Құрылысты қаржыландыруда кідіріс жоқ
Күллі еліміздегідей Орал қаласының құрылыс алаңдарында жұмыс қарқынды. Әлемді шарпыған қаржы дағдарысының салқыны мемлекеттік бағдарламаға әсер ете қоймаған сыңайлы. Биыл екі үй, ал жаңа жылдың бастапқы айларында және бір үй пайдалануға беріледі.
Қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Қуаныш Мұқаметқалиұлының айтуынша, құрылыс нысандарына жұмсалатын қаржыда тоқталыс жоқ, құрылыс материалдарымен қамту да біркелкі қарқынмен жүруде. Жаздың ыстық аптабына қарамастан «Альтаир» компаниясының құрылысшылары шілденің басында Солтүстік-шығыс шағынауданындағы жаңа үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға тапсырады. Бұл өзі - 240 пәтерлік 9 қабатты коммуналдық үй, сондықтан ол ұОС ардагерлеріне, мүгедектерге, майдангер жесірлеріне, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне беріледі. Құрылысқа қаржы облыстық бюджет қазанынан бөлінген. Қазір құрылысы былтыр басталған нысанның айналасын асфальттау, тегістеу, тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа орда шағынауданындағы 128 пәтерлік үйдің құрылысын «Болашақ-Т» ЖШС құрылысшылары салып жатыр. Тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, игерілуде. Жаңа үй дәрігерлерге, мұғалімдерге несиеге беріледі. Қазан айында пайдалануға берілетін үйден баспана алғысы келетіндер жеткілікті. Тұрғын үй бөліміндегілердің айтуынша, күніге 60 адам өтініш тапсырады.

«Отделстрой» мекемесі 5 қабатты 75 пәтерлік тұрғын үй құрылысын жүргізуде. Оның құрылыс жұмыстары алдағы жаңа жылдың ақпан айында аяқталып, пайдалануға берілмек. Бұл үйдегі пәтерлер азаматтарға жалға берілетін болады. Құрылыс республикалық бюджет есебінен жүргізілуде.
ПДП-4 а немесе 9-шағынауданда келешекте республикалық бюджет қаржысына 320 орындық балабақша құрылысы басталады. Сондай-ақ Жайық өзенінің жаға бойын (Стелланың тұсы) заман талабына сай көпшілік демалатын орынға айналдыру көзделіп отыр. Соған орай осы жағажайды абаттандыру бағытындағы құрылыс жұмыстары екі жылға созылады. Қала бойынша су жүйелерін тарту, газ тарту сықылды жұмыстар да жүргізілуде.
арытау, Деркөл ауылдарында су жүйелері тартылып жатыр. Осы айдың аяғы немесе шілденің басында Ветелки ауылында жаңа кітапхана ғимараты пайдалануға беріледі. Деркөлде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынады. Тамызда құрылыстың бірінші кезеңі басталады.
- «Ел ырысы» базарындағы ғимараттарды реконструкциялау және жаңа талаптарға сай келетін мал сою цехының құрылысы жұмыстары шілде-тамызда басталады. Бұған облыстық бюджеттен қаржы бөлінген. Тағы бір маңызды нысан - Шалқар көлі жағасында салынатын 100 орындық қалалық балалар лагерінің құрылысы. Қазір оның жобасы жасалған, енді қалалық бюджеттен қаржы бөлінуі керек, - дейді
Қуаныш Мұқаметқалиұлы. Қаладағы №43 мектепке спорт залын салу жұмысы шілдеде басталуы керек. Оның жобасы дайын. Сонымен қатар бұрын газ кіргізілмеген Привокзальный көшесіндегі бұрынғы жатақхана үйіне, Либкнехт көшесіндегі кейбір үйлерге газ
құбырын тарту жалғасуда. Деркөл, Рыбцех ауылдарының су жүйесінің жұмысын жақсарту мақсатында екі ауылдың су құбырларын бір-біріне түйістіру (закольцовка) жұмыстары жүруде. Деркөл, Сарытау ауылдарына кәріз жүйесі тартылуда. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша ПДП-4а ауданын сумен қамту бағытындағы шаруалар қарқын алып отыр.
Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА