Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4477 5 пікір 10 Маусым, 2017 сағат 23:34

ОБСЕ-ге төрағалық кезінде айтып едім, ЭКСПО тұсында қайталайын

Осындай халықаралық оқиғалардың билік түсіне бермейтін пайдалы бір астары бар.

Мемлекет басшылары кез келген елге сапар шегер алдында көмекшілері сол ел туралы егжей-тегжейлі мағлұмат жинап береді. Өйткені өздері демократиялық процедуралар арқылы билікке келіп, кетіп жүрген олар оппозицияның қадірін біледі.

Және де біздің елге келмек ойы бар шетелдік туристер де Интернет арқылы Қазақстанға қатысты ақпаратпен танысады. Google деген құдырет те оған өз септігін тигізеді.

Сондықтан да ЭКСПО-ға келген әрбір президент, премьер не король, әрбір көзі ашық, көкірегі ояу мейман елдегі саяси ахуал туралы да хабардар болады.

Биліктің ауыспай келе жатқанын, масқара сайлаулардың қалай өткенін, саяси көзқарасы үшін қудаланған азаматтар бар екенін, оппозицияның көзі жойылып жатқанын - бәрін, бәрін біледі.

Яғни, олар Арон, Макс, Талғат, Жанболат туралы хабардар болады.

Ол үшін ЭКСПО-ға бір рахмет!

Әміржан Қосанов

Facebook-тегі парақшасынан

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435