Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2807 0 пікір 2 Маусым, 2009 сағат 08:21

Қазақстанның жүйе құраушы банктері «Самұрық-Қазынадан» ипотеканы қайта қаржыландыру мембағдарламасының мерзімін ұзартуды сұрады

Астана. 2 маусым. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. Жүйе құраушы екінші деңгейлі банктер (ЕДБ)  – «БТА банк», «Қазкоммерцбанк», «Халық банкі» және «Альянс банк» өздері үшін ипотекалық займдарды қайта қаржыландыру бағдарламасын 1 шілдеге дейін ұзартуды сұрады, деп хабарлады «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі Қайрат Әйтекенов.

«10 банктің алтауы бұл жұмысты аяқтады. 4 жүйе құраушы банк – «БТА банк», «Қазкоммерцбанк», «Халық банкі» және «Альянс банк» – өтініштердің көптеп түсуін ескере отырып (займдарды қайта қаржыландыруға - ҚазТАГ), 1 шілдеге дейін ұзартуды (бағдарламаны  – ҚазТАГ) сұрап отыр», - деді ол үкіметтің сейсенбі күнгі отырысында.

Қ. Әйтекенов «Самұрық-Қазына» мемхолдингі бұрын берілген ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру үшін ЕДБ-да 120 млрд теңге орналастырғанын еске салды. Келісімдерге сәйкес, ЕДБ бұл соманы  1 маусымға дейін игеруге тиіс болатын.

«Қазіргі уақытта жалпы алғанда, 37 мың заем алушыдан 142 млрд теңгенің өтініші түсті, 92,2 млрд теңгенің өтініштері қанағаттандырылды», - деп мәлім етті ҰӘҚ басқарушы директоры Қайрат Әйтекенов.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435