Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3223 0 пікір 4 Қазан, 2010 сағат 18:51

Мемлекеттік тілді үйрететін этнографиялық лагерьге барасыз ба?

Жақында Халықаралық Бизнес Академиясының бұрын-соңды болмаған қазақ тілінің келешегіне байланысты іс-шараларын естіп, қуанып қалдық. Халықаралық Бизнес Академиясының Ұлттық саясат жəне мемлекеттік тіл жөніндегі ректор кеңесшісі, «Ұлытау - 2010» мəдени-лингвистикалық лагерінің директоры Болат Дүйсембімен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Болат аға, тіл үйрету орталығы қай уақыттан бастап өз жұмысын бастады? Орталықтың ашылуына қандай себептер түрткі болды?

- Алматыдағы Халықаралық Бизнес Академиясы осы жылдың басында еліміздегі жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді үйрететін орталықтардан өз бағыт, бағдарламасымен ерекшеленетін «Іскери қазақ тілі» деп аталатын жаңа орталық ашты. Бұл орталық - қазақ тілінің мемлекеттік тіл деңгейіне көтерілуіне әкелетін жол. Экономика мен ғылымның, технология

мен кәсіпкерліктің (бизнестің), биліктің қазақ тілінде сөйлегеніне тығыз байланысты болатынын ескере отырып, осы салада айналысып жүрген азаматтарға мемлекеттік тілді үйретудің жаңа жолдарын іске асыруды қолға алып отыр. Сонымен қатар, ол үшін ең алдымен академияның өз ішін қазақыландыру, ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу, қазақ тілінде дәріс беретін мамандар қатарын жетілдіру сынды жұмыстарын арнайы бағдарлама бойынша іске асыруды бастады.

Жақында Халықаралық Бизнес Академиясының бұрын-соңды болмаған қазақ тілінің келешегіне байланысты іс-шараларын естіп, қуанып қалдық. Халықаралық Бизнес Академиясының Ұлттық саясат жəне мемлекеттік тіл жөніндегі ректор кеңесшісі, «Ұлытау - 2010» мəдени-лингвистикалық лагерінің директоры Болат Дүйсембімен сұхбатымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Болат аға, тіл үйрету орталығы қай уақыттан бастап өз жұмысын бастады? Орталықтың ашылуына қандай себептер түрткі болды?

- Алматыдағы Халықаралық Бизнес Академиясы осы жылдың басында еліміздегі жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік тілді үйрететін орталықтардан өз бағыт, бағдарламасымен ерекшеленетін «Іскери қазақ тілі» деп аталатын жаңа орталық ашты. Бұл орталық - қазақ тілінің мемлекеттік тіл деңгейіне көтерілуіне әкелетін жол. Экономика мен ғылымның, технология

мен кәсіпкерліктің (бизнестің), биліктің қазақ тілінде сөйлегеніне тығыз байланысты болатынын ескере отырып, осы салада айналысып жүрген азаматтарға мемлекеттік тілді үйретудің жаңа жолдарын іске асыруды қолға алып отыр. Сонымен қатар, ол үшін ең алдымен академияның өз ішін қазақыландыру, ісқағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу, қазақ тілінде дәріс беретін мамандар қатарын жетілдіру сынды жұмыстарын арнайы бағдарлама бойынша іске асыруды бастады.

Белгілі қоғам қайраткері, ұлтжан-ды азамат осы академияның президент - ректоры А.Б.Қожахметов мемлекеттік тілді үйренгісі келетін азаматтарды жаз мезгілінде ин-новациялық жаңа бағдарламамен оқытатын арнайы лагерь ашу туралы ұсынысын ортаға салды. Қысқа мерзімде адамдарға тілдің негізін оқытып үйрету үшін, қазақ отбасын, яғни этнографиялық орта құруды жөн деп шештік. Сөйтіп, қазақ жеріндегі қасиетті, тарихымыздың ұясы саналатын Ұлытау өлкесінде этнографиялық бағыттағы лагерь өз жұмысын осы жылғы маусым айының аяғында бастады.

Лагерьдің алға қойған мақсаты қандай?

- Мәдени-лингвистикалық ла-герьдің мақсаты - өз оқушыларын арнайы дайындалған ғылыми жа-ңалығымен айқындалатын инно-вациялық бағдарламамен оқыту болды. Тілді жаттау арқылы ғана үйретпей, тeориялық сабақтарды қазақ халқының әдет-ғұрыптарымен, ұлттық ойындарымен, тарихымен байланыстыра жүргізу арқасында тыңдаушылардың тілді меңгеруімен қатар қазақ халқының құндылықта-рын да өз бойына терең сіңдіріп, тілге, халыққа деген құрмет сезімдерін арттыратын деңгейге жеткізу.

Қазақстанда бұрын-соңды болма-ған осы лагерьді ұйымдастырудың ерекшелігі оқу тәртібінің, лагерьдегі тұру салты мен уақытты пай-далануының бәрі тыңдаушыларды жаттанды қала өмірінен ерекше, көшпенді қазақ халқының тұрмысымен тығыз байланыстыра ұйымдастыруында болып отыр. Қазақ халқының бабадан қалған салауатты өмір сүру, маңайындағы адамдармен қалай инабаттылықпен қарым-қатынас жасау, адамды мансабына не болмаса дәулетіне қарай бағаламай, үлкенді сыйлау, аталы сөзге құлақ асуды сөзбен емес, өнегемен үйретуге көп көңіл бөліп және осы тәрбиелік жайды насихаттауды халқымыздың өзіндік тәрбие беру тәсілімен таныс-тыру арқылы іске асыруға назар аударады.

Бүгінде аталмыш лагерь үш кезең бойынша өз жұмысын атқарды. Мәселен, алғашқы оқу 30 маусым мен 9 шілдеде басталса, екіншісі 14-23 шілде аралығында өтіп, 27 шілде мен 6 тамыз аралығында үшінші оқу тобымен жұмысымызды жалғастырдық. Әр кезеңде келген тыңдаушылардың қазақ тілін білетін деңгейлерін анықтап, олар үш топқа бөлініп отырды. Бірінші топқа тілді нашар білетіндер, екінші топқа қазақ тілі сөз қорын жалғастырушылар, ал, үшінші топқа тілді жетілдіріп, қазақ тілінің ерекшелігі мен жазуды үйрену болды. Сол жекелеген топтармен түске дейін 4 сағат тeориялық, түстен кейін және бос уақыттарында Ұлытау өңірінің тарихи жерлерімен таныстырып, мәдени-этнографиялық шара ұйымдастырылды. Ал кешкілік уақыттарда тыңдаушылар ұлттық ойындар ойнап, олардың ерекшелігімен танысты. Сондай-ақ, тыңдаушыларды ұлтымыздың саф алтындай сақталған әдет-ғұрпы мен ұлттық қолөнерімен таныстыру жоспарлы түрде үш кезеңде де ұйымдастырылып отырды. Мәселен, алғашқы келген күндерінде оларға «қонақасын» дайындап,  алдарына бас тарту арқылы бұл тағамның ұлттық ерекшелігін түсіндіруден (басты адамдардың лауазымына қарай емес, жасына қарап тартылатындығы) бастаған болсақ, кезеңнің аяғына қарай әр тыңдаушы ұлттық тағамдардың қыр-сырымен танысып, дастарқанға ақ тілек айтып, бата беруді меңгерген деңгейге жетті.

Ұлттық нақышымыздың бірі саналатын киіз үй жайында айта отырып, олардың өз қолдарымен оны тігуіне мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар киіз басу, ши, алаша, құрмабау тоқу, ағаш шеберлері мен ұста-зергерлердің жасаған бұйымдарымен танысты. Кейіннен тыңдаушылар әдет-ғұрыпқа байланысты қойылымдарын өздері көрсетіп, түрлі ойындар ұйымдас-тырып, қазақша әндер, халық ауыз әдебиетінің барлық түрлерін жатқа айтуға құлшыныс танытты.

Жалпы, қазақ деген халықтың шынайы болмысын ашу мақсатымен этнографиялық қалашық орнатып, тыңдаушылардың жатын орны киіз үй болды, сонымен қатар, сабақ оқитын класстар мен асхана да киіз үйге ұқсатылып арнайы жасалған көлемді үйлер болды. Осындай этнографиялық қалашықты орнатуға және тұрмыстық жағдай тудыруға аянбай көмек көрсеткен ұлтжанды азаматтар Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиев (қазір Жезқазған қаласының әкімі) пен оның бірінші орынбасары Әнуар Омаровтың (қазір осы ауданның әкімі) еңбегіне біз өте ризамыз.

Қазақ тілін үйренем деушілердің құлшынысы мен жас деңгейлерін айта кетсеңіз. Оларға тигізетін әсері қандай?

- Лагерьге келген тыңдаушылар-дың негізі 23-30-дағы жастар және ересек адамдар. Осы лагерьде үш кезеңде барлығы 90-ға таяу тыңдаушылар дәріс алды. Биылғы негізгі тыңдаушыларымыз «Самұрық-Қазына» жүйесінің ұлттық компания-ларында жауапты қызмет атқаратын азаматтар болды. Олар: «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ), «Қазмұнай-газ» (ҚМГ), «Қазақтелеком» (ҚТК), «Қазатомөнеркәсіп» (ҚАӨ), «Эйр Астана», Екібастұз ГРЭС-і өкілдері.

Сондай-ақ, келушілердің арасында өз тілін білмейтін қазақтармен қоса орыс, неміс, кәріс, татар, украин ұлттарының өкілдері де болды. Қазақ тілі мен ұлттың құндылықтарын, тарихын білуге құлшыныс білдіргендер осы өзге ұлт өкілдері болғандығы бізді қуантады.

Алғашында лагерьге кейбір жас-тардың ел аралап, жер көру деген түсінікпен келгені де белгілі болды.

Біраз уақыттан кейін олардың бойында да қазақ халқының тілін, әдет-ғұрпын, тарихын білсем деген құлшыныстың пайда болғанына көз жеткіздік. Бірауыз қазақша білмей келген көпшілік, соңында білсін-білмесін тілдерін бұрмалап мемлекеттік тілде сөйлеуге көшті. Осының өзі үлкен жетістік, өйткені қызығушылық үйренудің бастапқы жолы емес пе?! Тыңдаушылардың бойындағы осындай өзгерістердің болуына ықпалын тигізген жоспарлы түрде Ұлытау қорық-мұражайының көмегімен Ұлытау өңірінің тарихи жәдігерімен танысатын саяхаттар кезінде қазақ елінің тарихына байланысты алған мәліметтер болғаны айқын. Олар үш жүздің хандарын ақ киізге көтеріп хан сайлаған «Хан ордада » (Хан шатыр), «Алтын шоқыда» (Әмір Темірдің тастағы жазуы бар), «Жұмбақ көлде», Таңбалы таста (Зыңғыртау), Әулие тауда, Әулие бұлақта, Ұлытау ауданындағы «Қазақстан халықтарының бірлігіне арналған» монументте, Алаша хан мазарында, Ұлытау мемлекеттік қорық-мұражайында болып, Жанғабыл өзе-нінің бойындағы Қарасуға суға түсіп, балық аулады. Осындай пайдалы да көңілді салауаттылықпен уақыт өткізгендеріне бәрі де дән риза болып қайтты.

Санаулы уақыт ішіндегі жеткен жетістіктеріңіз және алдағы жос-парларыңызбен бөліссеңіз?

- Көпшіліктің алғысы мен ықыласы, бүгінде академия басшылығына түсіп жатқан толассыз хаттар - алғашқы жетістіктеріміздің бірі.

Енді осындай мәдени-этнографиялық шаралардың өрісін кеңейтіп, басқа өңірлерде ұйымдастыру келе-шектің еншісінде. Мемлекеттік тілге деген сұранысты арттыру және оның өркендеуіне күш салу - біздің алға қойған басты жоспарымыз.

Мұндай игі істерге мемлекеттік демеу қаншалықты деңгейде?

- Бізге Үкімет қаржы бөліп кө-мектесіп отырған жоқ, бірақ та осы бағдарламамызды іске асыруға «Самұрық-Қазына» басшылығында істейтін ұлтжанды азаматтардың қолдауы бізге көп көмек болды. Олар ұлттық компанияларға ұсыныспен шығып, біздің құрған лагерімізге тыңдаушылардың келуіне үлкен ықпал жасады.

Әңгімеңізге көп рақмет!

 


Сұхбатты жүргізген Кәмшат Айдарханова

«Заман-Қазақстан» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366