Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4631 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 19:13

АУЫЛҒА КЕЛ, ҚАЛҚАТАЙ!

Елбасы өзiнiң жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында жастарды қоғамдық өмiрге белсене араласуға шақыруда. Себебi, жастар - елiмiздiң болашағы. Жас ұрпақ жаңалыққа жаны құмар, жаңалықты құлшына iздейдi, шығармашылық әлеуетi мол.

Елбасы өзiнiң жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауында жастарды қоғамдық өмiрге белсене араласуға шақыруда. Себебi, жастар - елiмiздiң болашағы. Жас ұрпақ жаңалыққа жаны құмар, жаңалықты құлшына iздейдi, шығармашылық әлеуетi мол.

2007 жылы наурыз айында Президент агроөндiрiстiк кешен жұмысшыларымен өткен кездесуiнде  бәрiнен бұрын ауылды көркейтуге жастардың атсалысуы  қажет екендiгiн атап көрсеттi. Мұғалiмдiк және дәрiгерлiк мамандықты таңдаған қыз-жiгiттердi ауылды жерлерге жұмыс атқаруға шақырады. Осы бастаманың нәтижесiнде  2009 жылы «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне  ауылдық елдi мекендердiң әлеуметтiк сала қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау және көтермелеу мәселелерi бойынша өзгертулер, толықтырулар  енгiзу туралы» Заң қабылданды. Сонымен қатар, осы заңға негiзделiп  «Дипломмен ауылға!» жобасы қолданысқа ендi. Жоба аясында дәрiгерлер, ұстаздар мен мәдениет және әлеуметтiк қамсыздандыру, спорт және туризм саласының мамандары ауылдық жерлерге тұру мен жұмыс iстеуге ниет бiлдiрсе, 70 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiржолғы жоғарылатылған жәрдемақы төленедi (90 720 теңге). Сонымен қатар, мамандарды тұрғын үймен қамту үшiн 15 жыл  мерзiмге 0,01 пайыз мөлшерiмен 630 айлық есептiк көрсеткiш көлемiнде (816,480 теңге) бюджеттiк несие берiледi. Әрi жоба бойынша ауылға барып қызмет ететiн мамандарға 25 пайыз көтерме еңбекақы қаралады. Бұл - жас мамандардың барлық мәселесiн шешудегi үкiмет  тарапынан көрсетiлiп отырған көмек. Бұл - жас мамандарға баяғы уақыттан бергi үш ұйықтаса түсiне кiрмейтiн қолдау. Аталған жеңiлдiктер бүгiн диплом алып отырған мамандарға ғана емес, ауылды жерлерге  барып, бiлiм, денсаулық, мәдениет, спорт салаларында жұмыс iстеуге ниет бiлдiрген әрбiр маманға тиесiлi екенiн де бiле жүруiмiз керек. Қалай айтсақ та бүгiнгi ауыл бiлiктi мамандарға зәру.

Мемлекеттiң  қолдауына сүйенiп, елiмiздiң алтын қазығы саналатын ауылдың өркендеуiне үлес қоссақ, қай-қайсысымыздың да ұтқанымыздың көп болары сөзсiз.

Сондықтан да, қолдағы бар мүмкiншiлiктi қолданып, елiмiздiң өркендеуiне жұмыла атсалысайық.

Төменде  облыстағы аудан, қалаларда «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында мәлiмет алуға болатын мемлекеттiк органдар тiзiмi ұсынылып отыр.

Ендеше, «Дипломмен ауылға, жастар!

 

Б.Нарбекова,

«Жастар орталығы»  МКҚК  директорының  орынбасары

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322