Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2578 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 10:42

Алматы мен облыста нөсерлетіп жауған жауын үлкен шығын әкелді

Алматы/Талдықорган. 3 маусым. ҚазТАГ – Еліміздің оңтүстігінде өткен нөсерлі жауын мен екпіндетіп соққан жел оңтүстік мегаполис пен облыста елеулі шығын әкелді, деп хабарлайды Қазақстан ТЖМ.

Алматы облысының орталығының территориясында үлкен зақымдану тіркелді. Онда кешкі 18 сағат 10 минут шамасында оңтүстік батыстан екпіндетіп 13-15 м/с жылдамдықпен соққан жел салдарынан ардагерлер бағының аумағында ағаш №156 (110 кВ) электр желісіне құлап, элетр қуатының апаттық өшірілуі болды. 

Соның садарынан Майстрюков, Төлебаев, Желтоқсан көше тұрғындарының үйлері жарықсыз қалды. Сонымен қатар Еркін кентінің 1 500 үйлері мен Өтенай кентінің 1250 жеке тұрғын үйлері жарықсыз қалды. Аблайхан көшесіндегі №257 бес қабатты тұрғын үйдің шатырының 550 м2-ін жел жұлып әкетті. 

Қаратал ауданында да күрделі ахуал орын алды. Үштөбеде сат 18:10-дар шамасында ардагерлер саябағының аумағында 13-15 м/с жылдамдықпен екпіндеп соққан жел ағашты №156 (110 кВ) электр желісіне құлатып, ол жарықтың апатты сөнуіне соқтырды. Соның салдарынан Гагарин, Коминтерн, Рысқулов көшелеріндегі 250 жеке тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Одан басқа, жел Момышұлы көшесіндегі аудандық Орталық аурухананың перзентхана бөлімінің шатырының аумағы 200 м2 болатын бөлігін жұлып кеткен.

Талдықорған акционерлік көлік-элетржелілік компаниясының бригадасы жөндеу –қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Табиғат алапаты Алматыда да ағаштарды қиратып, аутокөліктерді зақымдап, үйлер су астында қалып, айтарлықтай шығын әкелді. Алдын хабарланғандай, Бостандық ауданында Розыбакиев көшесіндегі 5 қабатты үйдің (300 м2) темір шатырын жер жұлып алды. Бұл оқиға сағат 16:45-терде 12-14 м/с жылдамдықпен екпіндеп соққан желден болыпты. ТЖ салдарын жоюға қалалық құтқару қызметінің 5 техникасы мен 13 адамы тартылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475