ҚАҢТАРДЫҢ 30-ЫНАН КЕЙІН АЯЗ СЫНЫП, КҮН ЖЫЛЫНАДЫ
Қазгидрометтің хабарлауына қарағанда, қаңтардың 30-ынан кейін аяздың беті қайтып, күн жылына бастайды.
- Аяз сынып, оңтүстіктен шыққан жылы ағын 31 қаңтардан бастап білінеді де, барлық өңірде күн ептеп жылынады, - дейді Қазгидрометтің қызметкері, ауа райын болжаушы – инженер Гүлтаңсық Медеуова.
Қаңтардың соңғы он күні елімізде қатты суық болды. Мысалы, Шығыс Қазақстанда күннің суықтығы 41 градусқа дейін жетті.
Абай-ақпарат