Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3396 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 19:02

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУДЫҢ ЖАҢА ЖҮЙЕСI

Елбасы биылғы Жолдауында кадр мәселесiне ерекше тоқталған болатын. Әсiресе, мемлекеттiк қызметкерлердiң бiлiмдi, бiлiктi болуына қашаннан да талап жоғары. Дегенмен, талапты одан әрi күшейту үшiн елiмiзде жаңадан пилоттық жоба енгiзiлмекшi. Ол әзiрге республика бойынша Ақмола және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында жүзеге аспақ.

Сейсенбi күнi өңiрiмiзге арнайы келген Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiк төрағасының орынбасары Әли Көмекбаев пилоттық жобаны түсiндiру мақсатында семинар өткiздi.

Осы жылдың 1 қыркүйегiнен бастап 2011 жылдың 1 наурызына дейiнгi  аралықта мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға конкурс өткiзудiң ережесi күшiн жояды. Жаңадан енгiзiлген пилоттық жоба бойынша конкурс екi кезеңде жүргiзiлетiн болды. Бұрын  әр мемлекеттiк орган өздерiне  қажеттi маман үшiн бос орындарға адам шақырып, газетке жариялайтын. Одан соң құжат тапсырған үмiткерлердi тест тапсыру үшiн мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi аймақтық филиалға  жiберетiн де тесттен өткендердi сұхбаттасу арқылы қызметке қабылдайтын.

- Жаңадан енгiзiлген Ережеге сай мемлекеттiк қызметке орналасу бұдан былай екi кезеңде өткiзiледi. Бiрiншiсi, мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiктiң аймақтық филиал басқармалары 1 қыркүйектен бастап  жетекшi маманнан басқарма бастығына дейiнгi бүкiл мемлекеттiк лауазымдарға конкурс жариялайды. Байқауға кез келген адам қатысуға құқылы. Осы конкурстан өткендердiң тiзiмi  филиалдың қорында сақтаулы тұрады. Кейiн мемлекеттiк қызмет органдары  бос лауазымды орын үшiн қажеттi маманды осы филиал арқылы алады. Яғни, ендi мемлекеттiк қызметке қабылданатындар агенттiктiң облыстағы филиалы ұсынған мамандармен қамтылады, - дедi жобаның тәртiбi мен Ережесiн түсiндiрген Ә.Көмекбаев.

Семинарға қатысқан  Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi облыстық филиал басқармасының бастығы Б.Үркiмбаев, облыс әкiмi аппаратының басшысы Б.Жылқышиев  өңiрiмiздегi барлық аудан әкiмдiгiнен жиналған  тиiстi басшылар  мен мамандардың мемлекеттiк қызметке қатысты толғандырған сұрақтарына жауап бердi.

Назгүл НАЗАРБЕКОВА

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322