Аз ақша беріп, көп нәрсе талап ету логикаға келмейді
Комментатор болам деген адамға "ҚазСпорт" мүмкіндік беріп отыр. Ресейлік комментаторлармен салыстыратындар көп. Орыстарда мектеп бар, қалыптасқан әбден.
Сөзді қалай ойнатам десең де тілге оралатын тіркес табылады. Спорт тілі жатық. Олар инфоны орыс тілінде алады, орыс тілінде жеткізеді. Кейде маған футболды орысша жүргізген оңай сияқты көрінеді. Тіл спорттың да, экономиканың тілі болып əбден орныққан. Олардың мықты болуына жазба журналистері де көп атсалысады. Орысша аналитикалық мақалалар шаш-етектен. Айта берсе әңгіме көп.
"ҚазСпорттың" қанша төлейтінін білсеңіз, жігіттер соған лайық жүргізіп жүр деп ойлаймын. Аз ақша беріп, көп нәрсе талап ету логикаға келмейді. Көп ақша төгуге дайын профилер де жоқ. Бұл уақытымен болатын нәрсе деп ұғамын. Қазақ тілінде спорт тақырыбында жатық тілде аналитикалық материалдар көбеймей, қасаң калька, шаблонный арзан тіркестермен сөйлегені сөйлеген.
Комментаторлықты өз басым "интеллектуальная услугаға" жатқызамын. Интеллект жетіспейді бізде. Интеллекті бар адамдар эфирде жүйелеп сөйлей алмайды. Міне осындай парадокстер де бар.
Жандос Байділдә
Facebook-тегі парақшасынан