Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2378 0 пікір 19 Қазан, 2010 сағат 10:42

Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры қаңтар-қырқүйекте Т1,44 млрд соманың шағын несиелерін берген

Алматы. 19 қазан. ҚазТАГ – «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ 2010 жылдың қаңтар-қырқүйегінде республикалық бюджеттің қаржысынан және өз қаржысынан Т1 446 млн соманың 3 906 шағын несиесін берген, делінген қордың хабарламасында.

Құжатқа сәйкес, қызмет түрлері бойынша жіктегенде шағын несиелер келесі мақсаттарға берілген: шағын несиелердің 91%-ға жуығы мал шаруашылығын дамытуға, 3,3% өсімдік шаруашылығына, 5,7% бизнестің басқа түрлеріне берілген.

«Несие қаржыға халық 23 963 бас мал сатып алып, 7 182,2 га жерге тұқым сепкен. Аймақтарда несиеленген жобалардың дамығанының арқасында 3 906 адам жұмыспен қамтылды», - делінген ақпаратта.

Биылғы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша, қор 15 шағын несие беру ұйымдарын (ШНҰ) несиелеген: бюджет қаржысынан 7 ШНҰ-ға Т448 млн берілсе, қайта инвестицияланған қаржыға 8 ШНҰ-ға Т117 млн берілген.

«Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ – шағын несиелендіру жүйесін дамыту арқылы ауылдағы халықтың қаржы қызметтеріне қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған мамандандырылған қаржылық-несиелік ұйым. Қор «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның компаниялар тобына кіреді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5523