Жексенбі, 13 Қыркүйек 2026
Айтқыш екен 6396 0 пікір 6 Ақпан, 2015 сағат 16:11

«Днем 50, ночью 25»

«Ара» журналының Бас редакторы, белгілі сатирик-пародист Көпен Әмірбек шашын қысқартпақ болып шаштаразға келеді. Жаратылысынан әзілге әзір жүретін Көпекең әңгімесінің әлқиссасын қалжыңмен бастайды. Шаштаразшы орыс келіншек те әзілге әзілмен, қалжыңға қалжыңмен жауап қайырып, әңгімелері жарасып қалады. Сөздің реті келген тұста әлгі келіншек Көпенге:
– Вам сколько лет? – деп сызылады.
Сонда аяқтыға жол, ауыздыға сөз бермейтін Көпекең ескі әдетіне басып:
– Днем 50, ночью 25, – деген екен.

(Жазба Ермахан Шайхыұлының facebookтегі парақшасынан алынды)

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1147
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2680
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 794
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 763