Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5344 3 пікір 30 Наурыз, 2017 сағат 14:42

Медведев пен Навальный туралы...

Әрине, қазіргі коррупционерлердің де көзі ашық, олар заман талаптарынан, соның ішінде мүлік пен ақшаны қалай тығып қою керек екенін хабардар, "ақырын жүріп, анық басқысы" келеді. Бәлкім, Навальныйдың фильмінде көрсетілген мүлік мен бизнеске Ресей премьерінің тікелей қатысы бар құжаттар табылмауы да мүмкін. Мәселен, оның бәрі басқа, отбасына жақын адамдардың атына жазылуы ықтимал.

Ондай жайт бізде де бар екені анық.

Бірақ, "өтіріктің құйрығы бір тұтам" дейді атам қазақ. Бұл мақалдың осындай көлеңкелі схемаларға да тікелей қатысы бар.

Айтпақшы, бұл мәселенің моральдық астары тағы бар. Медведев - бюджеттен айлық алып отырған шенеунік қана емес, тұтас бір мемлекеттің бір басшысы, саясаткер. Осыншама уақыт үндемей отыруы, ел алдына шығып, өзіне тағылған айыптардың ретсіз екенін айта алмауы да көп нәрсені аңғартады...

"Теория заговора" деген әлем мойындаған жорамал тағы бар. Бәлкім, мұның бәрі Путиннің өз бастамасы, ал, Навальный сол тапсырманы орындап отырғаны болуы да мүмкін. Онда "Димонның" жағдайы тіпті мүшкіл. Әне, Дума мен Федерация Кеңесіндегілер премьерге қарсы сөз сөйлеп жатыр емес пе?

Енді осы бір шым-шытырық боп көрінсе де, таптаурын боп табылатын сюжетті Қазақстандағы қазіргі және ертеңгі жағдайға теліп қойып, бір ойланып қойыңыз...

Әміржан Қосанов

Facebook-тегі парақшасынан

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5317