Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3282 0 пікір 1 Қараша, 2010 сағат 12:00

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ НЕГІЗГІ ТҰҒЫРЫ

1926 жылы Қазақстанның бірінші Конституциясы ССРО құрылған соң, 1925 жылы 18 ақпандағы ҚазАССР Орталық атқарушы комитеттің қаулысының нақты редакциясымен және Қазақстан РСФСР қол астында болғандықтан 1925 жылғы РСФСР Конституциясының есебімен қабылданды. Аталмыш негізгі заң басқару формасын, мемлекет құрылымын, саяси тәртіпті, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-басқаратын органдардың құрылымын бекітті. Бюджет, сайлау құқықтарының негіздері анықталды. Аталмыш Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамында тең құқықты республика болды.
1937 жылғы 26 наурызда Х бүкіл қазақтар құрылтай кеңесінде қабылданған Қазақ ССР Конституциясы 11 бөлім және 125 баптан құралды. Онда былай деп жазылған: «СССР Конституциясының 14 бабынан тыс Қазақ ССР-і өзінің тәуелсіз құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өз бетімен жүзеге асырады». Сонымен қатар, 1937 жылғы Конституцияда басқа тең құқықты республикалармен экономика, қорғаныс бағытында өзара жәрдемдесу мақсатында ерікті түрде бірігу (13 бап), ҚазССР-дің келісімінсіз территорияны өзгертпеу (16 бап), жоғары республикалық және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қалыптастырған республиканы енгізу мәселелері, заңнаманы орындауды бақылау, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті, азаматтардың құқығын қорғау, салық өндіру және т.б. (19 бап) қамтылған.

Сондай-ақ, сот және прокуратура жүйесі құрылды. Халықтық сот төрешілері аудан азаматтарының жабық дауыс беруі арқылы бүкіл халықтық, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланды, сот жұмысы қазақ тілінде, басқа ұлттар көп аймақтарда олардың тілінде жүргізілуі керек болатын (83-90 баптар).
1937 жылғы Конституцияда азаматтардың негізгі міндеттері мен құқықтары анықталған: еңбектенуге құқылы болу (96 бап), демалысқа құқылы болу (97 бап), кәрілікте, еңбекке жарамсыздық және ауруға шалдығу жағдайын-да материалдық қамсыздандыру (98 бап), денсаулықты қорғау, сөз бостандығы, баспасөз, жиналыс, митинг, көше шерулері және демонстрациялардың кепілдіктері, адамның жеке басына, баспанасына қол сұғылмаушылық, азаматтардың жат жазуына, шетелдік азаматтардың бас сауғалау құқығы.
1978 жылғы 20 ақпанда республиканың Жоғары Кеңесі шақырған кезектен тыс VII сессияда қабылданған Қазақ ССР Конституциясы преамбуладан, 10 тарау, 19 бөлім, 173 баптан тұрады. Соған сәйкес барлық билік халыққа тиесілі, онда халық жұмысшылар, крестьяндар және еңбек интеллигенцияларының кластарына бөлінген. Билік және басқару органдарының үстінен Қазақ ССР Комунистік партиясы қойылды (6 бап). Республиканың экономикалық жүйесінің негізі ретінде мемлекеттік, кооперативтік-колхоздық, кәсіподақ және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншігі жарияланды.
1978 жылғы Конституцияда республиканың ұлттық мемлекеттік және әкімшілік-территориялық құрылымы, жергілікті билік және басқару органдарының құзіреті (78-83, 97-139 баптар), сайлау жүйесінің қағидаттары, халық депутаттарының құқықтық мәртебесі, экономикалық және әлеуметтік дамытуды мемлекеттік жоспарлау институттары, мемлекеттік бюджет, сот төрелігі, арбитраж, прокурорлық қадағалау және т.б. анықталған болатын.
1990 жылдардың басында Қазақ ССР-інде, содан кейін тәуелсіз Қазақстанда бірнеше заң қабылданды, онда 1978 жылғы Конституцияға елеулі өзгертулер енгізілді. 1990 жылғы «Мемлекеттік билік құрылымын жетілдіру туралы» заңға сәйкес Конституцияға Президенттің атқарушы және орындаушы биліктің басшысы екені туралы өзгеріс енгізілді, Министрлер кеңесі Министрлер Кабинеті болып қайта құрылды. Басқа да заңдардың арасында 1991 жылғы 15 ақпандағы «Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ ССР халық депутаттарының жергілікті Кеңесі туралы» Заң, 1991 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгеру туралы» Заңы, 1991 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» конституциялық заңы және тағы басқалар бар. 
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы Қазақстанның Жоғары Кеңесінің IX сессиясында 1993 жылғы 28 қаңтардағы XII шақырылымында қабылданды. Құрылымы преамбуладан, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік тәуелсіздік алған күнінен бастап көптеген құқықтық нормаларды қамтыды: халық тәуелсіздігі, мемлекеттің тәуелсіздігі, билікті бөлу қағидаттары, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде мойындау, Президентті мемлекет басшысы ретінде мойындау, сот органдары -Жоғары, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және басқалар. 1993 жылғы Конституцияның негізіне парламенттік республика моделі жатады.
Қазіргі Ата Заңға 1998, 2007 және 2010 жылдары Президенттің өкілдігін кеңейтетін елеулі өзгерістер енгізілді.
Алайда Қазақстан Республикасының Конституция тарихына қарасақ, осы Ата заңды қабылдаумен мемлекетімізге жаңа жағдай туғызылып, осы заманға сәйкес демократиялық институтымен демократияның негізгі принциптерін іске асырды: билікті тармағын үшке бөлу арқылы - заң шығарушы, атқарушы және соттық өз ара нақты тетігімен ұстауы және қарсы алысатын. 
Қазақстан Республикасы - Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет (2 бап).
Президенттік институт екі палаталы Парламентпен, Мемлекетпен және Конституциялық кеңеспен іске асырылады. Осы мемлекеттік модельде, қазір бейбітті және аман-есен қазақстандықтар, Конституцияда бекітілгендей мемлекетімізде өмір сүруде.
Конституция - ол қай-бір мемлекеттің болмасын тұрақты жотасы, заң шығаратын базаның фундаменті. Барлық заңдар тек қана Ата Заңға сүйеніп қабылданады. Бүгінгі күндік өміріміз осы Конституцияның қазақстандықтар қоғамының менталитетіне сәйкес, болашақтарға және біздің еліміздің мақсаттарына жауап беретін заң. Алда толық жетілдірулер енгізілуі мүмкін, бірақ бүгінгі күні Конституция - қоғамда туындайтын талаптарға сай және болашаққа бағдарланған Ата заң.

Е. ОСПАНОВ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364