Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2770 0 пікір 23 Желтоқсан, 2016 сағат 17:55

Бір ғана тұрбаттық дихандардың өзі 18 гектар жерге жылыжай салған

Биыл Қазығұрт ауданындағы бір ғана тұрбаттық дихандардың өзі 18 гектар жерге жылыжай салған, - деп хабарлайды Абай-ақпарат. 

Былтыр 82,8 гектар жерге көкөніс егілсе, биыл төрт айдың ішінде берілген жоспардың 30 пайызы орындалды. Бір ғана тұрбаттық дихандардың өзі 18 гектар жерге жылыжай салған. Соның 2 гектары «Мир-2» шаруа қожалығына тиесілі. Жеке кәсіпкер бұйыртса, өз ісін кеңейтіп, 4 соттық жерге балық шаруашылығын ашуды жоспарлайды. Қазірдің өзінде маринка балығын өсіріп, сынақтан өткізуде.

Бұл қожалықта осы ауданға қарасты 25 ауылдың азаматтары еңбек етеді. 1,2 гектар жерге «Апия» қызанақ тұқымын сеуіп, бір тал сабағынан  15-20 кг қызанақ алуда. 6 соттыққа «Туни» атты голландиялық қияр еккен. 4,5 келі жеміс береді. Ал, «Ласточка» балгар қалампырына ауданнан тысқары Шымкент, Қызылорда, Қарағанды облыстарынан сұраныс жоғары.

Камила Кенжебаева жылыжай ашылғалы осында жұмыс істейді. Бала-шағасының несібесін дәл осы шаруашылықтан тауып жүрген еңбекқор ананың іс бастаған кәсіпкерге алғысы шексіз. Жалақыны кешіктірмей қолма-қол алып тұрамыз», - дейді.

Жылыжайдағы тыңғылықты шаруаға аудан басшысының өзі де куә болды. Берген бағасы оң. Биылдан бастап, жылыжайларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерге қарамай, қандай көмек болса да көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435