Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5456 0 пікір 31 Қазан, 2010 сағат 20:50

БИЗНЕСТІҢ ЕКПІНІ ЕСЕЛЕНУДЕ

Осыдан 15 жыл бұрын қабылданған еліміздің Конституциясы экономиканың көптеген салаларына нарық талаптарына сай дамуға жол ашқаны мәлім. Елбасының өзі талай мәрте айтқандай, кәсіпкерлік саласы - ел дамуына елеулі үлес қосатын қуатқа ие болуға тиіс. Мынау өркендеген Батыс мемлекеттерінде бизнес экономиканың 70-80 пайызын алады. Яғни бұл саладан түскен табыс та қомақты, онда нәпақа тауып жүрген жұмысшылар да жеткілікті. Қазірде біздің облысымызда да кәсіпкерліктің тынысын кеңейту бағытында айтарлықтай істер атқарылуда. Әрине, олардың нәтижесі де жоқ емес.
Деректерге көз салсақ, биылғы алты айда облыс көлемінде кәсіпкерлік нысандарының саны былтырғы жарты жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға көбейген. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін адамдар бойынша да біздің облыс республикалық орташа көрсеткіштен асып тұр. Қазірде мұнда 92 мыңға жуық маман табыс табуда. Ағымдағы жылдың жартысында жергілікті бизнес орындары 38,9 млрд. теңгенің тауарын өндіріп, қызметін көрсеткен. Бұл жағынан аймақтың үлесі еліміз бойынша жоғары деңгейден табылып отыр.

Мамандар бизнес саласында өсімнің пайда болуы қаржылық институттардың қолдауынан деген ұйғарым айтады. Былтыр «Даму-аймақтар» бағдарламасы бойынша жалпы құны 1 млрд. 270 млн. теңгеден асатын 44 жоба қаржыландырылған. 2010 жылы «Қазагро» холдингі бойынша облыс бюджетінен 100 млн. теңге ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер кәсіпкерлерді қолдауға бөлініп отыр. Бұл ретте ауылдағы шағын және орта кәсіпкерлікке жататын 12 бизнес-жобаны жылдық өсімі 9,5 пайыз болатын жеңілдетілген несиемен қамтамасыз ету жоспарланған. Былтыр аталмыш бағдарлама бойынша несиелер 10,5 пайыздық мөлшерлемемен берілген болатын. Бүгінгі таңда аймағымызда кәсіпкерліктің бірнеше түрі өрістеуде. Соның ішінде несиені ең көп алғаны - сауда-саттық саласы (барлық несиенің 41 пайызы), қызмет көрсету - 22 пайызды алса, ауыл шаруашылығы - 17 пайызға ие болған.
Айта кетерлігі, Президенттің биылғы Жолдауында тапсырылғандай, дағдарыстан кейін кәсіпкерлікті оңалту бағытында іргелі шаралар қолға алынды. Облыс кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мәліметіне сүйенсек, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Павлодар облысына республикадан 657,3 млн. теңге қаржы бөлінген. Соның ішінде жеке кәсіпкерлікті қолдауға берілген қаржының жартысына жуығы кәсіпкерлердің бұрын алған несиелерінің пайыздық мөлшерлемелерін субсидиялауға бағытталса, 93,8 млн. теңгесі талай кәсіпкер үшін қолбайлау болып келген мәселе - несиелерді кепілдендіруге арналған. Сонымен қатар, 94 млн. теңгені өңірде экспортқа бейімделген өндірістерді құруға жұмсау белгіленген.
Қазірде жергілікті билік шағын және орта бизнесті өркендету үшін кездесетін әкімшілік кедергілерді де жоюға белсенді қатысуда. Мемлекеттің қолдауымен бизнес саласы алға қадам басатын болса, экономикамыздың тамырына қан жүгіргеннің белгісі болмақ. Мұндай қуатты қолдауды кәсіпкерлер Ата Заңымыздың арқасында танып отырғаны анық.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963