Қазіргі таңда еліміздегі ұлттық спорттың маңызды саласының бірі садақ ату. Оқырмандарымызға түсінікті болу үшін садақ атудың түрлері жайлы айтып өтуді жөн көрдік. Садақ атудың спорттық түрі бар. Бұл әлемдік деңгейде жақсы дамыған, Олимпиадалық спорт түріне жатады. Жыл сайын құрлықтық чемпионаттар мен үлкен турнирлер өтеді. Ал, біздің сөз етіп отырғанымыз байырғы этникалық садақ ату. Аталмыш түр қазір Венгрия, Жапония, Корея, Моңғолия сияқты елдерде даму үстінде. Моңғолиялық садақшылар тік тұрып нысана көздеуден сайысатын болса, мажар бауырларымыз ат үстінен садақ тартуға машақтанған. Ал, Кореяда осы екі түрдің екеуі де дамып жатыр. Біздің елімізде этникалық садақ ату мәселесі енді ғана қолға алынып жатыр. Бұл шараға ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйтқы болуда. Бұған дейін этникалық садақ ату жекеленген тұлғалардың қолға алуының арқасында үзілмей келді. Соның бірі – Алдияр Нұрғазиев деген азамат.
Алдияр Жақатұлы қазір ОҚО Ұлттық спорт түрлерінен балалар мен жасөспірімдерге арнайы мамандандырылған спорт мектебінде жамбы ату бойынша жаттықтырушы болып жұмыс жасайды. Сонымен қатар, ҚР Дартс федерациясының да аға жаттықтырушы. Дартс ойынынан еліміздің17 рет дүркін чемпионы.
Осы орайда Алдияр мырзамен (суретте) жүргізген шағын сұхбатты ұсынып отырмыз.
-Алдияр Жақатұлы сізді садақ ату өнеріне құлшындырған не дүние?
– Жалпы ұлттық өнерге деген құштарлық менің қанымда бар. Кезінде Алматы қаласындағы спорт мектебінде дартстан жаттықтырушы болып жүріп, осында кілең орыс балалары садақ атудан жарысып жатқанын көріп, басшыларға «қазақ балалары садақ ата алмай ма, неге қатыстырмайсыңдар?» дегенім үшін жұмыстан шығарып жіберді. Осы оқиға маған қамшы болды. Намысымды оятты. Содан бастап өзім үшін қайда жүрсем де, тек қазақ балаларын садақ атуға жаттықтыра бастадым.
– Өзіңіз ережесін жасап, өзіңіз садақ тауып, тіпті өз бетіңізбен жарыстар өткізген дейді шын ба?
– Рас ол. Этникалық садақ атуға ешкім мән бермегендіктен бұл түр бойынша ешқандай ресми жарыс жоқ болатын. Сондықтан, өзім қолға алуыма тура келді. Сөйтіп, 2008 жылы Алматы облысының атақты Асы жайлауында малшылар слеті өтіп, осында малшылар арасында алғаш рет өз құрал жабдықтарыммен жамбы ату жарысын ұйымдастырдым.
–Жалпы осы «Жамбы» ату дегеннен шығады, өткен де бұл атаудың этимологиясына қатысты әрқилы пікірді көзім шалып еді… Сіз не айтасыз?
-«Жамбы»сөзініңэтимологиясынакелетінболсақ, бұны моңғол тілінде «Юмбуу» немесе «Ембуу» деп атаса, көне ұйғыр тілінде «Ямба» делініп жүр. Ал, этнограф-зерттеуші Бапинның пікірінше жамбы қытайдың юань және бао деген екі сөзінен құралған дейді. Қытай тілінде: юань – ақша, бао – құнды зат. Демек, юаньбао құнды құрал (зат) дегенді білдіреді. Бұл атаулар қазақ тіліне жамбыболып қалыптасқан.
Сондай-ақ, қырғыз-орыс түсіндірме сөздігінде, жамбыны: «Слитки серебра различной формы и разл. Веса упортребляется в качестве денег» деп түсіндіреді. Менімше, жаңадан велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, эпикалық жыр-дастандарда айтылған осы жамбы сөзіне тоқтауымыз керек.
-Жамбы ату дегеніміз нақты айтқанда «жамбы» дейтін нысананы көздеп ату емес пе?
-Әрине, бірақ бұл жерде тағы бір айтар дүние, бізденбасқасадақатыпжүргенмемлекеттер бір-бірініңнысаналарынжатқа біледі, ал, біздің жамбы-нысана олардан өзгеше болуы тиіс. Әрі ат үстінде қозғалыс барысында атуды енгізуіміз керек.
-Ал, жамбы-нысананы аттық дейік, оны ататын садақ, яғни жақ керек шығар?
-Осы садақмәселесін біржақты еткен жөн. Өзіміздіңқазақысадақ демейміз бе, ат үстінен, қозғалыс барысында нысана көздеп ату үшін қысқасапалысадақтаркерек. Ондайжақ-садақты жасайтынжігіттерАтырауда, Қарағанды да бар.Оның сыртында, садақ атын баптау, көздеп-ату әдістемесі, термин атаулар, оқу-жаттығу бағдары, жебе түрлері… т.б. шешімін табуға тиіс дүние көп. Өз басым садақ атуға қатысты атау-терминдерді жинақтап жүрген жайым бар. Осыны жеке әдістеме етіп шығарсам деген ойдамын.
-Жалпы осы садақ ату соның ішінде сіз айналысып жүрген жамбы атудың қазіргі қазақ жастары үшін қандай маңызы бар?
-Қазақтың бай тілінде «мерген» дейтін сөз, яғни, атау бар. Ерте кезде садақ ату мен мергендік өнер бір сөзбен айтқанда, ұлыстың бекемдігі үшін баға жетпес құндылық саналған. Сондықтан да, көшпенді халқымыз ер баланы жастайынан садақ атуға баулып, елін қорғауға тәрбиелеген. Садақ ату дегеніміз – жауынгерлік өнер.
Екіншіден, садақ атуда халқымыздың тарихи жадысы мен генологиялық тектілігі жатыр. Бұл дегеніміз жастарды сергектікке баулитын өнер. Сол себепті, садақ атуды меңгерген жас өзінің байырғы тек-танымымен қауышады.
-Алдияр мырза, сіз осы садақ атумен айналысу барысында Венгрияға барып, олардың іс-тәжірибесімен танысқан екенсіз, осы жайлы айтып берсеңіз?
-2013 жылдың маусым айында кәсіпкер әрі ұлттық өнердің жанашыры Марат Серікұлы дейтін азаматтың демеуімен Венгрияға барып, атақты садақшы Кашшай Лайоштың іс-тәжірбесімен танысу мүмкіндігіне ие болдым. Кашшайдың өзі негізін қалаған ат үстінен шауып жүріп садақ ату мектебі бар, әрі садақ жасайтын фабрикасы бар екен.
-Бұл адам ат үстінде шауып жүріп нысана көздеуден әлемдік рекордтарды жаңартты емес пе?
-Дәл солай. Кашшай садақшы ат үстінен садақ тартудан үш мәрте әлемдік рекорд жасады және ат үстінен садақ тартудың методологиясын, ғылыми-практикалық негіздемесін жасаған маман және әлемнің 22 елінде өз мектебін ашқан ұстаз.
Оның ат үстінен садақ тартудағы бірінші әлемдік рекорды 1998 жылы арнайы жабдықталған ипподромда аттан түспестен 286 айналым жасап шапқан 12 сағат ішінде 1000 жебе тартып барлығы 4238 ұпай жинаған.
Екінші рекорды 2002 жылы дәл солай 12 сағат ішінде 323 айналым жасап, 3000 жебе атқан және 7126 ұпай жинаған. Мұнан кейінгі рекордын 2006 жылы жаңалады. Бұл жолы 24 сағат бойы үздіксіз шауып ипподромда 661 айналым жасап, осы уақыт ішінде 5412 жебе атып, 15596 ұпайды рекорд ретінде тіркеді.
Кашшайдың Балатондағы шабандоз-садақшылар мектебінде Еуропа елдерінен басқа, АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінен келген садақшылар оқып үйренеді екен. Әрине, Кашшайдың рекорды оның мықты физикалық, психологиялық дайындықпен бірге энтузиазмде, ескіні жаңғыртуға деген рух пен жігерінде болып отыр.
-Кашшайдың жоғарыдағы садақ тартқан ипподромын көрдіңіз бе?
-Кашшайдың садақ тартуға арналған ипподромының ұзындығы 90 м оның екі жағына электронды есік орнатылған. Биіктігі жерден 2 метрде диаметрі 90 см болатын төрт дана нысана орнатылған. Нысаналар атпен шауып өткен садақшыға икемдеп екі шеткісі бұра орналастырылған екен.
-Осындай ипподромды бізде де жасауға болатын шығар?
-Болғанда қандай. Тіпті өз жағдайымызға бейімдеп, жақсылап жасауға мүмкіндік бар.
Сұхбаттасқан Бекен Қайратұлы
Дерек көзі: http://ulttyqsport.kz