Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3458 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 18:16

Немқұрайды қарамайтындар маршы

Міне, екі айдан астам «Бірлігіміз жарасқан!» әлеуметтік ақпараттық акциясы Қазақстан бойынша «аралап» келеді. Бұл оқиға ауқымды, тиімді, ал ең бастысы - ел үшін өте пайдалы. Азаматтық қоғам, билік, бизнес бірыңғай күш болып шығып келеді, ал бұл кез келген күрделі міндетті шешуге болатынын көрсетеді. БАҚ-тарда компаниялардың әртүрлі эпитеті беріледі: барлық азаматтық толқын, мейірімділік істер акциясы, бірақ барлық осы қозғалысты тікелей ұйымдастырушы - «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ-ның атқарушы директоры Алина ХАМАТДИНОВА осыларға тамаша сипат береді.

- Акцияның бастамасына алғаш Теміртау оқушылары жол салды, олар сіздің көмегіңізбен балалар спорт алаңын ашты. Бірақ қазірдің өзінде немқұрайды қарамайтындар командасы, мен тіптен оларды тынымсыз ұмтылушылар деп айтайын, елге неғұрлым көп пайдасын тигізді, солай емес пе?

Міне, екі айдан астам «Бірлігіміз жарасқан!» әлеуметтік ақпараттық акциясы Қазақстан бойынша «аралап» келеді. Бұл оқиға ауқымды, тиімді, ал ең бастысы - ел үшін өте пайдалы. Азаматтық қоғам, билік, бизнес бірыңғай күш болып шығып келеді, ал бұл кез келген күрделі міндетті шешуге болатынын көрсетеді. БАҚ-тарда компаниялардың әртүрлі эпитеті беріледі: барлық азаматтық толқын, мейірімділік істер акциясы, бірақ барлық осы қозғалысты тікелей ұйымдастырушы - «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ-ның атқарушы директоры Алина ХАМАТДИНОВА осыларға тамаша сипат береді.

- Акцияның бастамасына алғаш Теміртау оқушылары жол салды, олар сіздің көмегіңізбен балалар спорт алаңын ашты. Бірақ қазірдің өзінде немқұрайды қарамайтындар командасы, мен тіптен оларды тынымсыз ұмтылушылар деп айтайын, елге неғұрлым көп пайдасын тигізді, солай емес пе?
- «Бірлігіміз жарасқан!» - бұл мейірімділік істер мен жасампаздық жұмыстар эстафетасы, оларға елдің азаматтарының өздері қатысады, мұнда олардың әрбірі өз үйі, ауласы, қаласы және тұтас алғанда елі үшін маңызды пайда келтіре алады. Акция осы кішкене ғана жақсы істерді барлық еліміз бойынша ірі оң нәтижелер ағынына біріктіруге мүмкіндік береді. Және де бұл әріптестікте болу мүмкіндігі, бұл ретте әрбір мектеп оқушысы, дәрігер, зейнеткер, мүгедек, әкімдік өкілі, мұғалім басқалармен әріптестікте және бір командада қоғам игілігі үшін жасампаздық қылықтар жасай алады.
Акцияны өткізу кезінде біз мынадай философияны басшылыққа аламыз - біз әлемді жақсыға қарай өзгерте аламыз және оны өзімізден бастауымыз керек. Әрбір инабатты іс - бұл елдің қорына қосқан қомақты үлесіміз. Өз орнында өз үлесін қоса отырып, елін дамытуға өздері қатысатын азаматтардың ғана елі көркейіп, гүлденеді. Ал егер соңғы екі айда өткізілген барлық 102 акцияның экономикалық әсерін есептейтін болсақ - ондағы сома әсерлі болатын шығар.
- Бізді өңірлерде, Астанада билік етушілермен қандай шығармашылық қатынас қалыптасқаны қызықтырады?
- Осы қозғалыс, сіздер дұрыс аңғарып отырғандай, өз қаласы үшін қандай да бір жақсы іс атқарғысы келген теміртаулық оқушылар бастамасынан туындады. Олардың бірлестік рухы біздің Азаматтық альянсымызға да, көптеген белсенді азаматтарымызға да және жергілікті үкіметке де «жұқты». Көптеген өңірлерде әкімдіктер әлеуметтік іс-шараларды өткізуге жәрдемдесіп келеді, жұмысқа ішкі саясат басқармасы, балалар құқығы жөніндегі комитеттер, партиялардың бастауыш ұйымдары да кірісті. Қазір эстафетаны ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер мен отбасы, демографиялық саясат істері жөніндегі ұлттық комиссия да қолдады. Әрине, бастапқы кезде түсініспеушілік сияқты біраз қиыншылықтарға да тап болған кездеріміз болды, бірақ «су тасты да қашайды» дегендей, көбінің көзі «Бірлігіміз жарасқан!» акциясынан пайда ғана көретінімізге көздері жетті. Бұл акция шабыт туғызды және шоғырландырды және де біздің қазақстандықтардың бірлігіміз жарасқан тату команда екенімізге тағы да көз жеткізді.
- Акция шеңберінде БАҚ-та елдің дамуына қомақты үлес қосқан еңбек ұжымдары туралы айтылды. Азаматтық альянс командасының суретіне оның басшысы ретінде қандай сипат енгізетініңіз бізге қызықты? Және осындай жалпы азаматтық акцияларды өткізуге едәуір тәжірибені қандай жолмен жинадыңыз?
- Шынымен көптеген еңбек және қоғамдық ұжымдар біздің шақыруымызға үн қатты - дәрігерлер мен мұғалімдер, кәсіпкерлер, шахтерлер мен металлургтар көптеген акцияларға қатысты. Бөлінгендер болған жоқ, бұл жерде еліне өз сыйлығын беру деген жалпы талпыныс қана бар. Біздің командаға қатысты біз үшін осындай ауқымдылық, әрине, керек әрі маңызды. Бірақ біз, шынын айтсақ, осындай ниет білдірушілер көп болады деп күтпегенбіз! Біздің астанаға жан жақтағы өңірлерден барлық ақпарат келіп түседі, біз оларды барлықтарымен бөлісіп үлгеруіміз керек. Сондықтан біздің баспасөз қызметіміз атынан оның басшысы Виктория Дәулеткелдиева, міне, екінші ай іс жүзінде демалыссыз жұмыс істеп келеді. Азаматтық альянс бастықтары да орындарында қоғамдық дақпыртты бастан өткізуде, өйткені осындай белсенділік таныту көптен бері болмаған еді. Біз немқұрайды қарамайтындармыз, шын мәнінде еті тірі адамдармыз, еңбекқормыз - біздің суретіміз осындай.
Сіз тәжірибе жайлы сұрадыңыз. Біз басқаларға өз ұстанымының болуын үйретеміз, сондай-ақ үйретіп жүрген адамдарымыздан пайдалы істі қабылдаймыз. Өмірге елге маңызды, батыл бастамаларды енгізу, сондай-ақ қоғамда азаматтықты дамытуға көмектесу біздің миссиямыз болып табылады. Біздің тәжірибе және жалпы алғанда тарих қазақстандықтардың селқос адамдар емес екенін, әрдайым көмектесуге дайын тұратындарын, бірін бірі қолдай білетіндерін көрсетті. Біз оңнан гөрі теріс жайттарға жиі көңіл аударамыз, сондықтан да адамдар оң эмоцияларды сағынды, ал біздің «Бірлігіміз жарасқан!» акциямыз осы ойықты толтырды.
- «Бірлігіміз жарасқан!» компаниясының өз кейіпкері бар шығар: ол Илья Муромец сияқты 33 жыл бойы пештің үстінде отырды, міне, оның уақыты келді де ол орынынан түрегеліп, иығын көтерді... Ал осындай кейіпкерлер, батырлар біреу не екеу емес қой?
- Біздің кейіпкерлер - бұл Қызылағашқа көмекке шыққан Талдықорғанның дәрігерлері, Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынын тоқтатуға қатысқан құрылыс отрядының балалары, бұл Солтүстік Қазақстан зейнеткерлерін компьютер даналығына үйреткен волонтерлер тобы, бұл ардагерлер естелігін жинайтын Алматының журналистика факультетінің жас журналистері. Мейірімділік пен көмектің көптеген бірегей үлгілері бар. Менің өз басымды Цветкова ханым ашқан Өскемендегі «Барлығы рахмет үшін» дүкені таң қалдырды. Халықтан кітаптар, тұрмыс тауарларын жинайды, содан кейін қамтамасыз етілмеген адамдар дүкенге келіп өздеріне керек затты шынымен «рахмет» айтқаны үшін алады.
Бірге Әнұран орындаған өңірлердегі 50 мыңнан астам қатысушы мен шамамен 2 миллиондай теледидар көрермендерін біріктірген Қазақстанның патриоттар форумы мені қатты таңғалдырды. Бұл ғаламат оқиға. Онда мамандығын адал атқару арқылы күнделікті ерлік жасап жүрген қарапайым адамдарды марапаттады. Біз балаларды өрттен алып шыққан адамдармен, өзенде батып бара жатқан қызды судан алып шыққан ұлмен, пәтердегі ыстық су ағынынан балдырғандарды алып шыққан бала-бақша шаруашылығының меңгерушісімен таныстық. Білесіздер ме, осындай ержүрек адамдармен шынында да бір командада болғың келеді!
- Құдіретті күшті акция аяқталғаннан соң тиімді пайдалану керек қой. Болашаққа қатысты қандай да бір жоспарлар пайда болды ма?
- Қазақстандықтар шын мәнінде біріккен команда, ал осы акция оған тағы да бір дәлел. Қазақстанның Азаматтық альянсы үшін елде волонтерлық пен қайырымдылық мәдениетін дамыту үшін жақсы платформа, өйткені осы құндылықтар азаматтық қоғамның ажырамас бөлігі екендігіне біз сенеміз. Сондай-ақ акция елде ҮЕҰ секторы бар екенін көрсетуге мүмкіндік берді. Және бұл - жүрекпен өмір сүретін адамдар және де олар Қазақстанның гүлденуіне өз үлестерін қосады. Осындай командамен біз болашақта өз жобаларымызды іске асыруымыз неғұрлым оңайға түседі. Қоғамдық мониторинг жөнінде біздің үлкен жоспарларымыз бар, ол туралы Елбасы Қазақстан халқына Жолдауында айтқан., біз ҮЕҰ мектебін әзірлеудеміз, онда Теміртау мектеп штабы сияқты бастамашы топтар өздерінің жасампаз және оң идеялары үшін машық пен білім ала алады. Ең бастысы, біз үшін акцияның азаматтық ұстанымды және азаматтардың өз еліне немқұрайды қарамайтындығын көрсетуге көмектескені. Бұл ҮЕҰ үшін олардың жұмыстарының нәтижесі болып табылады деп ойлаймын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322