Жұма, 11 Сәуір 2025
46 - сөз 3930 2 пікір 13 Маусым, 2017 сағат 07:47

Неге қуаныштымын?

Осыдан біраз күн бұрын "Нұр Отан" партиясының Мәжіліс депутаттары атынан Үкіметке:

- "Жол полициясына (МАИ-ге) жолды реттеу қиын болып жүр, оларға таяқтарын қайтарайық" - деген ұсыныс кеткен еді...

Оған Үкіметтен жауап келіпті:

- "Барлық дамыған елдерде жол полициясы жолды қолмен реттейді. Ешқандай проблема жоқ. Оларда авто бізден де көп. Сондықтан бізге таяқты қайтарудың қажеті шамалы" - депті Б.Сағынтаев.

Негізі, "ала аяқ" (кешіріңіздер - "ала таяқ) кеткелі Жол полициясының жұмысы сапалы бола түскенін айту керек. "Таяқ" арадағы құлқынын ғана ойлайтын, коррупцияға бейім қызметкерлер үшін қызмет еткен болатын. Ол жағдай бесіктегі балаға дейін белгілі еді...

Сөйтіп, сонымен не керек - депутаттардың "халықтың қамы үшін таяқты қайтарыңдар" деген ұсынысы өтпей қалды...

Бір жағынан, депутаттардың сөзі менің де (халықтың деңіз) сөзім емес пе еді (Конституция бойынша)!

Бірақ мен бәрібір "депутаттың сөзі өтпей қалғанына" разы боп отырмын...

Неге?

Әбдірашит Бәкірұлы

Facebook-тегі парақшасынан

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1766
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4568
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3576