Полиция 1,5 кг алтын ұрлаған Ақбақай ТМК жұмыскерлерін қолға түсірді
Тараз. 19 қазан. ҚазТАГ – Полиция Ақбақай тау-металлургия комбинатының (ТМК) сейфінен құрамында алтыны бар кен концентратын ұрлау әрекетін жасаған кәсіпорын жұмыскерлерін қолға түсірді, деп хабарлады сейсенбі күні Жамбыл облысының ІІД баспасөз қызметі.
«Ара, балға, басқа да құралдары бар төрт қаскүнем «алтын» бөлменің есігіндегі құлыпты бұзып, сейфтен құны Т2,5 млн болатын құрамында алтыны бар 1,5 кг тазартылған концентратты алып кеткен», -деп мәлім етті ІІД-нің баспасөз хатшысы Роза Қалдыбекова.
Комбинаттың екі жұмыскері, күзетшісі және олардың таныстарынан құралған топты шыға берісте кәсіпорынның қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері мен Ақбақай полициясы ұстаған.
Тәркіленген концентрат сот-химиялық сараптамаға берілді. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, жыл басынан бері комбинатта құрамында алтыны бар кварц тастарын ұрлаудың алты әрекетінің жолы кесілген. Ұрланып, кәсіпорынға қайтарылған материалдың жалпы салмағы 45 кг құрады.