Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4890 0 пікір 30 Қазан, 2010 сағат 13:57

Ш. Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ

ПРОФЕССОР Н. И. БЕРЕЗИННЫҢ «ХАН ЖАРЛЫҚТАРЫ»

[КІТАБЫНА ЕСКЕРТПЕЛЕР]

I. Тоқтамыс ханның Ягайлоға  жазған жарлығы, Қазан, 1850.

Бұл жарлық бір кездері Краков қазыналық мұрағаты қағаздарының арасында болып, поляк тарихшысы Нарушевичтің1 қолына түседі. Оны 1834 [жылы] князь М. А. Оболенский2 Сыртқы істер министрлігінің бас мұрағатынан тауып, 1850 жылы түпнұсқаның дәл көшірмесін жасап (fac-simile), шығыстанушы ғалымдар Френ3, Шмидт4, Ковалевский5, Казембек6 және Гаммер7 жасаған ескертпелермен Қазанда басып шығарды. Осы басылымға грамотамен бірге табылған орысша аударманың көшірмесі мен Казембек жасаған араб тіліндегі транскрипциясы қоса берілген. Тоқтамыстың жарлығы һижраның 795 [жылы], раджаб8 айының 8-і күні, яғни милади бойынша 1392-1393 жылы жазылған.

Жарлық жылтыр қағаздың екі бетіне жазылған, оның біріншісі 9 вершок9, келесісі 91/2 вершок, екі қағаздың да ені 47/8 вершок. Екеуінде де бұқаның басы түріндегі тамға бар.

ПРОФЕССОР Н. И. БЕРЕЗИННЫҢ «ХАН ЖАРЛЫҚТАРЫ»

[КІТАБЫНА ЕСКЕРТПЕЛЕР]

I. Тоқтамыс ханның Ягайлоға  жазған жарлығы, Қазан, 1850.

Бұл жарлық бір кездері Краков қазыналық мұрағаты қағаздарының арасында болып, поляк тарихшысы Нарушевичтің1 қолына түседі. Оны 1834 [жылы] князь М. А. Оболенский2 Сыртқы істер министрлігінің бас мұрағатынан тауып, 1850 жылы түпнұсқаның дәл көшірмесін жасап (fac-simile), шығыстанушы ғалымдар Френ3, Шмидт4, Ковалевский5, Казембек6 және Гаммер7 жасаған ескертпелермен Қазанда басып шығарды. Осы басылымға грамотамен бірге табылған орысша аударманың көшірмесі мен Казембек жасаған араб тіліндегі транскрипциясы қоса берілген. Тоқтамыстың жарлығы һижраның 795 [жылы], раджаб8 айының 8-і күні, яғни милади бойынша 1392-1393 жылы жазылған.

Жарлық жылтыр қағаздың екі бетіне жазылған, оның біріншісі 9 вершок9, келесісі 91/2 вершок, екі қағаздың да ені 47/8 вершок. Екеуінде де бұқаның басы түріндегі тамға бар.

Жарлық көне түркі тілінде ұйғыр жазуымен жазылған. №1 деп белгіленген бірінші жол алтынмен жазылған. Қазембек мырза «Тоқтамыс менің сөзім», ал Березин мырза «Тоқтамыстың сөзі» деп оқыса, түпнұсқада: Банзаровтың10 моңғолша транскрипциясы және Қазембек пен Березиннің арабша транскрипциясы бойынша біріншісінде توقتامیش سوزم, екіншісі бойынша توختاميش سوزوم, екінші жолда араб тілінде куфалық жазумен алтын сиямен басылған мөрде Григорьевтің11 оқуы бойынша ортасында السلطان العادل توقتامش, яғни, әділетті сұлтан Тоқтамыс және айнала بسم الله الرحمن الرحيم، لا إله إلا الله. Рахымды Құдай атымен және т.б. Гаммер былайша аударады: Le sultan, le juste Toktamisch; au nom de Dieu le clement et etc. және لا اله الا الله сөзінен кейн - Dieu est le maitre de l'Empire. Соңғы сөйлем

шамасы сұлтанның ұраны болса керек, себебі оның тиын ақшаларында да кездеседі деп көрсетеді.

Салыстыру үшін Казембек пен Березиннің транскрипциясын келтіремін.

 

Березин Қазембек

О. М. Ковалевский мен Н. А. Полевой12 бойынша жарлық 139213 жылы Тоқтамыс Темірдің қысымымен тақтан айырылып, Донға қашып бара жатқан кезде жазылған.

Тоқтамыстың  поляк короліне арнаған сөзі

Ведомо даем нашему бра (ту) аж есмь сел на столе великого царства. Коли есмь первое сел на царском столе, тогда есмь послал был к вам Асана и Котлубугу14 вам дать ведание и наши поели нашли ва(с) под городом, под Троки15 стоячи вы па послалие есте к нам посла вашего Литвина на имя Невоиста Оу другом пак лете стала межи на замятия наш племенъни (к) Бекбулат и Хожа Медин16 бучинился нам ворог и оуста на на (с) и еще к тым Бекгич и Турдучак Берди Давыд Тикня17 головнии мои были слуги и тии стали нам ворог и оу мене служаче и почали коромолити на мене послалися одного на имя Идикгия до Аксак Темиря18 на мене лиго мысляче. По тых посланию по Идикгиеву посольству вышел на мене Акс а к-Т е ми рь Железная нога от Чорного Песка19. Тогда Аксак пришел так тайно на нас аже не было нам никакое вести а ни слова алиж озрели есмо его оу нашой державе Мы па не поспели есмо и спрятативсее силы и а ш е е только ш т о около на наш двор есть и с тыми стали есмо против того Аксака. Тыи исныи Бекбулат наш ворог нас выдал и побегл о нас. Коли той лихии Бекбула[т] побегл тогда вси люди вся рать на бег повернулися. То дело потом стало. Бог нас пожаловал опя[ть] наши неприятели ворози дал нам всих оу наши руки. Мы их сказнили так что опять не будут нам пакостити. Ныне послал есмь к вам слуги наши Асана и Тулу-Очжю20 то поведати вам нашему брату абы то ведали вы што межи тьоее земле суть княния волости давали выход Белой Орде то нам наше дайте, а што будеть вашее державы под нами а мы за то не стоим вам ищите своего а мы вам дамо. А еще что было межи нас как здавна гостем путь чист и вашим и нашим торговцам. Без приим без пакости всякому члвку и чорным людем промъел. На то все послали есмо сей наш ярлык и с нашею печатью золотою, абы то крепко было. А той ярлык писан оу Орде на устьи Дону курячьего лета а месяця иричепа21. Как отцьнаш, какотци ваши были заодно, послы сылали межи собою, а мы такоже хочем с вами быти. Аже будет ва(м) надобе помочь на кого ворога вашего, яз сам есмь готов за того тобе на помочь всею моею силою, а только весть нам дайте.А коли па потом коли нам вы надобе вы нам таковы же будьте.

Тоқтамыстың орыс тілінде жазылған бірінші хатының артқы бетінде (бұл хат та екі бет қағазға жазылған, әрқайсысының ұзындығы 6 3/4 вершок 22, ені татар хаттары сияқты 4 7/8 вершок. Бірінші хатта бұқаның басы түріндегі тамға анық байқалады) полякша аудармасы бар, № 3:

I nasi poslowie nalesli was pod miastem iednym sloiacych (Литвин елшінің аты аталмаған). Teraz poslalem do was slugi nasze Asana y Tochtulucza, oznaymuiac wam, naszemu bratu, abyscie o tym wiedzieli. A co miedzy ziemia, twoie sa Ksiazecie wlosci dawali dochod Bialey Ordzie, to nam nasze daycie; a co bedzie w waszey dzierzawie pod nami, my o to stac nie bedziem: szukaycie w sobie, a may wam damy. I co bylo miedzy nami zdawna gosciom gosciniec wolny y etc.

Темір - Құтлықтың23 жарлығына ескертпе (23-б.).

اونك قول және سول قول-ға бөлу قرغز қара қырғыздарда да бар.

مشایخ автордың аудармасы бойынша қази, қырғыздарда машайықوالیه - әулиені اولیه24, білдіреді, мысалы: Сыр өзені бойында 40 әулиенің зираты бар, олар  سرننك قرق مشایخی деп аталады. Сырдың қырық машаихы 25.

بوكاول توتقاول. Қырғыздарда ازغانه ایلگه بك بولمه، ازغانه اسقه بوكاول بولمه деген мақал бар - Аз ғана елге бек болма, аз ғана асқа бақауыл болма. Яғни, бақауыл хан дастарқанының даяшысы26.

شوسون - сусын, شوسون بر - сусын бер.

قوشچی. Автор құсшы, бүркітші деп аударған. Орта Азияда және қырғыздарда құсшы және бұл істі білетін адам قوش بك не قوش بكی; قوشچی27 деген атпен аталады, яғни жорық кезіндегі қызметшілер, нөкерлердің бір түрі ((قوش) - көш, көшші).

قالا немесе (36 бет, №25)قلا* 1  Қырғыздар барлық орыс ауылдары мен бекіністерін [қазір осылай атайды], ал барлық Түркістан қалаларын керісінше [кент] كنت деп атайды.

 

Березин мырзаның «Хан жарлықтары»

кітабына ескертпелер

 

Бесінші жарлық*2.

41 бет, №34. Қырғыздар да ақсүйек және қарасүйек болып бөлінеді, ақсүйектер, текті; ал қаралар қарапайым халық, жай қырғыздар өзін қара қазақ деп атайды.

سالیق немесе سالیغ28 (бет 43) . Барымташы қырғыздар ауылды шабар алдында өз аттарын, заттарын қалдыратын жер, қостың бір түрі.

ایلدین ییل سانی29 (бет 47, №49). Қырғыздарда ییل ساین деген сөз бар, ол жыл сайын деген мағына береді. سانی деген сөзді ساین деп санасақ, оны былай аударуға болады: жыл сайын халықтан...

اوسال30 (бет 47, №57) қырғыз тілінде осал, әлсіз, ұқыпсыз, сенімсіз, жүдеу, اوسال كسی - осал кісі; нашар, сенімсіз адам; اوسال ایشلامك - ұқыпсыз, нашар істеу.

رینجتمك (бет 48, №62) - ренжіту, қайғырту, өкпелету.

ارنه (бет 49, №63) - қырғыздарда ارینه, яғни: әрине, ارینه سولای - әрине солай.

 

Саадат Гирейдің31 II жарлығы

 

یولاوچی (бет 51, №45) автордың түсіндіруі бойынша: бір нәрсеге жұмсалған кез келген адам. یولاوچی қырғыздарда - кез-келген жолаушы немесе саяхатшы.

قوجوق، ایتق، تنكری بردی (№79 жалқы есімдер қырғыздарда қазір де бар.

اقتاچی علی بی (бет 54, № 99) Шора туралы қырғыз жырында (тама Шора батыр) Акташы Әли би бар, ол кейде اقتاچیننك علی بی - ақташының Әли биі деп аталады. Жыр бойынша, бұл Әли би, поэмада Орал не Сарайшық ноғайларының ақташы руының басшысы, оның руын поэма қаһарманы, Кіші жүз тама руының қырғызы, Нарықтың ұлы, батыр Шора шауып алады. Шора - Көшімнің және Қазанды басып алған заманында болды. Орыстардың Қазанды алмақ ниетін естіп, Шора құлауға жақын патшалыққа көмекке аттанады, жолай Естек ханы (қырғыздар башқұрттарды естек немесе өстек*3 деп атайды) Көшімге қонақ болады және Қазанға 12 шақырым жетпей жебесін тартады. Ол үрейлі ысқырығымен орыстарды шошытып, мұсылмандарға қайсақ батыры жақындағанын білдірді.

سبا - اوندر*4 - қымыз толы үлкен мес

اركه [ерке] - моңғолша билік, күш; қырғыздарда жақсы көргендіктен билік етуге ерік берілген адам. Сүйікті балаларын ерке дейді.

توسامیش - бұйрық, [басқару, жүргізу].

Шыңғыс хан Ван ханның32 өкіл баласы болды [өкіл бала немесе өкіл құда]. Рашид ад-Диннің33 жазуынша, хорлас тайпасынан шыққан Эке Бисур یكه بیسور жас кезінде Шыңғыс ханмен дос болған بقا خونی (Березиннің оқуы бойынша багаин хони).

Рашид ад-Дин ұйғырлар мен көптеген басқа тайпалар Туку ханды توكوخان құрметтеп, есте сақтаған, ол ертеде ұлы билеуші Қозы көрпештікі болған, аңызға қарағанда, ағаштан туған деп жазады. Найман хандарының бірі Инак хан екe*5 оның құрметіне Туку хан есімін алған.

Цецен سجانك، سجان، ساجان, баһадүр بهادر, бұйрық مركان, мерген, бақсы, текин تـیكیـن атақтар. Хан, Гурхан, ван, гован, нойон, тайшы және бек-лауазымдар.

Хулагулар34 тұсында билікке келген сунит бектерінің бірінің есімі جغـتـای كوچـك болған. Шағатайдың қазасынан кейін бұл есімге тыйым салынып, оны Сунтай деп атай бастаған, себебі ол сунит тайпасынан еді.

Моңғол ханы Қабул хан قـبـل خان інісінің әйелі ауырғанда, татар шаманы шақырылады. Науқас қайтыс болған кезде оның туыстары шаманды өлтірген.

Бай сөзі - өте көне түркі атауы. Тұңғыш ұйғыр билеушісі مـنكـوباي Мөңкебай болды. Р[ашид ад-Диннің] замандасының бірі, ұйғыр бегі ايغـور باي [Ұйғырбай] деп аталған.

Идикут ұйғырлары Б[ерезин] мырзаға қарағанда, шамасы, жақсы білсе керек.

انغـرجاق және ارغـمجي арғамшы атауы Березин мырза ойлағандай бас ию және сыйлық деген мағына бермейді, дала жауынгеріне өте қажет ер немесе арқан деген сөз.

Шусын - [тура мағынасында] сусын.

اولاغ - арба

«Алтын» деген сипатты монғолдар ұлылықты, күштілікті, байлық-дәулетті көрсету үшін көп қолданған. [Мысалы: Алтан хан35] - алтын хан, алтан дептер - алтын кітап, алтын бет - التـون جوز.

 

Дәулет Гирей36 ханның жарлығы37

 

اولوغ اولوس ینك او[ن] ك قول ینك وسول قول ینك || تومان مینك یوز اون بلكان اوغلانلر بی لرینكا ایچی كنت لرینك و شهرلرینك داروغه بكلرینكا مفتی و مدرس لرینغه قاضی و محتسب لرینغه مشایخ صوفی لرینغه امام و مؤذن لرينغه كمي جي و كوبرجي لرينغه قوشچی بارسجی لارینغه اعمال متصرف لارینغه دیوان بتكاجی لارینغه یورور اشار یولجی بولاوجیلرینغه كوب ایلكا بارجا توزنجا بلكا بلكان لار كا بو كاویل ویساویل لرینغه قيوما ایش اوزره تورغانلرغا بان بو یرلیغ بلیغ سعادت تیلیع خاقانی و توقیع رفع عظمت ترصغ ممالك جهان بانی حكمی اولدركی اوشبو دارنده فرمان همایون مثال بتمثال فرخنده فال دولت منوال قدوت الامثال و الاقران تایغان احمد بی ینك علی پاشا اولان برله دعوالو و نزاعلو بولغان یرلری اوزرینه یرلیغ شریف واجب التشریف موجبنجه قدوة العلماء المتورعين و افضل الفضلاء المتشرعين مولانا محمود دام || و زاد افضاله و اروب بحسب الشرع كوروب سيزوب النه سجل صورتي و يروب حدود اربعه سي بو در ذكر اولنور قره صودن صورت و يريلوب قبله طرفي مونكال بای ینك قره اغاچ و طرفي شرقي علی پاشا اوغلان و طرفی غربي ارقا يولينه منتهي طرفي شمالی عبد السلام بی یرینه منتهی بو حدود برله محدود بولغان یرلرینه و مزبور منلا محمودك سجلاتينه كوره و سيزوغي موجبنجه بزدن داغي ال نشاليغ و كوك مهرليغ نامه يرليغ اوتول قيلوب ات تارتوب دولت اشكمزدين اتي اوزوب دخي اول حدود ايله ذكر اولان يرلري انعام و سيورغال و ايدوب قولينه بو ال نشانليغ و كوك مهرليغ بو ملك نامه ني و يرديم و بيوردوم كه بعد اليوم مزبور احمد بي اول يرلركا متصرف بولغاننده كيم كيمرسه دخل و تعارض ايلميه لر الوغ كيجك سلطانلر بولسونلار و اوغلانلر بي لر بولسونلر و اوزكه يصاويل قوللريمز بولسونلر دخل و تعارض ايلميه لر رنجيده ورميده بو جانب خاقانمزدن سيورغال و عنايت اولنمش در الار بلكاي لر وجه من الوجوه و سبب من الاسباب و نوغ من الانواع مانع و دافع و منازع اولميه لر دخل و تعارض ايليانلري حاكم الوقت اولانلر منغ و دفع قيلغاي لار انج كوكل برله تينج اولتوروب بزكا و بزياوم روغ اوروغلريمزغه دعا و القيش ارتوره تورغايلار ديو قولينه طوته تورورغه يوزوك نشانليغ يرليغ ويريلدي محرمرا شهر محرم الحرام سنة 977 (قره صو)

Дәулет Гирей ханның сөзі *6

 

Ұлы ұлыстың оң және сол қолының түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы ұландар38 мен билерге39 ішкі кенттер мен қалалардың даруғабектерінің40 барлығына мүфти, тәлімгерлер, қазылар және есепшілерге41 сопы-машайықтарға, молдалар мен азаншыларға42 қайықшылар мен көпіршілерге, хатшыларға, жолаушылар мен саяхатшылар, көп елге*7, барша білгі білгендерге бақауылдар43 мен жасауылдар және бұған қатысы бар басқа да жұртшылыққа. Осы бұйрық әлемнің ұлы билеушісі хан жарлығы:

Тайған руының Ахмет биі мен Әли Паша ұланның арасындағы жер үшін ұзаққа созылған талас-тартыстың нәтижесінде, қасиетті және орындауға міндетті саналатын жарлық бойынша шариғат заңының білгірі, ғалым Маулана Махмуд (даңқы арта берсін) жіберілді. Ол барлығын заң бойынша қарап, сызбаны дайындап, өзі жасаған актінінің көшірмесін (Тайған Ахмет бидің) қолына берді. Қарасуда жасалған сызба бойынша шекара былай белгіленеді: оңтүстікте - Мұнал байға қарасты Қара ағаш, шығыста - Әли Пашан ұланның жерлері, батыста  - дала жолы (Арқа аюлы), ал солтүстік шекара Әбу Салям бидің44 жерлерімен шектеледі.

Белгілі молда Махмудтың сызбасы мен дәйегіне сүйеніп, (Тайған Ахмет) бір жылқы тарту етіп, бізден жоғарыда белгіленіп өткен жерге қатысты қызыл белгі мен көк мөрі бар жарлық сұрады. Ол берген жылқыны ризалықпен ала отырып, оған сый көрсетіп және жоғарыда белгіленген жерлерді беріп, оның қолына қызыл белгісі мен көк мөрі бар патша жарлығын ұстатып мынадай бұйрық бердім: алдағы уақытта үлкен және кіші сұлтандар, ұландар мен билер және т.б. осы жерді иеленушісі Ахмет биге күш көрсетіп, зорлық жасаушы болмасын. Оған біздің ханның мейірімі түскендіктен, жасауылдар мен біздің басқа да қызметшілеріміз оны шеттетіп мазасын алмайды. Қандай сылтаумен болсын, негізбен болсын, қандай да бір жолмен болсын онымен дауласып, ренжітуге рұқсат жоқ.

Оны ренжітіп, қоқан лоқы көрсеткендер болатын болса, жергілікті әкімдер оны тоқтатып, тыйым салуы керек.

Ол тыныш отырып, ақ жүрекпен бізге және біздің ұрпақтарымызға дұға қылып, бата жасасын. Осылайша, мөр басылған хан жарлығы қолына берілді.

977 жылдың жазында қасиетті Мухаррам45 айында жазылды.

Қарасу46

ҚОЗЫ КӨРПЕШ - БАЯН СҰЛУ

(Құсмұрын тізімі)

 

Жоғартынан көрінген сары ноғай

Еділ суға таласқан бұ не тоғай?

«Қозы Көрпеш» дегенің біраз өлең,

Ептеп айтқан кісіге тым-ақ оңай.

 

Жігіттер, кісіге*1 сөзді кен етелік,

Жер ортасы жекенді*2 белгі етелік.

Жақсының аруағы қалмай ма екен,

Қозы Көрпеш, Баянды тебіретелік.

 

Еділ-Жайық бойында жолдас болды,

Бірін-бірі екі бай танымайды.

Ат сұрамақ бұрынғыдан қалды дейді,

Сарыбай Қарабайға кімсің? - дейді.

 

Қарабай мен Сарыбай аңға келді,

Алдынан буаз марал душар болды.

Екеуі бір-бірінен өтінгенде,

Сарыбай атайын деп тұра келді.

 

Қарабай, Сарыбайменен аңға шыққан,

Екеуінің дәуірлеп даңқы шыққан.

Екі бай қосылған соң, келе жатса,

Алдынан буаз марал тұра қашқан.

 

Жақсы, жаман болмағы құдайдан-ды,

Бір бұлт жауайын деп шыр айналды.

Алдына буаз марал келгеннен соң,

Атқалы Қарабай мылтықпенен оңтайланды.

 

Мекен іздеп, жігіттер, кел кетелік,

Ортасында Көктөбе белгі етелік.

Азаматтар, ерінбей тыңдасаңыз,

Қозы Көрпеш, Баянды тебіретелік,

 

Қыл-көпірден*3 адамдар жүрер еміс,

Әмме жанды сиратқа*4 айдар еміс.

Тыңдай тұрған ерінбей ерлер болсаң,

Ерте заман бір, екі бай болған*5 еміс.

Сол екі байдың жайлауы Түмен еміс,

Киікті атып аң етін жеген еміс.

Екі байды сұрасаңыз, азаматтар,

Қарабай мен Сарыбай деген еміс.

 

Бай да болса көңілі тар секілді,

Тәңірі берген дәулеті бар секілді.

Малды беріп құдайым басты бермей,

Бір шыбындай перзентке зар секілді.

 

Қарабай мен Сарыбай аңға шықты,

Екі байдың мергендігі, даңқы шықты.

Екеуінің зайыбы күмәнді екен,

Ғайып жерден алдынан аң қашыпты.

 

Қарабай мен Сарыбай аңға барған,

Буаз марал алдынан душар болған.

Атамын деп Қарабай оғын салып,

Үйімде зайыбым буаз деп атпай қалған.

 

Көксеңгірден*6 екі бай бөкен тосқан,

Буаз марал алдынан душарласқан.

Буаз марал алдынан душарласып,

Атпаймын деп Қарабай қайта қашқан.

 

Жасағанның қазынасы көпті дейді,

Киік атып, аң етін жепті дейді.

- Буаз марал алдыңнан душарласты,

Неге атпадың Қарабай? - депті дейді.

 

- Жата-жата үйімде ішім пысты,

Жігітке көп қылдық мұндай істі.

Атамын деп үйімнен шығып едім,

Атар жерде көңіліме бір қиял түсті.

 

- Мергендікті қоймадық тамам дейді,

Душар келді бір марал саған дейді.

Душар келген маралды атпай қалып,

Қиялыңды айтсаңшы маған дейді.

- Әлде қалай болады заман дейді,

Буаз марал атпағым қалай дейді.

Менің зайыбым үйімде күмәнді еді,

Сол еске түскен соң атпағым обал дейді.

 

- Талай қызық көрерміз аман болса,

Мергендікті қоярмыз жаман болса,

Құда болар меніменен бар ма жайың?

Құдай перзент көрсетер заман болса.

 

Мұнан былай көрінген қарағайың,

Қолыңдағы балтаның сабы қайың.

Үйіндегі қатыны буаз еді,

Бұл маралды атпай тұр, Сарыбайым.

 

- Өзен судың бойында саға дейді,

Бұл тіліңді алайын аға дейді.

Менің-дағы қатыным буаз еді,

Бұл маралды атпайын, баба, дейді.

 

Екеуіміз бір-бірімізді сыналық-ты,

Қатынның буаздығын сұралық-ты.

Сіздің қатын біздің қатынмен буаз екен,

Екеуміз бір құдайға жылалықты.

 

Ереннің*7 үстіндегі сеңді дейді,

Құдайдың көрсеткені жөнді дейді.

Аңда жүріп а, баба, жолдас болдық,

Тамыр болсақ қайтеді енді дейді.

 

Екеумізді таптырған анамыз да,

Бір құдай барша жанға панамыз да.

Сіздің қатын біздің қатынмен буаз екен,

Дос та, тамыр қылалық баламызды.

 

Қыз болса қырық жеті болар дейді,

Шырағымыз бір құдайдың құлы дейді.

Екеумізден екі қыз туар болса,

Бір елге берелік мұны дейді.

 

Қарабай енді сонда күлді дейді,

Құдайдың көрсеткені жөнді дейді.

Екеумізден екі ұл туар болса,

Ақиреттік*8 дос болсын енді дейді.

Екеуіміздің шешеміз ана дейді,

Үстімізде бір құдайым пана дейді.

Біреуі ұл, бірі қыз туар болса,

Құдай қосса, біз қосалық және дейді.

 

Аттан түсіп, сол маралды алмай қалды,

Оңай айтқан сол сөзді құдекең*9 [қабыл] алды.

Торсықтағы малтаны шайып ішіп,

Іште жатқан балаға бата қылды.

 

* * * * *

Жиырмада жасым бар, жылым тауық,

Екі бай құда болып, қылды сауық.

Алыстан кім екенін танымаймын,

Бір адам елден шықты, қатты шауып.

 

Қарабай, Сарыбаймен аңға желген,

Бір адам шыбын болып үйден келген,

Ол адам келді-дағы үндемеді,

- Неге асығып жүріпсің, жаным, деген?

 

- Үйіңдегі мал-жаның аман дейді,

Қуантқалы келіп едім Қарабайды.

Қыз тапты қатыныңыз бүгінгі күн,

Сүйіншіге шапқылап келдім, - дейді.

 

Қарабай мен Сарыбай бата оқыған,

Бата оқыған жерінде қате оқыған.

Қосқанының белгісі сол емес пе,

Түсе қалып сол жерде жата оқыған.

 

Жиын қылып Қарабай бие сойған,

Бір биенің етіне жұрты тойған.

Қарабайдың зайыбы қыз тауыпты,

Баян сұлу болсын деп атын қойған.

 

Аякөздің бойынан ел ауыпты,

Қылады екен Сарыбай бек қауіпті,

Үш күндейін толғатып азаматтар,

Сарыбайдың зайыбы ұл тауыпты.

 

- Сарыбай қайсы жаққа кетті дейді,

Бір тазша сүйінші тілеймін депті дейді.

Елден бұрын сүйінші тілеймін деп,

Сарыбайдың алдына кепті дейді.

 

Қарабай мен Сарыбай аңға желген,

Бір адам тұра шауып елден келген.

Шауып келген кісі кім болады деп,

Сарыбай мен Қарабай тура жүрген.

 

Сарыбайдың дәулеті шеннен асқан,

Шапқан кісі бұларға жақындасқан.

Сол кісінің кім екенін сұрайын деп,

Сарыбай оған таман қадам басқан.

 

- Аман ба екен үйдегі малым дейді,

Мұнша асығып, қай жаққа барасың, залым, дейді.

Атың арып, өзің сондай болдырыпсың,

Не жаймен жүріпсің, тазшам, дейді.

 

- Жол болсын деп сұрайсыз ба бізден дейді.

Келгенімді білдіңіз бе, мырзам, дейді.

Қатыныңыз бүгінгі күн бір ұл тапты,

Сүйінші сұрай кеп тұрмын сізден дейді.

 

Жаңа жақсы болды ғой көңілім дейді,

Үшбу*10 сөзің көңіліме мәлім дейді.

Ондай атты күн туса, жаным тазша,

Төрт түлік мал берейін саған дейді.

 

Адамдардың таразысы теңде дейді,

Патшалардың алдары кеңде дейді.

Біреуі ұл да, біреуі қыз болыпты,

Қозы Көрпеш, Баян деп ат қойды дейді.

 

Екі бай бір-біріне қадам қойды,

Қатыны ұл тапқан соң көңілі тойды.

Біреуі ұл, біреуі қыз болғаннан соң,

Екі мырза елге таман жарыс қойды.

 

Қарабай Сарыбаймен желген екен,

Марал қағып бір тауға келген екен.

Қарабай мен Сарыбай жарысқанда,

Сарыбай елге жетпей жығылып өлген екен.

Қарабайдың мінгені ақтанкер-ді,

Жол үстінде өліп қалған қайран ер-ді.

- Қасындағы жолдасың жығылды-ай деп,

Шауып барып Қарабайға хабар берді.

 

Қарабай келе жатып бір қара көрді,

Өліп жатқан жан жолдасын жаңа көрді.

Өліп қалған кісіні нетейін деп,

Елге қарап Қарабай жүре берді.

 

Қарабай қартайғанша бой бойлайды,

Жер жүзіне сыймаған мал айдайды.

Жетім ұлға қызымды бермеймін деп,

Өз үйіне келген соң ой ойлайды.

 

Сарттар сауыр басады талқыменен,

Ерге жабдық жарасар нарқыменен.

Жетім ұлға қызымды бермеймін деп,

Қарабай көшіп кетті халқыменен.

 

Өлеңімнің басы еді Ғабділбашар*11,

Құдайым қуат берсе, жолымды ашар.

Қарабайдың елдері көшкенінде,

Қозы Көрпеш бала еді жалғыз жасар.

 

Сарыбайды, жігіттер, құдай алды,

Ақырзаманды құдайым бұлай салды.

Көше қашып Қарабай кеткен екен,

Жесір қатын, жетім ұл білмей қалды.

 

Тамам молла жиылып оқыр хатым*12,

Жеткізіпті Сарыбай жұртқа датын.

Сарыбайдың қатыны ұл тапқан соң,

Қозы Көрпеш қойыпты оның атын.

 

Сол екі байдың ауылы көшкен екен,

Бір перзент көкейлерін кескен екен.

Қатынымыз қыз тапса екеуі де,

Қол боқшасы бір болсын дескен екен.

 

Екі байдың ауылы көшкен екен,

Бір перзент көкейлерін кескен екен.

Зау заман*13 екеумізден екі ұл туа қалса,

Таң қалғандай дос болсын дескен екен.

Сол екі байдың ауылы көшкен екен,

Бір перзент көкейлерін кескен екен.

Біреуі ұл, біреуі қыз болғанда,

Құдай қосса, біз қостық дескен екен.

 

Ақ хан өліп, Қара хан босқан екен,

Көксеңгірден киікті тосқан екен.

Қозы Көрпеш құрсақта, Баян іште,

Іште жатқан екеуін қосқан екен.

 

Көшіп кетті Қарабай оған көнбей,

Сол кеткеннен кетеді, қайтып келмей.

Айтып қосқан қосағын Қозыкенің

Сол Қарабай кетеді-ау қайтып бермей.

 

Қозы Көрпеш жерінде ойнайды-мыс,

Дегеніне бір жетпей қоймайды мыс.

Бір, екі (жыл) болған соң Қозы Көрпеш,

Тәмам бала жиылып ойнайды мыс.

 

Жасы кіші, ағаға іні болды,

Жігіттің өз бойына міні болды.

Екі жасқа келгенде Қозы Көрпеш,

Шешесіне тамақ берген күні болды.

 

Үш жасында ештеңе ойламайды,

Төрт жасында дәнеме болжамайды.

Бес жасқа келген соң Қозы Көрпеш,

Кісілерге бір ауыз сөз айтып, ойнамайды.

 

* * * *

Айтайын Қозы Көрпеш өлең жаттап,

Алты жаста тұрады-ау халқы мақтап.

Жеті жасқа келгенде Қозы Көрпеш,

Өз ауылын қондырады өзі бастап.

 

- А, шешеке, көрсеткені құдайдың жөн-ді дейді,

Молалардың салғаны дем-ді дейді*14.

А, шешеке, ойнарға жолдасым жоқ,

Маған жолдас тауып бер, енді дейді.

- А, балам, күліп ойнап қала көр, дәрменсіз боп,

Есебі жоқ, сансыз сенің дәулетің көп.

Саған қайдан табайын мен жолдасты,

Өзіңменен бір туған бауырым жоқ.

- А, шешеке, мен бір жарлық сұрайын ба,

Бермесең де сертіңде тұрайын ба?

Бәле тазша мұнда бір жақында бар,

Тазшаменен ойнауға барайын ба?

 

- Мен едім сені тапқан анаң дейді,

Бір қолымда қағаз бен қалам дейді.

Адыра қалғыр тазшаны не қыласың,

Ұрыспасаң ойнай бер, балам, - дейді.

 

Қозы Көрпеш жүреді екен сөздің түбін болжай,

Сұлулықтың белгісі шаңқан боздай.

Он бір жасқа келгенде Қозы Көрпеш,

Келген екен тазшамен ойын ойнай.

 

- Ай, тазша, сенің атың малай дейді,

Айта тұғын сөзім бар талай дейді.

Үйімнен сені тазша іздеп келдім,

Асық ойнар ауқатың*15 қалай дейді

 

- Ай, Қозы Көрпеш, сен өзің нұрлы дейді.

Үйімде бір қарам жоқ, сорлы, дейді.

Сен үйіңнен бізді қалап келген болсаң,

Асық ойнар көңілім бар-ды дейді.

 

Қозы Көрпеш сол күнде малды дейді,

Ақылы жоқ тазшаны - жарлы дейді.

Қозы Көрпештей ойынның жайын білмей,

Тазша ұтылып асықтан қалды дейді.

 

Қозы Көрпеш саған не керек дейді,

Жауған қардай бораған қызық дейді.

Ақылы жоқ сұм тазша ойнағанда,

Өз сақасын өзі сыйлап берді дейді.

 

Қозы Көрпеш, мен бір жауап айтайын саған дейді,

Түрлі болған халықта заман дейді.

Мұнан былай сенімен ойнамаймын,

Өз сақамды беріп кет, маған дейді.

 

- Қолыңа ұстағаның бақан ба еді,

Тазшам саған бір өлім тақалды енді.

Өз қолыңнан өзің сыйлап бергеннен соң,

Қайта неге сұрайсың сақаңды енді.

 

Өлең айтып жүремін ертеңді-кеш,

Саған қылған Қозы Көрпеш еңбегім еш.

Қайныңа бармай жүрген жаман мұндар,

Өз сақамды беріп кет, Қозы Көрпеш.

 

Өштес қылған екеуін құдай ма екен?

Жаман сөзді Қозыкем тыңдай ма екен.

- Қатыныңа бара алмай, маған келіп,

Асығымды алды деп жылайды екен.

 

- Сен тұра-тұршы, а, тазшам, қан қылғандай

Ақылымнан адастым дал қылғандай.

Сақа түгіл, а, тазша, ат берейін,

Менің қайным кім деген жан болғандай.

 

- Садағыма салғаным қайыңнан оқ,

Қозы Көрпеш бұл күнде дәулетің көп.

Наразы болдым, сақамды бермеген соң,

Өтірік айттым, құда болған бұл жерде тірі адам жоқ.

 

- А, тазша, мен әлі қарап тұрмын көңіліңе,

Кел, қоярмын жұдырықпен тас төбеңе.

Қайның бар деп сен маған өзің айттың,

Енді сені қоймаймын өз еркіңе.

 

- Қозы Көрпеш, қорықпаймын ақырсаң да,

Өтірікті, сірә айтпаймын бақырсаң да,

Ойлап тұрсам, сенің қайның тіпті де жоқ,

Басымды ала кесіп өлтірсең де.

 

- Құдай қосқан қосақтан қалмаймын ғой,

Жамандықты, сірә, есіме алмаймын ғой.

Өтірікті айтасың сәрсең қылып,

Тазша сенің тіліңе, сірә нанбаймын ғой.

 

- Құда саған бермеген сана деймін,

Ештеңені білмеген бала деймін.

Менің айтқан тіліме нанбасаңыз,

Үйіңе барып шешеңнен сұра деймін.

 

- Жүруші едім [еш] нәрседен көңілім қайтпай,

Сен қайтардың көңілімді рас айтпай.

Кішкенеден қостырған қосағымды,

Шешем неге өтірік айтсын, рас айтпай.

 

Қозы Көрпештің мінгені қарагер-ді,

Құдай тағала сол жерде ақыл берді.

Сол тазшадан үмітін үзгеннен соң,

Есігін сарт ұрып үйге кірді.

 

Қозы Көрпеш келе жатып көзін сүзді дейді,

А, шұнақ тазша, оның ойын бұзды дейді.

Тазшадан наза болып*16 келе жатса,

Байқамастан бір өрмекті үзді дейді.

 

- Алдыңдағы құрылған мынау өрмек,

Өрмектей өтірікші қыла бермек.

Алдыңдағы өрмекті неге үздің?

Қатыныңнан айрылған сұм жүгірмек.

 

- Ай, енеке, маған қылған ермегің де,

Естірші мен жамайын өрмегіңді.

Менің қайным қай жақта, жан енеке,

Үшбу жерде төлеп кетейін өрмегіңді.

 

- Садағыңа салғаның ақ қайың оқ,

Екі қайтып келмейді дүние боқ.

Өрмекті үзген соң кейіп едім,

Ойлап тұрсам а, балам, қайның жоқ.

 

- Сауыр етіктің табаны талда болса,

Қырық кісінің ақылы ханда болса.

Сірә еркіңе қоймаймын, жан енеке,

Қайнымның турасын айт, әлде болса.

 

- Барша жанның сыйынғаны бір құдайым,

Құлағың сал, а, балам, кеп қылайын,

Тоқсан қабат айтсаң да, қайның жоқ.

Тынышымды ала берме, сұмырайым.

 

- Адамды сөйлеттірген тіл менен жақ,

Кемпір, саған байладым бір аруақ.

Сірә, тынышыңды қоймаймын, ай енеке,

Ашуланбай, жылдам-ақ қайнымды тап.

 

- А, балам енді саған қайырылмаймын,

Бұл сөзіңнен еш қорқып қайғырмаймын.

Қалай айтсаң, солай айт, сұмырай балам,

Не қылсаң да, сол сөзден айырылмаймын.

 

Қозы Көрпеш атқа мініп желген екен,

Сұм кемпірдің тіліне ерген екен.

Қу тазшадан бірдеңе есіткен соң,

Ашуланып үйіне келген екен.

 

* * *

 

Қаратаудың бетінде қара тас-ты,

Жығылғанда сүйегей қарындас-ты.

- Кіріп келсең, шошыдым сенен, балам,

Шырағым, саған не болып мұнша өңің қашты?

 

- Шешеке, бір сөзім бар айтатын саған дейді.

Қырлы болған халықта заман дейді,

Асық ойнап, қарным ашып келді,

Бидай қуырып өз қолыңнан маған берші, - дейді.

 

- Баланың қасын-көзін көрсем дейді,

Қасыма, шырағым, келсең дейді.

Қарның ашып, өнің қашып (қайдан келдің)?

Қолымнан бидай қуырып берсем дейді.

 

Баласының көзінен аққан жасы,

Бауыры жоққа еш қайғырмайды жалғыз басы.

- Шешеке, қосқан жарым қайда дейді,

Қалындығым атын айт, кім әкесі?

 

Қозы Көрпеш мінгені көк-ті дейді,

Сөйлеуге қызыл тілім епті дейді.

- Күйінгеннен айтамын, жалғыз балам,

Қосқаны рас еді депті дейді.

 

- Әуелгі моллалардың жазған хаты,

Бұзылмас патшаның шариғаты.

Қосқаны бір сұлуға рас болса,

Кім екен маған қосқан жардың аты?

 

- Кішкенеңнен жүруші ең көкше қоян,

Жақсы- жаман екені өзіме аян.

Алыс кеткен немені іздей көрме,

Қосқаныңның аты еді сұлу Баян.

 

Қозыкенің көңілі тынбайды-мыс,

Жаман-жақсы адамды сынайды-мыс

Бұған бидай қуырды шешекесі,

Салып берсе табақтан жемейді-мыс.

 

Менің айтқан Қозыкеме бұ бір кеңес,

Қозыкеге шешесі ләм деп айтушы емес.

Қозыкенің көңілінде әлде не бар,

Қазанымен берсе де тағы жемес.

 

- Қаз келеді, ай, шешеке атайын да,

Ұйқым келді төсек сал жатайын да.

Еңбекпенен өсірген, жан шешеке,

Қолыңменен берсеңші, татайын да.

 

Не жамандық Қозыеке көрді дейді,

Баласының тіліне ерді дейді,

Алдағанын Қозеке қайдан білсін,

Қолыменен шеңгелдеп берді дейді.

 

- Шеше, сенен көрмедім пайда дейді,

Мың жылқыңды өзің ал, енді дейді.

Ыссы бидай қолына басып алып,

- Құдай қосқан қосағым қайда дейді?

 

- Қолым күйді, ай балам, қайтейін мен,

Қайның жоқ, өтірік немді айтайын мен.

Тілі күйгір кім еді мұндай қылған?

Сәрсен қылған кім еді жоғалтайын мен.

 

- Тазша бір сөз айтты ғой маған кеше,

Қолың күймек түгіл, бүріссін, маған десе.

Кішкенеден қосылған қосағымды,

Енді қалай айтпайсың маған, шеше?

 

- Бұ жалғанда еш көзі ашылмасын,

Іздеймін деп сұрайсың жолдасың [ды]

Телі*17 өскен көңіліңді тентек қылып,

Ау, естірген кім еді, еш оңбасын.

 

* * *

 

Оғың жондыр Қозыкем тазқарадан*18,

Жасынан-ақ тілейді азғанадан.

Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,

Тұрып кеңес сұрайды-ау бозбаладан.

 

Есітіпті Баянды көңіліне тоқ,

Бір ойнаса жарымен арманы жоқ.

Кеңес сұрап тұрады бозбаладан,

Оңды кеңес айтпайды бозбала боқ.

Ақ сақалды бір үйге төрлетіпті,

Алып келіп тазшаны жырлатыпты.

Алып келіп тазшаны жырлатқан соң,

Құлақ салып ақсақалдарға тыңдатыпты.

 

- Дүниеден осылай [мен] өтейін бе?

Құдай қосқан қосаққа жетейін бе?

Құдай қосқан менің сол қосағыма,

Іздейін бе, яки іздемей кетейін бе?

 

- Қозыкем, сен тәубеңді жаңылыпсың,

Еш көрмеген Баянды сағыныпсың.

Сондай жақсы қалыңдық алып берсек,

Ерте кеткен Баянды не қыласың.

 

Тамам қызды бір үйге салды дейді,

Ағаларға көңілім қалды дейді.

Енді қыздан бір кеңес сұраймын деп,

Жүгіргеннен қыздарға барды дейді.

 

- Суға біткен солқылдақ жекен деймін,

Құдай қосқан қосағым екен деймін.

Құдай қосқан қосақты сағынамын,

Ал, апалар, іздесем бе екен деймін.

 

- Қартайғанша ер жігіт «қыз» дер болар,

Жасы үлкенді өзінен «сіз» дер болар.

Ол айтқаның, жарықтығым, рас дейді,

Құдай қосқан қосағын іздер болар.

 

- Ондай кеңес сайтандық көнбегейсің,

Өз ойыңдай Қозыкем көрмегейсің.

Өз ақылың өзіңе болатұғын,

Ұрғашының тіліне ермегейсің.

 

- Көргенім жоқ Баянды, өзі қандай?

Беті айдай деседі, бойы талдай.

Ерте кеткен Баянды іздеймін,

Баяндай қыз бар ма екен, сірә, сондай?

 

- Тілімді алсаң Қозыкем бара көрме,

Ондай ойды көңіліңе ала көрме,

Телі өскен көңіліңді тентек етіп,

Сен Баянды есіңе сала берме.

- Жүруші едім адамнан көңілім қалмай,

Енді қайтіп жүрейін есіме алмай.

Көңілім менің таразы тымық таппас,

Әкем қосқан Баянға сірә бармай.

 

- Мен бір сөзді айтармын көңілің қалар,

Қодар деген бір құлы ғаяр*19болар.

Ерте кеткен Баянды іздеймін деп ,

Бір шыбындай жаныңа зиян болар.

 

- Үй демеңіз, сынады сағым дейді,

Қарабайда кетіпті-ау ақым дейді.

Қарабайдан ақымды ала алмасам,

Мұнда жүрсем тең құрбым қатын дейді.

 

- Айтса-дағы Қозыкем тіл алмайсың,

Барғаннаң соң сен қайтып келе алмайсың.

Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,

Енді қайтып бұл жұртты көре алмайсың.

 

- Есен болсам, мен қайтып келейін де,

Келе алмасам, сол жолда өлейін де,

Құдай қосқан қосағым сұлу Баян,

Қодар құлға не қылып қияйын да.

 

- Құрт алайын жол азыққа төрт-бес аяқ,

Бөлініп қалған жылқыдан бұ бір саяқ,

Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,

Қодар атты құлыңнан жесем таяқ.

 

Айтып салды бірнеше «әлде қалай*20,

Өзің онда жасаған, Алла тағала-ай.

Алла бұйыртса, жұртым, мені жіберіңіз,

Құлдан таяқ жегенше, алсын құдай.

 

-г- Не табасың, Қозыкем, онда барып,

Қодар құлдар алмасын жүрегің жарып,

Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,

Тентек Қодар қоймасын басыңды алып.

 

- Қалдырмай айтып жіберіңіз енді ғана.

Мұнда қорқытып тұрсың жұртым ғана.

Менің әлім жоқтығын қайдан білдің?

Құлдан өлсем жатайын тұрмай ғана.

- Еш басыңа жамандық келтірмесің,

Кім табады*21 құлдардың білдірмесін.

Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,

Қисық еді, Қодар құл өлтірмесін.

 

- Қодар, Қодар дегенің кімге сірә,

Құлдан өлсем жатайын, құнын сұрама.

Екі сөздің ішінде өлімді айта бердің,

Жорығаның қалай еді, жұртым, сірә.

 

- Мақтана тұр, Қозыкем, мұнда тұрып,

Қайтып алар екенсің Баянды, құлдарды ұрып,

Сол алпыс құл ортаға бір алған соң,

Өлмек түгіл, қаларсың оба тұрып*22.

 

- Жан болмаймын, жарымды құлға берсем,

Сөйлетпес те құрбыларым мұнда жүрсем,

Не болса да, а, жұртым, жіберіңіз,

Жатқанымнан тұрмайын құлдан өлсем.

 

- Талай кеңес үйреттім енді, ботам.

Кеңесімді алмайды сондай адам.

Кеңесімді алмадың, кері барғыр,

Білгеніңмен бола көр енді, ботам.

 

* * * *

 

- Қаз келеді, ай шеше, атайын да,

Бидай қуыр қолыңнан татайын да.

Атымды ерттеп, ай шеше, азық берші,

Әкем қосқан Баянға кетейін де.

 

- Ойбай, балам, ай балам, кете алмассың,

Аягөздің бойынан өте алмассың.

Телі өскен көңіліңді тентек етіп,

Ерте кеткен Баянға жете алмассың.

 

- Ойбай, шеше, ай шеше, кетерікпін,

Аягөзден Құдай жол берсе, өтерікпін.

Сол Қарабай кеткелі жиырма жыл,

Жиырма жыл қусам да, соңынан жетерікпін.

 

Көздің жасын көл қылып төкті дейді,

Бір тазша не қылса да, түбіме жетті дейді.

- Көзім жасы көл-дария болды, балам,

Онан қайтіп өтесің депті дейді.

Қозыкемнің мінгені көк-ті дейді,

Жасағаннан тілегім көп-ті дейді.

Көзің жасы көл-дария болса, шеше,

Көпір салып өтермін депті дейді.

 

Көздің жасы көл болып тағы толды,

Бір тазшаны жұрт жиылып сөкті дейді.

Қайғылының қырық бөрі бар-ды, балам,

Ойнап қайтып өтерсің тағы дейді.

 

- Алдыңда дауылдаған қау бар, балам,

Аспанменен сөйлескен тау бар, балам.

Онан қайтіп өтесің, жолдасың жоқ?

Қылышыңнан қан тамған жау бар, балам.

 

- Мені де Қозы Көрпеш деп мақтамай ма,

Қай-қайдағы жарлылар бұл үйде жақтамай ма,

Қылышынан қан тамған жау болса да,

Бір құдай онда бізді сақтамай ма?

 

- Той сайын айтушы едім өлең бастап,

Үнімді тұрушы еді халқым қостап.

Тәңірден тілеп алған жалғыз едің,

Шешеңді кетемісің жалғыз тастап?

 

- Әуелі сыйынғаным бір құдайым,

Ақыл үлкен болады күн-күн сайын.

Әкем қосқан Баянға жетейін де,

Әзір, шеше, сені мен не қылайын.

 

- А, балам, мен кісіге қимаймын көйлегіңді,

Қарашы, қара құл тұл күнде-күнде,

Кімге қиып кетесің, жалғыз балам,

Тоқсан қопа толулы жылқыңды енді.

 

- Қарағайлы бел шоқы кеткеннен соң,

Жақсының аруағын тербеткен соң,

Пайдасы жоқ жылқыңды не қылайын,

Сансыз жауға жолықсын, мен кеткен соң.

 

- А, балам, айтпаймын мен оңайды енді,

Көрсетейін тал шыбықтай бойыңды енді,

Барма десем, болмадың байғұс, балам,

Кімге қойып кетесің, отыз қопа қойыңды енді.

- Әкем қосқан жарыма жетейін мен,

Қайтып бармай жатайын, терезең тең.

Пайдасы жоқ қойыңды не қылайын?

Аш бөріге жолықсын, мен кеткен соң.

 

- Сен кеткен соң таянайын бүйірімді,

Құдай білер бұл жерде жүреріңді.

Оны қайтып қиясың байғұс балам,

Он бес өлке толған сиырыңды?

 

Қарайын мен найзамды қолыма алып,

Отырамын қолымды балға малып,

Пайдасы жоқ сиырыңды не қылайын?

Мен кеткен соң жолықсын аусыл мәлік*23.

 

- Ондайыңды көп айтпа маған дейді.

Аллам оңды жасатқан тобам дейді.

Қиқулының қырық бөрі келсе жетіп,

Қырық кез оғым жалынсын оған дейді.

 

- Ойлай берсе, ой түбі қайда кетпес,

Жұртын тыйған Қодарға әлің жетпес

Тілімді алсаң, Қозыкем, бара көрме,

Асқаралы таулар бар адам өтпес.

 

- Ай һай шеше, ай, шеше, жетерікпін,

Құдай қосқан жарыма жетерекпін.

Асқарлы тауларың душар болса,

Қылышпенен жол салып өтерікпін.

 

- Ай һай балам, ай балам, барасың ба,

Менен кетіп барқадар*24 табасың ба?

Тілімді алсаң, Қозыкем, бара көрме,

Қырық күншілік шөлі бар, өлесің бе.

 

- Алдыңа мен енді кірмен, шеше,

Өзге қызбен дәуренді сүрмен, шеше.

Құдай қосқан жарымды естіген соң,

Адам болып жүре алман енді, шеше.

 

- Барамын деп, ай балам, бара алмассың,

Ерте кеткен Баянды таба алмассың.

Елі-жұртың қақсайды бармасын деп,

Жұрттың тілін алмасаң оңалмассың.

- Қалтақ балам жүрмісің кетейін деп.

Кетіп мені сергелдең етейін деп.

Айтсам тілім алмадың, ей жүгірмек,

Ажалыңа асығып жетейін деп.

 

- Ай һай шеше, ай шеше, кетейін де,

Құлдан өлсем, жан болып нетейін де.

Мұндай бізді қақсатқан әркез оңбас

Қарабайдың түбіне бір жетейін де.

 

- Асқан тауы бір қиын белді, балам,

Мұнша неге қақсаттың мені, балам.

Айтсам тілім алмадың, ей, жүгірмек,

Ажал айдап жүр екен сені, балам.

 

- Шеше, мұнша мұқаттың қажырымды.

Енді білгенім Аллаға жазарымды.

Енді бұлай былай болған соң, кеткенім [жөн]

Құлдан салса, көрермін ажалымды.

 

- Жайып қойған түсерсің торға, балам,

Бір шыбындай жаныңды қорға, балам.

Арасында аңдыған жау көп-ті,

Өлім іздеп жүрмесең, барма, балам.

 

- Ақылыңды тұра тұр бөлмей, шеше,

Тірі болсам кешікпей келем, шеше.

Құдай қосқан жарымды іздемесем,

Не қылайын жан болып өлмей, шеше.

 

- Қақсап қалсын Қарабай мұндай, балам,

Сонан әрі кетерсің келмей, балам.

Айтсам, тілімді алмадың, ей, жүгірмек,

Қайтып сонан келмессің өлмей, балам.

 

- Ажалды құл әр жерде өлмей ме екен?

Тірілер күн, тірі кісі көрмей ме екен?

Ай, шешеке, бұл дегенің, не дегенің?

Қаныңа барған кісі келмей ме екен?

 

- Қопаға бөлек біткен, қарағым-ай,

Дөңгелек жылқыдайын, тұяғым-ай.

Көзімнен таса болсаң, өлмеймін бе,

Келмес деп шошимын, шырағым-ай*25.

- Ақылыңды тұра тұр бөлмей, шеше,

Тірі болсам кетпен-ді, келмей, шеше,

Сәрсең қылған сол мені Қарабайды

Қара жерге қойман-ды, енбей, шеше.

 

- А, балам, қысамысың артыңды енді,

Сен тұрғанда дүнием бүтін еді,

Барма десем болмайсың жалғыз, балам,

Кімге қиып кетесің сүтіңді енді?

 

- А, шешеке, күміс қостың айылыма,

Қазақ қарап тұрады қайырыма.

Барма дейсің, байғұс шеше [ұзын жолға],

Қайтіп бармай жатайын қайныма?

 

- А, балам, саған айттым базынамды,

Шешесі [іздер], сен кеткен соң тірі жанды.

Он лавке толған, сорлы балам,

Кімге қиып кетесің қазынаңды.

 

- А, шешеке, не болады жігітті еңіреткен соң,

Немене айтып-айтпай күн өткен соң.

Ол он лавке бұйымыңды не қылайын?

Талаулы орынға жолықсын, мен кеткен соң.

 

- А, шырағым, жылап тұрмын күнімен.

Көңілімді уатайын кіміңменен.

Болмайсың, барма десем, жалғыз балам,

Шешеңді тастаймысың шынымемен?

 

- Мен қайтейін [тіл алмай] кеткеннен соң,

Жалғыз қалған шешеден [безгеннен] соң,

Емшек берген, әрі жат дерсің, балам,

Баян сұлу жарыңа жеткеннен соң.

 

- Айыр емшектен сүт берсең, емейін де,

Емген сүтім татыпты көкейімде.

Ондай атты күн туса ай, жан шешеке,

Емшек берген, әрі жат, демейін де.

 

- Сен кеткеннен соң, ай балам, мен өлермін,

Кеткеннен соң, ішімнен күңіренермін.

Еңбекпен өсірген жарықтығым,

Сен кеткеннен соң, мен қайтіп күн көрермін?!

 

- Сен өлмессің, ай шеше, мен өлермін,

Қыса болып, бармасам, енді өлермін.

Өледі деп жылама, мені шеше,

Есен болсам, мен қайтіп бір келермін.

 

- Асқан тауы бір қиын белде, балам,

Ерте кеткен таппассың елді, балам,

Айтсам тілім алмадың, ей, жүгірмек,

Кетсең, сірә, (сен) жоқсын енді маған.

 

- Бармай осылай дүниеден өтпен, шеше,

Қалай қусам, мен соған жетпен, шеше.

Қарабайдан ақымды алғаннан соң,

Қайтып саған бір келмей кетпен, шеше.

 

- Тәңірі шешер көңіліңнің ағын, бала,

Жарна болар малыңды бақсаң, балам.

Тілімді алмай барасың, ей, жүгірмек,

Енді маған сен жоқсын кетсең, балам.

 

- Артылған соң тоқтамас қосым, шеше,

Еш қайғырар жоқ менің досым, шеше.

Енді былай болған соң, кеткенім жөн,

Көріскенше күн жақсы болсын, шеше.

 

- Ай һай, балам, ай балам, кетермісін,

Кетіп (мені) сергелдең етермісің.

Ақ сүтімді сауармын көкке, балам,

Мұнан кетіп мұратқа жетермісің.

 

- Ақылымды аузыма салар, шеше,

Баяндай қыз алашта бар ма, шеше.

Жақсы жолға барайын деп (мен) тұрғанда,

Жаман сөзді аузыңа алма, шеше.

 

- Ала тұрған Баянды сен бе, балам,

Сенің жұртың бұл сенген ел ме, балам.

Айтсам тілім алмадың, ей, жүгірмек,

Барғаныңнан қайтып енді келме, балам.

 

- Санаменен сарғайып іші толсын,

Есірткен сол тазша байғұс болсын.

Ақ сүтіңді емгенім сенің шеше,

Маған деген қарғысың алғыс болсын.

 

- Ай һай, балам, ай балам, менен кеттің,

Телі өскен көңілімді тентек еттің.

Ақ сүтімді сауармын көкке, балам,

Еш қызығың көрмейінше, өнер бастың*26.

- Қақылдайды, қақсайды, жазған балам,

Қақсасаң да, ай шеше, жоқпын саған.

Осы жолда сен мені қарғай бердің,

Емшегіңнің ақ сүтін аруланбай.

 

* * *

 

- Құдай маған қоймады ата дейді,

Қылған екен атам маған бата дейді.

Құдай қосқан жарымды іздер едім,

Қандай атты мінемін, апа, дейді.

 

- Есен-аман, Қозыкем, жүре көрші,

Жарың менен бірге ойнап күле көрші.

Жүгеніңді сылдырат жаным, балам,

Қарағанын бетіңе міне берші.

 

Қонған жері ауылының көп қараған,

Мың жылқыны шұбыртып, ат қараған.

Мың жылқыдан бір жылқы қарамады,

Қозы күрең жаман тай жалт қараған.

 

Қозы күрең жаман тай қарап тұрды,

Ұстай алып мойнынан жүген ұрды.

Мың жылқыдан бір жылқы қарамайды,

(Ат) тоқымы (бұлайша) қайда құрыды*27

 

Жүгендесе, жаман тай құнан болды,

Ақыр заман қараңғы тұман болды.

Ерте кеткен Баянды іздеймін деп,

Не басыңа сенің, (балам), ылаң болды.

 

- А, шешеке, менің сөзімде болмас қата,

Әкеміз қайныңа бар деп қылды бата.

Шешеке, қайныма баруға мойын қойды.

Менің мінер жылқымның түсін ата.

 

- Үйімде мен отырған адам дейді,

А, балам, сенен кетті мазам дейді.

Жүгіріп жүрген жүген алып барғаныңда,

Бетіңе қараса, соны мін, балам, дейді.

 

Жайлауы Сарыбайдың Шатқара еді,

Қозы Көрпеш сан жылқыдан ат қарады.

Жылқыдан ат мінгелі барғаныңда,

Жабағы күрең бетіне жалт қарады.

 

Қонғаны ауылының сай болады,

Ондағы жұрт толқысып бай болады.

Құрықты бисмилла деп салғаннан соң,

Жабағы қозы күрең тай болады.

 

Жердегі жорғалаған жылан болды,

Ауыздағы әр сөзім өлең болды.

Арғымаққа лайық қозы күрең,

Жүгендеп жатқаныңда құнан болды,

 

Молланың оқығаны кәләм*28 болды,

Жаман малың түгесімен ешкі болды.

Арғымаққа лайық қозы күрең

Жайдақ жортып жөнелгенде, дөнен болды.

 

Кигені кедейлердің ескі болды,

Арғымаққа лайық қозы күрең,

Үйінен жөнелгенде, бесті болды.

 

Ерттегенде, құнаны дөнен болды.

Құдай оңдап, сақтағын деген болды.

Ерте кеткен Баянды іздемейін,

Баяндай қыз бар ма екен, мұнда өңді.

 

Өзі мінсе, дөнені бесті болды,

Санаменен сарғайып іші толды.

- Ей, жасаған, бір құдай өзің оңда,

Көргенім жоқ бұрын-ау еш мұндайды.

 

Алты жасар бестісі ат болыпты,

Бір сөз айтса, түге жұрт мат*29 болыпты.

Қозыкемнің соры ғой, азаматтар,

Бірге жүрген Қарабай жат болыпты.

 

* * * *

 

Қозы күрең астына мінді дейді,

Құрсай садақ беліне ілді дейді.

Періштелер түсінде аян беріп,

Қосыларын Баянға білді дейді.

 

Қозы күрең мінді де кетті дейді,

Көл-дарияның бойына жетті дейді,

Көл-дарияның бойына жеткеннен соң,

Көпір салып үстінен өтті дейді.

 

Жүреді екен Қозыке сөзге қанып,

Құдай қойды көңіліне қайғы салып,

Енді іздемек болыпті сол Баянды,

Арымас ат, таусылмас азық болыпты.

 

Қозыкеме жиылды жұрты дулап,

Азаматым тұра тұр, мұны тыңдап.

Күн көремін деп жүрген жалғыз ұлдан,

Қайран ана, айрылып қалды жылап.

 

Әуре сарсаң құдайым нетіп едің,

Әурешілік жолменен кетіп едім,

Жүрген сайын жолыма кесір қылып,

[Ей], жасаған құдайым, нетіп едім.

 

Жолдан бұрма, Қозыкем, атың суар,

Баянға қыз алаштан қайдан ұқсар.

Бір бөгеуден құтылдым деп бара жатса,

Қиқулының қырық бөрі болды душар.

 

Үш уақытта Аллаға жүрдім жылай,

Әуре сарсаң қылдың-ау [мені] былай.

Бір бөгеуден құтылдым деп едім ғой,

Тағы да аңдып жүр ме едің, мені құдай.

 

Жұрт жақтырып сөзімді қалқалаған,

Қайғырмаңыз өткен соң енді оған.

Қайтатұғын бір амал болар ма деп,

Қасқыр болып шешесі доталаған

 

Ғазрайыл*30 келіпті Жаббар пәрмен*31,

Бір саған зор келе қалса жаның қарман.

Мен де өзіңнің жаратқан пендең едім,

(Бір) жасаған болмаса кетті дәрмен.

 

Кете алмайды Қозыкем үйге қатып,

Сәрсең қылды сол Тазша қайдан айтып.

Қиқулының қырық бөрі келсе жетіп,

Қырық кез оқпен кетіпті бір-бір атып.

Қозы Көрпеш іздейді ауған елді,

Алла тағалам жаратты асқар белді.

Бір бөгеттен құтылып бара жатса,

Асқарлы бір тауға тағы келді.

 

Арымас ат, таусылмас ас болыпты,

Таусылмастай азығын мол алыпты.

Асқарлы сол тауға жетіп келіп,

Қылышпенен шапқылап жол қылыпты.

 

Жалғыз туған бір ұлдан ел қашыпты,

Асқарлы сол таудан бел асыпты.

Бір бөгеттен құтылып бара жатса,

Он екі айлық, қырық күншілік жол басыпты,

 

Сәрсең болды Қозыке үйден кетіп,

Он екі айлық, қырық күншілік жерге жетіп.

Он екі айлық, қырық күншілік жолдан өтіп,

Ел шетіне Қозыкем келді жетіп.

 

Үш уақытта сыйындым Алла саған,

Мұндай қатты азапты қылдың маған.

Әрбір жерде сақтаушы бір өзіңсің,

Ендігіден сақтай гөр, құдай, тәубәм.

 

* * *

Қозы күрең асыпты белді дейді,

Жаңа тапты Қозыкем елді дейді.

Айдалада қаңғырып бара жатып,

Бір кемпірдің қасына келді дейді.

 

Сол кемпірді көрген соң желді дейді,

Нақ кемпірдің қасына келді дейді,

Әлде қалай бұ да бір адам да деп,

Қол қусырып сәлем берді дейді.

 

Қозыкенің сәлемін алды дейді,

Ол бір ғана көңілге салды дейді.

Қол қусырып Қозыкем сәлем берсе,

Таң тамаша сол жерде қалды дейді.

 

- Көкірегің қайғылы, көңілің жарық,

Қайбір жақтан келесің атың арып?

Атың арық, өзің аш, жаным балам,

Неғып жүрген адамсың жүзің сарық?

-   Мен алыстан келемін қиуадан*32

(Бір) құдайын білмеген болдым надан.

Хал-жағдайым сұрайсыз, ау, енеке,

Әуре қылған құдайым мен бір адам.

 

-   Хас*33 мырза Қозыкем депті дейді,

Киік атып, аң етін жепті дейді,

Атың арық, өзің аш, қаңғып жүрген,

Жаным қандай адамсың, депті дейді.

 

- Мен үйіммен шыққалы алты ай болды.

Мінген атым астымда тайдай болды.

Естіп, біліп көргенің бар ма, енеке,

Қарабайдың ауылы қайда болды?

 

-   Жалғыз адам білмейді келгеніңді,

Мен де айтармын естіп білгенімді.

Қарабайдың ауылын көрсетейін,

Бастап, балам, айт сана, бір жөніңді.

 

-   Талай неме түседі көңілімізге,

Көп кейітпей айтсаңшы, енді бізге.

Атым арып жолаушы кейіп келдім,

Қарабайдың ауылын көрдіңіз бе?

 

-   Көрсетейін саспай тұр, елді балам,

Расыңды айтшы енді маған.

Қарабайдың аулын сұрай беріп,

Мұнша сұрап, Қарабай нең-ді, балам?

 

-   Қамшыласам жүрмейді атым тосаң,

Ене менің сорыма болдың қасаң,

Көп кейітпей айт сана, енді бізге,

Қарабайдың ауылын көрген болсаң.

 

-   Біле алмадым Қарабай әлде қайда,

Әлде болса атың менен тоның пайда,

Арып, ашып ей, балам, мұнша іздеп,

Қандай қатты ісің бар Қарабайда?

 

-   Кең құдайдан жоқ екен тым-ақ тәтті

Іздеймін деп, енеке, діңкем қатты.

Білмесеңіз, енеке, енді айтайын,

Қызы бар ма үйінде Баян атты?

 

-   Алыс жерде көрінген ел ме, балам,

Қатты жүріп атыңмен желме, балам.

Қарабайдың ауылын сұрай берген,

Сарыбайдың жалғыз ұлы сен бе, балам?

 

-   Аякөзді жағалай бітер қайың,

Оқып болған Баянды уатайын.

Қарабайдың ауылын көрсет сана,

Бұратала атымды суытайын.

 

-   Жер дүниені сен келдің бәрін құртып,

Қарабайды қалыппым мен ұмытып,

Жаным, балам, бұ жаққа қарай түсші,

Көріне ме ешнеме қарауытып?

 

-   Ініңізді жамандап табалама,

Құдай әуре қылған соң оңала ма?

Қарауытып бір нәрсе көрінеді,

Қарабайдың ауылы сол бола ма?

 

-   Қарабайды сұрадың мұнда келе,

Тұр деп әуре қыласың мені неге?

Әбдеп болжап қарашы, жаным, балам,

Қарамола, Қараадыр көріне ме?

 

-   Қарамола, Қараадыр көрінеді,

Қарауға да енекем ерінеді.

Қарамола, Қараадыр көріп тұрмын,

Қарабайдың жайлаған жері ме еді?

 

-   Қарамола, Қарадыр көріне ме,

Сен тұр деп әуре қыласың мені неге.

Қарамола көрінсе бойы соның,

Қараадырдан қой-малдар біліне ме?

 

-   Қарамола көрінген түйесі ме оның

Қараадырда жайылған қойы ма оның?

Қарамола, Қараадырды көріп тұрмын,

Қай жағынан жүрейін енді соның?

 

-   Қайдан тауып сен келдің мұнда ғана,

Жайлаушы еді сол жерді жылда ғана.

Қараадырды қақ жарып, жаным балам,

Сол молаға барғайсың тура ғана.

 

-   Сізден басқа жұрт маған ел емес-ті,

Қарабайдың қылығы жөн емес-ті.

Әлі менің ақылым көп жеткен жоқ,

Ей, енеке, тауып берші бір кеңесті.

 

-   Сүйгенінен айрылған жер таянды,

Қылған ісің Қозыкем жұртқа аян-ды.

Алтын күйме ішінен шығушы емес,

Енді қайтіп көресің сол Баянды.

 

-   Мың жылқыдан ат міндім мен жапанда

Құдай сірә қоспасын жар жаманды.

Әлі менің ақылым көп жеткен жоқ,

Сен таба көр, енеке, бір амалды.

 

-   Қозы Көрпеш құл болып түсер қойға,

Сүйтер ме деп жігітікке келеді ойға.

Жұмыршақты*34 басыңа кие салып,

Тазша болып барғайсың Қарабайға.

 

-   Тауды, тасты күңіренте жел ескенде,

Баян қайда жүреді ел көшкенде?

Барған жерде Қарабай сөз сұраса,

Не деп жауап берейін, сөйлескенде?

 

-   Жасағанның ісіне жоқ-ты шараң,

Мен қайтейін оңдасын Алла тағалаң,

Барған жерде Қарабай сөз сұраса,

Кісілікке жүрмін де, байғұс балам.

 

Тартады екен Қозыкем күйді дейді,

Енді қайтып көрменді үйді дейді,

Бір тоқтыны сол жерде соя салып,

Жұмыршағын басына киді дейді.

 

-   Есен-аман баламды келтіргейсің,

Қодар құлды амалдап жітіргейсің.

Зиян келсе, а, балам, сонан келер,

Ебін тапсаң Қодарды өлтіргейсің.

 

-   Енеке, Қодар бізді нетер дейсің,

Осылай етіп дүниең сенің өтер дейсің.

Өзгесінен сақтасын бір құдайым,

Есіктегі Қодар құл қайтер дейсің.

-   Барар болсаң, сен енді жылдам жөне,

Қарабайдың құлдары талай неме,

Қисық құлын ол кәпірдің не деп болмас,

Асы болып*35 құдайға олай деме.

 

* * *

Тазша болып Қозыкем кетті дейді,

Аякөзден сал байлап өтті дейді.

Әншейін-ақ қолаңдар адам болып,

Қарабайдың қасына кепті дейді.

 

Қарабайдың қасына келді дейді,

Тәңірі салған ісіне көнді дейді.

Қарабайдың қасына келіп тұрып,

Қол қусырып сәлемді берді дейді.

 

-   Әлекейім, Қарабай, сәлем дейді,

Мен көрмеген бұл қалай адам дейді.

Атың арық, өзің аш, қайдан жүрсің,

Жаным қалай адамсың, балам дейді.

 

-   Ел ішінде қаңғырған мен бір ғарып,

Келген едім алыстан атым арып,

Күн көрермін деп жүрмін, жан атаке,

Сіздей ғана біреудің малын бағып.

 

-   Ақылыңа жетпеген баламысың,

Енші бөліп берейін аламысың.

Мен де өзіңдей біреуге кем-тар едім,

Маған бала, жарқыным, боламысың?

 

-   Ай, атай, жаңа келді менің бағым,

Жоқ үйде меніңдағы аға, інім,

Енді сізге мен байғұс мойындадым,

Сізден артық адам табылмас маған адам.

 

-   Жылқы бақсаң, міне көр қара жалдан,

Еш зиян көрмессін кемпір-шалдан,

Өз еркіңе салайын, жаным балам,

Сүйгеніңді баға көр, мынау малдан.

 

-   Келе жатып мен өзім ойлағанмын,

Ойлап-ойлап ой түбін қоймағанмын.

Өз еркіме салсаңыз, ей, атаке,

Жанға тыныш, әйтеуір, қой бағамын.

 

-   Қартайғанда мен қойды бақтым дейді.

Тазшам жаңа жаныма жақтың дейді.

Үйге барып Қарабай қуанады,

Мен бір қойшы жігітті таптым дейді.

 

Бүгінгі өткен нешесі, туған айдың,

Еш қадірін білмейді Баян байдың.

Бір Баянның дертінен Қозы Көрпеш,

Алты ай жүріп қой бақты Қарабайдың.

 

Қарабай бай болып-ақ мыңғырыпты,

Қозыкемді ап келіп құл қылыпты.

Бұған енді бір амал табайын деп,

Біртоқтының аяғын сындырыпты.

 

Қойға мінген қара атан бақырады,

Қозы Көрпеш шыңғырып ақырады.

Мұрындары зерлі*36 қой қалды ғой деп,

Қозы Көрпеш шыңғырып шақырады.

 

Шыңғырады бір адам қате ме екен,

Тыңдай көрші, балалар, Тазша ма екен,

Сол Тазшаның аяғын сындырғаны,

Асыранды Баянның тоқтысы екен.

 

Қарабайдың жайлауы Телі көлді,

Ауыл көшсе, сол Баян жорға мінді.

Мұрындары зерлі қой қалды ма деп,

Жорғасымен қайырылып Баян келді.

 

-   Асықпай тұр қылайын сені ма құл!

Өз-өзінен не ғылып сынады бұл?

Денем сүйген бір тоқты еді осы қойдан,

Мұны не ғып сындырдың шетемір құл?

 

-   Мұнан бұрын көріп пе едің мұндай құлды?

Мұнша әуре қыласың мен бір сұмды.

Менен көрме, ей Баян, құдайдан көр,

Бұ тоқтының аяғы өзі сынды.

 

Тандырайын, мұны кім жейді - деді.

Денем сүйген менің бір тоқтым, - дейді.

Іле*37 апарып Қодарға таңдырайын,

Өңгерт бұлай, шұнақ құл, депті дейді.

 

Қозы Көрпеш көңіліне қайғы салды,

Бір Баянның зауқынан бақты малды,

Көтере алмаған тоқтыны кісі болып,

Оң жағының санынан шымшып алды.

 

-   Асықпай тұр, бәдірек қаның тасса,

Қымыра қыл да іше бер, қарның ашса.

Қойға келген жерімде ондай етіп,

Менің теңім сен бе едің, Шұнақ тазша?!

 

-   Мұндай тиіп жұмсама құлды, Баян,

Құдай әуре қылды ғой бізді, Баян,

Ай аулақта сұрайын, осындайда,

Құдай қосқан қосағым кім-ді, Баян?

 

- Баян әрмен жөнеліп кетті дейді,

Сірә қалай осы адам депті дейді,

Сол тазшаның сол жерде айтқан сөзі,

Көкейінен Баянның өтті дейді.

 

Қозы Көрпеш құл болып қойға түсті,

Жасағанның қылығы ондай күшті,

Бұрын сірә ештеңе білмейді екен,

Енді Баян ішіне пікір түсті.

 

Амал тауып Баянға бара алмайды,

Жақындатып қасына ала алмайды,

Алты ай қойын бақса да Қарабайдың,

Сонан артық ештеңе таба алмайды.

 

Қойды тастап Қозыкем жылқы бақты,

Қарабайдың жанына жаңа жақты.

Көгал жерге желіні тартып барып,

Жұмырықпен қазықты бір-ақ қақты.

 

Жер дүниеге кетеді жылқы түнде,

Қайтара көр, Қодар құл шапшаң, мұнда.

Қарабайдың жылқысын сол алпыс құл,

Әзер түгелдеп болады алпыс күнде.

 

Тазша байғұс кетеді ерте тұрып,

Айғай салып тұрады иттей ұлып.

Баға алмаған жылқысын алпыс құлдың,

Жалғыз өзі келіпті түгел қылып.

 

Жылқы жияр Қозыкем айғай салып,

Құрығына жидесін*38 байлай салып,

Жалғыз жылқы қалмастан жиылыпты,

Келді дейді ауылға айдап алып.

 

Оны естіп алпыс құл арланады,

Жылқы баққан бір Тазша зарланады.

Ол Тазшаның, жігіттер, қылығына,

Үйде отырып, Қарабай таң қалады.

 

Қозы Көрпеш бір нәрсе ойлайды-мыс,

Құрығын Қодар құл да қоймайды-мыс.

Қозыкемен жылқыға бара жатып,

Аударыспақ алпыс құл ойнайды-мыс.

 

Қозыкені ап келіп, мал бақтырды,

Мал баққанын Тазшаның жұрт жақтырды.

Аударыспақ алпыс құл ойнаған соң,

Әрқайсысын әр жерге (бір) лақтырды.

 

Өткен іске өкініп біз кетелі,

Біраз айтып мұратқа бір жетелі,

Ат үстінен Қозыке лақтырса,

Алты құлаш түсіпті құл көтені.

 

Қозы Көрпеш жарына жаңа жеткен,

Арасында Қодардың несі кеткен?

Түсіп қалған көтенді саламын деп,

Ептей алмай құлдардың есі кеткен.

 

Қозыке мен Қодар құл жақындайды,

Жақындасып Қодар құл тақымдайды,

Суға апарып батырса Қозы Көрпеш,

Мен өлдім деп Қодар құл ойбайлайды.

 

Айдалада алпыс құл арланыпты,

Қодар батыр сол жерде қорланыпты,

Айдалаға шыққан соң тамам құлдар,

Бір Тазшамен алыспақ ойнасыпты.

 

Қозы Көрпеш бір байдың мөлдір көзі,

Сірә қате кетпейді айтқан сөзі.

Айдалада алпыс құл ойнасқан соң,

Алпыс құлды басыпты бір-ақ өзі.

Қозы Көрпеш сол құлдан жас-ты дейді.

Арақ ішкен Қодар құл мас-ты дейді.

Айдалада алпыс құл ойнасқан соң,

Алпыс құлды бір Тазша басты дейді.

 

Тұс-тұсынан алпыс құл алаң қылды,

Бір Тазшаның жанына жаман қылды,

Алпыс құлдың бәрін де жығып тұрып,

Ең үстінен салыпты Қодар құлды.

 

Бұл Тазшада қайғы да бар мұңды дейді,

Бір-ақ өзі басыпты құлды дейді.

Пәле болған қу Тазша, тұршы жылдам!

Түгел менің қабырғам сынды дейді.

 

Сірә Қодар жүрмейді көтін қысып,

Мақтанбаңдар, барыңды мықты басып.

Қодар екем тұрайын деген болса,

Басып-басып жіберді нықтай түсіп.

 

Тазша бала болар ма мұндай мықты,

Алпыс құлды бір өзі басып жықты.

Жығылғандар астан, үстен қышқырады,

Ойбай, менің көтімнен боғым шықты.

 

Тазша байғұс үстінен тұрды дейді,

Қыран-топан сол құлдар болды дейді.

Ең үстінде Қодар құл күрсінеді,

Құдай мені, жігіттер, ұрды дейді.

 

Тазша тұрып армаған кетті дейді,

Қыран-топан құлдарды етті дейді.

Бір айналып Қозыкем қайтып келсе,

Қодар үйге күрсіне кетті дейді.

 

-   Мынау Тазша бұ маған қылған сөйді,

Құдай мені, жігіттер, ұрған сөйді,

Бір отырған орнымнан қозғалтпайды,

Түгел менің қабырғам сынған сөйді.

 

-   Ыңқылдайсың, бір жаман дерт болды ма,

Саған қарар сұмда бет қалды ма,

Бір отырған орныңнан қозғала алмай,

Қодареке, бір жерің мерт болды ма?

 

Тұр десем де жатасын сірә тұрмай,

Айтса, тілді алмайды Тазша сұмырай.

Түгел менің қабырғам қиратылды,

Жазылмаса, ау, мені ұрды құдай.

 

Тазша бізге бір неме нетер дейсің?

Әлі қайтіп Тазшаның жетер дейсің?

Қалжа жесең жазылар, жатып тұрып,

Қодареке, қабырғаң нетер дейсің?

 

* * *

Он сан ноғай бір жиын етті дейді,

Сол жиынға жұрт жиылып кетті дейді.

Өкпе-бауыр ап келіп берейік деп,

Тазша малға қала көр, депті дейді.

 

Адам қалмай жиынға жұрт кетіпті,

Ала тайға жігіттер тіл бітіпті.

Күн жайлатып бір амал таба көр деп,

Қозыкеме сол жерде үйретіпті.

 

Алып келіп биесін байлатыпты,

Қара боран соқтырып жайлатыпты.

Тағыдағы бір амал тауып бер деп,

Ала тайды сол жерде ойлатыпты.

 

- Асты-үстін бұлан қыл, ойран-топыр,

Аңдамаса, Қозекем өзің білдір.

Мынау қалың малың қырылды, жаным Баян,

Елден бұрын кел-дағы мені сыпыр.

 

Сүй деді де ала тай қалды дейді,

Жүгіріп үйге Қозыке барды дейді.

- Шапшаңырақ тұра көр, жаным бике,

Мынау малың қырылып қалды дейді.

 

Сол Баянды оятып алды дейді,

Ала тайға жүгіріп барды дейді.

Ала тайға жүгіріп барған екен,

Қос аяқтап жүректен салды дейді.

 

Ала тайға жүгіріп барды дейді,

Қос аяқтап жүректен салды дейді.

Қос аяқтап жүректен салған екен,

Алтын айдар жарқырап қалды дейді.

Ұйықтап жатқан сол Баян ояныпты,

Жүгірерге табанынан аяныпты.

Алтын айдар шумақтап келе жатса,

Түбі келіп тазшаға таяныпты.

 

Баян жетіп жылқыға келді дейді,

Бұған енді не амал болады дейді,

Баян жетіп жылқыға жақын келсе,

Жарқыраған айдарды көрді дейді.

 

Бұған боран болды да тына қалды,

Құдай қайдан тазшаны ұра қалды.

Айдар келіп Тазшаға таянған соң,

Ішін тартып сол жерде тұра қалды.

 

Жау айдағыр бұ шіркін малды дейді,

Тазша мұнда жоғалып қалды дейді.

Жерден Баян көтеріп алды-дағы,

Аулақ үйге апарып салды дейді.

 

Қозыкені сол жерде білді дейді,

Жақсы көріп бетінен сүйді дейді.

Аулақ үйде екеуі сөйлескен соң,

Сонда айқасып екеуі қалды дейді.

 

Боран борап түгел мал ықты дейді,

Өз ісіне Қозыкем мықты дейді.

Өз жарымен Қозы Көрпеш,

Бір құмардан екеуі шықты дейді.

 

Қарабайдың құлдары көпті дейді,

Келе сала бір нәрсе етті дейді.

- Торғай жырлап тұрады сұлу Баян,

Таң атып түрегел депті дейді.

 

Адам қалмай жиынға кетті дейді,

- Жата тұршы, аһ, жарым, нетті дейді.

Таң атпақтан күн шықсын? шырағым-ау,

Тар төсекте жан шықсын депті дейді.

 

Қодар енді жиыннан қайтар дейді,

Тазша келіп Баянмен жатыр дейді,

Екеуінің жатқанын көре салып,

Қайтып барып жиынға айтты дейді.

 

- Айдалаға Тазша екең құрар шатыр,

Қызыңызды құшақтап Тазша жатыр.

Қарабайым той тойлап мұнда жүрсің,

Қызыңызды тойлатып онда жатыр.

 

***

Қарабай жиын тастап келді дейді,

Жиын қылып жиыпты елді дейді.

Елім-жұртым ойлай көр, азаматым,

Бұған не амал болады енді дейді.

 

- Сол Тазшаны әрманырақ жытырыңыз,

Жытырмасаң шақырып келтіріңіз,

Бір Тазшаға түгел жұрт қысым қылып,

Соны араққа мас қылып өлтіріңіз.

 

Бір тазшаға түгел жұрт қысым қылды,

Алып келіп тамам жұрт аяқ ұсынды,

- Шанаш қылып берейін тамағыңа,

Енді сенің, аһ, байғұс, (мысың) құрды.

 

Қылды дейді бір ұшын балағына

Тоғыз бегі қарайды қабағына

Ішкен кісі бол-дағы құя бер деп,

Шанаш қылып беріпті тамағына.

 

Босағада құл отыр екі жақтап,

Арақ ішпес Қозыке әлін шақтап.

Жүгіре шығып Қозыкем кеткен екен,

Бірін-бірі қалыпты (құл) пышақтап.

 

Жүгіріп атқа Қозыкем барды дейді,

Үзеңгіге аяғын салды дейді.

Қафияда түгел жұрт қайдан білсін,

Апыр-топыр адасып қалды дейді.

 

Жүрген екен Қозыкем сөзге қанып,

Бал ашады қолына кітап алып.

Қозы Көрпеш құтылып сала берді,

Алдын ашық, артына тұман салып.

 

Анау әрмен құтылып кетті дейді,

Жібермеймін осы жерде көпті дейді.

Елім-жұртым ойлай көр, азаматым,

Оған не амал болады депті дейді.

 

Қала жаздық осы жерде қанға батып,

Бір біткен соң сол келмес енді қайтып.

 

Пышақтасып осы жерде өле жаздық,

Қаңғырып жүрген немене қайдан қалдық.

 

Ол басында Қозекең өзі сұм-ды,

Шоқ теректі барды да мекен қылды.

Мұндай сәрсең етерін білер болсам,

Баяғыда-ақ қырмас па едім мұндар құлды.

 

Боз бұшыққа мінді де кетті қашып,

Баян үйден қарайды жапсар ашып.

Шоқ теректің түбінде торғай көріп,

Бозторғайы береді мейіз тасып.

 

Бозторғайды жіберер біліп кел деп,

Есен болса сол жарым көріп кел деп.

Бес бауырсақ, бір күлше арқалатты,

Азық қылсын жарыма беріп кел деп.

 

Қалған екен Қозыкем түзде жүдеп,

Торғай ғарып қайтыпты бір күн түнеп,

Қуанғаннан соң бозторғай келе салып,

Қуантыпты Баянды сүйінші тілеп.

 

Күнде барып бозторғай келеді екен,

Баян азық жасырып береді екен,

Бозторғайдың келгенін, азаматтар,

Аңдып жүріп жеңгесі көрген екен.

 

Бозторғайы бір жырлап келді дейді,

Жеңгесі тыстан тыңдай қалды дейді.

Жаңа Баян жіберіп жатқанында,

Сол жеңгесі мойынан ұстап алды дейді.

 

- Жеңеше, торғайымды жібер, - дейді.

Осы торғай ерімді білер, - дейді,

Осынша мойын салып тілесе де,

Құрып қалғыр жеңгесі жібермейді.

 

Баян жылап ішінен күңіреніпті,

Ерте кеткен Тазшаны кім көріпті.

Мойны үзіліп торғайдың бара жатса,

Жазған Баян аяп та, жіберіпті.

 

Баян жылап сол жерде тұрды дейді,

Торғайды әуре сол жерде қылды дейді.

Көріп жүрген Тазшаны айтпайсың деп,

Түгел жүнін торғайдың жұлды дейді.

Мен не қылам тәңірге жоқ дегенде,

Ештеңені көрген жоқ дегенде.

Өзге жұлын жұлғанда үндемейді,

Төбе жүнін жұлғанда «шоқ» дегенде.

 

Торғай ғаріп бір жақтан келді дейді,

Аңдып жүріп жеңгесі көрді дейді,

Төбе жүнін жұлған соң бозторғайдың,

«Шоқ» деді де, бозторғай өлді дейді.

 

Етін асып, торғайды қайнатыпты,

Сауын етіп, биесін байлатыпты,

Бозторғайы Баянның «шоқ» деді деп,

Жұртын жиып Қарабай ойлатыпты.

 

Алыс болып Баян қыз бара алмайды,

Жыты*39 хабар жарына бере алмайды.

Жұртын жиып Қарабай ойлатса да

Сан кісіден бір кісі таба алмайды.

 

Асықпаңыз, жігіттер, келсін Қодар,

Қарай-қарай Қодарға көзі талар.

Сан кісіден бір кісі таба алмады,

Мұны ақыр, жігіттер, Қодар табар.

 

Жоғын қарап Қодар құл келді дейді,

«Шоқ» деді де бозторғай өлді дейді.

Сан кісіден бір кісі таба алмайды

Сен таба көр, Қодарым, енді дейді.

 

Кім ап кетті осы жұрттың ақыл-есін,

Таба алмайды еш ойлап мұның несін,

Бозторғайы Баянның «шоқ» деп өлсе,

«Шоқ теректің» түбінде жатқызған сол.

 

Мінді дейді Қодар құл көк серекті,

Өлтірермін ол тазша бәдіректі.

Елін-жұртын Қарабай жиып тұрып,

Енді іздемек болыпты Шоқ теректі.

 

Бұрын құлды Қозыкем боқтайды екен,

Ояу болса, Қодарды мықтайды екен.

Бір ұйықтаса, жігіттер, Қозы Көрпеш,

Күні-түні он төрт күн ұйықтайды екен.

Елін-жұртын Қарабай алды дейді,

Баян жылап үйінде қалды дейді.

Басын алмай мен сірә келмен-ді деп,

Шоқ теректің түбіне барды дейді.

 

Айдалада құрулы шатыр дейді,

Алтын айдар жарқырап жатыр дейді.

- Әлде болса Баянға қосалық деп,

Мұнан артық табылмас батыр дейді.

 

Көңілім менің бұзылды әлде неге,

Жағып жүрген неме еді ата-енеге.

Әлде болса Баянға қосалық біз,

Мұнан артық берерміз қай төреге?

 

Көргеннен соң Қарабай қия алмайды,

Көздің жасын сол Баян тыя алмайды.

Ажал жетсе, жігіттер, амал болмас,

Қан тартып тұр, Қозыкем оянбайды.

 

Сүйеді де Қарабай қайтты дейді,

Қайтыңыз деп деп Қодарға айтты деді,

Басын алмай мен сірә қайтпаймын деп,

Қамыс оқпен жүректен атты дейді.

 

Бәсі*40 тым-ақ Қодардың қатты дейді,

Қамыс оқпен жүректен атты дейді,

Қамыс оқпен жүректен атқан екен,

Оғымен айқасып жатты дейді.

 

Өлген соң Қозыкемнің әлі нешік,

Барады енді Қодардың көңілі өсіп.

Бұл Қодардың қылығын қайтерсің,

Бара салып алыпты-ау басын кесіп.

 

- Еш дегбірің жоқ екен әлі де ата,

Ақша бетім сарғайды жалғыз жата.

Атың арық, өзіңнің жүзің сарық,

Қайда барып келдің-ау, айт сана, ата.

 

- Бір жаман ат қайтейін болды маған,

Жүр, деді-дағы қоймады Қодар ағаң.

Өткендердің сонынан өкінбеңіз,

Қозыкедей мырзаны таптым саған.

- Тілімді алмай сен қайда кетіп келдің,

Менің немді бітіріп жетіп келдің.

Тілімді алмай сен сонда кетіп едің,

Құдай қосқан жарымды нетіп келдің

 

- Мен біреудің тіліне сеніп келдім,

Алла оңғарса, сіздерді беріп келдім.

Өткен ердің соңынан өкінбеңіз,

Қозыкедей мырзаны көріп келдім.

 

- Алжып жүрсің, ай ата, өлейін деп,

Ойлаушы едім, өнерін көрейін деп,

Күйеуіңді өлтіріп, азған қақпас,

Қодар құлға келдің бе берейін деп?

 

- Елден елді қыдырып барайын да,

Емен таяқ қолыма алайын да,

Елден елді қыдырып, жаным балам,

Бір теңдесіңді мен іздеп табайын да.

 

- Енді не деп барасың елге, ата?

Мен бейбаққа қыламысың екі бата?

Елден сәурік жиярға байтал емен,

Төсек салып жатағын өзің қайта.

 

Сірә, маған жақпайды сенің сөзің,

Қарай-қарай төрт болды екі көзім,

Ақ шимайлы, ақ отау бер тіктіріп,

Мені алып жата қал, атам, өзің.

 

Қодар түзден бір ойды ойлап келді.

Мойнын созып Баянға бойлап келді,

Бұ Қодардың мінезі тым-ақ тентек,

Басын кесіп жанына байлап келді.

 

Қырық құлаш Баянның шашы дейді,

Бұ Қодар құл құдайға ғасы дейді.

Алып келіп Баянға тастай берді,

Ал, басты қара, байыңның басы, - дейді.

 

Бәрекелді Қодардың тентегіне,

Баян сұлу жүрмейді жетегіне.

Ал, байының басы, - деп тастай берсе,

Баян тосып алыпты-ау етегіне.

Құлдан өлген болар ма мұндай ғайып,

Үндемеді ол бастан бабам Қайып*41.

Алған байы өлген соң жазған Баян,

Бетін жыртып жылайды-ау, шашын жайып.

 

- Өлгендердің соңынан өлме сана,

Өзге адамға көңіліңді бөлме сана.

Мына жалған дүниеде кім қалмайды,

Ақша бетке дақ сала берме сана.

 

- Қодареке, қай жақтан келдің жетіп,

Енді мені кім алар сенен өтіп.

Енді мені сен алмай кім алады,

Сол жарымды кел сана, бір көрсетіп.

 

Баянды ертіп алып кетті дейді,

Көрсетейін жүріңіз депті дейді.

Алған байын өлтіріп бәдірек құл,

Бұлай әуре Баянды етті дейді.

 

Сол Баянды Қодар құл көзден салмас,

Бәдіректің қылығы естен қалмас.

Өлген ерін сол Баян іздеймін деп,

Бара жатып Қодармен болды жолдас.

 

Қылшадайын Баянды құл жақтайды,

Аламын деп Қодарқұл ыржақтайды,

Қодар құлдан бір зиян келе ме деп,

Баян сұлу бетіне бөз қаптайды.

 

Қодар зиян Баянға тидіріпті,

Көңілін бермей Қодарды күйдіріпті,

Алдап қана Қодардың көңілін аулап,

Шүберектің сыртынан сүйдіріпті.

 

Он екі айдың жақсысы жаз болады,

Жаздың алды үйрек пен қаз болады.

Шүберектің сыртынан сүйдіргенге

Көкірегі қош болып, Қодар құл мас болады.

 

Сол Баянның тазасы аққудан ақ,

Жаны шықпай құр қысып жүр Қодар құл-ақ.

Шүберектің сыртынан сүйдірген соң,

Ақ бетіне түсіпті Баянның бетіне дақ.

 

Құлға Баян тие ме қазақ құрып,

Құлға не деп тиесің-ау құдай ұрып.

Ойнағандай ойпат жер, жаным бике.

Баянменен келеді әзіл құрып.

 

- Қодареке, жүре бер жөніңменен,

Құдай енді қосты ғой сеніменен

Сол жарымды бастап бір көрсет сана,

Ойнарыңыз қашама меніменен.

 

- Сенің жарың емес пе анау жатқан,

Қодарекең жүректен мықтап атқан.

Мақтап жүрген байың ба мынау, Баян,

Бір-ақ тартып Қодакең ыңқылдатқан?

 

- Қодаке осы жерде бой салалы

Ойымызға ой салып той салалы.

Айдалада қаңғырып шөлдеп өлдім,

Ішерімізге бұ құдықтан су алалы.

 

Қодар енді құдықтан су алады,

Аламын деп шыңырауға жұмылады.

Алдағанын Баянның қайдан білсін,

Аламын деп ішінен қуанады.

 

Шашын байлап құдыққа салды дейді,

Кебіспенен бір суды алды дейді.

Кебіспенен бір суды ішіп алып,

Баян енді сусыным қанды дейді.

 

Шығамын деп ұмтылды Қодар бетке,

Күнге күйер ақ бетің басың бүрке.

- Суға сенің сусының қанған болса,

Шығайын да далаға тартшы, бике.

 

Көңілі қалды Баянның «ағасына»,

Бір таянды Қодардың тобасына*42.

Пышақпенен алады салып-салып,

Тартып тұрып Қодардың жағасына.

 

- Ақырын тарт үзерсің мойынымды,

Шығысымен аша көр қойыныңды,

Жаным шығып барады жаным, бике,

Қырға шығып қыл сана ойыныңды.

 

- Ойнайды екен мұндар құл меніменен,

Ойнатқанша тәңірі алсын сеніменен,

Мұндай қылық сен итке болар ма еді,

Көтің қысып тек жүрсең жөніңменен.

Қодар енді құдықтан суды алады,

Аламын деп шыңырауға жұмылады.

- Алған байың өліпті, бейбақ Баян

Енді сені мен алмай кім алады?

 

- Аламын деп жүр ме едің, ойыңда құл,

Ойнар едің Баянның қойнында құл,

О дүниеге барғанда [есекпісің],

Екі жастың обалы мойныңда құл.

 

Шығамын деп аяғы тая берді,

- Тарт сана, деп құшағын жая берді,

Тартып тұрып құдықтың жағасына

Шашын кесіп шыңырауға қоя берді.

 

Қодар құлдың ажалы жетті дейді,

Бұйда пышақ өкпеден өтті дейді.

- Ойбай, Баян, сен маған бұлай қылдың,

Мені тентек Баян жан, құдай қылды.

 

Қозыкеден, аһ, Баян, онда айрылдың.

Мұнда тірі байыңнан тағы айрылдың.

Қозыкенің алдың қой (өлі басын),

Екеуімізден айырылып қараң қалдың.

 

- Құл да бұлай болар ма, сірә ғана.

Ажал айдап жүр екен сені ғана.

Баян сұлу керек пе шетемір құл,

Алатұғын неме екен мені ғана.

 

Енді өмірді тілеймін көбірек күн,

Ақылыңды мен білдім өзімнен кемірегін.

Сен қылғанды, а, Қодар, мен де қылдым,

Соныңменен жата тұр бәдірегім.

 

***

 

Қодар өліп, құдықта қалды дейді,

Баян жары қасына барды дейді.

Баян жары қасына барып тұрып,

Басын бұрып, мойнына салды дейді.

Қырық күн жауын жауыпты бір жел тұрып,

Баян келді құдықтан құлды өлтіріп.

Қодар құлды өлтіріп келгеннен соң,

Алған жарын жоқтайды енді өкіріп.

 

Жоқтағанда не дейді енді Баян,

Салғанына Алланың көнді Баян,

Кішкентайдан бір өскен құдайым-ай,

Өзі жоқтай басыңа келді Баян.

 

- Жатырмысың ей, жалғызым, жер бауырлап,

Қарға жүні қамыс оқ оны ауырлап,

Құдай қосқан қосағың Баян келді,

Тұра келсең нетеді күліп-ойнап!

 

Кішкенеден атадан жетім едің,

Тілін алмай жұртыңнан кетіп едің,

Сан кісіге болармын деуші едің ғой,

Есіктегі Қодардан нетіп өлдің?

 

Байғұс сені не қылып қара басты,

Қодар оғы шырағым араласты.

Жасағаным, құдайым жан беретін,

Құшақтасар күн барма қойындасып?

 

Жатырмысың ей, жалғыз, жалғыз оққа,

Жамбасыңа жер өтті, жаның жоқ па?

Әзер*43 жақсы болса да қайғырмаңыз,

Інісі жоқ артында жалғыз боққа.

 

Кішкенеден атадан қалдың жетім,

Күнге күйіп сарғайды ақша бетім,

Құдай сені көзіме көрсеткен соң,

Көрмей қалдың дүниенің өнер бетін.

 

Құлдан қисық болар ма мұнан асқан?

Жаным жалғыз қан тартып қара басқан.

Көрсетпесі бар екен өнер бетін,

О бастан-ақ құдайым неге қосқан?

 

Ақылы азған, ей қақпас, о бастан қоспасаңшы,

Қосқаннан соң сөз бұзып қашпасаңшы!

Кімнің құлын аядың, жалғыз байғұс?

Баяғыда қырып-ақ тастасаңшы!

 

Алтынды ер, ақ боз ат міне алмадым,

Мен бүйтерін Қодардың біле алмадым.

Өзің қостың, а, тәңірім, өзің алдың,

Бір армансыз мен ойнап күле алмадым.

Бір пәледен құтылып қаша алмадым,

Қара басып ұйқыңды аша алмадың,

Ояу болсаң, ол итке қылар едің,

Ұйықтап жатып Қодарды ата алмадың.

 

Сені естісе жұртыңыз жылар ма екен?

Атың тұлдап*44, қараңды қылар*45 ма екен?

Жасағаннан жаныңды тілеп тұрмын,

Баяғыңдай ойнар күн болар ма екен?

 

Бұ Баянның ойлаған ойы дейді,

Басын оңға қаратып қойды дейді,

Құдайынан сол жерде жан тілейді,

Астындағы ақ боз ат сойды дейді.

 

Жылайды екен сол Баян сана қылып,

Құдай қойды көңілін ала қылып.

Алған жары өлген соң жазған Баян,

Күні-түні жылайды-ау налы болып*46.

 

Қозыкеме тұлдайды қара көкті,

Әулиеге сыйынып көп түнепті.

Ақ боз атты құдайға айтып сойып,

Құдайынан сол жерде жан тілепті.

 

Баянның барады енді дәурені өтіп,

Құдай қойды байғұсты әуре етіп.

Күні-түні зар қылып тілегенде,

Баба түкті шашты Әзіз келді жетіп.

 

Ақ шалмалы біреу келді аты ақсаған,

- Қандай адам далада зар қақсаған?

Тілегіңді тілеші, жаным балам,

Бір тілекті берейін енді саған.

 

- Налыс қылсам, һауадан пірім келер,

Таяғы бар түбінде аса темір.

Тумай тұрып қосылған жарым еді.

Енді бұған тілеймін жеті ай өмір.

 

- Салғанына Алланың көндің дейді,

Даусыңа шыдамай келдім дейді.

Тілегенің сол болса, жаным балам,

Жеті ай өмір мен саған бердім дейді.

 

Жер дүниенің бәрі де күңіреніпті,

Мұндай ақырзаманды кім көріпті?

Өліп қалған, жігіттер, Қозыкеме

Бабай түкті шашты Әзіз жан беріпті.

 

Жасағанның қылығы күшті дейді,

Сырлы аяққа бал құйып ішті дейді.

Үш күндейін ойнасып жарыменен,

Баяғыдай тербене түсті дейді.

 

Мінді дейді Қозыкем көк серекті,

Мекен қылды сол жерде Шоқ теректі.

Жеті ай түгел қыдырып Қозы Көрпеш,

Кезді дейді шарық ұрып төңіректі.

 

Өз жұртынан Қозыкем безді дейді,

Дүниеден күдерін үзді дейді.

Жеті ай түгел қыдырып Қозы Көрпеш,

Дүниенің төрт бұрышын кезді дейді.

 

Ердің жасы екі төрт бел-ді дейді,

Салғанына Алланың көнді дейді.

Жеті ай түгел қыдырып, Қозы Көрпеш,

Төрт бұрышынан дүниенің келді дейді.

 

- Кесір құлдан құдайым жасқана ма,

Жақын келші, Баян жан, қасқанама.

Еңсем түсіп барады, Алла менің,

Жастық қойшы, а, Баян, басқанама.

 

Әр тарапты қыдырып келді дейді,

Бармаған жер қалмаған енді дейді.

Шоқ теректің түбінде күні бітіп,

Қозы Көрпеш сол жерде өлді дейді.

 

- Қалған жаным не болар мұнан аяп,

Ақша бетін салыпты қанға бояп.

Құшақтасып сол жерде жата қалды,

Бұйда пышақ ұшына ішін таяп.

Қозы Көрпеш сол жерде өлді дейді,

Үш жылдан соң бір адам көрді дейді.

Көрген адам сол жерде танып тұрып,

Екі айырып екеуін көмді дейді.

Қалған екен Қозыкем сағынысып,

Бір жатыпты қара кіс жамылысып.

Ақ жұмыртқа болысып жерден шығып

Жер жүзінде ойнайды шағылысып.

 

Ата-анасы Баянды қарамайды,

Балам қайда кетті деп сұрамайды.

Ақ жұмыртқа болысып жерде ойнаса,

Қоңыз болып Қодар құл аралайды.

 

Қозыкемнің түбіне Қодар жеткен,

Екі айырып екеуін көміп кеткен,

Баян менен Қозыкем тек емес-ті,

Екі жерден бәйтерек болып біткен.

 

Қозыкемен Қодар құл атысыпты.

Бірге барып жарымен жатысыпты.

Екі жерден бәйтерек болып бітіп,

Басы барып бірігіп жабысыпты.

 

Дәрі құяр сол Баян жарасына,

Қодар құлдың қылығын қара сана.

Қозыкені өлтірген анау Қодар,

Шеңгел болып бітіпті арасына.

 

Құл өлтірген мырзаны қай халықта,

Сол Қодарды Баян да жай қылыпты*47

Қозыкені өлді деп естіген соң,

Сонда жүріп сол Айқыз қайғырыпты.

 

Қозы Көрпеш бір байдың жалғызы еміс,

Баян сұлу сіңлісі Айқыз еміс.

Қозыке өлсе, қайғырған Айқыз сұлу,

Қозыкеңнің туысқан балдызы еміс.

 

Алпыс ұлдың Қодар құл басы дейді,

Қозыкемен өштескен қасы дейді.

Қозыкені өлді деп есіткен соң,

Тамағынан өтпейді Айқыздың ішкен асы дейді.

Құл көрінсе, жарайын бәрін де деп,

Бұ қайдан келген шұнақ құл, жерінде деп,

Айқыз солай зар қылып жүргенінде,

Қозыкені есітті тірілді деп.

Бір қылмысты айтады мен аймын деп,

Тәңірі салса, әрине, көнемін деп.

Жүгіре шығып сол Айқыз кетті дейді,

Жездем менің тірілсе көремін деп.

 

Ғажап тарих құдайым істепті,

Қодар құлға Баянды көрсетіпті.

Айқыз жолда жете алмай бара жатса,

Қозыкені өлді деп тағы есітті.

 

Қозыкемен Қодар құл қас болыпты,

Алпыс құлға Қодар құл бас болыпты.

Қозыкені өлді деп естіген соң,

Тұра қалып сол жерде сынтас бопты.

 

Қозы Көрпеш Баянның болған шағы,

Таза гүлдей аршылып солған шағы.

Қозы Көрпеш өлген соң, Баян да өлген,

Сондай болсын әркімнің алған шағы.

 

Қозы Көрпеш атанды мөлдір көзге,

Қосылады әр жерде айтқан сөзге.

Өлсе-дағы Қозыкем арманы жоқ,

Сурет болып бітіпті Аягөзге.

 

Жан біткенді жалмаған қара жерсің

Жалғыз туған Қозыкем сен бір ерсің,

Жебеп-жылап жүре көр, есіңе алып,

Ақыретке барғанда біздерді бір көрерсің.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369