«Шығысэнерготрейд» 2011 жылдың басынан бастап ШҚО-ны электр қуатымен үзіліссіз қамтамасыз етуге кепілдік бермейді
Өскемен. 6 қазан. ҚазТАГ – «Шығысэнерготрейд» ЖШС Шығыс Қазақстанды электр қуатымен қамтамасыз етуші негізгі ұйым ретінде тариф жеткілікті болмаса, қуат өндіруші компаниялар электр қуатына бағаны қымбаттатса және Ертіс гидростанцияларында электр энергиясын өндіру көлемі төмендесе, 2011 жылдың қаңтарынан бастап аймақты электр қуатымен үзіліссіз қамтамасыз ететініне кепілдік бере алмайды.
Жыл соңына дейін электр қуатын сатып алуға «Шығысэнерготрейдтің» тарифі жеткілікті. Бірақ қаңтар айынан бастап өндіруші компаниялар тарифті өсіреді. Сондай-ақ, су пайдалануды реттейтін мемлекеттік органдар электр қуатын өндіруші гидростанциялардың жұмысын шектейді. Сондықтан «Шығысэнерготрейдтің» тарифі жеткілксіз болуы мүмкін (электр қуатының қажет көлемін сатып алу үшін – ҚазТАГ)», - деп мәлім етті AES-тің Қазақстан бойынша аймақтық директоры Майкл Джонаган сәрсенбі күні.
Оның айтуынша, компания әкімдікпен «тарифті қаншалықты пайдалануға болады» деген мәселе төңірегінде келіссөз жүргізіп жатыр. «Біз үстіміздегі жылдың соңына дейін ғана электр қуатын беруде іркілістер болмайды деп кепілдік бере аламыз», - деді М. Джонаган.

Қазақстанда AES-ке электр және жылу қуатын өндірумен, жеткізумен, қамтамасыз етумен айналысатын компаниялар тобы кіреді. Бұл - Өскемен ГЭС-і, Шүлбі ГЭС-і, AES Өскемен ЖЭО, AES Соғра ЖЭО, Өскемен жылу желілері, Шығыс Қазақстанның энергетикалық компаниясы, «Шығысэнерготрейд» және «Нұрэнергосервис» трейдер-компаниялары.