Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 7114 0 пікір 25 Қаңтар, 2015 сағат 14:13

ДӘУЛЕСКЕР КҮЙШІ ДҮНИЕ САЛДЫ. Қайғырып көңіл айтамыз

Асылдың сынығы, Кенесары ханның Әбубәкір деген баласынан тарайтын ұлағатты ұрпақ, қазақтың белгілі күйшісі Файзолла Үрмізов ақсақал дүние салды.

Бұл туралы күйші Жанғали Жүзбай «facebookтегі» парақшасында хабардар етті. «Қазақтың шертпе күй мектебінің негізін қалаушы, қаратаулық күй дәстүрінің шырақшысы, ғасырымыздың күй-шежіресі, Сүгірдің төл шәкірті - Файзолла Үрмізов ақсақал дүниеден озыпты. «Әй, көшелі күй не теңің, "Бестөрені" тартқышын...» деп шала шертісіңді тиып тастайтын, ақ сөйлейтін аға күйші еді, жарықтық...» деп жазады Жанғали ағамыз қазақ күй өнері өкілінің қазасына қабырғасы қайысып.

«Қазақта хан баласының хақысы бар, тірі болсам қызмет етпей қоймаймын» деп ұлт зиялысы Әлихан Бөкейхан айтқандай, қазақ еліне қалтқысыз қызмет еткен, ақтық демі шыққанша ақиық өнерге адал болып өткен аруақты ақсақалдың алды жарқы болсын дейміз!

Абай.kz порталының ұжымы. 



0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303