен көкөністіӊ жаӊа алқаптары игеріледі. 

Созақ, Бәйдібек аудандарында мал шаруашылығын дамытатын боламыз.

Түркістан индустриалдық аймағында шұбат зауыты салынбақ. Бұл - экспортқа бағытталған өндіріс.

Түркістан, Арыс, Отырар, Созақтан түйе сүтін жинау пункттері ашылатын болады.

Қой етін экспорттау бойынша жұмыстар қайта қолға алынды. Жақында қой етініӊ алғашқы партиясы Иран Республикасына жолданады.

Оӊтүстік Қазақстан облысында 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мыӊ тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мыӊ тоннаға, яғни бес есеге артып отыр. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде "Тәуелсіздік жетістіктері" тақырыбында өткен брифингте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасыныӊ басшысы Серік Тұрбеков мәлім етті. 

Оныӊ айтуынша, егін шаруашылығы бойынша жүргізілген жүйелі әртараптандырудыӊ арқасында 1991 жылмен салыстырғанда майлы дақылдардыӊ егіс көлемі 73 мыӊ гектардан 80 мыӊ гектарға, бақша 49 мыӊнан 59 мыӊ гектарға, ал көкөніс 27 мыӊ гектардан 40,4 мыӊ гектарға, картоп 9 мыӊ гектардан 15,3 мыӊ гектарға артқан. Сондай-ақ, егіс көлемімен қатар алынған өнім көлемі де артқан. Мәселен, 1991 жылы облыс бойынша 163,4 мыӊ тонна көкөніс жиналса, биылғы жылы 866 мыӊ тоннаға, яғни бес есеге артып отыр.

Брифингте мәлім болғандай биылғы жылы орташа есеппен - 470 мыӊ тонна астық жиналып, түсімділігі орташа 22 цн/га құраған. Ал 1991 жылы астықтыӊ түсімділігі гектарына 17,8 центнер болған. Оӊтүстік шаруалары өздерініӊ еӊбекқорлығымен Қазақстанныӊ Тәуелсіздік кезеӊіндегі еӊ үлкен рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр.

"1999 жылдыӊ аяғында бұрынғы 182 ұжымшар-кеӊшар және мемлекеттік шаруашылықтар базасында жеке меншікке негізделген 20 мыӊнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары пайда болды. Бүгінгі күнге олардыӊ саны 70 мыӊнан асты. Сондай-ақ, мемлекеттіӊ ауыл шаруашылығы саласын тікелей қолдауы мен облыс әкімдігі тарапынан жүргізілген жүйелі жұмыстыӊ нәтижесінде, 2010 жылдан бері мал шаруашылығыныӊ өнім үлесі 45%, ал өсімдік шаруашылығыныӊ үлесі 55 % құрады",-деді басқарма басшысы.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440