Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2251 0 пікір 14 Қазан, 2010 сағат 05:43

ҚР парламенті уақытша әкелу туралы конвенцияны ратификациялады

Астана. 14 қырқүйек. ҚазТАГ – Елена Преображенская. ҚР парламенті сенатының депутаттары бейсенбі күні пленарлық отырысы барысында «Уақытша әкелу туралы конвенцияны ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Заң жобасын таныстырған қаржы министрі Болат Жәмішевтің ақпаратына сәйкес, конвенцияға 1990 жылғы 26 маусымда Ыстамбұлда қол қойылған.

«Конвенция - уақытша әкелу саласындағы бірыңғай ережелерді қалыптастыратын халықаралық келісім. Құжат жүк кеден декларациясын алмастыратын және тауарларды уақытша әкелуді жедел рәсімдеуге және салықсыз жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «корнет Ата» құжатын қолдануды қарастырады», - деп нақтылады министр.

Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қорытындысына сәйкес, конвенцияның мақсаты уақытша әкелу саласындағы бірыңғай ережелерді қалыптастыру, экономикалық, гуманитарлық, мәдениет, әлеуметтік және туристік байланыстарға қол жеткізу және дамыту мақсатында уақытша әкелудегі кеден тәртібін үйлестіру болып табылады.

Конвенцияның 2 бабына сәйкес, келісуші жақтың әрқайсысы тауарларды уақытша әкелуге рұқсат беруге міндеттенеді (көлік құралдары да).

«Импортқа экономикалық сипаттағы салынатын тиымдарды немесе шектеулерді қолданбастан кедендік аумаққа әкелуге мүмкіндік беретін кедендік режим уақытша әкелу деп саналады.», - делінген комитеттің қорытындысында.

Конвенцияны қабылдау кедендік құжат пен кепілдік қажет болғанда уақытша әкелу процедурасын жеңілдетуге ықпал етеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470