Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3533 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 05:59

Дәурен Қуат. Қазақ тағы да қалғып кетпесе жарады...

Екі үш жұманың жүзіне айналды - депутаттарымыз белсенді. Мәжіліс депутаттарын айтамыз. Селтиіп серке жүріс көрсеткенімен селт етпейтін сенат пен ешнәрсеге мәу деп үн қоса алмайтын мәслихаттан гөрі әркез осы мәжілістің ішінен бірлі жарым адамның дауысы естіліп тұратыны рас. Айтатыны бір ешкі болғанымен (әзіл) ысқырығы «жер жаратын» (Е. Тұрсыновтың «Келін» филімі туралы былтырдан басталған «жырды» есіңізге алыңыз) Бекең, әйгілі Бекболат Тілеухан бар. Өзіне етене жақын тақырып болған соң ба, тағы бір әнші-депутатымыз Нұрлан Өнербаев та өнер, мәдениет мәселесіне қатысты әңгімеге жиі соғып тұрады. Дұрыс дейміз. Депутат қауымы  жиылып алып саясатты ғана сөз етуге міндетті емес. Оның үстіне жаһандасып жатқан заманда қазақ мәдениетінің басындағы ахуалға Праламент сарайынан мән беретін жанның жоқтығына қынжылушы едік қой ілгеріде. Ендеше, Тілеухан мен Өнербайдың  қам қарекетін жалаң популизмнен жоғары бағалай білгеніміз жөн.

Мәжілістің тұрақты депутаты, анда санда Павлодар облысына әкім болуды қалайтын ішкі тілегі қылаң беріп қалатын Тито Сыздық та орынды мәселелерді көтеріп жүрген депутаттардың бірі.

Экс-министр, бүгінгі депутат, министр кезінде елдің қорасындағы тауығын санаймын деп пәле қылған Қарағұсова ханым да экономика, қаржы жайын талқылайтын Үкімет сағаттарында істің ар жақ, бер жағынан хабардар екенін аңдата сөйлеп отырады.

Екі үш жұманың жүзіне айналды - депутаттарымыз белсенді. Мәжіліс депутаттарын айтамыз. Селтиіп серке жүріс көрсеткенімен селт етпейтін сенат пен ешнәрсеге мәу деп үн қоса алмайтын мәслихаттан гөрі әркез осы мәжілістің ішінен бірлі жарым адамның дауысы естіліп тұратыны рас. Айтатыны бір ешкі болғанымен (әзіл) ысқырығы «жер жаратын» (Е. Тұрсыновтың «Келін» филімі туралы былтырдан басталған «жырды» есіңізге алыңыз) Бекең, әйгілі Бекболат Тілеухан бар. Өзіне етене жақын тақырып болған соң ба, тағы бір әнші-депутатымыз Нұрлан Өнербаев та өнер, мәдениет мәселесіне қатысты әңгімеге жиі соғып тұрады. Дұрыс дейміз. Депутат қауымы  жиылып алып саясатты ғана сөз етуге міндетті емес. Оның үстіне жаһандасып жатқан заманда қазақ мәдениетінің басындағы ахуалға Праламент сарайынан мән беретін жанның жоқтығына қынжылушы едік қой ілгеріде. Ендеше, Тілеухан мен Өнербайдың  қам қарекетін жалаң популизмнен жоғары бағалай білгеніміз жөн.

Мәжілістің тұрақты депутаты, анда санда Павлодар облысына әкім болуды қалайтын ішкі тілегі қылаң беріп қалатын Тито Сыздық та орынды мәселелерді көтеріп жүрген депутаттардың бірі.

Экс-министр, бүгінгі депутат, министр кезінде елдің қорасындағы тауығын санаймын деп пәле қылған Қарағұсова ханым да экономика, қаржы жайын талқылайтын Үкімет сағаттарында істің ар жақ, бер жағынан хабардар екенін аңдата сөйлеп отырады.

Алдан Смайыл, Зейнолла Алшынбаев, Нұртай Сабильяновтар да «халық қалаулысы» дейтін мәртебеге лайық сергектік танытудан танбай келеді.

Бұлардың сыртында «екі байға тиемін» деп есірген, таяудан бері «Екі жұлдыз» дейтін шоуға қатысып Қазақстан ұлттық арнасынан көрген елдің зәресін ұшырып бастаған Бахыт Сыздыкова, журналистердің жүйкесі «жүдеген» дейтін және сол жүйкесі «жүдеу» журналистердің арқасында танылып талтаңдай басатын  әнебір селеубас депутат сияқтылар мәжіліс сарайында сықып отыр.

Міне, осындай жақсылы жаманды, белгілі белгісіз депутаттардың қатарынан Жарасбай Сүлейменов деген азаматтың аты суырылып шықты. Бәлкім, депуттатарымыз төрінде Орал Мұхаметжанов отырған мәжілістің шекті мерзіміне дейін жұмыс істейтініне сенбегендіктен алдын ала қам жасап жатыр ма, кім білсін? Әйтеуір шетінен көзге түсіп, оңды солды мәлімдеме, сауал өрбітіп, тіпті, 2010 жылдың бюджетін үнемдеудің суперүлгісін көрсеткен Болат Жәмішов дейтін министрді отстовкаға жібере жаздады. Редакциямызға мәлім дереккөздерінің хабарларына қарасақ, мектептерге сайлаудың «сәні» - көк жәшіктер жеткізіліп жатқанға ұқсайды. Мәжіліс мерзімінен бұрын тарап сайлау бола ма, әлде сондай бір байлау бола ма - оны уақыт көрсетер. Біздікі басқа әңгіме.

Қазір өзі іштен тынып, іштей булығып жүрген жандар аз емес қой. Жарасбай мырза да солардың сортынан болуы ықтимал. Жақында Жарасбай жарылды. Жарасбайдың Премьер-министр Мәсімовтың атына жолдаған депутаттық сауалынан жұрт тегіс хабардар. Сондықтан оны басынан түсіп баяндамай-ақ қоялық та, төмендегідей қортынды сөзге көшелік.

Біріншіден, Жарасбай мырзаның депутаттық сауалы біздегі «ұлтаралық келісім» саясатының кері кеткенін аймаңдай етті. Біз кәрі жасымыз қалмай ұлардай шулап «ұлтаралық келісімнің» «Ұлтан құлы» боп жүрсек, былайғы жұрт бық демепті. «Е-е, мынау қазақтың жері ғой, ортақ Отанымыз ғой, енді келеге келіп, ұғысайық, қаланың көне атауын ың-шыңсыз қалпына келтірейік» деген бір жан табылды ма «ұлтаралық келісімге» ұйыған елдің ішінен?..  Тағы да қазақ әділет жолында, ақиқат жолында жалғыз қалды. Малыбай, Моловодное, Шелек, Маятас оқиғаларын ойыңызға оралтыңыз. Сол кезде: «Жаным-ау, сорлы қазақтың қашанғы сорын сорпадай қайната береміз? Осылардың жағына шығып бір сөйлейікші» деген жанның төбесі көрінді ме  «келісімнің» терісін сүйреп тоздыруға айналған ағайынның арасынан?!.

Екіншіден, Жарасбай мырзаның сауалы біздің биліктің ішкі саясатта ұстанған бағытының мүлде бағдарсыз, жасанды, жасық екенін жарияға шығарды. Қазақ билігі қазақты ғана ықтыруға, түрмеге тығуға, үнін шығармауға үйренген. Билік сөйтіп, заң алдындағы барлық азаматтарға берілген тең мүмкіндікті тәрк етіп, ұлт арасын алалап келеді. Осы арада тақырыпқа қосымша бір сөз қыстырайық. Қытай, Ресей секілді империяға ие болған елдерде титулды ұлттың арынын, артықшылығын тежеп ұстау керек көрінеді. Тегінде, халықаралық ұйымдар біздің таңдаймызда тақ ете қалатын толеранттылықты әлгі аталған елдерден талап етуге тиіс. Бірақ талап етпейді. Талап етуден қалған. Тек Қазақстан өкіметі ғана қазақтан төзімділікті төте сұрап төбесінде төніп тұр. Біздіңше болғанда билік қазақтың қаны бұзық деген қортындыны бір жерден тауып алып, қазақтықтан қалтырай қорқады. Олай деуімізге бір себеп - ресми Астана үшін Қазақстандағы бұрынғы 120 ұлттың (бұның өзі шылғи өтірік-тұғын) 130 болып шыға келгені қауіпті емес, халық санағының нәтижесі көрсетті - қазақ қауіпті екен. Қазақ санына қатысты бастапқы ықтимал көрсеткіш қолдан қотарылып қайтадан жасалды. Оны бәріміз білеміз. Өйткені, миллиард қытайдың қасында бір-бірін түстеп қана танитындай қазақ жұмриятындағы жұрттың қарасы жылға таяп барып әрең жарияланды. Бұл нені көрсетеді? Бұл - халық санағының қалтарысында біреулер қақпақыл саясат ойнады дегенді көрсетеді. 130 содан туған сан. Әйтпесе қазір әлем елдері «көп ұлттылыққа» ұйыға қоймайды. Қара контингентті (Парижедегі қара нәсілділерді) тәубесіне түсірген Саркози таяуда Франциядан сығандардың «ұлы көшін» ұзатты. Еуродақ анау мынау деп сынағанымен жұмыс істемейтін, жастары заманауи білім алуға ұмтылмайтын, сиқырмен, алдап арбаумен ғана айналысатын сығандарды Франция президенті Саркози елден аластаймын деді де, дегеніне жетті. Сығандар демекші, Балқан түбегіне сығандарды қоныстандырып, отырықшы жұрт ету - ЕҚҰЫ-ның іс басындағы төрағасы Саудабаев мырзаның миссиясына жатады. Ендеше, Саудабаевымыз салып ұрып Франциядан шұбырып аттанған сығандар көшін бастап Сарарқаға әкеліп жүрмесін. Ойбай, ғаламдық деңгейде ғана ойланатын біздің шенеуніктермізден ол да шығады!

Алматыда аттап бассаң алдыңды сығанның Орта Азияда тараған бір табы - лолылар көлденеңдейді. Лолылар екібастан жұмыс істемейді. Лолының қазақ шаруасына пайдасы шамалы. Ал «ұлтаралық келісімнің» аясындағы басқа ағайын ше? Кешегі коммунистер билігіндегі совет өкіметінің заманында Затаевич, Ерзакович, Брусиловский, Сац сияқты қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ мәдениетімен біте қайнап кеткен кім бар қазір? Табаны күректей жиырма жылдың ширегінде қазақтың байтақ әлемін қабылдаған, парасат пайымы жаңаша қалыптасқан толқын өзге ұлт арасында туды ма? Туса қайда жүр? Неге көрінбейді? Қазақты бұрынғыдай бұратана санайтын кеудемсоқыр аға буынның алдына түсіп неге жарқылдамайды? Әлде биік мінбелерден, ұлық жиындардан, түрлі түсті телеарна беттерінен сөйленетін сөздерден ас бөлмедегі немесе жылы камин пешінің қасындағы әңгіме жастарға әлдеқайда ұғынықты әрі қонымды болғаны ма? Солай-ау, тегі...

Жоғарыдағы жайттар турасында жұқалап ақпар алып тұратын биліктің маңындағы идеологтар «Ұлтаралық татулық пен келісімнің» жасандылығын, уақыт талабына жарамсыздығын ептеп түсінеді. Бірақ, басқаша қадам жасауға ерік жігерлері жетпейді. Жарасбай мырзаның депутаттық сауалынан кейінгі қоғамның іштей екі ұдай күйге енгендегі халінен осындай шындықты да аңғару қиын болмай қалды.

Үшіншіден, Жарасбай Сүлейменовтің сауалы мәжілістегі ұлтжанды депутаттың қоғамды қандай сілкініске әкелетінін паш етті. Неге десеңіз, Жарасбай мырза сияқты нұротаншыл депутаттың Қызылжар атын қалпына келтіруді сұрап, Мәсімовтың мәз-мәйрам бетін ойран жасағаны бастапқыда  тосындау көрінгенімен ел іші өзінің ұлттық тұтастығына, шекара қауіпсіздігіне терең мән беретіндігін бірден танытты. Әсіресе, жастардың әбжіл қимылдап, Қызылжардағы бір сайттың мемлекетке қарсы қасақана ұйымдастырған ісіне тосқауыл қоюға жанұшыра кіріскені көңіл толқытты. Қазақ жастары қазақтың жолын кесе беретін жосықсыз әрекеттің біріне де көнбейтін осындай ішкі бірлігі мен  өжеттігінен танбаса, таяу болашақта қарқынды өзгерістердің қарбаласы басталып кетуі әбден мүмкін.

Төртіншіден, Жарасбай Сүлейменов сауалы жер-су, қала-мекен аттарын өзгерту, жаңалау мәселесін жергілікті тұрғындардың еркіне беріп қойып қарап отырудың қауіптілігін ашық аңғартты. Конституцияның 61-ші бабына салып ономастикалық комиссияның шешіміне ғана жүгінетін болсақ, қазақ жері талауға түсіп, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетуі әбден мүмкін екен. Екі елдің төлқұжатын төсқалтасына басып алып, шекара сызығына шекесінен қарап өтетін қызылжарлық орыстардың ойында не жүргенін біз ендіге бек түсінсек керек.

Әттеген-ай,  әйткенменде Жарасбай мырза әлгі сауалынан кейін мәжіліс сарайында жалғыз қалғандай күйде жүр. Айнала жұрттың әншейіндегі емен-жарқын  қабағы Жарасбайға келгенде сыздай қалатын көрінеді. Осыдан кейін (бесіншіден деуімізге тура келеді), Жарасбай мырзаны мәжілістегі ұлтжанды жалғыз депутат ретінде танып, мойындамасқа амалымыз қалмады. Елбасының өзі пәрмен білдіріп, Президент әкімшілігі мақұлдамаса бәріне нәмақұл деп бас изеп жүре беретін депутаттардың қатарынан оның аты озды. Тіпті, жоғары жақтың тапсырмасымен жасаған мәлімдемесі болса да ол сеңді бір қозғады. Мәжіліс депутаты Жарасбай Сүлейменовтің мәлімдемесі жоғары жақтың тапсырмасы бойынша жасалды деп күмән білдіретіндер жақында Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті құрылтайы өтетіндігін еске салады. Сол құрылтайдың қарсаңында кейбір жер атаулары мен қала атауларына байланысты нәзік мәселелерді сараптап алу мақсатында Сүлейменовтің сүлейлік танытып сөйлеуі билік үшін аса керек болды дейді дегіштер. Дегіштер не деседе, Жарасбай мырза жарады. Қазақ тағы да қалғып кетпесе, күн тәртібінен бұдан былай Қызылжар атауын түсірмейтін болады.

 

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371