Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2672 0 пікір 28 Қазан, 2010 сағат 07:45

Жолжақсы ТӨЛЕК. Ұлытауда ұлықталды хан Кенем

Құп, Тәуелсіздік - тіл тигізбейтін ұғым. Әйтсе де тәуелсіздік үшін жанын пида еткен тұлғалардың тәуелсіз елде ұлықталмай жатқаны кейбір ағайынның ащы даусын шығаруға бар. Мұны да түсінелік. Мәселен, Алаштың азаттығы үшін аһ ұрып, ормандай орысқа ойран салған Кенесарыға азат Қазақстанда өз деңгейінде құрмет болмай жатқаны өтірік пе?! Аузымызды толтырып хан Кенені азаттықтың символы дейміз. Қазақтың соңғы ханы дейміз кеудемізді дүңк-дүңк ұрып. Иә, ол отарлаушыға қазақтың мәңгі құлдықта ғұмыр кеше алмайтынын ұқтырды. Жер шарының жартысын иемденген империяға рухымен сес көрсетті.

Құп, Тәуелсіздік - тіл тигізбейтін ұғым. Әйтсе де тәуелсіздік үшін жанын пида еткен тұлғалардың тәуелсіз елде ұлықталмай жатқаны кейбір ағайынның ащы даусын шығаруға бар. Мұны да түсінелік. Мәселен, Алаштың азаттығы үшін аһ ұрып, ормандай орысқа ойран салған Кенесарыға азат Қазақстанда өз деңгейінде құрмет болмай жатқаны өтірік пе?! Аузымызды толтырып хан Кенені азаттықтың символы дейміз. Қазақтың соңғы ханы дейміз кеудемізді дүңк-дүңк ұрып. Иә, ол отарлаушыға қазақтың мәңгі құлдықта ғұмыр кеше алмайтынын ұқтырды. Жер шарының жартысын иемденген империяға рухымен сес көрсетті.

Хан Кене шаһид болған күннен бас­тап қазақтың құлдық дәуірі басталды. Қазақ билігінен айырылды. Жері­нен айырылды. Малынан айырылды. Аштыққа ұшырады. Бордай тозды. Ботадай боздады. Болмысынан ажырады... Мұндай күнде Тәуелсіздіктің таңы атты. Ел еңсесін көтерді. Бірақ жылдар бойғы, ми түгілі, сүйегіне сіңген құлдық сана ұлттық иммунитетке жан бітірмей жанталасып жатыр. Оның емі қандай? Бір һәм төте жолы - ұлттың азатты­ғы жолында құрбан болған батырларды ұлықтау. «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнім» демекші, дәл осыған келгенде кібіртіктеп үніміз бәсеңси түседі. Бір ғана мысал, осы күнге дейін хан Кенеге тұтас Қазақстанда бір-ақ ескерткіш орнаттық... Сүйінші, жылағаннан жас тыйылмас, екіншісі бой көтерді! Өткен жұма күні қасиетті Ұлытауда ұлт батырына еңселі ескерткіш қойылды. Ақ шымылдық сыпырылып жерге түскенде ақ гранитке қашалған батыр айбары бойды шымыр еткізді. Кеудесіне басқан алмас қылыш соғысқа емес, бейбітшілікке соғылған белгі дестік. Сұсты батыр бейнесі енді қазаққа мәңгі жаудың жоқтығын меңзегендей. Мына сәйкестікті қараңыз, осы жерде осы күнге дейін «күн көсем» Ленин қазаққа «жол сілтеп», қол сілтеп тұрған. Енді оның құтын қашырып, хан Кене құтты орнына оралды! Қуаныштан, бәлкім, ащы зар, мөлт еткен ыстық жас кеудеге тырс-тырс тамды... Тебіреніс­тен әкім Әбдіғалиев Сұлтанмахмұттың: «Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ, Мен қалай қазақтықтан сақтанамын», - деген жыр шумақтарын тебірене оқыды. Тайлы-тұяғы­мен түгел жиналған алақандай ауылдың қуанышын сіздерге жеткізіп бере алмаспын. Өлгені тірілді, өшкені жанды деген осы шығар...
Белгілі саясаткер Берік Әбдіғалиев астанадан ауылға - Ұлытауға ат басын бұрғанда бәріміз таңырқай қарас­қанбыз. «Жас Отанның» жалаулатып жүрген «Дипломмен - ауылға» акциясымен ауылға кетті» деп те әзілдеген едік. Бекең ауылға бекер бармапты. Ең әуелі, ол республикалық басылымдар арқылы қалың елге берген уәдесін орындады: фамилиясын өзгертті. Енді Берік Әбдіғалиев емес, құжат жүзінде Берік Әбдіғалиұлы болды. Тіл туралы, ұлт хақында мың рет мінберден толғау айтқанша, көпке үлгі болатын нақты бір іс тындырған - ғанибет. Тіпті Бекеңнің бұл ісі түзде тіл туралы тәтті-тәтті сөйлеп, үйде баласымен орысша тілдесетін кейбір сатқын зиялыларға үлгі болса игі.
Екінші, өзгесін қоя тұралық, Әбдіғалиұлының бір ғана Кенесары ескерткішін орнатуы мың сауапты іс емес пе. Ұлтқа жасалған ұлық іс деп ауыз толтырып осыны айтуға болар. Оның елге жасап жатқан өзге еңбегін кейін ел біле жатар...
Қалың елдің қаперінде болар, астана құрылысы хан Кененің ескерткішін салумен басталған. Мұның саналы түрде жасалғаны ия болмаса құдіретті күштің сәйкестігі екенін тап басып айта алмаймын. Кезінде орыс отарының әскери бекінісін ала алмай арманда кеткен хан Кене бүгінгі азат күнде дәл сол жерде дұшпанға сес болып ат үстінде тұр. Енді ол ұлтын рухтандырып Ұлытауда бой көтерді.
Тағы бір сәйкестік, қатпары қалың тарих беттерінде Кенесары дәл осы өңірде 1841 жылы ақ киізге оранып хан көтерілген деседі. Әрине, хан Кенеге ескерткіш оның туған жеріне, тұрған жеріне қойылсын деген ой тумасын. Берік Әбдіғалиұлынша айтсақ, Кенесары ескерткіші әр қаланың төрінде, әр ауылда тұрсын. Ал рухы әр қазақтың жүрегінде болсын.
Кенесарының басы кесілген күннен бастап қазақтың құлдық дәуірі басталса, енді қазақтың рух дәуірі басталғай!

 

Жезқазған қаласы

«Ана тілі» газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419