Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2203 0 пікір 17 Қазан, 2010 сағат 16:33

Төлен ӘБДІКҰЛЫ: Одақтың мүлкіне Оразалиннің ғана жаны ашыйды ма?

Жазушы Төлен Әбдікұлы қоңторғай қоғамның дауасыз «диагнозын» дәл қоятын саусақпен санарлық зиялыларымыздың бірі. Біз Төлен ағамен шағын сұхбатымызды Алматыда өткен жазушылардың пленумынан бастадық.

- Төлен аға, жуырда Алматыда өткен жазушылардың пленумында Нұрлан Оразалиннің Одақтың құрметті төрағасы болып бекіген көрінеді. Біздің білуімізше, сіз осыған қарсы шығып, сөз сөйлепсіз. Мәселенің мәнісін ашып айтып беріңізші?

Жазушы Төлен Әбдікұлы қоңторғай қоғамның дауасыз «диагнозын» дәл қоятын саусақпен санарлық зиялыларымыздың бірі. Біз Төлен ағамен шағын сұхбатымызды Алматыда өткен жазушылардың пленумынан бастадық.

- Төлен аға, жуырда Алматыда өткен жазушылардың пленумында Нұрлан Оразалиннің Одақтың құрметті төрағасы болып бекіген көрінеді. Біздің білуімізше, сіз осыған қарсы шығып, сөз сөйлепсіз. Мәселенің мәнісін ашып айтып беріңізші?

Төлен Әбдікұлы: Пленумда Жарғыға өзгерістер енгізу туралы ұсыныс қойылды. Әдетте ондай өзгерістерді күні бұрын талқылайтын секілді еді. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген. Бірақ мына өзгерістерді кеңінен талқылау болған жоқ,  аз ғана сұрақ-жауаптардан кейін дауысқа салатын түрлері байқалды. Өзгерістердің ішінде мені алаңдатқан бір пункт болды. Ол бойынша бүгінгі төраға, ертең съезде басқа адам сайланғаннан кейін, бірден Құрметті төраға болып сайланбақ. Және ол сонымен бірге қамқоршылар кеңесін басқарып, заңды хатшылықтың шығарған шешімдері ұнамаса, вето (тиым) қойып отырады екен. Қысқасы, негізгі билік қолында қалмақ. Мен қарсы болып, өз пікірімді білдірдім. Пікірімнің түйіні мынау. Жазушылар одағы ерікті түрдегі қоғамдық ұйым. Қоғамдық ұйымда барлық мәселе көпшіліктің ұйғарымымен шешілуге тиісті. Сондықтан бәріміздің үстімізден қарайтын, бәрімізден ақылды, бәрімізден білімді, бәрімізден жауапкершілікті артық сезінетін бір адамның ең соңғы үкім шығарып отыруы шығармашылық ұйымның табиғатына да, баяғыдан бері жұмыс істеп келе жатқан жарғымызға да мүлде қайшы. Нұрлан бауырымыздың түсіндіруінше, вето тек Одақтың мүлкі талан-таражға түспеу үшін ғана қолданылады екен. Одақтың мүлкіне тек Оразалиннің ғана жаны ашиды дегенге мен тағы да түсіне алмадым. Одақ одақ болғалы орынында тұр. Ешкім бөліп алып кеткен жоқ. Бөліп алып кетуі мүмкін де емес. Егер Одақтан бөлінеміз деген топтар қылаң бере бастаса, оны да басшылықты қолдан шығармауға тырысатын әрекеттердің арандататыны белгілі. Ерікті шығармашылық ұйым барынша демократиялық принциптерді негізге алуға тиісті. Басқаша жағдайда ұйымның өміршеңдігіне ылғи да қауіп төнетіні анық нәрсе.

Жалпы ынтымақ, тұрақтылық болу үшін қабылданған заң мен жарғыны басшылық мүлтіксіз орындауы керек. Ал егер, креслоны қимай, әр түрлі айла-шарғыға көшіп, жарғыны өздерінің мақсаттарына лайықтап өзгертіп отырса, түбі жақсылыққа әкеледі деп айта алмаймын.

 

- Енді әңгімемізді бүгінгі әдебиеттің ахуалына бұрайық. Ақпарат ғасырында «адамдар көркем әдебиетті аз оқиды» деген пікір қалыптасты. Сонда компьютер ғасырында әдебиетті қалай оқытуымыз керек? Әлемдік тәжірибеде мұндай мәселе қалай шешілген?

Төлен Әбдікұлы: Көркем әдебиеттің аз оқылатыны рас. Оған толып жатқан себептер бар. Көркем әдебиет халыққа жетпейді. Кеңес заманында кітап саудасы үлкен жүйе болатын. Қазір бұл мәселе үкімет тарапынан шешімін таппай отыр. Бұрында негізгі оқырман ауылда болатын. Бүгінгі ауылда кітап оқып отыратын жағдайдың жоқ екені белгілі. Күндерін қалай көрерін білмейді олар.

Оның сыртында, жаңағы өзіңіз айтқан телевизор, компьютерлердің де ықпалы аз емес. Бірақ бүгінгі ақпараттық технологияға тиым сала алмайсың. Сондықтан қолдан келетіні - кітап саудасын жөнге қою, ақпарат құралдарында көркем әдебиеттің жарнамасын күшейту, сол арқылы жақсы шығармаларды басып шығарған баспалардың өз өнімдерін өткізуіне, сөйтіп пайда табуына мүмкіндік жасау (ал қазіргі мемлекеттік тапсырыс жағдайында бұл өте қиын), халықтың әл-ауқатын көтеру (аш адам кітап оқымайтыны белгілі) т.с.с. Бұл айтылғандар жеке адамның қолынан келмейді. Жеке адамның қолынан келмейтін нәрселерді Үкімет жасауы керек. Ал жазушыларға қойылатын талап - тек жақсы жазу, шындықты жазу, билікке жалтақтамау (билікке жалтақтаған адам ешқашан да шындықты айта алмайды), қоғамдағы қайшылықтардан бастап, адамның өз табиғатындағы  қайшылықтарға дейінгі күрделі нәрселерді сезе білу, өзіңнің арыңа адал болу.

- Төлен аға, сіздің жеке сайтыңыз бар ма? Жалпы алғанда, өз шығармаларыңызды оқырмандарға қалай жеткізесіз? Кез-келген қазақ жазушысының өзіне жеке сайт ашуға мүмкіндігі бар ма?

Төлен Әбдікұлы: Жеке сайтым жоқ. Жуық арада өзім шығаратын «Өркениет» журналының сайтын ашпақпын.

- Шығармашылығыңызда қандай жаңалық бар? Соңғы кездері не жазып жүрсіз?

 

Төлен Әбдікұлы: «Тұғыр мен ғұмыр» деген соңғы повесім «Өркениет» журналының 4 санында жарық көрді. Қазір «Әке мен бала» атты пьеса жазу үстіндемін. Аты кейін өзгеруі мүмкін.

Сұхбаттасқан Төлен ТІЛЕУБАЙ.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502