АУЫЛДЫҢ ҮМIТIН «АҚБҰЛАҚ» АҚТАЙДЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауынан туындайтын тапсырмалардың ең өзектiсi - елдi мекендердi таза ауызсумен қамтамасыз ету. «Таза су» бағдарламасы бойынша облыста атқарылған жұмыстарды саралау мақсатында ҚР Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары Өмiрзақ Шөкеев бастаған Үкiмет мүшелерi жұмыс сапарымен Оңтүстiк өңiрiне келдi. Арнайы топ ең алдымен «Көксарай» су реттегiшiне аялдап, ондағы құрылыс жұмыстарын аралап көрдi.
Стратегиялық маңызды нысан жайында «Қазселденқорғау» ММ-нiң бастығы Т.Баймолдаев жан-жақты әңгiмелеп бердi. Оның айтуынша, құрылыс кестеге сай жүргiзiлiп жатыр. Негiзгi нысандардағы жұмыстар 1 желтоқсанға дейiн аяқталады деп күтiлуде. Келесi жылдың наурыз айында мұнда 3 млрд. текше метр су жинауға мүмкiндiк туады.
- «Көксарай» су реттегiшiнде бүгiнге дейiн қыруар тiрлiк атқарылғаны белгiлi. Бұған Үкiмет мүшелерi аумақты тiкұшақпен аралау барысында көз жеткiздi. Былтыр су реттегiште 1 млрд. текше метр су жинақталып, екi облыста болуы мүмкiн су тасқыны қаупiнiң бетi қайтарылған едi. Сондай-ақ, биыл Қызылорда облысының диқандары ағын сумен толыққанды қамтамасыз етiлiп, күрiштi былтырғыдан 40 пайызға артық жинап отыр. Яғни, «Көксарай» су реттегiшi Елбасы күткен нәтиженi бердi деуге әбден болады, - дедi Өмiрзақ Естайұлы.

Бұл ретте «Көксарайдағы» құрылыс жұмыстары сапалы әрi межеленген уақытта аяқталуы тиiс. Ал, облыс әкiмi Асқар Мырзахметов аталған су реттегiшiнде 600 млн. текше метр су тоқтату қажеттiлiгiн тiлге тиек еттi. Сонда облысымыздағы 20 мың гектар егiстiк алқапты ағын сумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк тумақ.
Өз кезегiнде «Қазселденқорғау» ММ-нiң басшысы Тоқтарбек Баймолдаев құрылыс барысында кездесiп отырған бiрқатар проблемаларды да айтып өттi. Мәселен, «Арыс-Шардара» тасжолын су басып қалуы себептi көлiк қатынасына қиындық тудыруда. Ал, «Қожатоғай-Шәуiлдiр» бағытындағы күре жол бүгiнде мүлдем жарамсыз күйге түскен. Ауыр жүк автокөлiктерiнiң жиi қатынауынан бұрынғы тасжолға елеулi зиян келдi. Соны қайта қалпына келтiру үшiн жобада қаржы қарастырылмаған. Осы жолдарды жөндеу қажет. Сондай-ақ, стратегиялық маңызды нысанды күзету қызметi де әлi жүйеленбеген. Аталған түйткiлдердi түртiп алған үкiметтiк топ мүшелерi оны шешудiң жолдарын қарастыратынын жеткiздi.
Түстен кейiн бiрiншi Вице-премьер Өмiрзақ Шөкеевтiң жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасты. Мұнда ол әл-Фараби алаңы мен Т. Айбергенов көшесiндегi «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС-нiң траншеясыз әдiс бойынша су құбырларын жүргiзудiң соңғы жетiстiктерiн бейнелеген көрмесiмен танысты.
Жалпы, 2009 жылы қолға алынған көлбеу бағытта бұрғылау қондырғысының ерекшелiгi сол - гүлзарлар мен саябақтардың, қолданыстағы автомобиль жолдарын бұзып жатпай-ақ диаметрi 200-600 мм келетiн су құбырларын 300 метр ұзындықтан алып өте алады. Оның орташа қуаты тәулiгiне - 30-50 метр. Жаңа технология қоршаған ортаға зиян келтiрмейдi. Қонақтар сондай-ақ кәрiз жүйелерiн тазалайтын, жарылған су құбырларын анықтай алатын және су астында дәнекерлеу жұмыстарын жүргiзетiн құрал-жабдықтармен де танысты.
Мұнан соң Өмiрзақ Естайұлы бастаған топ Сайрам ауданы, Ақсу елдi мекенiндегi «Ақбай-Қарасу» су бөгетiнде болды. Шымкент қаласының тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз етiп отырған нысанның жұмысын оң бағалаған Өмiрзақ Естайұлы басқа облыс әкiмдерiне осы тәжiрибенi қолданысқа енгiзуге тапсырма бердi. Сондай-ақ, үкiметтiк топ Сайрам ауданындағы бiрнеше елдi мекеннiң басын құрап, 24 мың тұрғынды ауызсумен қамтамасыз ете бастаған «Адиль-Z» ЖШС-нiң жұмысын да назардан тыс қалдырған жоқ. Ал, «Тасқұдық БАҚ» ЖШС-нiң директоры Ғ.Тұрлыбеков болса 21 мың 600 тұрғынды тiршiлiк нәрiмен үзiлiссiз қамтуды өз мойнына алғанын айтты.
Кешкiсiн Үкiмет мүшелерi Ақсу елдi мекенiнiң Мәдениет сарайында ауызсуды дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» мемлекеттiк бағдарламасы жобасын талқылауға қатысты. Жиынға төрағалық еткен Ө. Шөкеев елiмiзде 2002-2010 жылдарға жоспарланған «Таза су» бағдарламасының бiрiншi кезеңiнiң аяқталғанын мәлiмдедi. Осы мерзiм iшiнде республика көлемiнде таза суға 200 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалған. Оның 75 пайызы республикалық қазынадан қаралса, қалғаны жергiлiктi бюджеттен бөлiнген. Жалпы, елiмiз бойынша 3,5 миллиондай тұрғын таза ауызсумен қамтылған. Әйтсе де, бағдарламаны жүзеге асыру барысында бiрқатар проблемалардың да туындағаны жасырын емес. Айталық, күре жолдардың астымен өткен су магистральдарының қамтылу көздерi алдын ала нақтыланбаған. Соның салдарынан жергiлiктi жұрт сапалы ауызсуға белгiленген мерзiмде қол жеткiзе алмады. Тағы бiр түйiн - құрылыс жұмыстарының жобасы асығыс дайындалған. Ендi бұлай болмайды.
Өмiрзақ Естайұлы жаңа бағдарламаның қаржыландыру жағдайына тоқтала келiп, елдi мекендердi ауызсумен қамтуға байланысты әзiрленетiн жобалардың бiр орталықта әзiрленуi керектiгiн ескерттi.
Бұдан кейiн 2011-2020 жылдарға арналған «Ақбұлақ» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру жобасы бойынша ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрi Қ.Бишiмбаев қысқаша хабарлама жасады. Оның айтуына қарағанда, аталған бағдарламаны жүзеге асыруға 944,5 млрд. теңге қаралып отыр. Оның 624,9 млрд. қаржысы республикалық бюджеттен, 319,6 млрд. теңгесi жергiлiктi бюджеттен бөлiнбек. Ендi халықты сапалы ауызсумен қамтуда қалыптасқан проблемаларды, жетпей жатқан кемшiн тұстарды «Ақбұлақ» бағдарламасы ақтайды деген үмiт бар.
Семинар-кеңес барысында елiмiздiң Құрылыс және тұрғын үй шаруашылық iстерi жөнiндегi агенттiк төрағасы С.Нокин, ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөнiндегi агенттiк төрағасы Н.Алдабергенов және өзге де облыс әкiмдерiнiң орынбасарлары өз ойларын ортаға салды.
Серiкқали ЖЕКСЕНБАЕВ,
Нұрлан КЕНЖЕҒҰЛОВ