Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстанның индустрияландыру картасына енген жобаның бірі – «Қарашығанақ – Орал» газ құбыры.
Бұл жобаның алғашқы кезеңі өткен жылдың желтоқсан айында Теректі ауданынының орталығы Федоров кентінде іске қосылды. Оған ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің өзі қатысқан болатын. Міне, енді арада бес-алты ай өткенде жобаның екінші кезеңі жүзеге асты. Көгілдір отын алауы 28 маусым күні Сырым ауданының орталығы Жымпиты ауылында лаулады. Бұл салтанатты шараға ҚР Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚПО б.в компаниясының бас директоры Джузеппе Пази қатысты. Көгілдір отын алауын жағу құрметі Сауат Мыңбаев пен Джузеппе Пазиге ұсынылды.
Сырым ауданының орталығы Жымпиты мен Қаратөбе ауданына қысқа мерзімде газ құбырын тартқан «Қазқұрылыссервис» пен «ТеңізМұнайҚұрылыс» акционерлік қоғамдарының ұжымы. Пайдалануға берілген газ құбырының жалпы ұзындығы 552 шақырымды құрайды. Енді бұйыртса, 100 мыңдай тұрғыны бар 146 елді мекен тұрғындары көгілдір отынның қызығын көреді.

- Ел-жұрттың тұрмыс-тіршілігін жеңілдету жөніндегі Елбасының тапсырмасы орындалуда. Мен 2008 жылы Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарына көгілдір отынды жеткізумен жұмыстанамын деп уәде берген едім. Ол мақсат жүзеге асып, бүгін сол қуанышты сіздермен бөлісудеміз. Облысымыздағы елді мекендерді көгілдір отынға қосу арқылы тұрғындарды от жағып, күл шығару азабынан құтқарсақ, екіншіден, мәдени-әлеуметтік нысандарды жылыту сияқты өзекті мәселелерді қоса шешуге қол жеткіземіз. Уақытпен санаспай қысқа мерзімде газ құбырын тартқан "ҚазҚұрылысСервис" және "ТеңізМұнайҚұрылыс" акционерлік қоғамы ұжымына, басшыларына сіздердің, өзімнің атымнан зор алғыс айтамын, - деді облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов салтанатты шарада.
Жымпиты тұрғындары атынан сөз алған Сыдық Тәжімұқан ауыл тұрғындары атынан облыс басшылығына алғыс сезімін жеткізді.
Алау жағылған салтанатты шарадан соң қонақтар ұлы Отан соғысының ардагері Латифолла Кереевтің шаңырағында болып, көгілдір отын алғаш қосылған үйдің қызығымен бөлісіп, дәм ауыз тиді.
- Жымпиты ауылында қазіргі уақытта 700 үйге газ өткізілгелі отыр. Мұның ішінде 150 тұрғын үйге «ҚазҚұрылысСервис» АҚ көгілдір отынды тегін тартады. Осындай демеушіліктен «Нұржан» ЖШС да қалыс қалмай, 15 үйді өз есептерінен қалдықсыз отын желісіне қоспақшы, - дейді аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау жөніндегі бөлім меңгерушісі Дархан Жанқылышев.
Меңдолла Шамұратов.