[ҰЛЫ ЖҮЗ ҚАЗАҚТАРЫН БАСҚАРУ ТУРАЛЫ]
Айналамызда, империяның қиыр шетіндегі халықтар ұйқыдан ояна бастады, оларды жүздеген жылдар бойы басқан қара түнек жоғала бастады*1. Қытайдағы ішкі толқулар осы кезге дейін тыныш жатқан алпауыт елдің ақыл-ойының оянуына түрткі болып, бұл қандайда бір табиғи жолмен болатын төңкеріс арқылы шешілуі тиіс. Басқа жағынан алғанда, Бұхарадағы Орта Азияның мұсылман хандықтарында түрік сұлтанының араға от салатын фирмандары пайда болыпты, оны Бұхара әмірі мұсылмандар арасына өз эмиссарлары арқылы таратпақ, ұзынқұлаққа қарағанда ағылшын алтыны мен Стамбулдан адамдар пайда болған; орыс тауарлары ортазиялық базарларда бәсекесіз біріншілікке ие боп тұрған, жақын уақытта ағылшын тауарлары мен еуропалық жетілген мылтықтардың да пайда болары күмәнсіз. Мұның барлығы сақтық шараларын қабылдауды талап етеді. Түсінікті болу үшін біздің ортазиялық шекараның жағдайын қысқаша баяндауды артық деп санамаймыз.
Сырдариядағы форт Перовскийді алып, Іле өлкесіне Верный бекінісі салынған соң Ресей Орта Азияның қақпасына империя иелігін оңтүстікте жатқан хандықтардан бөлу үшін шек қойылып, бағаналар орнатып, шекараны бөлді.
Бұл шекара әлі күнге дейін толық анықталмаған және аз танымал. Ол шартты түрде Шу өзені бойымен деп саналады, бірақ бұл белгі де халық аузында орыс, қайсақ және қоқандықтар арасындағы шекара белгі деп есептеледі.
Айналамызда, империяның қиыр шетіндегі халықтар ұйқыдан ояна бастады, оларды жүздеген жылдар бойы басқан қара түнек жоғала бастады*1. Қытайдағы ішкі толқулар осы кезге дейін тыныш жатқан алпауыт елдің ақыл-ойының оянуына түрткі болып, бұл қандайда бір табиғи жолмен болатын төңкеріс арқылы шешілуі тиіс. Басқа жағынан алғанда, Бұхарадағы Орта Азияның мұсылман хандықтарында түрік сұлтанының араға от салатын фирмандары пайда болыпты, оны Бұхара әмірі мұсылмандар арасына өз эмиссарлары арқылы таратпақ, ұзынқұлаққа қарағанда ағылшын алтыны мен Стамбулдан адамдар пайда болған; орыс тауарлары ортазиялық базарларда бәсекесіз біріншілікке ие боп тұрған, жақын уақытта ағылшын тауарлары мен еуропалық жетілген мылтықтардың да пайда болары күмәнсіз. Мұның барлығы сақтық шараларын қабылдауды талап етеді. Түсінікті болу үшін біздің ортазиялық шекараның жағдайын қысқаша баяндауды артық деп санамаймыз.
Сырдариядағы форт Перовскийді алып, Іле өлкесіне Верный бекінісі салынған соң Ресей Орта Азияның қақпасына империя иелігін оңтүстікте жатқан хандықтардан бөлу үшін шек қойылып, бағаналар орнатып, шекараны бөлді.
Бұл шекара әлі күнге дейін толық анықталмаған және аз танымал. Ол шартты түрде Шу өзені бойымен деп саналады, бірақ бұл белгі де халық аузында орыс, қайсақ және қоқандықтар арасындағы шекара белгі деп есептеледі.
Ортазиялық жерлермен түйіскен Сібір ведомоствасындағы қайсақтардың жері Батыс Сібірдің барлық оңтүстік бөлігін қамтып,
1 000 000 шаршы шақырымнан астам жерді алып жатыр. Оңтүстігінде ешқандай нақты шекарасы жоқ, ол жақтан өтуге қиын, бос, Шөл дала деп аталатын жазық аймақпен, батыстан шығысқа Орынбор қайсақтарының шекарасынан Балқаш көліне дейін 700 шақырым, ал ол жерден шығысқа қарай тағы да 600 шақырым – сол көлмен, Іле өзені және Іле алқабындағы Верный бекінісімен шектеледі.
Сібір ведомствасы даласынан оңтүстікке қарай Ұлытау станицасы мен Ақтау бекінісі орналасқан. Тек түйе керуендері ғана шөлді, құмды және құнарсыз даладан өздеріне қорек және бір-бірінен өте қашық орналасқан суы аз құдықтардан нәр табады.
Даланың қазіргі Семей облысын құрайтын сол жақ қаптал оңтүстіктен шығысқа қарай қар басқан Алатау таулары жотамен қоршалып, өткен ғасырда император Цянь-Лунь билік жүргізген кезде қытайлықтар жаулап алған бұрынғы Жоңғария мен Кіші Бұхараға қарайды. Бұл қапталдың оңтүстік шеті Қоқан иелігімен шектесіп келгенімен, орталығына Ташкент, Құлжа, Қашғарға кететін негізгі жолдардың тоғысында жатқан Верный бекінісін салып, Ресей Іле алқабына табан тірегендіктен, кеме жүруге болатын Іле өзені мен қырғыз тауларының арасында орналасқан бұл шеп егер Ресейдің бодандығына бұрын қоқандықтар езгісіндегі барлық қара қырғыздар кірсе, әрине олар үшін ең пайдалысы, Ресейдің қол астында болу.
Оңтүстік шекараны қоршап, оны Орынборлық Сырдарияға қоспай бір-бірімен байланысқан ерекше линиямен Шөл даланың солтүстік жағында, төменгі ағысында, бірде-бір бекініс жоқ Шу өзенінің төменгі ағысын да қоршау мүмкін емес. Бұған қоса, Шу өзенінің осы бөлігінде Шөл дала отын, жайылым және судан мақұрым (Сарысу өзенінен басқасы) қалғандықтан, бекіністі қамтамасыз етіп отыру қиын. Шу өзенінің жоғарғы жағы ғана қырғыз тауларынан шыққан тұсынан Балқаш көліне жақындайтын жерге дейін отырықшылыққа қолайлы және [бұл жерді мекен ету] Іле бекінісі Верный мен Қапалдан тасымал жасау арқылы мүмкін болумен қатар, Шу өзенінен жүз шақырым жерде, оңтүстікке қарай орналасқан Балқаш көлі арқылы да уақыт өте келе мүмкін болады.
Шу өзенінің жоғарғы ағысынан линияның ең жақсы бағыты Шумен қатарласа жүретін Сырдария өзеніне дейінгі Әзірет немесе Түркістан қаласына жақын орналасқан Күнгей Алатауы мен оның солтүстік сілемі болар еді. Шу өзенінің жоғарғы жағынан Ташкентке дейінгі жолдың жартысын Ұлы жүздің жалайыр және дулат руының қайсақтары ұстап тұрғанын және қоқандықтардың бұл қазақтарды азғантай бекіністермен бағындырып тұрғанын және олардан сол бекеттерден шыққан қарулы жасақпен зекет жинайтынын ескерсек, бұл жерден қоқандықтарды қуу арқылы қазақтардың көші-қоны мен көшпенді салтына зиян тигізбей, олардан қолдау табамыз деп үміттенуге болады.
Сібір ведомствосы осы бір қайсақтың кең даласындағы көшпенді халықтың пайдасы мен қажетіне жарап, ол арқылы салт-дағдысына нұсқан келтірмейтіндей дұрыс билік жүргізуді бекіту – біздің жоғарғы биліктің үнемі басты назарында тұрған мәселе.
1854 жылы билік басындағы Сенатқа сол жылдың 19 мамырында берілген жоғарғы жарлық негізінде қайсақ даласы екі бөлікке бөлінді: оның бірі даланың оң жақ бөлігін құрап, 5 сыртқы округтен тұрды, оларды Сібір қырғыздарының облысы деп атап, бұрынғы басқару әдісі қалдырылды, ал солтүстік бөлікте орналасқан және Ертіс өзенінің оң жағындағы Көктөбе және Аягөз округтерінен құралып, қайсақтардың ішкі округінен, Қапал әскери округінен, Семей және Өскемен қалалары мен Бұқтырма бекінісінен тұратын бөліктен Жоғарғы қаулы негізінде ерекше Семей облысы құрылды.
Сібір ведомствасындағы қайсақ даласын екіге бөліп, сол жақ бөліктен ерекше басқару орталығын жасауға басты себеп болған жағдайлар: біріншіден, Сібір ведомствасындағы кең-байтақ даланы алып жатқан қайсақтардың үлкен тобын бөлу және жоғарыда аталған екі бөліктің дамуын үкіметтің пайдасына және жер жағдайына ыңғайлап жүргізу және оң жақ бөлігінде басым қайсақтардың мал өсіру кәсібін сақтап, сол жақта егіншілік пен отырықшылықты күшейту; екіншіден, саяси, әскери және қаржылық тұрғыдан өте тиімді сол жақ бөліктің азаматтығы мен өндірісін дамытуды тездету. Бұл шептің шығыс жағы, қазіргі Семей облысы қытай шекарасына тіреледі, ал оңтүстігі – Ташкент пен Қоқанмен шектеседі; табиғаттың барлық сыйын алған бұл өлкенің саяси және сауда маңызының жоғарылығы жақсылап бақылау мен отырықшылықты нығайтуды талап етеді.
1853 жылғы Жоғарғы жарлық бойынша Іле алқабы Қапалдан шығысқа қарай 400 шақырым жер басып алынды, ал 1854 жылы сол арада Верный бекінісін тұрғызу, қытай шекарасымен шектескен Іле алқабы мен Лепсі өзенінің жоғарғы ағысы және Үржар маңында казак қоныстарын салу басталды. Бұл қоныстардың орны таңдалды және белгіленді. Көшіп келушілердің жартысы өткен 1855 жылы келді, ал қалғандары биыл 1856 жылы орнықты.
Іле алқабы Алатау округіндегі аса маңызды бөлік. Бұл алқаптың кеме жүре алатын Іле өзені жарып өтетін және оңтүстік-шығысында қар басқан таулармен қоршалған құнарлы жері, шүйгін өсімдіктері мен тамаша ауа райы және тұнық мөлдір суының молдығы оны Батыс Сібірдің ең жақсы өлкесі етеді. Саяси, әскери және сауда байланысы тұрғысынан алғанда Іле өлкесі үлкен маңызға ие. Үш ірі мемлекет пен Ташкент, Құлжа және Қашғарға апаратын жолдардың тоғысында тұрған ол қоқандықтар мен қытайлардың шабуылына тойтарыс беретін бірінші тірек, ол жерге орнығу арқылы Ұлы жүзде тәртіп пен тыныштық орнату оңай болады. Қоқан және Ташкентпен іс жүргізуге үлкен ықпал етуге болады, осы араға сауда жолдарын тарту қырғыздармен жақындасу арқылы қамтамасыз етіледі, Қашғария, Яркент және Тибетпен, Орта Азияның өзге жерлерімен сауда қарым-қатынасын жасауға болады.
Іле алқабын қосып алу нәтижесінде қырғыздардың ықпалды руларының бірі бұғу 1855 жылы орыс бодандығына мойынсұнды, енді оның артынан өзге қара қырғыз тайпалары бұғудан үлгі алатыны күмәнсіз. Бірақ сонымен қоса ол жерді қосып алу өзге көрші мемлекеттердің: Қоқан мен Ташкенттің назарын, әсіресе, Ақмешітті алғаннан кейін аударды.
Іле өзенінің арғы бетінен орын алудың барлық маңызын түсінген қоқандықтар өз тарапынан Бішкек, Меркі, Әулиеата шекаралық бекіністерінің қорғанысын күшейтіп, Ресей боданындағы Ұлы жүз қайсақтары мен қара қырғыздарды айдап салып, өздері жаққа шығарып алуға тырысуда.
Ұлы жүз қайсақтары қазір де әскери штаб-офицерлерден болған приставына ерекше бағынады. Ол қайсақтарды Сыртқы істер министрлігі жасап, 1848 жылдың 10-ші қаңтарында Жоғарғы мәртебелі бекіткен нұсқау негізінде басқарады. Бұл нұсқау бойынша, шектен шыққан, кейінге қалдыруға келмейтін, сатқындық немесе көтерілістің алдын алу, Ресейге бағынышты емес тайпаларды күшпен қуу, барымташылар тобын қудалау сияқты әрекеттер болған жағдайда приставқа Жетісудағы әскери күштерді қолдануға рұқсат етілген.
Іле алқабына орналасып, қара қырғыздардың біраз бөлігі Ресей билігіне өткеннен кейін, Ұлы жүз қайсақтарына қарайтын приставтың маңызы артып, оның іс-әрекетінің аясы кеңейе түсті. Оның орны Қапалдан Верный бекінісіне ауыстырылды, сол арадан Ұлы жүз бен қара қырғыздарды және Қоқан шекарасында болып жатқан жағдайды байқай алады. Мұндай жағдайда приставқа қайсақтарды басқартып қана қоймай, Іле өлкесіндегі бар әскерді бағындыру керек және осы өлкені негізгі бір басшыға қаратып, осылайша әскери және азаматтық билікті шоғырландыру арқылы жеке бастықтардың барлық әрекетін бір басты мақсатқа – Ұлы жүз қайсақтары мекендейтін (Қаратал мен Шу өзендері арасындағы) кең-байтақ жерді саналы басқаруға жұмсау керек. Қазіргі приставтың қолына барлық әскердің, өлкенің және онда өмір сүретін тайпалардың билігін беру сол үкімет шенеунігіне шығыс халықтарына тән сеніммен Ұлы жүз қайсақтарының күш пен билікті мойындауына әкеледі. Мұндай жағдайда өлкедегі билікті бөлу қолайсыз әрі зиянды әрекет болар еді. Картаға қарай отырып осы өлкемен шектес жерлер мен рулар жағдайын салыстыру жеткілікті. Шу өзенінен Күнгей Алатаудың шыңына дейін, Боралдай мен Қаратауды мекендейтін көшпенді қайсақтар, көбіне дулаттар мен жалайырлар Қоқан үкіметіне бағынуға ықылассыз екені байқалады. Қоқандықтар Шу өзенінің жоғарғы ағысына Ресейден қорғанудан гөрі, оларды өз билігіне бағындырып ұстау үшін бірнеше бекініс орнатты.
Осындай себептерге байланысты, Ұлы жүз қайсақтарын бақылайтын приставты Іле өлкесінің басшысы деп өзгертуді ұсынар едік және жоғарыда айтылғандай, оған қайсақтармен қоса Іле өлкесіндегі әскерлерді де, яғни тұтас өлкені бағындырған жөн дер едік.
Қайсақтарды басқаруға байланысты, Іле өлкесінің басшысы Ұлы жүз приставына арналып, Жоғарғы мәртебелі бекіткен нұсқауларына сүйенуі керек, қазіргідей Сыртқы істер министрі мен Батыс Сібір генерал-губернаторының ведомствасында тұруы қажет, ал әскерлер мен өлкені басқару үшін ол Батыс Сібір генерал-губернаторы мен жеке Сібір корпусының қолбасшысы тарапынан ерекше нұсқаумен қамтамасыз етілуі қажет. Басшыға жаңаша міндеттер беріліп, оның іс-әрекетінің аясы кеңеюіне байланысты, оның жұмысы көбейетіндіктен, оған қайсақтарды басқару және азаматтық істер жөнінде әскери емес шенеунік және тұрақты қайсақ депутатын көмекші етіп тағайындау қажет. Ол депутат қайсақтардың ортақ келісімімен үш жылға сайлануы керек. Осы мәселе бойынша ұсыныстар Сыртқы істер министріне осы жылдың 16 қыркүйек күні жасалды.
جامع التواريخ*1- тан ҮЗІНДІ
فصل اول در تاريخ))
Бірінші бөлім, тарих
Әңгіме басы: оғыз тайпасы 24 буынға бөлінді, олар оның балаларынан, туыстары мен онымен бірге болған өзге жақындарынан тараған еді. Тайпалар: ұйғыр1, қыпшақ, қаңлы, қарлұқ2 және қылыш*2. Бұл тайпалар پیدا [بولـدی]*3 болды. Мұның барлығы мұсылман тарихы мен еврей халқының бес кітабынан مسطور ترور белгілі. Нұх, оған Алланың сәлемі болсын, жерді солтүстік-шығыстан*4 оңтүстікке дейін үш бөлікке قسم бөлді: біріншіден: Хамға3 (оның туған балалары Судан4 атасы болатын اوز اوغلانلاری سودان اتاسی ایردی) немесе Қаралар – Зеңгілер, оның ұрпақтары Үндістан мемлекетінде; орталық бөлігін Самға берді, ол араб пен парсылардың атасы немесе ғажамдықтар мен арабтар оның ұрпағы; үшіншісі, Яфес – түріктердің атасы, басқаша айтқанда, солтүстік-шығыста кітабы жоқ халықтар5 соның ұрпағы. (Солайша) Яфесті шығысқа жіберді. Монғолдар мен түркілер терминін кейіннен қолдана бастады, өйткені түркілер Яфесті Абулжа хан ابولجه خان деп атай бастады, бірақ сол Абулжа ханның Нұхтың, оған Алланың сәлемі болсын, ұлы екенін білмейді.
Сол уақыттан бастап барлық аснаф-монғолдар*5 және далада отырған түркілер соның ұрпақтары. Оның мұндай түсіндірмелері تقریر قلیندی сахарада отырған Абулжа ханصحرادا اولتوروشلق деген түрде келеді. Оның жайлаулары – Ортау пен Кертау6 деп аталатын таулар өте үлкен, биік болды. Сол жерлерде Анджа-там7 деп [аталатын] қала барاول یرلاردا شهر ترور انجاتام, оның қыстаулары да сол жерде*6 تورور. Жер атаулары: Юрсук8, Қақтан және Қорқұрым یورسوق، قاقتان وقرقورمкейіннен Қарақорым9 деп аталды. Талас10 және Қари Қирм11 қалалары طلاس قاری قرم улерка юкрак трур*7. Ол қала өте көне және өте үлкен. Оны көргендер كیم ایرسنا қаланы басынан аяғына айналып шығуға бір күн кетеді, 40 қақпасы бар дейді. Қазіргі кезде ол жер мұсылмандарға толы және мұсылмандарға тиесілі. Бұл Абулжа ханның Диб-Якуй деп аталатын ұлы болды. Диб деген сөздің мағынасы – тақтың жоғарғы тұсы, якуй – (Абулжа ханның) сол ұлының күшті және бақытты тайпасы قوم, әскери қаруларыشوكت اسبابی және патшалық билігі – барлығы керемет болды. Оның төрт ұлы болды: олардың аттары Қара хан, Өр хан, Көр хан және Көз хан قراخان، اورخان، كرخان، كزخان. Жалпы, مجموع сол тайпа дінсіз еді, Қара хан әкесінің жұртында اتاسی یورتوندا өмір сүрді. Сол жерде Қара ханның ұлы туды.
Содан кейін Оғыздың туылуы және жар таңдауы туралы жалпы жыр қайталанады. Оғыз 2 сұлуға үйленеді, бірақ оларды жырақта یراق دا ұстайды, себебі олар аспандағы бір Құдайға сенгілері келмеді және жақсы көріп олардың үшінші сіңлісіне, өзінің балдызына үйленді, онымен алдын ала өзінің махаббат шарттарын айтып келісті, ол бір Құдайға сенуге және сыйынуға тиіс болды. Осы айтулы аруды өзен жағасында кір жуып жүрген өзінің қызметші күңдерімен қыдырып жүрген жерінде кездестірді. Оның әкесімен соғысы баяндалады Әбілғазы мен Шайбани наме оқиғасына өте ұқсас. Соғыс 75 жылға созылады, соңында Оғыз واولوس لشكرنی تمام جامیش قیلدی لار. عافیت الامر اوغوز انلارغه غالب بولدی، انلارننك ولایتلارین تاتلاش صیرم دین بخاراغه دیكاچ الدی، بارچه سی اوغوزغه مسلم بولدی. Татлаш*8 пен Сайрамнан12 Бұхараға дейін барлығын бағындырды. «Бауырлары мен балалары Оғызға бөтен باقشه болған халықтар солтүстік-шығысты*9 мекен етті; барлық монғолдар солардың ұрпағы». Сол кезде олар (монғолдар) кәпір болатын, кейіннен олардың ұрпағы үлкен тайпаға айналды. Оғыз өзіне халықты бағындырып, таққа отырғанда сол жерге алтын [шатыр]*10 тігіп, үлкен той жасады, өз туысқандарын, құрметтілерді орындарына отырғызып, барлығына сыйлық берді, барлық әскерді орнымен тұрғызып, барлық халқы-тайпасымен خلق قومی بیلان оң жақта болды; ұйғырлар Баят بایات – күш бақуаттылық деп атап, тамғасы ункун (он күн) болды*11.
جامع التواریخ، غازان، 1851 داستان اوروس خان13
Біз айтып өткен заманда Шыңғысхан әскерлерін өз балаларына бөліп, әрқайсысына төрт мыңнан берді. Жошыға 14 төрт мың әскер берді. Ол Еділ бойында дүние салды, оның әскерінің барлығы екінші ұлы Батуға15 қалды, Бату Сайын хан деп аталды. Сайын хан барлық батыс елдерін, Ібір-Сібір, Бұлғар بولار, башқұрт باشغردنی, орыс, шеркес, неміс курал نمچ كورال, Қырым, Дешті Қыпшақтан Темір қақпа16 деп аталатын жерге дейін билік етті. اوزی өзі Еділ бойында ажал тапты. Көптеген оқиғалардан кейін ұлыс Тоқтағу ханға тиді. Тоқтағу ол кезде Ноғаймен17 (توقتاغه نوقای) тату болмады, онымен көп соғысып, аяғында بالآخر Ноғайды жеңді. Ауру болса да, бірнеше كيم إيرسا он жеті әскерімен Ноғай башқұрттарға қашты باشغردغه كلار. Жолда орыстар ұстап алды, орыстарға мен Ноғаймын деді, орыстар оны ұстап, Тоқтағуға әкеле жатқан жолда ол өлдіاوروس توتوب توقتایغه الیب كیلاتور ایردی یولدا اوق اولدی*13. Тоқтағу бірнеше жыл Еділ бойында билеуші болды, одан соң اندين سونك Тоқтағу дүниеден өтті. اول توقتایغه نچه ییل لار پادیشاه لق قیلدی ایدیل بویونده، اندین سونك توقتایغه اولدی. Оның тұқымынан ешкім қалмады. Башқұрт Тоқбұға бек оның тұсында ұлы әмір бек болды, باشقر توقبوغا بیكی اولوغ امراء بیك یولدی; мен соңғы يولدى сөзін بولدی болды деп оқыдым. Одан соң Хорезми خوارزمی бек болды. Мұса18 мен Ямғұршы19 бір анадан туған еді. Жаңбыршының ұлы Ағыш20 اغیش бек болып, ұлысты биледі اولوسنی اول بیلدی, мен اولوسنی اول بیلادی деп оқыдым. Шидақ شیداق21 Мұса бектің ұлы Хасан22 бектен кейін Алшағыр мырза23 الچغیر مرزا бек болды. Кейіннен Шейх-Мамай24 мырза ұлысты биледі, бірақ бек атанбады. Одан кейін Мұса бектің ұлы Юсуф бек25 бек [болды]. Одан соң [тағы да] Мұсаның ұлы Исмаил26 бек болды, бұдан кейін осы күнге дейін оның тұқымынан бек шықпады, өзгелер құрметтен ада болды.
داستان حاجی محمد خان بن بیك قوندور اولان*14
Қадырберді хан28 قادر بردی Едіге бекпен соғысқан кез болды. Жайықтан Елек өзені шығады,*15 одан үш сала тарайды*16 اندین اوچ بورته چیقار. Осы үш бұлақтың ортаңғысында Қадырберді хан мен Едіге бек аяусыз соғыс سنچش. Қылды. Ол [кезде] Қажы Мұхаммед әлі ұлан болатын. Бір халық екіншісін жеңе бастады بر ولایت بر ولایت قه اوتوب بارور ایردی.*17 Ұзынбұлақ баһадүр ұзын бойлы еді (былай деп жазылған اوزن بولاق بهادور یویلوق، سنلیغ ایردی мен оны: سنلیغ بویلوق ایردی деп оқыдым).
(Оның) жебесі өте ұзын еді; кейіннен Едіге бекке хабарлады, оны Едіге өзіне шақырып: «Қайдан келесің және қайда барасың?» деп сұрады. Ол: «Мен курал халқына كورال ولایتی бара жатырмын» деп жауап берді. Едіге айтты: «Сен менің қасымда бол, егер Құдай менің ісімді оңға бастырса, мен сені хан етемін». Ол келісті, осы соғыста Қажы Мұхаммед ұланды әскердің *18مقدمه сы жасады. Аяусыз қан төгісті. Қадырберді ханды алтын садақпен кесе атты قادر بردی خان نی التونلیغ قوللوغین كسا اتتی, мен التونلی خان نی قادر بردی قول اوغیمن деп оқыдым, осыдан кейін Ер Көше یركوشه де құлады, оны Нұқас Алтын баһадүр өлтірді. Өзбек ханның ұрпақтары арасында келесі әңгіме бар: Едіге бек те өлім құшты мыс, Мансұр29 бек болып, ал Қажы Мұхаммед ұланды хан қойған, біреуі хан, екіншісі бек болып, сөз бойынша өзбектер арасында өмір сүрді (اصلی اوزبك یا). Мансұр бекті Барақ хан30 өлтірді, содан кейін бір күні Қажы Мұхаммедті Барақ хан өлтірді (یراق خان; мен براق خان деп оқыдым); Қажы Мұхаммед ханның ұлы Махмутек31 محموتك хан болды, оның ұлы Құлық قولوق хан, оның ұлы Ибақ32 یباق хан, оның ұлы Мұртаза33 مرتضی хан, оның балалары: Жан Керей جان كرای سلطان, Ахмет34 اقمت كرای (мен احمد كرای деп оқыдым), Керей сұлтан мен Көшім хан. Қажы Мұхаммед ханның ұрпақтары осымен аяқталады.
داستان بولخایر خان بن تولوشیق اولان *19
Бұлқайыр хан35 Ташкент пен Түркістанда билеуші болды. Оның моласы Сығанақ سیغناقدا қаласында, оның ұлы Шахбұтақ сұлтан شاه بوتاق سلطان. Булхайыр хан Нұреддин мырзаның36 (نور ادین деп жазылған, نور الدین деп оқу керек) ұлы, Оқас бекпен37 үлкен дос болды, екеуі біреуі бір шетінен, екіншісі екінші шетінен бір тостағаннан [бал ішті]*20 және бір заманда біреуі хан, екіншісі бек болды деп айтылады تیولار (мен ایتورلار деп оқыдым). Шахбұтақ сұлтанның ұлы Шибақ хан, оның ұлы Темір, оның ұлы Көкбөрі كوك بوری, одан Көшім; Сүйіншік пен Ғабдулла хан да Булхайыр ханның ұрпағы, оның ұлы Бұрхан برهان хан, Жәнібек сұлтан да Булхайыр хан тұқымынан, оның ұлы Ескендір хан, оның ұлы عبد الله Ғабдулла хан. Көшім ханның балалары عبد اللطیف [Ғабдуллатиф] хан, оның ұлы ذو النون Зуннун сұлтан, сұлтан Сейіт хан, Жомарт хан сұлтан.
Сұлтан Мұхаммедханның балалары (түпнұсқада: سلطان سید خان جومارت خان سلطان محمد سلطان ترور, мен ... محمد سلطاننك اوغلانلری ترور... سلطان ترور قاچوردی شمال طرفیغه اچلیق سوسالیق بولوب یورو ایردی деп оқыдым).
Бұл жолдарды басқаша түсінуге және аударуға болмайды: сұлтандар... قاچوب ایردی ашықты, шөлдеді батысқа*21 شمال طرفیغه қашты, ол жерде Тубол баһадүрден توبال بهادور кейін және арғын Қарақожадан ارغون قرا خواجه кейін Ятым баһадүрді қарауылға یتم بهادورنی қойды. Өздері бірнеше нөкермен*22 (қамсыз) жатты*23.
سونك تاپا قراول صالدى يتم بهادورنى اندين وغيرى
Едіге Күшіктің ұлы ایدیكه كوجوك اوغلی Нұреддин мырза әскерініңمقدمه -сы болды, ол Ятим баһадүрдің қарауылын тұтқиылдан басып және бәрін бәрін (برین برین) өлтірді, хан өзі хабарсыз болды, солайша өлтірді *31كل شئ هالك إلا وجهه له الحكم وإليه ترجعون.
Тоқтамыс توقتامش ханның әйгілі және атақты балалары: 1. Желеладдин сұлтан; 2. Күшік сұлтан; 3. Жапарберді جفار بردي сұлтан; 4. Қалымберді كليم сұлтан; 5. Қадырберді хан, ал қызын Жәніке جانيكه деп атады, оны Едіге би ايديكه بي الدى (әйелдікке) алды. Едіге-Күшік (?) Жәнікені алғанда ايديكه كوجوك جانكه نى الغاندا Қадырберді хан 3 жаста еді. Жәніке Едіге бектен оны сұрап алып, бірде бір-екеумен (адаммен) براو ايكاو بيله жасырын Қырымға аттандырып жіберді. 11 жылдан кейін Қадырберді хан Қырым әскерімен Еділ өзенінен өтіп (اوتالجيب), Едіге бекпен шайқасып, бір соғыста оны өлтірді. Қырым әскерінің қолбасшылары: «Бұл жылы жазды осында көшіп-қонып өткіземіз, жылқымызды қоңына келтіреміз, сонда соғысуға күшіміз жетеді (قريم لشكري امراء اولوغ لار بوييل يازغي سين يايلامش قيلاليك (اتيمز سيمور تالنك تا اوروشقه قوت شوكت پیدا بولغای), – деді».
Бұл жер түсініксіз және мағынасы жоқ, мен оны قريم لشكري(ننك) امراء اولوغ لاری ایدی لار بوييل يازغي سين бұл жаз يايلاو قيلالنك деп оқыдым, اتمز дұрысы اتميز, т. б.
بموضع қыста قشقیسن барамыз, сонда Еділге мұз қатады деді. Бұл сөзді жаратпады[اول سوزنی یراتمادی], Еділ қатса, кім өтпейді, Едіге өлсе, кім бармайды*32 مصرع تركی: [ایدیل تونكسه كیم كچمك, ایدیكه اولسه كیم بارماس].*33 Еділ жақында қатпайды, Едіге жуықта өлмейді. Осындай серт خروج жасап, алапат соғыс бастады, Едіге жараланды, хан да жараланды, екі жақтың әскері бірін-бірі талқандады مصاف قیلشتی.*34 Ешкілі ұлы ایچكلی اوغلی Хасан38 Едіге бидің اخته اتين*35 ұстап, Қадырберді ханға Едігенің осында екенін айтты: ол келді де өлтірді. Қадырберді хан сонда алған жарасынан*36 біраз күннен кейін өзі де өлді.
Темір Құтлық داستان تیمر قتلوق خان بن تیمربیك اولان*37
Еділ бойында Қажы Тархан (Астархан حاجی ترخاندا мемлекеті бар, ол жайында жазбаларда, әр жерде баяндалады. Едіге бек пен Темір Құтлық екеуі біреуі хан, біреуі бек болды. Біраз уақыт [өткен соң]*38 артына көп ұрпақ қалдырып, ана дүниеге кетті. Темір Құтлықтың ұлы Темір хан, оның ұлы Болат хан, оның ұлы Кішік Мұхаммед хан, оның ұлы Ахмет хан. Ахмет ханның үш әйелінен 9 ұлы болды. Олар: سلطان حسن مرزاننك قرنداشي بيكاي بيكم دين توغان, сұлтан Хасан мырзаның қарындасы Бикей бикемнен: Мұртаза хан, Едіге сұлтан, Хусеин хан, Дәулет сұлтан туды; Бер бикемнен بر بكم: Шейх Ахмет хан, Қожақ сұлтан قوجاق; Жанай сұлтан; Үйсін бикемнен اويشون يكم – Сейіт Махмұд хан, Сейіт Ахметхан және Баһадүр сұлтан; Ұлық Мұхаммед ханның балалары: Махмутек хан, Қазан халқына аттанды, оның ұлы Ибрагим хан, оның ұлы Махмет Амин хан, Ғабдуллатиф хан және Гауһаршад ханым كوهرشاد خانیم;
Кішік Мұхаммед ханнан [тағы да ] Махмуд хан, Ахмед хан, Якуб сұлтан, Бахтияр сұлтан. Темір-Құтлықтың ұрпақтары осымен тәмам.
Қажы Гирей хан39 داستان حاجی كرای خان туралы*39: Дулук Қияс ұланның دلوك قیاس, Дәулетқожа ұланның, Тастемір ұланның, Темірқожа ұлан, Қара Қияс Көбежік ұланныңقره قیاس كوجابك اولان ұлы. Қажы Гирей ханның ағасы Жан Гирей сұлтанды*40 өлтіргеннен кейін, ол қашып жүріп, Шақырғанбайда جاغـرغان بایغه қызметте болды, алауыз болған бектер*41 Қажы Гирей сұлтанды тауып, һижраның 906 жылы, جمادی الاخر*42 айында хан қып сайлады. Сұлтан руынан Али Құлшора قل چورا сұлтанның ұлы басшы. Оймас руынан Балташ бай اویماس ایلی ننك بالتاج بای 10 адаммен; қашы руынан Қошай ұста 10 адаммен كاجی ایل ننك قوچای اوسته; сырда руынан Құл Әлібай 10 адаммен سردا ایلی ننك قلی علی بای; шыжық руынан Жаңбыршы мен Қызыл Құрт چیجیق ایلی ننك یمغورجی بیله قزیل قورت 10 адаммен; шапшы Жан Шора бек 10 адамменشابشی ایلی جان جورابیك ; уанта нұрым руынан Құл Ұрыс пен Алика 10 адаммен ونته ایلی بیلان نورمه ایلی ننك قل اوروس داغی علیكه; шейх-заде руынан Қолұш мырза قولوش 10 адаммен; тағы 10 адам ақшора руынан; төрт үйлі қибақ-шермістіңتورت اویلی كیباك جرمس; тақлы تكلی руынан Мұхаммед бек 10 адаммен; Ескі жұрттан Жәдігер бай, Қасым Сейіт бай 10 адаммен جاد كار; қара дәулет руынан Қунақ ұста قوناق اوسته 10 адамменخیربی ایلی ننك بخشنده حافظ، كشی بروان*43; қарағайшыдан Тушанақ توشاناك 10 адаммен;
темірші руынан Ноғай ұстаның ұлы 10 адаммен келді. Қажы Гирей ханды әкеп, хан сайлағандар осылар. Соңы تمام.
...*44 аталды. Бұл терме – بو ترمه (?) Еділ Жайықта*45 [пайда болды]*46. Оның ұлы Қазышы قزیجی*47, ол Еділ Жайықта, оның ұлы Ислам-Қия اسلام قیا, ол да Еділ Жайықта, оның ұлы Қадыр Қия قادر قیا, ол да Еділ-Жайықта, оның ұлы Құтлы Қия قوتلو قیا, ол Құмкентте قم كنت, оның ұлы Едіге би, оларға Алланың рақымы болсын! رحمت الله علیهم اجمعین. [Ол] Құтлы Қияны Орыс хан اوروس خان шейіт етті. Бірақ اما Баба Тукластың بابا توكلاس [тағы] 4 ұлы болды. Оның бірі Қағбада*48 падишаһ پاد شاه болды, екіншісі Қағба маңында жатыр, үшіншісі (тағы біреуі) Хиуада اوركانچ жатыр, төртіншісі – Қырымда, Үш Үтлікте قریم دا اوچ اوتـلوكدا. Келесі бір риуаят روایت бойынша, Баба Түкластың (ең) атақты ұлдары үшеу болған: бірінің аты Аббас عباس, Қағбаның оң жағында, келесісі – Ғабдул Рахман қожа خواجه, ол да Қағбада жатыр, тағы біреуі, оның аты Терме ترمه, ол Еділ Жайықта [пайда болды]*49. Сейд Нақибке سید ناقب, пайғамбардың صلی الله عليه و سلم (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) бейітінен аян келген; екіншісі Әлем Мұртаза Сейітعلم مرتضی سید, үшіншісі – асқан керемет عزیز كرمت Баба Тукластың әкесі. Өзбек اوزبیك мұсылман болған кезде қасиетті Қағбаға Ұзақ Шараны аттандырды, осы үш адамды әкелгенде олар мұсылман болды.
Едіге бек بيك Тоқтамыс ханның ұлысын басқарды, оның іс-әрекеті حكایت түрлі жерлерде, оның дастандарында, кітаптарда болуы керек. Түпнұсқада:اننك حكایت لاری اوز استانیدا هر یردا شرح كا تیلاسا كیلور; мен استانیدا орнына داستاندا деп оқыдым, және بموضع Еділ бойында ایدیل بویندا қайтыс болды. Оның [ұрпақтары] Тагаятқа дейін ұлы ру болып қайтты. Біздің [заманымызда] одан Үкі Шырақ اوكو شراك шырақ шықты. Едіге бек 63 жасында Қадырберді хан[мен] болған соғыстан алған жарақатынан қаза тапты... [Олар] әйгілі مشهور балалар еді, көп уақыт [ұлықтық етіп], ана дүниеге кетті.
Орыс ханның ұлы Құйыршық40 хан, оның ұлы Барақ хан, оның ұлы Жәнібек хан, оның ұлы Жәдек хан, оның ұлы Шығай хан, оның ұлы Ондан сұлтан41, оның ұлы Ораз Мұхаммед хан туралы дастан.
Ол заман кімнің есінде болса,*50 Ораз Мұхаммед ханның ата бабалары ابا واجداد барлық тума туысымен اوروغ قرینداش бір уақытта атағы шықты, داستاندا قلم دا [کیلدی] өйткені نچوك كيم, Орыс ханнан Жәнібекке дейін төрт буын بطن. Сол кезде ان زمان (жоғарыда) айтылды, тағы да айтамыз, оның (Жәнібектің) балаларынан немерелеріне дейін көптеген ұрпақ ауысты, қазірге تا [та] дейін көбі танымал (және күшті), معلوم مذكور (бұл сөздердің мағынасы бір – белгілі, танымал). Олардың әрқайсысы бірнеше ата برار اوروغ بولوب болып, өз ұлыстарында ولايت билік құрып, бақытты болып өмірден өтті (پادشاهلیق بيليب орнына мен پادشاه لیق قيلوب نامدار بولوب اوتتى деп оқыдым). Олардың نام*51 жария етілді және аяқталды. [Жәнібектің балалары] біріншісі – Қасым хан قاسم خان Жағанбикемнен جغان بیكم туған, әкесінің ұлысында біраз уақыт билік етіп, жан жағындағы халықты өзіне қаратты. Оның іс әрекеттері әр жерде белгілі болып*52 көп айтылады*53. Ақырында Сарайшықта дүние салды. Бұл күнде оның (بو كون انینك, мен بو كوندا انینك деп оқыдым) мазары Сарайшықта [орналасқан]. Оның ұлы Ақназар ханحق نظر Ханық сұлтан خانق سلطان خانم ханшадан туды, оның жасаған еңбегі көп және белгілі Ақназар хан алауыздықтан қаза тапты, оның ұрпақтарынан бүгінде падишаһтық тайдыاننك اوغلان لارین پادشاه لیق بوكون تایدی.
Қамбар сұлтан барлық жағдайларда هرحالدا Қасым ханмен бірге болып, әскер қолбасшысы مقدمه لشكر болды. Оның нәсіліне نسلی گی падишаһтық тимеді پادشاه لیق تیكمادی.
Ұсақ хан اوساك خان. Оның ұлы Болат сұлтан, оларға да падишаһтық тимеді پادشاه لیق تیكمادی; аяғында Болат сұлтан балаларымен ноғай соғысында نوغای اوروشیندا қаза тапты.
Қасым ханның замандасы Жәдек хан جادیك خان Шағым мырзамен42 соғыста Жыланды тауында یـیلانلی توبادا бір немесе екі بربر اوغلی برلان ұлымен шейіт болды. Оның моласы Хиуада, Бақырғанатада тұр [ترور] بقیرغان اتادا, онда دفن قلدیلار жерленді.
Жәдек ханның әйелдері мен күңдері көп болды, балалары да көп болды, ең белгілі де атақты балалары: نامدار مشهور келесілер: Тугум хан توغوم خان, Бөкей сұлтан بوكای, Шығай хан شیغای, Мәлік сұлтан. [Соңғы] екі баланың анасы Абайқан ханша еді. Тугум ханның балалары тоғыз сары توقوز ساری деп аталады (түпнұсқада:توغوم خان، انینك اوغلانلاری توغوز ساری تیب ایتورلار, яғни, Тугум хан, оның балалары тоғыз сары деп аталады); Мәліктің ұлы Башикен*54 сұлтанмен тоғыз сары ұлымен Жағат маңында қаза болды جغات حدیندا; Утузти اوتوزتی сұлтан معلوم مشهور атақты да танымал. Бөкей сұлтаннан ұрпақ қалмады. Бауыш Бұйдаш ханның باوش بویداش ұлы Адик сұлтан ادیك болды, оның баласы Бұйдаш хан. Адик сұлтанның ұрпақтары Бесұғыл – бес ұл деген атаумен белгілі. Бұйдаш хан және Бесғұлдың барлық ұрпақтары – 24 сұлтан Барақ ханның ұлы Дәруішпен шайқаста қаза тапты. اما بویداش خان براق اوغلی درویش خان توقوشیندا تمامی بیش اوغول نسلی یكرمی تورت سلطان اندا شهید بولدیلار. Бес ұлға билік құру мүмкіндігі тимеді, اما бірақ сол ұлыста اول ولایت دا [олардың] біразы азғана уақыт хандық құрды, бірақ ешқайсысы әйгілі де, танымал да емес اما برانجه اول ولایت دا كلته حانلار بولدیلار، نام معلوم مشهور بولمادی.*55 Бұрындық хан بوروندوق خان, оның ұрпағы атақтан айрылды بوروندوق خان ترور، انینك نسلی مرتبه دین توشدی. Ахмед хан احمد خان, Өзбек кейде Ахмед хан деп аталады, ол да біраз уақыт хан болды Шидақ бекпен соғыста шейіт болды, Орақ мырзаның اوراق مرزا қолынан қаза тапты*56. Шығай ханның شیغای خاننك ерлік істері мен батырлығы халыққа кең таралған. Соңында بر بولوب*57 қаза тапты. Оның бейіті қазір Күміскентте كموش كنت Әли Атаның жанына жерленген علی اتانینك پناهندا دفن قلدیلار. Шығай ханның әйелдері көп болды, оның атақты үш ордасы*58 болды, олардан келесі балалар туды: Алтын ханым Байым бикемнен التون خانم بایم بیكم Сейдіқұл сұлтан سید قل, Ондан сұлтан اوندان [туылды]; Тұқай хан توكای خان, Есім сұлтан ایشیم, сұлтан Сабырбек صابر بیك ханша*59 бұл үшеудің анасы Жағатты Жақсы бике. اناسی بوروندوق خاننك قزی دادم خانمدین توغان ایردی Әли сұлтан, Сұлым сұлтан صولوم, Ибрагим сұлтан, Шаһим شاهیم сұлтан бұлардың анасы Бұрындық ханның қызы*60 Дадам ханым. Онан*61 сұлтанның істері әр...*62 егер қаласаңыз تیلاسا болады, [ол] өте батыр адам بسیار اعظم بهادر болды*63. [Әрқашан], әр жағдайда, [кез-келген] садақ тартуда да [ол] өте мықты болатын*64. Шығай ханның тұсында ол әскербасы болды. Оның іс-әрекеттері حكايات халыққа әйгілі. Ақыр соңында оны қалмақтар шейіт етті, 30 жасында қаза тапты. Оның қабірі [Түркістанда], Қожа Ахмет Ясауи, оған Алла рақым етсін, жанында [сонда] жерленген*65. Оның әйелдері мен күңдері көп болды. Әр түрлі халықты бағындырып, өз арасынан да алды اوز ارالاریندان هم الیب ایردی. Оның танымал ордасы*66 екеу болды. Олардан туған балалар: Ұсақ ханның ұлы Болат сұлтанның қызы Алтын ханым, одан исламның билеушісі [Тәуекел хан], Ораз-Мұхаммед хан, Татлы ханым تاتلی خانم; Бұрындық ханның ұлы Кимсен сұлтанның كيمسين سلطان қызы Шүйім ханымнан چویوم خانم Күшік сұлтан کوجـك, ол Тәуекел ханның тұсында әскер басы болды. Ол қазір де сол ұлыста тірі.*67
Ораз-Мұхаммед хан сегіз жасында өзінің ұлы атасы Шығай ханнан өзара қақтығыс кесірінен айырылды, тағы تقى 13 жасында әкесі اوز باباسي Ондан сұлтан өліп, одан қалды, тағы біраз уақыт өткеннен кейін*68 бақытсыздықтан تارلیق بیلان Сейітбек бидің سید بك بی алдында кіріптарлық көрді گرفتارلیق چكتی. Он алты жасында барлық христиандардың билеушісі*69 Борис Федоровичтің43 қызметіне келдіاون التی یاشیندا جملة الكرستان پادشاه باریص فیدراویچ نینك قوللوغینه حاضر بولدی لار.. Сол уақыттан бастап, осы кезге дейін патша ағзам Борис Федоровичтің қызметінде болды, патша ағзам тарих*70 бойынша мыңыншы, доңыз жылының соңында құлына рахым етті. Тышқан жылы болатын44, жұлдыздарبرج тұсында, қасиетті рамазан айында, 15 күні, бүкіл Ресейдің билеушісі Борис Федоровичтің қалауымен, оң жақ, сол жағындағы қарашылар*71 мен салтанатты бектер тұрды. Оған Касимов45 иелігін беріп, сыйлық жасап, пейіл көрсеттіپاد شاه حضرتلاری سهور غال لار انعام لار بخش قیلدی، كرمان شهرین سهور غال قیلیب بردی. Ораз Мұхаммедтің Касимовқа тілмаш алпауытпен46 келуін, оның 1000, яғни тышқан жылы, бақыт қонған зулхижжа айының 10 күні, бейсенбіде بنجشنبه, Ораз Мұхаммед 20 жасқа толғанда хан сайлануын жан жақты сипаттайды*72 (қараңыз: 166 және 167 бб.).
جامع التواريخ (бет 170). Орыс ханның оң және сол қолы (қанат) [былай бейнеленген]: میسره (сол),میمنه (оң).
الاج منكی اقوام قوم алаш мені – 3 сана (сансыз); اقوام قوم қаңлы – 2 сана.
Қаңлылардың ішінде осы күнге дейін атақтылары бар اولوغ لاری معلوم ایرور. Бірақ алаш менілердің арасында тарақ тамғалы жалайыр үлкендері болу керек بولغاي. Шыңғыс хан дәуірінен бастап әртүрлі дәрежелер مرتبه مرتبه بيلان (мәртебе) [алдымен] Тебре бекке, одан Шейх сопы бекке, одан Айталы бекке, одан Итбақа бекке, одан Қараш бекке тиді, одан Қоңқа бекке жетті. Осы алаш менілердің ішінде үлкендері солар болатын, [және] өзбектердің арасында танымал әрі құрметтіبو الاج منكی نینك اغاسی بولا كیلگان بولار ترور، اوزبیك یا اراسندا معلوم مشهور ترور.
168 бет. جامع التواریخ
Ортасында жазу: «Бұл тақтың бейнесі», оң жағында жазу میمنه, сол жағында میسره, яғни автордың түсіндірмесі бойынша: оң және сол қол*74 (қараңыз: 170 б.یعنی میمنه اونك قول، میسره سول قول ایرور). Оң жақта жалайыр Қадырғали бек пен Исбай маңғыт Саманай бектің47 орындары көрсетілген. Ал یعنی دست راست пен یعنی دست چب میسره*75? Сол жақта – арғын Шиш бек пен қыпшақ Тұқай бектің есімдері. Одан кейін (169 бетте) Ораз Мұхаммед ханның тақуалығы мен جمارتلق жомарттығы жазылып, оның сөзімен аяқталады:بو سببدین كوندین كونكا پادشاه اسلام ناصر الدین ابو الفتح اوراز محمد خانغه دولت اقبال بیلان ایل اشاب یوز یشاب*76 تا ابد الابد كاجه دولت انكا یار بولسون انشا الله تعالی مین یا رب العالمین سبب اولتورور كم، كم بو تواریخ قه اوراز محمد خان حضرتلاری نینك اتا اناسیدین قوللوق قیله كیلكان جلایر تراق تمغالی ایردی. Бұл сөздер тамаша: автор өзі туралы айтады: «бұл жылнаманы жазушы بو تواریخ قه*77 (сөздер жетіспейді) Ораз-Мұхаммед ханның ата анасынан оған қызметке келген тарақ-тамғалы жалайыр». Ары қарай: (қараңыз: 170 б.) «Шыңғыс-наме кітабынан парсы тілінен түркі тіліне اوز استنباطندین الله تعالی توفیق بریب تصنیف قلدی Алланың жәрдемімен, өзінің танымымен аударып, (тез өткен توز اوتماك) патша ағзам Борис Федоровичтің әділеттілігін сипаттау үшін құрастырды... Соңы». Одан кейін өзінің жылнамасының мазмұны туралы баяндайды. [Автор] ميمنه оң қолда көрсетілген Қадырғали бектің шежіресін тікелей таратады. Итбақа бектің ұлы Айтулы бек, оның ұлы Қанбар мырза, одан Құбай, Қараш бектің [бауыры], Адамшақ мырзаның ұлы, одан Иранджи баһадүр, Тамджек баһадүр, одан Хошым бек, одан Қадырғали бек. Шыңғыстың тұсында*78 Сартақ нойон болды, оның балалары жалайыр Сыба سبا, оның ұрпағы жалайыр Тебре бекتبره بیك , одан Шейх сопы бек, оның баласы атақты да құрметті Айтулы бекمشهور دور , Орыс ханның ұрпағынан اولوغ امراء بزرگ ұлы әмір болды.
***
جامع التواریخ тілі түгел шағатайлық, қазіргі қырғыз [қайсақ] тіліне өте жақын, дегенмен бернеше түсініксіз сөздер мен оралымдар кездеседі. Баяндауы жағынан кітап мақтауға тұрарлық. Мұнда Әбілғазы мен Шайбани-намеге қарағанда аңыздар аз. Басы немесе Бориске арнаған сөз түсінікті тілде, өте айшықты жазылған, қалай болғанда да бұл татар панегирикасының тамаша ескерткіші. Сөздер мен сөз тіркестері керемет, кейбір сөздер әлі күнге дейін қырғыздарда кездеседі. باب اول ديباجه – از مجلد اول از كتاب جامع التواریخ دور*79. Татар жылнамасындағы жаңа дүние – кітаби емес, қырдағы тайпалардың тізімі және олардың шығу тегі мен көші-қоны жайлы айтып, оларды түркі монғолдар мен монғол түркілер*80 деп бөлген (қараңыз: 16 б.)*81. فصل اول мұнда ол түркі тарихшыларына қайшы келіп, Яфесті Нұхтың кенже ұлы дейді және бұл адамзат атасы балаларының жасы Библия бойынша көрсетілген. Абулжа хан جامع التواریخ бойынша, түркілердің атасы Яфестің есімі, Диб Бакуй мен Бакут оның ұлдары. Диб Бакуйдан Оғызға дейінгі көп адам аттары түсіп қалған. Автор тек Нұх Абулжа ханды солтүстік-шығысқа жібереді және Қарахан, Өр хан, Көр хан мен Көз хан сол арада одан тарайды بولار اندان پیدا بولدی дейді. Оғыз туралы аңыз толық берілген: Оғыздан бөлініп шығысқа кеткен тайпалардан монғолдар таралады, ал қалғандары мен батысқа кеткендерден түркілер таралады (қараңыз: 13 б.). Қыпшақ, қаңлы және қылыш48 тайпаларының шығуы туралы.
Шыңғыс ханның ата-бабаларының тарихы мен әсіресе оның өмірі, жорықтары барынша нақты және тарихи даталармен баяндалған. Шыңғыс хан тұсындағы әскерлердің оң және сол қанатқа, түменге, мыңдыққа бөлінуі мен оларды басқарған бектер мен нойондардың аттары, әсіресе, Шыңғыс ханның (Ясы) заңынан үзінді келтіргені атап өтуге тұрарлық. Сонымен бірге, автордың Шыңғыс сөзін талдап түсіндіруі де керемет. نچوك پادشاه لار بارایردی بو اقلیم دا هر بر سی سین كور خان دیب ایتور ایدی؛ انلار سننك قولونكدا مقهور بولدی لار وسننك اتینك بو معنی دین جنككزی ایردی، یعنی پادشاه لار پادشاهی بولدونك*82 және т. б. (21 бет). Бориске арналған сөз таза татар тілінде, араб және парсы сөздерін қоспай жазылған, қалған бөлімдерде ол тілдердегі сөздер жиі кездеседі, дегенмен, автор оларды көп қолданбауға тырысқан. Грамматикалық тұрғыдан қалыптасқан үлгі мен ереже мүлдем жоқ, бір сөз әр жерде әртүрлі болып жазыла береді ديب – تیب [диб, тиб] 20 бет; بیله – برلا [билә, бирлә] 21 бет; بیله ن [билен] 20 бет және بیلان [билән] 24 бет; 21 бетте حق قه жалғау 22 бетте حق غه [хақға], 24 бетте عجب قه [ғажабқа], برجه [бирже], [ بیرچهбирче] 22 бет және т. б. Әсіресе ілік септігінің жалғауы жазылуда түрліше кездеседі نینك [ниң], ننك [нің] (22-б.), مونك [мүң]; барыс септігінің жалғауын білдіру үшін көп жерде сөз алдына қойылған تا (та) және сөз соңында دیكاچ (дигач екеуі де дейін дегенді білдіреді) тұрады. تا جنوب دین تا شمالغه دیكاج сол [та] шылауы кейде غه [ға] жалғауын алмастырады یافث نی كون توغوش تا یباردی*83. Сонымен қоса تپا [тапа] және تبا [таба] шылаулары да кездеседі (23 б).اوغوز تبا اطلاندی كون توغوش تپا مقام ایتی لار*84. Сондай-ақ кітапта көшірмешінің қатесінен49 кеткен түсініксіз тұстар көп. ی [й] және ب [б] әріптері жиі, тіпті [ылғи] дерлік шатасып кеткен: يراق خان – براق خان (Барақ хан – Йарақ хан); یراق [йырақтың] орнына یزاق [йызақ] (21 ,б); دیب باقوی [Диб Бакуй] орнына دیب یاقوی [Диб Йакуй] және т. т.
алқабында, батпақты жерде қамыс сияқты, өте жеңіл әрі жіңішке өсімдік өседі деді олар. Қазақтар оны қопа деп атайды және оны жеңіл сал жасауға пайдаланады.
Қоржын жолға ұстайтын сөмкелердің атауы. Бұл арада сол мағынада қолданылып тұр деуге болар еді, бірақ دریـیا اراسیندین یـیغیب*102 мұндай мағынада келмейтінін білдіріп тұр.
جبارلیق، سپاهی لیق، بهادرلیق، قوت شوكت لیق، بای لیق، عیش وفراغـت لیق قوی معظم اولوغ پادشاه تیماك بولور (60-б.).*103 Қолданыстан көрінгендей*104 برچه حالدا قوی حال ایردی لار*105сөзі.
مال [мал] сөзі бұл кітапта توار قرا [туар қара] тіркесінсіз қолданылмаған, соған қарап, توار сөзі көне атау, یلقی [жылқы] сөзін алмастырушы деп болжауға болады. Көшпенді өмір салтының барлық сөздері мен терминдерін қазақтарда жақсы сақталып қалғанына күмән жоқ. مال сөзі арқылы қазақтар бұрын өздерінің жалғыз байлығын білдірген, жалпы мал – байлықтың белгісі деп түсінеді. Қазір де жалпы байлық мағынасында қолданылады, ал бір мал – قرا [қара], ал توار قرا жылқы үйірі, توار сөзі یلقی мен бір мағынада.
Тұрмысқа шыққан жас қазақ әйелі қайындары мен күйеуінен үлкендердің, тұтас рудағы күйеуінен үлкен адамдардың есімдерін атай алмайды, сондықтан қазақ әйелдері оларға басқа сөзбен, алайда сол мағынаға жуық ат береді. اوروس [Ұрыс] сөзінің орнына كسچه [кесше] немесе چواس [жуас] дейді, یلقی بای [Жылқыбай] орнына تواربای [Туарбай] дейді, т. б.
Бұл дәстүрді ұстанушы кейбір әйелдер асыра сілтеп жібереді. Атын атауға болмайтын кісінің есімінде кездесетін дыбысты қолданбай сөйлейтін де ханымдар бар. Мәселен, тыйым салынған есім Айбатыр болса, ол ханым үшін *106اي، ایماق، ایدا، ایغر، ایامق، اینالمق және т. б. сөздер мүлде жоқ (33-б.).قامچی بویلوغ ایر اوغول نی قویمادی *107 – қамшы бойлы тіркесі қазір толық қолданыста, сіз қазақтан سول زماندا من قامچی بویلی بالا ايديم*108 дегенді жиі естисіз.
33 бетте, 10 жолда ی орнына қателіктенب тұр: باریب اچیب – اجیب یاریب توزوب كیلماك. Бұл үш сөз көшпелі тайпалардың шапқынға немесе барымтаға ұшырап, кедейленіп қалғанын білдіреді. Бірінші сөз اچ لق – аштықтан туындайды, екіншісі әдейі астан шектеуден арықтап, жүдеуді білдіреді – аттарды бәйгеге дайындау қазақтарда جاراو ات، جاراتمق [жарау ат, жаратмақ] деп айтылады, осылайша дайындалған өте семіз емес, бірақ далада мініске керек [жылқының] атауы.
ﺟﺎﻤﻊ ﺍﻟﺗﻭﺍﺭﻴﺦ ТА КЕЗДЕСЕТІН, ҚАЗІР ТАТАРЛАРДЫҢ ҚОЛДАНЫСЫНДА ЖОҚ СӨЗДЕРДІҢ СӨЗДІГІ
Түркі және монғол
اوروغ – туыс, ру, лақап ат, есім
قوم – тайпа
اوكوس، بسيار اوكوس قوم، كثرتي – [есепсіздік, сансыздық, көптік]
اوتمك – өту, жылнамаларда өткен нәрсені көрсету үшін қолданылады
اولوغ بولوب اوتتي لار – ұлық болып, күшті болып өтті [дүниеден]
كچمك сөзі де сол мағынада – кешу, өту
اصل، اصلي – шығу тегі, түп тамыры
ايـري – күйеуі, ері
ايـر – ер, батыр
نچه – неше? көп, қалай, қаншалықты; тең, солай мағынасында
مطلـق – мүлде, толық, барлығы
توغان – туған
توغان اغا يني – туған аға, іні
تا – дейін, барыс септік жалғауын білдіреді
|| كـيم – [تا كـيم – сол кезге дейін, әзірше]
پـیـدا – [пайда болу]
نـسـل – тұқым, ұрпақ
سـونکره، سـونكرتـيـن – соңыра, соңыртын
صـحـرادا اولتـورمـاق – далада отыру
صـحـرادا اولوتـروشلوق قوم – [қырда тұратын тайпалар]
يايلاق – жайлау
قـيـشلاق – қыстау
ايـنالاسي – [айналасы]
قـوت – құт
قوتـلي، قوتـليغ – құтты, одан
قوتـلوغلامق – құттықтау
كوچ – күш, одан كوچلوك
ارتـوق – артық, көп, жоғары; салыстырмалы шырай – ارتـوغراق
يورت – жұрт, халық
ايل || يورتي – ел, жұрт, тұрақпен мағыналас. Бұл мағынада қазақтарда да қолданылады, бұл арада осылай қолданылған:قراخان اتاسي تورغان يورتوندا ايردي، اول يردا قرا خانينك اوغلي توغدي. [Қарахан әкесі тұрған жұртында болған, ол жерде Қараханның ұлы туылды]
اول يردا – сөзі мен ойлағандай يورت сондай мағына береді (جامع التواريخ 20-б.)
ايمماك – ему
Бұл жерде басқаша жазылған ايماك.
تابوﻨمق – құдайға табыну, қазіргі кезде бұл етістік татар мұсылмандарда пұтқа табынуды білдіреді بوتـقا تاﺒونماق бірақ бұл жерде бір құдайға табыну мағынасында айтылған
بي – бұл да بك сияқты және би; ауыспалы мағынада: барлық саналы адам بي كشي، بي خاتون одан ﺒﻴﻠﻚ – сот, қанағаттану және билеу ﻻﻤﻚ بي.
ﺴﺎﻗﻼﻧﻤﻖ – сақтану; ﺟﺎﻤﻊ ﺍﻟﺗﻭﺍﺭﻴﺦ та сол мағынада
ﺴﺎﻗﻼﻧﺩﻯ [сақтанды] (20-б.)
ﺩﻭﺴﺕ ﺗﻭﺗﻤﺎﻖ – [дос тұту]
قريغي، دريا قريغي – [өзен жағалауы]
كر يووماق – кір жуу
ﻴﺭﺍﻖ – алыс жер, жырақ
يراق تورماق – [ауыспалы мағынада жырақ тұру] суық болу, ықылассыз болу
ﻨﻴﺎﺰ – [мұқтаж]
ﻨﻴﺎﺰﻠﻖ، ﺤﻖ ﻗﻪ ﻨﻴﺎﺰﻠﻖ ﺍﻴﺭﺩﻯ – [Құдайға мұқтаж болды]
ﻛﻴﻟﻴﻦ – келін
ﺍﻴﻐﺎﻖ – [айғақ]
ﺍﻴﻐﺎﻖ ﭽﻰ – [айғақшы]
لشكر تارتماق – әскер тарту
ﻤﻘﺎﻢ – орын; қазақтың ﻤﻜﺎﻦ і сияқты [тұрақ]
ﻗﺭﻴﻨﺪﺍﺷﻼﺭ – туыстар, бұл жалғаумен ﺍﻭﻠﻭﻏﻼﺭﻴﻦ ұлы сөзі ﺍﻭﻠﻭﻍ мырза деген мағына береді.
ﺍﻠﺘﻭﻦ – алтын
ﺍﻠﺘﻭﻨﻠﻰ – алтын жалатылған, алтын емес, онда ﺍﻠﺘﻭﻦ болу керек
ﺘﻭﻱ – той, мейрам: ﻭﭙﺎﺪﺸﺎﻩ ﻠﻴﻖ ﺘﻴﻜﺪﻯ ﺍﻴﺭﺴﺎ ﺍﻭﻞ ﻴﺭﺪﺍ ﺍﻠﺗﻭﻨﻠﻰ ﺧﺭﮔﺎﻩ ﺗﻴﻛﺪﻯ, ﺍﻟﻭﻍ ﺗﻭﻱ ﻗﻟﺪﻯ. ﺟﺎﻤﻊ ﺍﻟﺗﻭﺍﺭﻴﺦ (24-б.) – [Егер салтанат немесе хан көтеру болса, ол жерге алтын шатыр тігіп, үлкен той өткізетін]
ﺍﻭﺭﻭﻦ – орын; ﺍﻭﻟﺗﻭﺭﺪﻯ ﺍﻭﺭﻨﻐﻪ ﺍﻭﺭﻨﻟﻴﻎ (30-б.) [лайық орынға отырды]
ﻗﺭﺍﻦ ﻛﺎﻤﻛﺎﺭﻟﻴﻖ – [Құранды құрмет тұту]
ﺟﺑﺎﺭﻟﻴﻖ – [ұлылық, даңқ]
ﺴﭙﺎﻫﻲ ﻟﻴﻖ – [әскери адам]
ﺑﻬﺎﺪﺮﻟﻴﻖ – [ерлік, батырлық]
ﻧﭼﻪ ﭼﺎﻗﻟﻰ (ﻴﺎﺸﺎﻏﺎﻨﻼﺮ، ﻴﺎﺸﺎﻏﺎﻨﻼﺮ) – [ұзақ уақыт өмір сүрді]
ﺍﻭﻴﻨﻨﻚ ﺘﻭﻧﻜﻟﻭﻛﻰ – [үйдің түндігі]
ﺍﺮﻭ ﭙﻛﺯﻩ – таза
ﻤﺎﻝ ﻴﻌﻧﻲ ﺘﻭﺍﺮ ﻗﺮﺍ – [байлық, яғни жылқы]
ﺠﺎﻴﻤﺎﻖ – кей қазақтарда жаю, ілу.
جامع التواريخ та (32-б.) бұл сөз ортографиялық формада кездеседі ﻤﺎﻠﻴﻦ ﺘﻭﺍﺮ ﻗﺮﺍﺴﻴﻦ ﻴﻐﺎﺮ ﺍﻴﺮﺪﻯ
ﻛﻮﻨﻛﻠﻰ ﺗﻨﻣﺎﻖ – көңілі тыну
ﺗﻮﻛﺎﻝ – түгел
ﻴﺴﻴﺮ ﺍﻴﺗﻣﺎﻚ – шабылған рудың әйел-баласын құлдыққа алу (қазақтарда және татарларда)
ﻗﺴﺎﺱ ﻗﻠﻣﺎﻖ – кіріптарлыққа алу, (қысастық қылу)
ﻮﻂﻦ ﻗﻠﻣﺎﻖ – отан қылу, мекендеу
ﻣﻘﺑﻮﻞ – ең жақсы, тамаша
قتل قلماق – [өлтіру]
كومكول ليك – [ерлік] (41-б.)
ﺑﻴﻼﻦ ﺑﻬﺎﺪﺮﻟﻴﻖ
ﺑﻴﻼﻦ ﺑﺴﻴﺎﺭ ﺴﻮﻗﻮﺲ ﻗﻴﻠﺪﻯ ﺑﻴﻼﻦ ﻣﻐﻮﻞ ﻠﻴﻚ ﻛﻮﻨﻛﻮﻞ ﻮ [талай рет моңғолдармен ерлікпен шайқасты]
ﻴﻨﺎﺶ – қасында, маңында
ﺍﻴﺭﺪﻯ ﺴﻴﻮﺭﻜﺎﺭ*109 – құрмет көрсету, үлес беру
ﻗﺎﺭﻤﺎﻖ – қартаю
ﺍﻴﺭﺪﻯ ﻗﺎﺭﻴﺐ – қарт адам еді
ﺍﮔﺎﺭﭼﻪ – егер де
ﺑﻮﻴﻮﺴﻮﻧﻟﻮﻍ – [бағыну, бойұсыну]
ﻛﻴﻧﻛﺎﺶ – кеңес
ﺴﻴﻮﺭﻏﺎﻞ – сыйлық немесе жақсы ықылас, ниетті заттай білдіру.ﺍﻨﻰ ﺑﺴﻴﺎﺭ ﺴﻴﻮﺭﻏﺎﺭ ﺍﻴﺭﺪﻯ (оны шесіз сүйер еді) сөзінен және Т[емір] Қ[ұтлық] жарлы[ғы] сөздерінен سيورغاب сөзінен ﺴﻴﻮﺭﻏﺎﻤﻙ етістігінің бар екені анық көрінеді, қазақтарда ﺴﻴﻮﺭﻛﺎﻤﻙ және одан ﺴﻴﻮﺭﻛﺎﺏ етістігінің өзгерген түрі ﺴﻴﻮﺭﻏﺎﻤﻙ көз қырын салу, жақсы көру, аялай сүю және жоғары тұрған адамның рақымы мағынасын білдіреді
ﺍﻻﺸﺎ – қазақтарда ﺍﻻﺴﺎ (аласа) деп айтылады
ﭙﺎﻛﺯﻩ – таза, тазалық. ﺟﺎﻤﻊ ﺍﻟﺗﻭﺍﺭﻴﺦ авторының айтуы бойынша ﺍﻮﺗﺟﻛﻴﻦ отбасының кішісі, қазақтың ﻛﻨﺟﻪ сі сияқты. Оған ата анасының шаңырағы қаладыﺍﺗﺎ ﺍﻨﺎ ﺴﻴﻨﻨﻙ ﺍﻮﺗﻰ، ﻴﻮﺮﺗﻰ، ﻤﺎﻠﻰ ﺗﻮﺍﺮ ﻗﺎﺮﺴﻰ ﻛﻴﭽﻚ ﺍﻮﻏﻠﻰ ﻏﻪ ﻗﺎﻠﻮﺮ (44-б.)
ﺍﻮﺰﻤﺎﻖ – озу
ﺍﻴﻜﺎﺮ – ер тұрман
ﺍﻮﻓﻜﺎ - ﺍﻮﭘﻜﺎ - ﺍﻮﭘﻜﺎﻻﻤﻚ– (өкпе, өкпелеу)
قو، ﻗﻮﻱ – биік, ұлы, даңқты, тамаша
ﺤﺎﻝ ﻗﻮ – ғажайып хал
ﺴﻮﻧﻚ ﺍﻨﺪﻴﻦ ﻴﻌﻧﻰ ﺴﻨﻜﻮﻦ – [содан кейін, соң.] (73-б.)*110 Араб және парсы
مفصل معلوم ايرماس – [толықтай, бүге-шігесіне дейін]
ﺗﺑﻌﻪ – [құзіретіндегілер, қол астындағылар]
تفصيل دا معلوم ترور – [баяндауда анық болады]
ﻗﺴﻡ – [бөлім]
مغول ايرماس ايردى نه – نه – [монғол емес еді]
ﻟﻔﻆ – [диалект, тіл, сөз]
ﺑﻮ ﻟﻔﻆ ﺴﻮﻧﻚ ﺰﻤﺎﻨﺪﺍ ﭼﻳﻘﺘﻰ – [бұл сөз кейінгі уақытта шықты]
ﺘﺎﺠﻳﻚ – [тәжік]
ﻋﻧﺎﻳﺖ – [қамқорлық, көңіл бөлу]
ﻏﺎﻟﺏ – [жеңіске жетуші, жеңімпаз]
ﻫﻧﻮﺰ – [енді, әлі]
ﺍﻜﺛﺮ – көпшілігі
ﻤﺨﺻﻮﺺ – [ерекше, соған тән, қатысты]
ﻤﻮﺟﺏ – тәртіп, ретінде
ﺟﺴﻢ ﺍﺷﻬﻞ – [көккөз адам, көккөз періште]
ﻤﻨﺴﻮﺏ – [туыстық, біреуге қатысты, бір нәрсеге қатысты]
ﺤﻛﺎﻴﺕ – [әңгіме, хикая]
ﻨﻘﻞ – [айту, жеткіз]
ﺘﺭﻮﺭ ﻤﺴﻂﻮﺭ – [жазылған, асты сызылған]
ﺟﻨﻮﺏ، ﺟﻨﻮﺑﻰ – оңтүстік
ﺸﻤﺎﻞ – солтүстік шығыс [тық] ел
ﻤﻤﻠﻜﺖ – [мемлекет]
ﻤﺤﻘﻖ – [ақиқатты іздеуші]
ﻤﺘﻔﻖ – [келісен пікірлес, одақтас]
ﺍﺻﻧﺎﻒ – [түр, тек]
تقرير قيليندى – [баяндалған, айтылған]
ﻋﻆﻴﻢ – [ұлы]
ﺪﺮﻭﺍﺰﻩ – қақпа
ﻤﻘﻴﻢ – [тұрғын]
ﺘﺎﺑﻊ – [бодан, бағынышты]
ﻤﻧﺼﺐ – [мансап]
ﺸﻭﻜﺖ – [күш, құдіреттілік] одан شوكت اسبابي
ﻤﺟﻤﻭﻉ – [жиналған, қосылған, біртұтас]
ﺘﺰﺮﻴﻊ – 21-б., мысал:
ﻤﺤﺐ – [құдайды сүюші], (حق قه محب بولسانك) [егерде құдайға махаббатпен қарасаң]
ﺍﺸﻜﺎﺭﺍ – әшкере
ﺑﻐﺎﻴﺖ – [өте, аса, тым]
ﺠﻤﺎﻞ ﺼﺎﺤﺐ – [сұлу] сұлулықтың төресі
ﻓﺭﺯﻨﺪ – перзент
|| 20 бет
ﻋﺟﺏ – ғажап
بموجب سوزى رسيده بولدى عاقل غه كيردى اثر ارشاد حق تعالى دين ايردى – [оның сөзінің мағынасы оған жетті; ол оны ұғынып, Хақ тағаланың көрсетуі бойынша жүрді]
ﺨﻮﺏ ﻏﺎﻴﺖ – [тым, аса, өте жақсы]
ﻨﺻﻴﺤﺕ – [насихат]
ﺍﻠﺗﻔﺎﺖ – [ілтипат]
ﻤﺤﺑﺖ – [махаббат]
ﻛﻨﻴﺯﻚ – [кәнизак], күң
ﻗﻴﻠﻤﻖ ﺼﺤﺑﺖ – [әңгімелесу, сұхбаттасу]
ﺑﻮﻠﻤﺎﻖ ﻤﻂﻴﻊ – біреуге бағыну, пікірімен келісу
ﻤﻮﺍﻓﻘﺖ – [келісушілік, жарамдылық]
ﻤﻌﺭﻛﻪ – [топ, қоғам], 22-б.
ﺍﻮﻴﻨﺎﺴﺎ ﻴﻮﺭﺴﺎ ﻤﻌﺭﻛﻪ ﺪﺍ ﺍﻮﻞ ﺗﻴﻟﻨﻰ ﺍﻴﺗﻮﺭ ﺍﻴﺭﺪﻴﻼﺭ – [топпен ойнаса, жүрсе , ол тілді алар еді]
ﻏﻴﺭﺕﻻﻧﻤﺎﻖ – [қайраттану]
ﻓﺭﺻﺕ – [мұрсат, ыңғайлы жағдай]
ﻋﻆﻴﻢ – [бақытты]
ﻗﻠﻤﺎﻖ ﺍﺗﻔﺎﻖ – бір нәрсеге келісу, ойласу
ﺑﻮﻠﻤﺎﻖ ﻮﻗﻴﻒ – дайын болу
ﺍﻠﺤﺎﻞ ﻓﻲ – бірден, сол заматта
ﻤﺴﺨﺭﻗﻴﻠﻤﺎﻖ – бағындыру
ﺧﺭﮔﺎﻩ – шатыр
ﺧﺭﮔﺎﻩ ﺍﻠﺗﻭﻨﻠﻰ – [алтынданған шатыр]
ﻮﻻﻴﺎﺖ – [уәләйат]
ﻠﻴﻖ ﺗﻴﻛﺪﻯ ﭙﺎﺪﺸﺎﻩ – хандық [тиді]
ﺧﻠﻌﺕ – [сый, сыйланған шапан]
ﺧﻠﻌﺕ ﻻﺭ ﺴﻬﻮﺭ ﻏﺎﻠﻼﺭ ﺑﺭﺪﻯ – [сый шапан тартты]
ﻨﻌﻤﺖ ﺪﻮﻠﺖ – [нығмет, дәулет]
ﺍﺑﺗﺪﺍﺀ – басы
ﻤﻴﺴﺭ – [жағдай жасаушы, оңайлатушы]
ﻗﻭﺖ ﺸﻭﻛﺖ – [ұлылық]
ﻋﻴﺶ – [өмір, қуаныш]
ﻓﺭﺍﻏﺖ ﻟﻴﻖ – [демалыс, тыныштық]
ﺼﺪﻒ – [інжу қабыршық, маржан]
ﻏﻭﺍﺹ – суға сүңгуші
ﺤﺎﺼﻞ ﺑﻭﻟﻤﺎﻖ – (болу)
ﺑﻁﻥ ﭙﺎﻚ - ﭙﺸﺖ ﭙﺎﻚ – жан-тәнімен таза ниетті
ﻤﻘﺪﻤﺎﺖ – (бұрын, ертерек)
ﺗﻘﺭﻴﺭ – (әңгіме; растау)
ﺑﻮﻠﻤﺎﻖ ﻤﻮﺠﻮﺪ – (болу, бар болу)
ﺍﻳﺷﺎﺭﺖ – [ишара]
ﺤﺎﻤﻠﻪ ﻛﻠﺗﻮﺭﻤﻙ - ﺤﺎﻤﻠﻪ ﺑﻮﻠﻤﺎﻖ – аяғы ауыр болу
ﻤﻌﺗﺑﺭ ﺑﺯﺭﮒ – [аса құрметті]
ﺗﻮﺍﺭﻴﺦ – [жылнама]
ﺑﻮﻠﻤﺎﻖ ﻤﺸﺎﻴﻊ – [шабуылдау]
ﻤﻨﺎﺠﺎﺕ ﻗﻟﻤﺎﻖ – [мінәжат ету, жалбарыну]
ﻨﺎﺯﻞ ﺑﻮﻠﻤﺎﻖ – [төмендеу]
ﺭﻮﺍﻴﺕ – аңыз
ﻗﻮﭙﻤﺎﻖ – [қозғалу, көтерілу, тұру]
ﺍﻮﻴﻘﻮﺪﺍﻦ ﻗﻮﭙﻘﺎﭺ – [ұйқыдан ояну, төсектен тұру]
ﺭﻮﻴﻼﺭ – жыршылар, әңгіме айтушылар
ﺭﻮﻯ ﺯﻤﻴﻦ – қараторы
ﻋﻬﺪ ﻗﻴﻟﺪﻯ – өсиет етті
ﺠﺎﻨﺐ – ел [тарап]
ﺍﻋﻆﻢ – ең ұлы
ﻤﻌﺠﺯﺓ – керемет
ﻛﻴﻔﻴﺕ – іс
ﻤﻌﺭﻭﻑ ﻭﻤﺷﻬﻭﺭ – белгілі және атақты
ﺍﻛﺭﻩ – [жексұрын, ең сұмпайы]
ﺒﻭﻠﺪﻯ ﻤﺴﻠﻢ ﻤﺴﺨﺭ – қолына тапсырылып, берілді
ҮЛГІ (ЖОҚТАУ)*1
كوبچاك ساندی كورانكدی
تابیه غه جراتقان،
قرق سان قرا قلماقتی
جارلغینه قراتقان.
ایبالتاسون التون منان بوولاتقان.
الافاسون ارتتوروب
ارپالاب اتتی قووناتقان.
لاباچی دیكان بر ایلنی
انتی منان اولاتقان،
ایرینچی منان سراندی
توزغونداتوب چوولاتقان.
برستاسون جورت اوستونان دوولاتقان.
اینكساسی بيوك بوز اوردا
سلتانت غه اورناتقان.
بولاتدان چیكا سوقتوروب
چنكاراغون تورلاتقان.
اوشبو یردان بك [دارون]
جاسیل كول كا مصلحت [كا] كیلتوروب
..................................................
مس تاباق غه تولتورغان.
قازغونی قلایی دان قاقتوروب
توقباغن سوم التون نان سوقتوروب
نقرا كموش چاپتوروب،
بولغاری سبا پیچوروب
چنی ایاق مان ایچتوركان.
اورندوغن اویمشداب
اواو نقش سالدورغان.
ساندوغین سارالتونغه مالدورغان.
كوچسه قرقین ارتالماس،
قریق مینك اتان تارتالماس.
قزیل ایاق مال جیب
قالیجه سین الدورغان.
الغین چغین ارقالاب
بتینه بدیر قامقا سالدورغان.
توورلیغینك قرا كیس
تولولو بر تونكلو كین
اوشیغه دان اوستاتقان.
بایتاغینك بایب مال بریب
بایراقتی جر كا قیستاتقان.
عدل لیكین نشر اون عدلكا یتكوركان.
[جومارتلیغین] حاتم تای
جومارتدان اوتكاركان.
كونده مهمان كوزاتیب
كیساكلاب ایت بركان،
ایماندینك ایسینه قاراب بیت بركان،
بر خدایدنك دیدارین
سن كورمسنك كم كورار.
تبانداسقان دوشمن غه
كونیندا قیلیچ شاویب اوتكاركان.*
* * *
Күпшек санды күреңді*1
Тәбияға жаратқан.
Қырық сан қара қалмақты
Жарлығына қаратқан.
Айбалтасын алтынменен булатқан.
Алафасын арттырып,
Арпалап атты қунатқан.
Лабашы деген бір елді,
Антыменен улатқан.
Еренші менен Серенді,*2
Тозғындатып шулатқан.
Періштесін жұрт үстінен дулатқан.
Еңсесі биік боз орда,
Салтанатқа орнатқан.
Болаттан шеге соқтырып,
Шаңырағын торлатқан.
Үшбу жерден бек [терін],
Жасыл көлге*3 мәслихат[қа] келтіріп,
.................................................................
Мыс табаққа толтырған.
Қазығын қалайыдан қақтырып,
Тоқпағын сом алтыннан соқтырып,
Нағыра күміс шаптырып,
Былғары саба пістіріп,
Шыны аяқпен іштірген.
Орындығын оймыштап,
Ою нақыш салдырған.
Сандығын сары алтынға малдырған.
Көшсе қырқын арта алмас,
Қырық мың атан тарта алмас,
Қызыл аяқ*4 мал жиып,
Қалижесін алдырған,
Алғыншағын арқалап,
Бетіне бедер қамқа салдырған.
Туырлығың қара кес,
Толылы бір түңлігің,
Ұшығадан ұстатқан,
Байтағың байып мал беріп,
Байрақты жерге қыстатқан,
Ғаділдігін Нуширван*5
Ғаділге жеткерген.
[Жомарттығын] Хатымтай*6
Жомарттан өткерген.
Күнде мейман күзетіп,
Кескілеп ет берген.
Имандының ісіне
Қарап бет берген.
Бір құдайдың дидарын,
Сен көрмесең, кім көрер?!
Табандасқан дұшпанға,
Күнінде қылыш шауып өткерген.
ابلای تورالی جر
من بر جرده*1 جرلاین،
جرلاسام ننه جرلاین؟
ایرتگه اوتكن ابلای
خانییم ده جرلاین.
اونی منان قویماین،
اوننك اتسقان جاون جرلاین.
قوسقان مالن جرلاسن.
منكگنده اتی كرایده
ایسنغول من ایر سادر
قرغزده دانكقه بر چققان ایر ایده
اناو بر سادر اتلاندی،
اتلانده ده بابلانده،
قزاق بر اویغه توسكانده
تنچ اویقتاب جاتماده،
اق سو منان كوك سوده
اتلانه كله سارت ده الده.
قرادا قووس چنكقردان
سمز نایمان چابلده،
سوننك ایچنده
قونكراتنك جمان چابلده.
سایقال ترك توبنده،
موزده بلاق باسنده
سوقاققان قوزه مه ن لاق تابلده
اون بش یاشار یاس بالا
جاوغاچ بر سونده جلایده:
سن سادر غه قلماسام،
كوتنكنان سورگه سالماسام،
ارقاداغی ابلاى غه نييمه بارماسام،
سویتب بر كگم الماسام.
تاغه بر مزگل بولغانده
جاوغاچ بر اتقه منگان كون،
بلنه ساداق سالغان كون،
قاراقانده قولینه
اورتاغه الا قونغان كون.
انكر قوزنه الغانده،
توس اویقغه بارغانده،
چالبار سالده بولغانده
تیب بر جلقی الغان كون.
تورت كشنی باچشی الوب،
بس كشی نی قوچشی الوب
ارقاداغه ابلای خانغه كیلگان كون،
الله یار [دیب] باس اورغان كون.
خان ابلای سورغان كون؟
– جولدار بولسن جاوغاچ جان.
– خان ابلای تقسر خان،
تنكری برسه مول بولسن.
قرادا قووس چنكقردان
سمز نایمان چابلده،
سوننك ایچنده مینم
قونكراتم جمان چابلده.
اق سو منان كوك سوده
سایقال ترك توبنده،
موزده بلاق باسنده
سو قاققان قوزی اولاق تابلده.
اویناپ بر جورگن قوربه سن.
جاوغاچ نك جمان ساغنده.
– ای جاوغاچم، جاوغاچم،
سن باراتور، باراتور،
سمبله تووسن جلتیب،
ات سمرسن قنتیب،
من سادرغه قلاین،
بایاغه دای بولاین،
تانا*2 بركای خدایم.
****
تاغه بر مزگل بولغانده
سمبله توده جلتیب،
ات سمرده قنتیب؛
یوز قویغه الغان قولاچه ات
جوراكتای بولب سمرده،
جلاندای بولب جاراده.
خان ابلای تقسر خان
اوله بر یوزدین قول جیدی،
كچه بر یوزدین قال جیده،
اسراسه [لوننك] اچنده
اواق بنن كریدن
رابایسز مول جیده.
كوك بورى دای جلده خان،
ایتلگه دای الده خان،
قارچغادای قاقته خان،
تورمتایدای قوندی خان،
توقال ترك توبنده
اتلانب كنكس سورده خان.
باسنتین اوله بارلوبای
اومراولاب سویله یده
كسی ارقینه كونبیده:
– سن كوك بوریدای جلدنك خان،
– توقال ترك توبنده
اتلانب كنكس قلدنك خان.
یمانده قولغه توسمز،
كل قایتالق، دیده خان.
سونده ابلای جلایده،
ابلای نیداب جلایده؟
– كری منان اوراق تنك
نایزا اوستاغان باتردنك
برده برنی جوق بولده.
من نیلكتان بوق بولدوم،
جانه توسب جوق بولدوم.
سونده كیدایچیلك مندارنك
سول مزگلده بار ایكان.
كرایدنك اوله تورسونبای
كون ساداقته دمسنك،
– كوبكه تییار سوزم بار*3
كوك چولاق اتته دمستك
اولجه ده الار جایم بار.
یمان قیلب الامز،
كل قایتالق دیده خان.
ابلای خانم جروچنك
قازدای بولب قرقلداب،
(بوراداین) برقلداب،
سای سووندای سارقلداب.
جای تاسندای جارقلداب.
............... باوره
قولغادا تولده سولقلداب.
چابندننك ایچنده
قوس ایدارده اول كیته*4
سونك جمان ایه اوتته.
یمان قیلب الامز،
كیل چابالق دیده خان.
سویگنده بار ابلای
قارت بورادای چابنده.
یوز قویغه الغان قلاچه ات
تورت ایاغن قاغنده،
جاو اتندای سابلده.
سالغانن بلكان سونك
ابلای دا [ی] تقسرخان
ایل تورمان تاغنده.
ارغماغن اوزدرده،
بایاو جاتقان قرغزده
ساری بلده توزده رده.
قلماقچه دای قلدرده،
قرغزدنك بلن سندرده،
چابته ده قایتته ابلای.
ابلای چاوب قایتقان سونك
سادر بالا كله ده
سای سووندای سارقراب،
جای تاسندای جارقراب.
ابلای خانننك قورقانه*5
قورققانه ایمی نمنه؟
توره بر قالده تزكنب، تتراب.
– ای جاوغاچم، جاوغاچم!
اونك قولمده لاچن،
سول قولمده جاوغاچم.
از دسمده تابلماس
جاوغاچ جان سندای قباچه اول.
منگانده اتی كیرایده
ایسنغول من ار سادر
قرغزده دانكقه بر چققان ار ایده.
بار سادرغا بارا كور:
ایلدسین سادرمن.
تالاستنك بویی تار جایلاو
تالاسا بارب جایلایق،
كنكستنك بویی كنك جایلاو
كنكسه بارب جایلایق،
قازی منان قار ته نه
قیه كیسب چاینایق.
– سادر باتر توراتور،
ارقاداغی ابلای
خانم منم جبرده:
– بار سادرغا بارا كور.
منگنده اتی كیرایده
ایسنغول من ار سادر
قرغزده دانكقه بر چققان ار ایده.
جاولاسبایمن سادرمن،
ایلدسین سادرمن.
تالاستنك بویی تار جایلاو
تالاسه بارب جایلایق،
كنكستنك بویی كنك جایلاو
كنكسه بارب جایلایق.
قازه منان قارتانه
قیه كسوب چاینایق.
*****
– قوقی! ایلدسبایمن اونی من،
جاولاسامن اول قولمن.
تالاستنك بویی تار جایلاو
تالاسا بارب جایلامان،
كنكستنك بویی كنك جایلاو
كنكسه بارب جایلامان.
قازه منان قار ته نه
قیه كیسب چاینامان، قوقی!
ابلای دیكان كاری قول
اوچ چاپته منم اویمده
اونه منان تورماده
ابلای دیكان كاری قول
اراغن ایچوب ایسرده.
تاستاپ كیتسن جسر[م] ده،
بر قلماده منك قلده، قوقی!
جاباغمده جون قلده،
جاس قايسيمده اى قلدى،
بوز بالامده قول قلده،
اق اوتاوم كونك قلده.
اونی منان تنباده، قوقی،
ابلای دیكان كاری قول
اینده مغان دا قراب قلغنده، قوقی.
قان قلمای چیشسن كییمده،
بولاك–بولاك ایته رمن،
بوزداى جرتب اوتارمن.
دودوغاسن كیارمن،
اینكسه سنه منارمن،
كووده سنه سییارمن.
ایلمده چاپقان سو قولدنك
سویاكن [نك] اوستونه
منارا قیلب اویارمن.
*****
- منكنده اتی كیرایده
ایسنغول من ار سادر
قرغزدا دانكقه چققان ایرایدی.
ایلچه گا بارغان جاوغاس جان،
سادر باتر نه دیدی؟
– اوی ابلای دیكان تقسر خان،
سن نتسن، نتسن؟
اناو بر تورغان سادردنك
اولكنسگن سوزی بار،
خدایدنك بزگه برار ایبه بار،
سن كیلگنسن، كیلگنسن،
كلب قرغز چاپقان سن،
تنكده اولجه تاپقان سن.
«– قوقی! الدسبایمن سو قولمن،
اینده مغان قراب قلغنده، –»
(سوندا ابلای):
– یالانكاچ حجم سن بولسانك
اناو تورغان سادرده تورب اتسانه،
قارق اولجه غه باتسانه.
اول سادرده اتباسنك،
سادر سنی الاده،
ات كوتنه سالاده،
تانكدینكدان تسیده،
جانغان اوتقا اوزنكده
چرقراتب باساده.
الله دان اوكم كلكان سونك
بر چبندای كوكه [جان]
او قای جاقغه قاچاده.
قونكراتتنك كوب مرگن
كوینده بولغان سول بایغوس
اورمه قرا ملتقته
تزه گه الا اولتورده،
اوزون براوقغه تولتورده،
اتتان بر قورغان سوغسته،
اوقچانتاین قاغسته،
الدلای ابلای چانچقان كون،
قوقی لاب قرغز قاچقان كون،
قزاقته دولت باسقان كون،
قرغزدان ارواق قاچقان كون.
(اتتم ده ب ایكه اووس توپراق تاستادی).
ارغماغن اوزدرده.
بایاو جاتقان قرغزده
ساری بلده توزدر ده.
چاپته ده غه قایتته ابلای.
*****
(شول جلده اتكه جرق نی اولتوركان.
سوننك قزیننك جری).
مرگن ننك باشی ملوون.
داره ننك جوله سروون.
منه بر قزاق كلوون،
اته كم ننك اولوون.
سادر كرده قامشقه،
اته كم ننك نایزه سی
قزل چكبن بور كنب.
قزدار من بو سادر
قارا چكبن بور كنب
خاتون من بو سادر.
ابلای خاننك نایزه سی
قولا بر بولب قایستی
اته كم ننك نایزه سی
قاراغای بولب مایستی.
قرم توقم ابلای
قرداسنك من اته كم،
ته ره توقوم ابلای
تنكداسنك من اتا كاو.
باسنكده قویده الككا
قاننكده الده چلككا
اوتنكده الده كرككا.
ایچب قانغه تویماده
ابلای دیكان قاچ ایغر
اجلگه كاره كگن قویماده.
АБЫЛАЙ ТУРАЛЫ ЖЫР*1
Мен бір жырды жырлайын,
Жырласам нені жырлайын?
Ертеде өткен Абылай,
Ханымды жырлайын!
Оныменен қоймайын,
Оның атысқан жауын жырлайын.
Қосқан малын жырлайын.
Мінгенде аты кер еді,
Есенқұл мен Ерсадыр
Қырғызда даңқы бірге шыққан ер еді.
Анау бір Сәдір аттанды,
Аттанды да баптанды.
Қазақ бір ойға түскенде
Тыныш ұйықтап жатпады.
Ақсу менен Көксуда
Аттана келе сартты алды.
Қарада Қуыс Шыңғырдан
Семіз найман шабылды,
Соның ішінде,
Қоңыратым жаман жабылды.
Сайқал терек түбінде,
Мұзды балақ басында,
Су қаққан қозы мен лақ табылды.
Он бес жасар жас бала
Жауғаш бір сонда жылайды:
«Сен Сәдірге қылмасам,
К... -нен сүргі салмасам,
Арқадағы Абылай ханыма бармасам,
Сөйтіп бір кегім алмасам!»
Тағы бір мезгіл болғанда,
Жауғаш бір атқа мінген күн,
Беліне садақ салған күн,
Қарағанда ел қолына
Орта ала қонған күн.
Іңірде қозыны алғанда,
Түс ұйқыға барғанда
Шешініп жатып қалғанда,
Тиіп бір жылқы алған күн.
Төрт кісіні басшы алып,
Бес кісіні қосшы алып,
Арқадағы Абылай ханға келген күн.
«Алдияр» деп бас ұрған күн.
Хан Абылай сұраған күн:
– Жолың болсын, Жауғаш жан!
– Хан Абылай, тақсыр хан!
Тәңірі берсе, мол болсын.
Қарада Қуыс Шыңғырдан
Семіз найман шабылды,
Соның ішінде менің
Қоңыратым жаман шабылды.
Ақсу менен Көксуда
Сайқал терек түбінде,
Мұзды балақ басында
Су қаққан қозы мен лақ табылды.
Ойнап бір жүрген құрбысын,
Жауғашын жаман сағынды.
– Әй, Жауғашым, Жауғашым!
Сен бара тұр, бара тұр.
Сүмбіле*2 тусын жылтиып,
Ат семірсін құнтиып,
Мен Сәдірге қылайын,
Баяғыдай болайын,
Пана бергей құдайым!
* * * *
Тағы бір мезгіл болғанда,
Сүмбіле тусын жылтиып,
Ат семірсін құнтиып.
Жүз қойға алған Құлаша ат,
Жыландай болып жарады.
Хан Абылай, тақсыр хан!
Ұлы бір жүзден қол жиды,
Кіші бір жүзден қол жиды.
Әсіресе соның ішінде,
Уақ пенен Керейден
Рабайсыз мол жиды.
Көк бөрідей желді хан,
Ителгідей ілді хан,
Қаршығадай қақты хан,
Тұрымтайдай қонды хан,
Тоқал терек түбінде
Айналып кеңес құрды хан.
Бәсентиін ұлы Барлыбай,
Омыраулап сөйледі,
Кісі ырқына көнбеді:
– Сен көк бөрідей желдің, хан,
Тоқал терек түбінде
Аттанып кеңес құрдың, хан,
Иманды қолға тұсымыз
Кел қайталық, – деді, хан.
Сонда Абылай жылайды,
Абылай не деп жылайды?
– Керей менен уақтың
Найза ұстаған батырдың
Бірде-бірі жоқ болды.
Мен неліктен боқ болдым.
Және тосып шоқ болдым.
Сонда кедейшілік мұңдарын
Сол мезгілде бар екен.
Керейдің ұлы Тұрсынбай :
– Көн садақты демесең,
Көпке тиер сөзім бар,
Көк шолақ атты демесең,
Олжада алар жайым бар.
Иман қылып аламыз,
Кел қайталық, – дейді, хан.
Абылай ханым, жүруші ең,
Қаздай болып қарқылдап,
Бурадайын бұрқылдап,
Сай суындай сарқырап,
Жай тасындай жарқылдап.
Қолға да толды солқылдап.
Шабындының ішінде
Қос айдарлы ұл кетті,
Қос тұлымды қыз кетті.
Соның жаман айы өтті,
Иман қылып аламыз,
Кел шабалық, – дейді, хан.
Сүйегінде бар Абылай
Қарт бурадай шабынды.
Жүз қойға алған Құлаша ат,
Төрт аяғын қағынды,
Жау атындай сабылды.
Сабылғанын білген соң,
Абылайдай тақсыр хан,
Айыл-тұрман тағынды.
Арғымағын оздырды.
Баяу жатқан қырғызды
Сарыбелде тоздырды,
Қырғыздың белін сындырды,
Шапты да қайта Абылай!
Абылай шауып қайтқан соң,
Сәдір бала келеді.
Сай суындай сарқырап,
Жай тасындай жарқырап,
Абылай ханның қорыққаны,
Қорыққаны емей немене?
Төре бір қалды тітіреп,
– Әй, Жауғашым, Жауғашым!
Оң қолымда лашын,
Сол қолымда Жауғашым,
Іздесем де табылмас,
Жауғашжан, сендей құбаша ұл.
Мінгенде аты кер еді,
Есеңқұл мен ер Сәдір,
Қырғызда даңқы бір шыққан ер еді.
Бар, Сәдірге бара гөр,
Елде дейін Сәдірмен,
Таластың бойы тар жайлау,
Таласа барып жайлайық.
Кеңестің бойы кең жайлау,
Кеңесе барып жайлайық.
Қазы менен қартаны
Қия кесіп шайнайық.
– Сәдір батыр, тұра тұр.
Арқадағы Абылай
Ханым менің жіберді.
Бар, Сәдірге бара көр,
Мінгенде аты кер еді.
Есеңқұл мен ер Сәдір
Таластың бойы тар жайлау,
Таласа барып жайлайық.
Кеңестің бойы кең жайлау,
Кеңесе барып жайлайық.
Қазы менен қартаны
Қия кесіп шайнайық.
* * * *
– Қоқи*3, елдеспеймін онымен,
Жауласамын ол құлмен.
Таластың бойы тар жайлау,
Таласа барып жайламан.
Кеңестің бойы кең жайлау,
Кеңесе барып жайламан.
Қазы менен қартаны
Қия кесіп шайнаман, Қоқи!
Абылай деген кәрі құл,
Үш шапты менің үйімді,
Онымемен тұрмады,
Абылай деген кәрі құл,
Арағын ішіп есірді.
Тастап кетсін жесірімді,
Бір қылмады, мың қылды, қоқи.
Жабағымды жүн қылды,
Бозбаламды құл қылды.
Ақ отауым күң қылды.
Онымемен тынбады, қоқи,
Абылай деген кәрі құл,
Енді маған да қарап қылғанды, қоқи.
Қан қылмай шешсін киімді,
Бөлек-бөлек етермін,
Бөздей жыртып өтермін.
Дулығасын киермін,
Еңсесіне мінермін,
Кеудесіне сиермін.
Елімді шапқан сол құлдың
Сүйегінің үстіне
Мұнара қылып үйермін.
***
Мінгенде аты кер еді,
Есенқұл мен ер Садыр
Қырғызда даңқы шыққан ер еді.
Елшіге барған, Жауғашжан,
Садыр батыр не дейді?
Ой, Абылай деген тақсыр хан,
Анау бір тұрған Садырдың
Үлкенсіген сөзі бар.
Құдайдың бізге берер ебі бар.
Сен келгенсің, келгенсің.
Келіп қырғыз шапқансың.
Тегін де олжа тапқансың.
Қоқи, елдеспеймін сол құлмен,
Енді маған қарап қалғанда.
Сонда Абылай:
Жалаңаш хажым сен болсаң,
Анау тұрған Садырды тұрып атсана,
Қарқ олжаға батсана.
Ол Садырды атпасаң,
Садыр сені алады,
Ат к... - іне салады.
Жанған отқа өзіңді
Шырқыратып басады.
Алладан өкім келген соң,
Бір шыбындай, көкежан,
Жан қай жаққа қашады.
Қоңыраттың көп мерген,
Күйінде болған сол байғұс
Орама қара мылтықты,
Тізеге ала отырды.
Аузын бір оққа толтырды.
Аттан бір қорған соғыста,
Оқшантайын қағысты!
«Аллалап» Абылай шанышқан күн,
«Қоқилап» қырғыз қашқан күн.
Қазақты дәулет басқан күн,
Қырғыздан аруақ қашқан күн.
(«Аттым» деп Әтеке уыс топырақ тастады)
Арғымағын оздырды,
Баяу жатқан қырғызды,
Сарыбелде тоздырды.
Шапты да қайта Абылай.
***
(Сол жылы Әтеке жырықты өлтірген, соның қызының жоқтауы).
Мергеннің басы миллион,
Дарияның жолы серуен.
Мына бір қазақ келуін,
Әтекемнің өлуін,
Садыр кірді қамысқа
Әтекемнің найзасы
Қызыл шекпен бүркеніп,
Қыздарменен Бұл Садыр,
Қара шекпен бүркеніп,
Қатынменен бұ Садыр,
Абылай ханның найзасы
Қола бір болып қайысты,
Әтекемнің найзасы
Қарағай болып майысты.
Құрым тоқым Абылай
Құрдасың ба еді, Әтекем,
Тері тоқым Абылай
Теңдесің бе еді Әтеке-ау.
Басыңды қойды әлекке,
Қаныңды алды шелекке.
Отыныңды алды керекке,
Ішіп қанға тоймады.
Абылай деген хас айғыр
Ежелгі әдетін қоймады.