ОҢТҮСТІК СІБІР ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ ТУРАЛЫ ЖАЗБАЛАР
Еуропалық Ресейдің оңтүстік-шығыс бөлігі мен тундрада, бүкіл Сібірдің орманы мен даласында отырықшы, көшіп қонып және қаңғырып көптеген түрлі тайпалардың халықтары өмір сүреді, олар бұратана деген атпен белгілі. Бұл халықтар фин, түркі және монғол тайпаларына жатады және осы тайпалардың барлығының қосындысынан тұрады. Бұл халықтардың өмір салты мен тілі белгісіз дерлік, дегенмен Императорлық Географиялық қоғам өзінің пайдалы істері мен Ресейдің бұратана, басқа діндегі халықтары туралы этнографиялық мәліметтерді жинауға тырысуда, бірақ әлі күнге дейін біздің қолымызда түбегейлі бірде бір мақала жоқ. Сібірдің оңтүстік-шығысында, Алтай мен Енисей бойында, түркілер мен монғолдардың бесігі болған жерде өмір сүретін монғол түркі тайпалары әлі күнге дейін түркі тілінің тазалығы мен салт-дәстүрін сақтай отырып, ізденімпаз монғолтанушы филологтар үшін мол қазына болып табылады. Сібірде болған академик Кастрен1 олардың көпшілігін түркіленген самоедтер тайпасына жатқызып, Саян тауларын финдердің бесігі санайды. Фин, түркі және монғол тайпалары адамзаттың дамуына түрлі кезеңдерде және тілі жағынан да ықпал еткеніне күмән жоқ. Фин, түркі, монғол тілдерінің әсіресе, соңғы екеуінің туысқандығын көптеген ғалымдар мойындады.
Еуропалық Ресейдің оңтүстік-шығыс бөлігі мен тундрада, бүкіл Сібірдің орманы мен даласында отырықшы, көшіп қонып және қаңғырып көптеген түрлі тайпалардың халықтары өмір сүреді, олар бұратана деген атпен белгілі. Бұл халықтар фин, түркі және монғол тайпаларына жатады және осы тайпалардың барлығының қосындысынан тұрады. Бұл халықтардың өмір салты мен тілі белгісіз дерлік, дегенмен Императорлық Географиялық қоғам өзінің пайдалы істері мен Ресейдің бұратана, басқа діндегі халықтары туралы этнографиялық мәліметтерді жинауға тырысуда, бірақ әлі күнге дейін біздің қолымызда түбегейлі бірде бір мақала жоқ. Сібірдің оңтүстік-шығысында, Алтай мен Енисей бойында, түркілер мен монғолдардың бесігі болған жерде өмір сүретін монғол түркі тайпалары әлі күнге дейін түркі тілінің тазалығы мен салт-дәстүрін сақтай отырып, ізденімпаз монғолтанушы филологтар үшін мол қазына болып табылады. Сібірде болған академик Кастрен1 олардың көпшілігін түркіленген самоедтер тайпасына жатқызып, Саян тауларын финдердің бесігі санайды. Фин, түркі және монғол тайпалары адамзаттың дамуына түрлі кезеңдерде және тілі жағынан да ықпал еткеніне күмән жоқ. Фин, түркі, монғол тілдерінің әсіресе, соңғы екеуінің туысқандығын көптеген ғалымдар мойындады. Сібірлік көшпенділер мен түркі монғол тайпаларының аңшы тайпалары шамандықты ұстай отырып, өмір сүру сипаты мен тілінде осман түріктері2 мен Қазан татарларына қарағанда, өзіндік тұрмыс ерекшеліктері көп. Мұсылман діні олардың тұрмыстық ерекшелігінен, ұлттық өзгешелігінен айырады: Қазан татарларын алыңыздар, олардың Батыйлық монғолдар мен Батый әскерлерінің түркі-қыпшақтармен қосындысынан шыққаны тарихтан белгілі. Айтыңыздаршы, Еділ монғолының бойында оның шығу тегін байқататын не бар? Ештеңе. Қазандықтар, османлылар, қырымдықтар Құран мен Исламға берілгені сонша, бірде-бір ұлттық ертегісін немесе көне ән-жырын сақтамаған. Қазан музасының жалғыз поэмасы Мұхаммадия мазмұнының өзі діни сипатта. Олардың тілдеріндегі сөздердің жартысы араб және парсы сөздері. Қалай айтсаңыздар да, мұсылман діні өз дегеніне жетті. Ислам діні барлық ұмтылушыларды арабқа айналдырып, оларды Құран мен Пайғамбардан басқа ештеңені ойламауға, сыйламауға үйретті. Түркі-мұсылмандардан сіз діни-схоластикалық бағыттың тек бір ғана жағын көре аласыз; өзге жағына келгенде олар соншалықты топас және өзге кәсіпке қабілетсіз, ал олардың «дінсіз» бауырлары білімі жағынан төмен тұрғанмен, ақыл-ойы жағынан әлдеқайда жоғары. Қаңғыбас якут, қалмақ, монғолдың ұлттық сипатын айтпағанда, өзінің поэзиясы, соған орай өзіндік тұрмыстық аймағы, шағын болса да, интеллектуалдық дамуыған өмірінің өрісі бар. Якуттардың поэмаларын оқыңыз, Щукинның3 айтуынша, олардың поэтикалық («Поездка в Якутск») жетістігімен қоса тарихи маңызы да бар. Оногой бай (осы аттас поэманың басты кейіпкері) халық аңызы бойынша, Алтайдан 150 адаммен шығады. Бұл аңыздың негізі бар: қарағас4 татарларының (Енисей губерниясында) арасында әлі күнге Саха деп аталатын болыс бар, якуттар да [өздерін] саха деп атайды. Мұндай поэмалар якуттарда көп: Элляй батыр, Оногай батырдың соңынан ерген көш басшысы, Багани батыр, Немейбай-тойон. Олардың әрқайсысы халық тарихының әрбір кезеңінің оқиғасын мәңгілікке қалдырып отырады. Халықтың діні мен діни ғұрыптарымен таныс ететін поэмалар: Хорылан, Мохсогол, Еберен Эмехсин, || романтикалық, махаббы жырлайтын Кыланных-Кыс батыр (Замечание о якутском языке Огородникова5. «Отечественные записки» 1846)*1. Қарағастар (Енисей губерниясы, Минусин уезы), телеуіт, кергиттер*2 (Том губерниясы) және өзгелердің де көптеген аңыз-әңгіме, ертегілері бар. Олардың мәтелдері де өмірлік шындыққа тұнып тұр, мәселен, телеуіттердің мақалы: «Құл князьден көп білуі мүмкін, бірақ оған сөйлеуге кім рұқсат береді»; «Сақалда ақыл жоқ» және т. б. Енисей және Том бұратаналары тілінің сөздеріне қарағанда, таза түркілік. Чихачев6 мырза дәл байқағандай, шағатай тіліне жақын, зерттелген диалектілер ішінде ең негізгісі фин және жалпы түркі монғол тілдерінің қосындысы бар. Бұл фин түркі монғол тілдерінің жақындығын анықтағысы келетін ғалымдар үшін ерекше пайдалы болар еді. Якут тілі жайлы журналдар мен брошюралардағы мақалалар (Замечание о якутском языке. «Отечественные записки», том XLVII; Смесь; Известия Географического Общества...) және қарағас тілі туралы (ibid*3., князь Костров)7 ешқандай мәлімет бермейді. Түркі тілдерінің дыбысталуын орыс әліппесімен ерекше фонетикалық белгілерсіз беру олардың ажарын кетіреді. Автордың кейбір сөздерді түркі және монғол сөздерімен салыстыруы келемеж... соңғыларын алдыңғысының да дұрыс екеніне күмән келтіреді. Ғылымның нағыз пайдасы үшін бізді осы халықтардың тілімен таныстырғысы келетіндер сөздік құрауда, мәселен Якут тілінің сөздігін жасауда «Замечание о якутском языке» авторы Огородников мырза 1846 жылы сол тілдердің жазылуы бекітілген монғол немесе араб әліпбиін таңдауы керек еді: 1) осы тілдердегі дыбыстарды дұрыс беру үшін; 2) монғол және татар тілінде бар сөздердің өзгелерден айырмашылығын байқау жеңіл болу үшін. Жақсы сөздік немесе грамматика құрастыру үшін монғол тілін немесе түркі тілдерінің бір диалектісін терең білу қажеттігін айтпай-ақ қояйын. Онсыз барлығы бос әрекет.
Огородников мырза өз мақаласында «Шоттың8 түркі тілі мен якут тілі ұқсастығы жайлы барынша негізді болжамдарын» растау үшін келесі салыстыруды жасайды. Міне оның дәлелдері*4.
Uber die Jakutische Sprache (Archiv V. Erdmann)*5.
Түркіше Якутша
Aghul дан اوغل (огул) болуы керек Ol қазақтар да "ol, ov" деп те айтады
Avquv ? - білмеймін Kumis - шамасы, якутша бие сүтінің жалпы атауы болса керек
Kungis ? - не сөз екенін білмеймін Eder Ary - [арыы]
Ehder, ihder ? - не сөз екенін тағы да Құдай біледі Moi - моой [mooj моой]
Aral -ارال [арал] болса керек
Mojun, bojun مویون [моюн] - мойын
Осыдан кейін французша жазылған түркі сөздерін тануға болмай тұрған кезде, белгісіз якут тілі жайлы айтып көріңіз. Бұл салыстыру шығыстанушы Шоттқа да тиесілі.
Огородников мырза 21 әріптік әліпби ұсынып, мысал келтіреді, бірақ одан ештеңе түсінікті болып тұрған жоқ. Дегенмен аталған мысалдар мен жазудан байқалғандай, басым элемент - түркілік, дегенмен сөздер, бәлкім финдік болар, белгісіз. Грамматикасы жалпы түркілік. Міне, септеу үлгісі (Огородников мақаласын қара):
Жекеше түрде Көпше түрде
Атау - ого - ұл (Шоттағы ol енді ого)
Ілік - огону, оголор, т.б. оголар және т. б.
Барыс - огого
Көмектес - огонен
Әлдене дұрыс емес, шамасы автор септіктерді шатастырған: оның көмектес септігі ілік септігіне көбірек ұқсайды 9, ал ілік септік табыс септік орнында тұр.
Міне, есімдіктер:
Мен - мин Шотта - (?)
Сен - эн
Ол - кини (?)
Сілтеу есімдіктері бұл - субу, бу; біріншісі шамасы [су]дан шығады, қазақтар осы дейді.
Тәуелдік менікі - міэн [миэнэ]
Сенікі - мене [эйиэнэ]
|| өзімдікі - беэмгене [бэйэм киэнэ],
Қырғыздарда менікі деген сөз бар.
Жіктеу: Асыэкха - жеу
Мен жеймін - асабын [аһыыбын]
Сен жейсің - асагын [аһыыгын]
Ол жейді - асыр [аһыыр]
Біз жейміз - асабыт [аһыыбыт]
Бұл шатасқан нәрседен ештеңе түсіну мүмкін емес. Мұндай үлгі еш пайда бермейді. Сөздердің барлығы дерлік түркілік, бірақ өте бұрмаланған. Міне, бір якут мақалы: Ким бар бу ола эрегя сох бары тылыунан кепетярь - ойдарана10.
Бу деген сілтеу [есімдігі] деп қабылдайық, оланы білмеймін, эрегя - ол да солай, сох - білмеймін, бары (қазақтарда да [бар]), кепетяр сөзі түркінің ашық райының үшінші жағы, ойдарана Огородниковтың айтуы бойынша, жаңғырық. Бұл сөз шамасы, күрделі сөз - үңгір, қуыс, жыра және... айғай. Бірге - жыра айғайы, қуыс айғайы. Автордың айтуынша, мақал: (дәлме дәл аударма емес) кім оқымай бар тілде сөйлей алады? - Жаңғырық. Мұнда сілтеу есімдігі бу жоқ деп шамалауға болады). Бу ола эрегя - татардың [йер] сөзіне жақын. Сонда мағынасы мынадай: кім (бар) бұл жерде (өз жерін нұсқап тұр) барлық тілді біледі? - Жаңғырық.
Бұдан байқалғандай, автор өзі тілді жақсы білмейді және оны оқымаған, тек сұрау арқылы жазып шыққан. Мұндай түсіндірме арқылы біз ешқашанда бұратаналар тілін біле алмаймыз, қашан бір түркі және монғол тілін білетін ғалым шығып, зерттеу жасап, ерекшеліктерін береді, одан артық керек емес. Енисей, Томск және Иркутск губернияларындағы бұратана көшпенділерді аралап шығудың тарихи пайдасы да болар еді. Шығыс зерттеушілерінің географиялық мәліметтері зерттеуге тұрарлық. Әбілғазының сілтемесі бойынша, Дулон Булдак шатқалын ашу көп пайда әкеледі*6. Көптеген өзендер атаулары - Барфучин (Баргузин), Керулен, Онон қазір де бар. Бәлкім көп жазылған Икар - Мурун «10 өзен» атауы түземдіктер тілінде де бар шығар?
|| Мұндай аз танымал халықтар қатарына түркі қырғыз халқы да жатады. Әбілғазының мәліметіне сәйкес, олар Оңтүстік Сібірде Селенг және Икар Мурун, (Ангарада)*7өзендерінің бойында тіршілік еткен. Ол оларды керкез немесе қырғыздар...*8 деп атайды және олар Оғыз немересі қазақтан*9 тарады дейді. Рашид ад Дин оларды Бархуджин Тукум елін мекен еткен орман халықтары қатарына қосады. Шыңғысхан тұсында инал (Әбілғазының айтуы бойынша, бұл халықта князь солай аталған) қазақ сұлтаны Орыс болған. Ол Шыңғысханға бағынып, оның Бору елшісіне қосып қызыл көзді және қызыл шеңгелді ақ сұңқар жіберген. Біздің эрамыздағы 1207 жылғы Қытай жазбаларында Шыңғысхан өзінің екі шенеунігі Алтан мен Боруды кир цзис еліне жібереді және осының нәтижесінде Идирнэрэ мен Алдар (қазақ князінің елшілері болса керек) ең жақсы сұңқарларды әкелді деп жазылған. Шыңғыстан кейін қазақтар Төле ұлысына өтті яғни, бұрынғы мекендерінде қалып, өзге түркі монғол тайпаларының әскери жорығына қатыспаған. 1254 жылы ұлы хан Мөңкенің ордасында болған Рубруквис қазақтар Қарақорымның солтүстік жағында өмір сүреді деп жазады.
Қарақорым қайда болмасын, Селенг ағысы бойында немесе Орхонның жоғарғы ағысында ма, қазақтар, қалай болса да, Сібірдің оңтүстік бөлігін мекендеушілер болып қалады және олар Байкалға дейін [тарай] алған. Буряттар әлі күнге дейін Жаңа*10 Сібірдегі қорғанды киргиз гер (қырғыз үйі) деп атайды. Фишер («Сибирская история») Икар Мурун деген Хуанхе, сондықтан қазақтар Оңтүстік Сібірге Шыңғыстан әлдеқайда кейін қоныс аударды деген болжам айтады. Клапрот (Memoires relatifs a l'Asie) бұл [гипотезаны] жоққа шығарып, Юань династиясы (1280 1367 жж.) тарихынан үзінді келтіріп, онда ki li ki sz (kirkis деп оқы) халқы туралы жазылғанын уәж етеді.
Бұл халықтың келесі тағдыры Сібірде орыстар пайда болғанға дейін және казактар мен қазақтар және урянхайлармен қақтығысына дейін белгісіз. Есесіне XVII ғасыр бойы Сібір жазбаларында оларды үздіксіз кездестіреміз. Олар бірде Томға, Кузнецкіге шабуыл жасайды, бірде телеуіттермен, урянхай Алтан ханмен || немесе жоңғар тайшысымен*11 одақ құрады. 1606 жылы Немча бодандық сұрап, осы дипломатиялық келіссөз үшін [әйелін] жібереді. Әйел істі сәтті жүргізе алмайды, оны кемсітіп, қазақтар өш алып, Тара мен Томға шабуыл жасайды. 1607 жылы олар орыс боданына өтеді, ал 1642 жылы жоңғар билеушісі Баторға бағынып, ал 1657 жылы урянхай Алтан ханның [ұлы] Лобзанның боданы болады. Олар ол кезде Ақ және Қара Юс бойымен, Абақан, оңтүстікте Саян тауларына дейін, батысқа Томға дейін және шығысқа Енисейге дейін көшіп қонып жүрді (Қазақтар туралы Фишердің «Сибирская история»; Иакинфтің «Исторические обозрение ойратов» еңбектерін қара).
XVII ғасырдың соңында қазақтар мүлдем жоқ болып, олардың аты Сібір жазбаларында кездеспейді.
Фишердің мәліметі бойынша, оларды жоңғар [қоңтайшысы] көшіріп жібереді, бірақ қайда екенін ол білмейді, бірақ естіген мәліметтерге сүйеніп, олардың жаңа мекені Тибет пен Гиндукуш тауының маңы болар деп болжайды. Левшиннің айтуынша, Сібірде болған швед офицерлері бұл оқиғаны алғаш болып тарихқа енгізген (Левшин «Описание киргиз кайсацких орд и степей»). Клапрот бұл пікірді растап, олардың жаңа қоныстарын дәл көрсетеді (Journal Asiatique, 1823).
Тұтас тайпа кенеттен жоғалып, қалмақтардың бір бөлігіне айналып шыға келді деген Иакинф әкейдің болжамына келісу қиын. Иакинф қазақтардың қырғыздар екеніне сенімді, бірақ соңғысы түркілік Сібір қазақтарынан мүлдем бөлек халық, ал олардың кэргыз деген атауы түркілік. «Сібір казактары, - дейді автор, - қырғыз деп аталатын бір қалмақ тобымен кездескен». Мұндай болжамдар ешқандай пайда әкелмейді: башқұрт болысында керей деген ру бар, қырым ноғайлары мен Астрахан губерниясының кундур11 татарларында және қазақтарда да бар. Осыған қарап, || Енисей қырғыздары башқұрттардан, ноғайлардан немесе қазақтардан шықты деуге бола ма немесе керісінше, башқұрттар, ноғайлар мен қазақтар қырғыздардан шықты ма? Ғалым монах не шығыстық не тіпті өзі көп мәлімет алған Қытай деректеріне де сүйенбеген. Хакастар деп аталатын қырғыздар түркі хой хуымен туысқан халық ретінде Аспан асты империясының тарихшыларының жазбасында кездеседі (Klaproth, Memoires relatifs a l'Asie) оның Шыңғысхан туралы тарихында кирцзис халқына елшілік туралы айтылған. Қырғыздар мен қалмақтар арасынан шыққан халық қоныс аударған қырғыздардың қалып қойғандарынан немесе қазақтар*12 мен кундур татарлары сияқты әскери тұтқындардан қалыптасуы мүмкін. Георги12 1779 жылы жарық көрген еңбегінде*13 халықтарды сипаттай келіп, былай дейді: «Олардың арасында (кундур татарлары) қырғыз тайпасы немесе Ұлы жүз қазақтары бар (Ұлы жүз қазақтары қырғыздармен көрші болғандықтан, автор оларды үнемі шатастырады), олар 1758 жылы жоңғарлардың біраз бөлігімен қосылды». Башқұрт пен ноғайларға да олар осындай себептермен қосылуы мүмкін. Башқұрттар 1780 жылдың өзінде ақ Орта жүздің [найман] болыстары, Аягөз өзені бойынан мал ұрлайтын болған. Ал ноғайлар тарихи мәліметтер мен халық аңыздары бойынша, қазақ даласында 1680 жылға дейін, Тарбағатайдан шыққан торғауыттардың басшысы13 [Хо] Өрліктің көтерілісіне дейін өмір сүрген. Барымта көшпенді дала халқында бұрыннан бар, сондықтан шапқынға да кедергі (?) болмаған.
Дай цин И тун Чжидің қытай географиясында полу немесе пулу деп аталатын қазіргі Қара орда*14 алқабында ежелден көшіп қонған түркі тайпасы туралы айтылады және олар, Тан династиясы тұсында өмір сүрген қытайлықтар олармен араласпаған (Tableaux historiques de l'Asie. Journal Asiatique, 1823; Memoires relatifs a l'Asie). Қашғарда пулулардың болғанына сүйене отырып, қытай географы мынандай болжам айтады: «Полу атауы боруға ұқсас, сондықтан пулу деген қырғыздар екеніне күмән жоқ». Автор бурут деген атауды міндетті түрде түсіндіргісі келген, тек қытайлық ғана полудан бурут жасай алады (Левшин «Описание киргиз-кайсацких орд и степей»; Отечественные записки; Klaproth. Magasin Asiatigue).
|| Қызық, бурут сөзі қайдан шықты екен; қырғыздар өздерін қырғыз деп атайды, ал полу, бурулар немесе буруттар туралы, шамасы, ештеңе білмейді. Бұл атау жоғарыда айтылғандай, қытай сөзі емес, ал қытайлықтың өте ақылды, ғылыми жолмен сөздің мағынасын түсіндіргісі келгені көрініп тұр. Егер қырғыздар арасында бурут деген ру болса да, ол тек қырғыз тайпасынан шыққан болуы мүмкін, Рашид ад-Диннің жазуынша, олар қазақ секілді орман халқы болып, ойраттарға жатқан (Журнал министерства народного просвещения. 1845 ж. мамыр).
Кейінгі ұрпақта олардың бұрын Енисей бойында көшіп-қонғаны және оңтүстікке қоныс аударуы сақталды ма, жоқ па - біз білмейміз. Бізге белгілісі - олар аңызға өте бай. Ұлы жүздегі үкімет тарапынан пристав болған майор Г. Франелдің 1849 жылы жинаған мәліметтеріне сәйкес, олар өздеріне дейін сол жерді мекен еткен ноғайлардың ұрпағымыз деп санайды. Олардың түп атасы Қырғызбай екі ұлы Атыген*15 және Тағаймен ноғай князьдері Манас пен оның ұлы Семетей ығыстырған соң, Іле жағалауынан қашып, оңтүстікте орналасқан тауларға кетеді.
Қырғызбайдың үлкен ұлы Әмудария мен Сырдарияның жоғарғы жағында, Бадахшан*16 таулары арасында жатқан Памир алқабында көшіп жүреді, ал кішісі Күнгей мен Теріскей тауларының алқабына қоныстанады. Біріншісі - Күнгей Алатаудың оңтүстік баурайына, [Ыстықкөлдің] солтүстік жағалауына дейін, екіншісі - көлдің оңтүстік жағалауы мен Қырғыз Алатаудың солтүстік баурайына, көл жағалай орналасады. Бізге Ыстықкөл қырғыздарының тек үш руы ғана белгілі, ал оңтүстікте тұратын олардың туыстары жайлы мәлімет жоқ; қытайлықтардың жазуынша олар он бес рудан тұрады.
Ыстық*17 жағасында шашырап жатқан көне қалалар мен мұнаралардың қирандылары да ноғай кезеңіндегі халыққа телінеді. ||
Жалпы, біздің Қырғыз ордасы жайлы мәліметтеріміз тым шектеулі. Анағұрлым жаға мәліметтерді күтуге тура келеді, оларды енді буғулар біздің боданымыз болғаннан кейін жинау мүмкін болар.
Қырғыздардың Ыстықкөлі... жағымсыз ауа райы кезінде әр түрлі үй тұрмыс заттарын жағаға шығарып тастайды. Халық бұл құбылысты былай түсіндіреді: ертеде, ноғай дәуірінде көл айналасында гүлденген қалалар мен елді мекендер көп болған. Құдай халықты бұзылғаны және дінсіздігі үшін жазалайды: жағалаудың шығыс бөлігі қалалар мен елді мекендерімен қоса жер астына кетіп, көл дінсіз ноғай руын толайым жұтып жібереді.
Бұл ноғайлар туралы аңыз керемет. Бұған қоса, ол көшпенді ортаазиялық тайпалардың бәріне ортақ. Қазақтар өз жерлерінің оңтүстік және батыс бөлігіндегі қирандылардың барлығын ноғайларға тиесілі дейді. Қарақалпақтар мен башқұрттар да ноғайларға қатысымыз бар деседі. Бұл мәселе зерттеуге тұрарлық, сондықтан мен ол жайында толығырақ14 өзге жерде, басқа оқиғаға байланысты баяндамақпын. Енді қазақтарға оралайық.
Қазақтар тілі жағынан түркі халықтарына жатады және шығу тегін көп адамдар түркілер деп таниды. Қазақ халқы ешқашанда салиқалы зерттеу нысаны болған емес, Левшиннің «Описания киргиз кайсацких орд и степей» [және Броневскийдің «Записки о киргиз кайсаках Средней Орды»] (Отечественные записки) атты біршама құнды, бірақ кейде ортадан төмен деңгейде жазылған еңбектерді есептемегенде, тіпті маңызды этнографиялық және ағартушылық мақалаларды оқымадық.
Көптеген ғылыми зерттеушілер ғұндар, печенегтер, оғыз, аварлар туралы айта отырып, мынандай қорытынды жасайды: ғұндар тіршілік еткен өлкеде мекендейтін, Аттила15 монархиясы құлағаннан кейін, Еділге оралған және ұзақ уақыт кутигур, арзи гур деген атпен белгілі болған қазақтар мен қалмақтар ғұндардың ұрпағы. Шынында да қазақтар сияқты жазу сызуы жоқ, демек, өткенінен ешқандай естелік қалмаған халықтардың шығу тегін анықтау өте қиын. Көшпенді халықтардың шығу тегі мен тарихы сияқты ешқандай нақты мәліметтер, деректер болмаған соң ештеңеге анық көз жеткізбейтін тұманды болжамдар жасауға мәжбүрлейді. Бірақ, халықтың этнографиясын мұқият зерттей отырып, біз дәл ақиқат болмаса да, белгісіздіктің қалың тұманын аздап ашатын, оның сәл де болса сәулесін таба аламыз. Егер Гомердің16 поэтикалық шығармалары мен Геродоттың17 ел аузынан жинаған мәліметтері тарихи құнды мағлұматтар деуге тұрарлық болса; егер ауыздан ауызға тарап жеткен кез келген мысалдың негізінде шындық оқиға жатқан болса, онда қазақтардың көнеден келе жатқан аңыз әңгімелері, тұрмыс тіршілігі, қазіргі күнгі өмір салты мен ата баба тұрмысының айнасы болған дәстүрі және салыстыра келгенде тарихи мәліметтермен барлық жағынан дәл келетін осының барлығы тарихи ақиқат деген сөз. Тұтас қоғамның өмірі мен дамуын, сезім-түйсігін бейнелейтін... таза халықтық ақыл ойдың туындысы ретінде... халық аузынан бір адам сөзі сияқты төгілген бұл шығармалар тарихи, филологиялық және психологиялық тұрғыдан қызығушылық тудырады.
Көшпенді татарлар18 Ислам дінін ұстанғанымен, дінсіз бауырлары сияқты отырықшы тайпаластарына қарама қайшы қалыптасқан. Оларға ертеде қабылдаған мұсылман діні татарлар мен басқаларға ықпал еткендей әсері болмады. Қазақтардың осыдан 20 жыл бұрын орыс әкімшілігі [аймаққа бөлуді] енгізгенге дейін мұсылман аты ғана болды. Олар бұрынғыдай өздерінің шамандық салт-дәстүрлерін жалғастырып, рухтармен тілдесетін бақсыны құрмет тұтты. Даланың бір де бір батыры Мұхаммед пайғамбардың кім екенін білген емес. Орта жүздің сұлтаны Барақ (1749 жылы дүние салған) татар мен бұқарлықтардан: «О, Мұхаммед! Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген сөзді естіп, қызығушылық танытып, былай деп сұрайды: «Барлық татарлар мен сарттар Мұхаммед, Мұхаммед дейді, шамасы ол пысық біреу болса керек» депті. Бірақ қазір мүлдем басқаша. 1822 жылы алғашқы округ ашылғаннан бері, үкіметтің қамқорлығы арқасында Ислам тез таралды. Әрбір ауылда молда мен көшпелі медресе бар, отыз күн ораза ұстап, бес уақыт намаз оқымайтындарды ешкім тыңдамайды, туысқандары құрметтемейді; бір сөзбен айтқанда қыр қазағы фанатизм жағынан Стамбул дәруішінен*18, шыр айналған Мәулауи19 бауырластығының өкілдерінен кем түспейді... || Даладағы жаңа діннен келер ұрпаққа қандай пайда келетінін бір Құдай біледі. Олардың бәрін бұрынғы қалпында қалдырған жөн емес пе еді? Қазақ даланың еліккіш ұлдарына тән қылықпен [Исламға] бой ұрды, енді Құранмен келіспейтін ештеңені де мойындамайды. Өлеңдер, көне жырлар, күрес, әйел еркіндігі мен оның көппен бірге көңіл көтеруі - барлығы ұмытылып барады. Әйелді үйден шығармай ұстауды қолдаушылар көптеп табылуда, киіз үйге тығылған олардың байғұс [әйелдері] кім өтіп барады, жарық дүниеде не болып жатыр, соны көру үшін киіз үйдің киізін тесіп, сығалап тұратын болды. Әйелдердің табиғаты сондай: олар тыйым салынған жемісті жемейінше тыным таппайды. Қарттар жаңалықты қабылдай алмай шағымданады; әйелдер қарттардың пікіріне іштей қосылады, жастар көбіне таңдау жасай алмай толқиды: үйленгенге дейін олар ескілікті қолдайды, үйленген соң тәубасына келіп, парыздарды орындауға көшеді; бірақ уағыз бен пайғамбар сүннетін толық сақтамайды. Қазақтарды бұрынғыдай жайына қалдыру дұрыс болмас па еді? Олардың табиғи дарыны - шыдамдылық. Олар алғыр ойымен діннен ақиқатты тауып, тез дамып алға жылжығанымен, тоқырап қалады,... олардың біразы мүлдем қарама қайшы кетіп жүр. Қазіргі кезде анық байқалмағанмен, шығысқа еліктейтін мұсылмандық пен орысқа қарап бой түзейтін жаңа арасында күшті күрес жүріп жатыр. Мұндай құбылысты ноғайлар да, башқұрлар да бастан кешіріп отыр, бұрын қазақтардан мал барымталайтын олар енді таза татарға айналып кетті. Даланың атақты музыканттары башқұрт сыбызғышылары қазір ән салмайды және батырлар туралы жыр толғап, көпшіліктің көзін жасқа толтырмайды. «Алтын Орданың жоқтауы» да естілмейді - оның заманы өткен. Қазақтар да қайтадан қалыптасып келеді, қарақалпақ тайпасы жоғалу алдында, ежелгі татардың да жер бетінен мүлдем жоғалу қаупі төніп тұр. «Алланың қалауы болсын! Біздің бәрімізді жаратқан Алла және бәріміз оған қайтып ораламыз».
|| Еуропада әлі күнге дейін көшпенді тайпалар қатыгез тобыр және тәртіпсіз жабайылар деген қате түсінік басым. Көшпенді монғолдар мен қазақ туралы түсінік дөрекі және мал сияқты варвар деген идеямен тығыз байланысты. Алайда, осы варварлардың көп бөлігінің өз әдебиеті мен жазбаша және ауызша ертегі аңыздары бар. Алғашқылардың қатарына монғолдар мен жоңғарлар, екіншілеріне монғол түркі тектес көшпенді тайпалар жатады. Қыр қазағы өзінің ар ұяты мен ақыл ой қабілеті жағынан отырықшы татар мен түріктен әлдеқайда жоғары. Поэзияға икемділігі, әсіресе суырып салып жанынан жыр шығару барлық көшпенділердің ерекшелігі. Бедуиндердің ақындық қабілеті мен олардың суырып салма ақындары еуропалықтарға жақсы таныс. Араб жазирасы мен шатырларда болған барлық саяхатшылар бар сауалға көмейлерінен төрт жолдан тұратын дұрыс құрылған ұйқасты өлеңмен жауап атқылаған балалар туралы таңдана жазған. Монғол-түркі ұрпағы да осындай. Бейқам көшпенді өмірдің ықпалы ма, жоқ табиғатқа жақын, жұлдызды ашық аспан мен кең-байтақ даламен етене болу көшпенділердің ақынжандылық және қағылездігінің себебі ме, бізге біліп керегі жоқ, бұл сұрақтың шешуін табиғатты бақылайтын, солар оның адамға ықпалын және сол ықпалдың жемісін зерделейтін ғалымдарға қалдырайық. Біз тек деректер мен мәліметтерді ұсынамыз.
Барлық татар халықтарының ішінде ақындық қабілеті жағынан қазақтар алдыңғы орында дерлік. Олар туралы біздің құрметті шығыстанушымыз Сенковскийдің арабтар жайлы айтқан пікірін қайталауға болады: бедуин - || табиғатынан өлең құрастырушы және көбіне ақын. Қазақ ақындарының туындыларынан араб поэзиясындағы сияқты өлең жолдарының дұрыс құрылуы байқалмағанымен, оларда да белгілі ережелер бар. Түркі диалектілерінің көрнектісі қазақ тілінде гиперболикалық бейнелеу араб тіліндегі секілді илене бермейді, демек олардың поэтикалық ерекшеліктері әр түрлі болуы қажет. Дала поэзиясы ретінде ол араб поэзиясына жақын, дала өмірін суреттейді, көшпенді тірліктің бірқалыпты көріністері, тайпалардың қақтығысы мен бір бірімен жауласуы - олардың ұқсастығын үстей түседі. Қалай болған жағдайда да қазақтардың поэзиясы өмірдің нақты көрінісі, қоғамдағы түсінік пен қарым қатынастың баяны ретінде өте қызықты және алуан қырлы болып келеді. Осы мақаламен қазақтардың поэзиясы және суырып салмалығы туралы сөзімізді аяқтаймыз.
Негізгі ойымызға қайта оралсақ. Тарихи тұрғыдан алғанда, халықтың ақындық рухы керемет: біріншіден, суырып салма ақындардың таңқаларлық жады арқасында қаһармандардың ерлігін жыр еткен барлық көне поэмалар тамаша еске сақтау қабілетінің арқасында көпшілігі тілінің көнелігі жағынан және жаңа буынға түсініксіз көп сөздері бойынша Алтын Орда кезеңіне жататын өз қаһармандары туралы тарихы оқиғалары бойынша да бізге бұрмалаусыз жеткен. Екіншіден, әртүрлі кезеңде өмір сүрген ақын-жыраулар халық санасына өз дәуірінің оқиғасын сіңіргені соншалық, оның барлығы бірігіп келіп, бір бүтінді құрайды. Үшіншіден, осы поэмалардың барлығы салт дәстүрмен, мақал мәтелдермен, халықтың адамгершілік туралы жарғыларымен біріге келіп, халықтың тарихи және рухани өмірінің өткенін толық көрсете отырып, тарихи оқиғаларды толықтыруға және олардың кезеңін анықтауға жәрдемдеседі. Қазақтардың көне аңыз әңгімелер мен наным сенім, ырымдарды соншалықты таза, бастапқы қалпында сақталып қалғаны таңқалдырады, ал одан да таң қаларлығы даланың барлық алыс түкпірінде, әсіресе өлең-жырлар, бір қолмен көшірілген қолжазбадағыдай өзгеріссіз, қаз қалпында айтылады. Көшпенді, сауатсыз халықтың ауызша деректері адам сенгісіз дәлме дәл сақталғаны қаншалықты таңқаларлық болғанымен, бұл шәк келтіруге болмайтын шынайы дәлел.