Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2979 0 пікір 2 Маусым, 2009 сағат 08:22

«Самұрық-Қазына» өзінің еншілес компанияларында қаржылық бұзушылықтар мен жемқорлық деректеріне тексеру жүргізеді

Астана. 2 маусым. ҚазТАГ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының (ҰӘҚ) басқармасы кадрлық саясатты күшейту және холдинг құрылымында жемқорлықпен күресті белсенді жүргізу бойынша шаралар қабылдады, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Хабарламада атап көрсетілгендей, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ басқармасының 1 маусымдағы отырысы барысында ҚР құқық қорғаушы және бақылаушы органдары жүргізген тексеру кезінде ҰӘҚ тобына кіретін ұйымдардың қызметінде анықталған бұзушылықтар қаралды.

«ҚР бас прокуратурасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ бұрынғы басшылығының қызметінен анықтаған заң бұзушылықтарға байланысты қор басқармасы еншілес компанияларда бұрын анықталған бірлескен кәсіпорындар құру және активтерді басқа ұйымдардың жарғылық капиталдарына енгізу арқылы активтерді меншіктен шығару деректері бойынша кешенді тексерулер жүргізу туралы шешім қабылдады», - деп атап көрсетілген ҰӘҚ-ның сейсенбі күні таратылған хабарламасында.

Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» басқармасының шешімімен есеп комитеті «Қазпошта» АҚ-ның 2008 жыл үшін қаржылық есебін жасау барысында анықтаған қаржылық бұзушылықтар бойынша қосымша тексеру жүргізу үшін арнайы комиссия құрылды.

Баспасөз мәлімдемесінде атап көрсетілгендей, бұл комиссия 2008 жылы республикада пошта-жинақтаушы жүйесін құру және дамыту үшін «Қазпошта» АҚ жарғылық капиталын арттыруға республикалық бюджеттен бөлінген қаржының жұмсалу тиімділігін бақылау нәтижесінде анықталған заң бұүзушылықтарды жою бойынша шара қабылдау үшін құрылды.

«Самұрық-Қазына» басқармасы  барлық еншілес және тәуелді ұйымдарына қызмет барысында,  сатып алулар саласында және қаржы шығындауды қажет ететін өзге де салаларда, сондай-ақ, компаниялардың активтерін меншіктен шығару мәселелері бойынша ҚР заңдарының талаптарын және компаниялардың корпоративтік құжаттарының шарттарын бұлтартпай орындау туралы тапсырма берілді», - деп атап көрсетеді баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, еншілес ұйымдардың басшыларына транспаренттіліктің, заңдылықтың принциптерін қатаң сақтап, қаржыны барынша тиімді жұмсау, корпоративтік шешімдер қабылдау кезінде барлық процедуралық талаптарды орындау, шешім қабылдауда заң бойынша өкілеттігі бар мемлекеттік органдармен, директорлар кеңестерімен, компанияның бақылаушы комитеттерімен және комиссияларымен келісіп отыру тапсырылды.

«Компанияларға жоғарыда аталған мәселелерді реттеуде олқылықтарға жол бермеу үшін өкілетті органдардың тиісті ішкі құжаттарды қабылдауын қамтамасыз ету тапсырылды»,- делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, қордың еншілес ұйымдарында жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы тұруды күшейту мақсатында ҰӘҚ басқармасы ішкі аудит қызметтерімен бірлесіп сатып алуларды жүзеге асыру ережелерінің сақталуына жоспарлы тексерулер жүргізу туралы шешім қабылданды.

«Жоспарлы тексерулер ҰӘҚ ірі компаниялары «Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаздан» басталады», - деп атап көрсетеді «Самұрық-Қазынаның» баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435