Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 13026 22 пікір 31 Наурыз, 2017 сағат 17:01

Шетелдіктер "қазақ қыздарының қызығын біз көрелік" демей ме?

Жақында «Информбюро» сайтында әрі блогер, әрі секстанушы, әйел мен ердің жыныстық қарым-қатынасын бүге-шүгесіне дейін зерттеп жүрген Шолпан Жусанбаеваның сұхбаты жария көрді.  Сұхбат барысында Шолпан ханым қазақ қыз-келіншектерінің 80 пайызы төсек ләззатына зәру екендігін айтады.

Сұхбатты оқып отырып, көзіміз шалып қалды, Жусанбаева  өз блогында жыныстық ойыншықтардың түр-түрін көрсетіп, олардың не үшін әм қай жерде қолданылатынын тәпіштеп, ұқтырып беріпті.

Әуелі  отбасындағы әйел мен ердің төсектегі тіршілігі туралы сөз қозғаған ол мұны қазақстандық емес, қазақ әйелдерінің мәселесі ретінде көрсtтіпті «Своим блогом я хотела показать, что мы – келинки, мы – казашки, и мы любим и занимаемся сексом, потому что это делает счастливыми нас, наших мужчин, и мы благодаря этому рожаем детей, они же из капусты не появляются» дейді Шолпан.

Жә, «бала белде, қатын жолда» дейтін қазақтың көзін аша сөйлеген Шолпан қазақ әйелдерінің 80 пайызының құмары қанбай жүргенін айтады. Сөзді бұрмалағанымыз емес, «біз – қазақ қыздары сексті жақсы көреміз» дегені не масқара? Осыдан кейін, жерге кіргір Бораттың «қазақ қыздарын жеңіл жүрістігt» телігеніне бұлқан-талқан боламыз кеп.

Рас, жыныстық сауаттылық керек. Бірақ бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес, Орта Азия елдерінің менталитетінде өзгеше қалыптасқан.

АҚШ-та, және Мәскеуде «кундалини-йоги», «Child Birth international» курстарын оқып келген сексолог Шолпан Жусанбаева өз сұхбатында өзекті мәселелерді көтере келе былай дейді; «И частый вопрос – отсутствие оргазма в интимной жизни. У нас очень самоуверенные мужчины, а на деле 80 процентов женщин живут без оргазма. Ей хочется, чтобы с ней занялись любовью, а не просто половым актом». Ұққанымыз: төсекте жұптасқанда қазақ жігіттері әйелдерін аялауды білмейді. Күйлеген биеге артылған айғырдай артыла бергеннен бfсқа түк білмейді-міс. Осыны айта келе қазақтың жігіттері  белсіз дегенді меңзейді.

«Көп қыз-келіншектердің құмары қанбай жүр. Қазір көп еркектің денсаулығы нашар, жыныстық белсенділік төмен. Алдымен өз әйеліңнің құмарын қандырып ал, сосын шамаң жетсе басқасын көр. Міне менің көп қатын алғысы келетіндерге айтарым», -  дейді секс өнерінің сыншысы Шолпан ханым.

Әңгіменің сорақысы енді басталады. «Қазақ жігіттерінің қыздарға деген қарым-қатынасына қарным ашады. Біздің еркектер бір көргеннен төсекке сүйрейді. Әуретті жерлеріне қол жүгірте береді» дейді әлгі сұхбатында Жусанбаева ханым. Дәлел қайда, Шолпан-ау? Статистика қайда? Қазақ әйелдерінің ішінде де жас категориясы, отбасылық жағдайына қарай отбасылы, бойдақ немесе ажырасқан деген секілді нақты фактілерсіз, қазақ әйелдерінің құмары қанбай жүр деу – көпке топырақ шашу емей немене?

Одан әрі қарай, партада отырып «папа-мама» атанып жатқандар туралы айтыпты. Рас, қазіргі қоғамның тағы бір дерті – жасына жетпей жыныстық қатынасқа-түсіп жатқан жеткіншектер. Бұның алдын алу турасында секстанушы Шолпан Жусанбаева балаға жыныстық тәрбиені 12 жастан бастап, ал жыныс мүшелерін үш жастан бастап үйрету керек депті.

«Вообще, как рекомендует ВОЗ, сексуальное воспитание нужно начинать с 12 лет, что касается полового воспитания – то с трёх лет. Да не про секс в три года рассказывать надо, ребёнку не интересен секс, но в три года ребёнок хочет узнать: кто я в этом мире. Ты – мальчик, у тебя есть пенис, есть яички, благодаря этому у тебя будет более широкая грудная клетка, выносливость, а есть ещё и девочки, но об этом я расскажу тебе чуть позже. Всё – удовлетворили любопытство с трёх до семи лет. А с 12 лет - сексуальное воспитание».

Түйін:

Әрі қарай созбақтамай, осы жерден тоқтайық. Шолпан Жусанбаева ханымның  жыныстық сауаттылық, ерте жастағы жүктілік немесе әйел мен ердің қарым-қатынасы туралы айтып отырғанын бір есептен қате дей алмаймыз. Бірақ, ол қазақ қыз-келіншектерінің 80 пайызы төсек ләззатына зәру екендігін қайдан біледі? Бұл деректі қайдан алған? Әлде арнайы әлеуметтік сауаланама жасаған ба? Егер солай болса, ол сауалнаманың нақты қортындысы қайда? Сауалнамаға кімдер, қанша жастағы қыз-келіншектер қатысқан? Осы және өзге де сұрақтарға Жусанбаеваның сұхбатынан нақты жауап ала алмайтынымыз анық. Бізді ойландыратын мәселе – 80 пайыз. Сонда қазақ жігттерінің барлығы дерлік белсіз болғаны ғой... Мынандай жауапсыз сұхбаттан соң алыс-жақындағы жұрттың кіндігінен жарап жүрген еркегі: «Е-е, қазақтар әйелдеріне төсек ләззатын сыйлай алмайды екен, ендеше олардың қызығын біз көрелік» демесіне кім кепіл?

Нұрзат Тоқажан

Abai.kz

 

 

 

 

22 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963