Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2351 0 пікір 18 Қазан, 2010 сағат 08:35

Мырзахан Айсарин. Немістер мультикультурализммен қоштасты

Көптеген жылдар бойы Германияда қалыптасқан этносаяси және этномәдени жағдай біздің ел үшін алдыңғы қатарлы, «ең озық» үлгі деп түсіндіріліп келді. Алайда, Германиядан келіп жатқан хабарларға үңілсек, осы елдегі мультикультурализм моделі өзінің соңғы күндерін басынан өткізіп жатырғандай әсер аласыз. Бұны тек қарапайым немістер ғана емес, мемлекеттің басшылары мен саяси қайраткерлері мойындауға мәжбүр.

Кеше ғана Потсдам қаласында өткен Христиан демократтары одағының жастар қанатының құрылтайында Германия канцлері Ангела Меркель Гете мен Шиллердің жеріндегі мультикультуралистік қоғам құру әрекеттерінің барлығы да тығырыққа тірелгенін өкінішпен мойындады. Меркель ханымның пікірінше, елге келген барлық иммигранттар неміс тілін үйреніп, тұтас неміс қоғамының бөлігіне айналуы міндетті. «Біздің қоғамның мүшесі болғысы келгендердің барлығының заңдарымызды ғана сақтағаны жеткіліксіз, біздің тілімізде де сөйлеуі керек» - деп қорытындылады сөзін неміс басшысы.

Осыған дейін «ұлттық мәселеде» демократиялық принциптерді ұстанып келген Германия канцлерінің бұлай демеске шарасы жоқ. Неміс қауымы күн санап өзгеріп келеді. Елдегі шеттен келген иммигранттарға көзқарас түзу емес, сенімнен гөрі үрей басым. Халықтың мұндай көңіл-күйін елдегі барлық саясаткерлер мен саяси күштер өз пайдасы үшін қолданып, ұпай жинаумен әлек.

Мысалы, Христиан әлеуметтік одағының жетекшісі, Бавария жерінің премьер-министрі Хорст Зеехофер өткен жұмада ғана «Мультикультурализм өлді» деп жариялап, елге Түркия мен Таяу Шығыстан келіп жатқан иммигранттар легін шектеуді талап етті.

Тамыз айында Германияның социал-демократиялық партиясының басшыларының бірі, неміс Ұлттық банкінің төрағасы Тило Саррацин «Германия: өзін-өзі жою» деген кітап жазып, онда бақылаусыз миграцияның өсуі неміс тілі мен мәдениетінің құруына алып келеді деген пікірлерін жасырмады. Сол үшін Саррацин қудалауға душар болып, өз қызметінен де, партиясынан да қуылды.

Осыған ұқсас пікірлерді Германияның вице-канцлері, сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле де айтып жүр. Оның ойынша, Германия елге кімді шақырып, оларға қандай талап қоюы туралы мықтап ойлануы қажет екен. «Біз, - деді Вестервелле, - иммигрантарға елге не үшін келіп жатырсыңдар, одан өздеріңіз ғана емес, жалпы неміс қауымына не пайда келеді деп сұрақ қойғанымыз дұрыс». Осы мақсатта мектептер мен балабақшаларда тілдік тестілерді енгізіп, неміс қоғамына қосылып жатқандардың тілді меңгеру деңгейін әлсін-әлсін тексеріп тұру ұсынылып отыр. Егер бала мемлекеттік тілді қажетті деңгейде меңгере алмаса, оны тағы бір жылға сол сыныпта не топта қалдыру қажет дейді неміс саясаткері.

Саясаткерлерге еш кінә тағу мүмкін емес. Себебі, қарапайым неміс бюргерлері негізінен дәл осындай пікірде. Оған дәлел ретінде Фридрих Эберт қоры өткізген әлеуметтік сауалнаманың деректерін келтіруге болады. Осы дерекке сенсек, әрбір оныншы неміс азаматы билік басына батыл саясат жүргізе алатын фюрердей адамның келгенін қалайды-мыс. Немістердің төрттен бірі елге «барша неміс қауымының сөзін сөйлейтін «күшті партия» керек» деп топшылайды. Германия тұрғындарының үштен бірі иммигранттарға қатысты заңнаманы күшейтіп, оны бұзғандарды елден қуу қажет деп пайымдайды. Неміс қоғамының үштен екісі яғни 58 пайызы өзге діндерге, оның ішінде исламға қатысты шектеулер керек деп отыр.

Егер өзімізге үлгі болған «мультикультурлистік модель» отанында қирап жатса біздерге оның қажеті не деген сұрақ туындайды?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5512