«СЫБАҒАДАН» СЫРТ ҚАЛМА
«Сыбаға» бағдарламасы аясында аналық бас ірі қара мал сатып алу бойынша 2014 жыл жоспары асыра орындалды.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Сыбаға» бағдарламасы бойынша аналық бас ірі қара мал сатып алу бойынша жоспарлы мөлшерді орындады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің шеберлік жоспарына сәйкес, 2014 жылы 50 мың бас ІҚМ сатып алу жоспарланғанымен, ауыл шаруашылғы тауар өндірушілері өткен жылы Корпорация қаржысына 53 мың 800 бастан аса ІҚМ иемденді.
Бүгінгі таңда аталған бағдарлама Алматы, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында белсенді түрде жүзеге асуда.
2012 жылдан бастап, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржыландыру несие серіктестіктері жүйесі арқылы да жүзеге аса бастады. Өткен жылы несие серіктестіктерінің қатысушыларына 2 млрд. теңгеден аса қаржы бөлініп, оған 10 мыңнан аса ІҚМ сатып алынды.
Корпорация «Сыбаға» бағдарламасы басталғаннан бері 27,8 млрд. теңгеден аса қаржыға 1972 жобаны қаржыландырып, оған 147 мыңнан аса ірі қара мал сатып алуға қол жеткізілді.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – аграрлық саланы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіпкешені нысандарын қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустрияландыру және әртараптандыру. «ҚазАгро» Ұлтық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.
Абай-ақпарат