Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
7309 3 пікір 31 Наурыз, 2017 сағат 15:45

Жас қаламгерлердің қаламақысы артады

Қоғамдық маңызы бар әдебиеттер үшін қаламақы көлемі артады. Бұл туралы бүгін Сенатта Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазіргі кезде кітаптарды шығарып жатырмыз, автор бөлген қаржаттың 10 пайызын алады. Яғни авторға 300-450 мың теңге көлемінде тиесілі болады. Сол себепті жазушылықпен айналысу тиімсіз. Ол кітапты шамамен 5-6 жыл жазып, нәтижесінде алатын еңбекақысы 350 мың теңгені қамтиды. Неге дүкен сөрелерінде қазақ авторларының кітабы жоқ?  Шынында, қазір сыйлы әрі құрметті ағаларымыз жазып жатыр, ал жастардың аса ынтасы жоқ. Өйткені 350 мың теңге сомасындағы қаламақы тым аз», - деп түсіндірді министр «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау кезінде.

Оның сөзіне қарағанда, осы заң жобасына байланысты маңызы бар қажетті әдебиеттерге тапсырыс беріледі. Бұл тұрғыда қаламақы мәселесі мүлдем басқаша реттеледі, яғни оны қоғамдық кеңес шешеді. Кеңес құрамына депутаттар, қоғам қайраткерлері кіреді. «Заң жобасы аясында қаламақы мәселесі шешілсе, әрине жазушылардың жағдайы мүлдем басқаша болады. Олардың еңбекақысы едәуір жақсарар еді»,-деді Мұхамедилы.

Абай-ақпарат

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963