Қасқабас Қазақ. Бізге жетпегені осы еді!
Қарағандылық бір топ қоғам қайраткерлері президентіміз Н.Назарбаевқа, парламент палаталарының спикерлеріне, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне бағыштап үшбу хат жазыпты. Олардың көксегені қазақ билік органдарының «ұлттық» принцип бойынш құрылуы. Яғни, дейді олар, Қазақстанда отыз жеті пайыз өзге этнос өкілдері тұратын болса, олардың биліктегі өкілдерінің саны да дәл сондай болуы керек-мыс.
Үшбу хат авторларының бірі Дмитрий Бойконың пікірнше, Қазақстан 120-дан 140-қа дейін этностар мекендеген полиэтникалық мемлекет болып табылады. «1992 жылға дейін осы этностардың барлығы да билік органдарында пропорциялы түрде отырған болатын. Бүгін, соңғы санақ деректеріне сенетін болсақ, елдің 63% жергілікті ұлт өкілдері болса, қалған 37% пайызы басқа ұлыстардың өкілдері болып табылады. Соған қарамастан, соңғылардың билік орындарындағы саны небары 8-9% пайыздан аспайды», - деп қынжылып отыр Бойко мырза.
Қарағандылық жазғыштардың пікірінше, бұндай «әділетсіз» кадр саясаты, қоғамда етек алып отырған сыбайлас жемқорлыққа, рушылдыққа, жершілдікке әкеліп соғып отыр-мыс. Оларды жеңу тіпті оңай шаруа екен. Ол үшін Кеңес заманында қолданылған кадрларды тағайындау кезіндегі этникалық квоталарды қайтадан енгізсек жетіп жатыр! Билікте қазақ, орыс, кәріс, неміс отырса қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнап, барша жұрт бақытқа кенелетін болады!

Қарағандылық белсенділердің хатын «Лад» славян қозғалысының басшыларының бірі Максим Крамаренко да құлшына қолдап отыр. «Қазақстандағы орыстар» атты веб-сайтқа жазған мақаласында Крамаренко мырза былай деп көкіпті: «Біздер жиырма жыл бойы еліміздегі достық пен толеранттылықтың тек қана сапалық емес, сандық, статустық өлшемі болуы керек екенін шаршамай айтып келеміз. Бүгінгі күні орыстілділердің биліктегі саны көңілге қонбайды. Ондағы жүз пайыз қазақтардың отыруы, кешіріңіздер, нонсенс болып табылады».
Орыс-славян ұйымдарының арманы осы! «Қазақтар жүзге бөлінеді, шетінен трайбалист, бірін-бірі түтіп жеуінен ұстап тұрған біздер, орыстармыз» деп лағады казак атамандарының бірі Захаров. Алайда, құдай сақтасын, егер кейбір Африка мен Азия елдеріндегідей билікті демократиялық емес, этникалық принциппен қалыптастыратын болсақ нағыз трайбализмнің өзі орнамай ма?
«Абай-ақпарат»