Сымбат Сұлуова. Қазақ сайттарының бағасы қандай?
Ахас Тәжуітов ағамыздың жетекшілігімен шығатын www.inosmikz.com сайтынан Нұржан Егембердиевтің «Рейтинг популярности сайтов самых многотиражных казахских газет» деген мақаласын байқап қалдық. Автор әлемдегі веб-ресурстардың «бағасын» өлшейтін www.websiteaccountant.com сайтын пайдаланып, елімізде шығатын ұлттық басылымдарының интернеттегі нұсқаларының рейтингісін жасап шығыпты.
Аталмыш сайтқа кез-келген тұтынушы кіріп, өзін қызықтырған веб-ресурстың «бағасын» өлшей алады. Мысалы, өз сайтыңыздың «виртуалды құнын» анықтағыңыз келсе, оның атауын арнайы терезеде теріп, «есепте» деген түймешеге бассаңыз жеткілікті. Сайт автоматты түрде оның күнделікті оқырмандарының, сайтқа жасалған ғаламтордағы сілтемелердің санын, сайттың «Гугл» сияқты жүйелердегі орнын т.б. көрсеткіштерді саралап, оның АҚШ долларымен есептелген «бағасын» анықтайды.
Осы тәсілмен жасалған қазақ газеттерінің интернет-сайттарының жарысында алғашқы орынға «Алаш айнасы» басылымы шығыпты. Газеттің интернет-сайтының «бағасы» 6864 долларға теңеліпті!
№ |
Сайттар |
Күнделікті қаралған беттер саны Ахас Тәжуітов ағамыздың жетекшілігімен шығатын www.inosmikz.com сайтынан Нұржан Егембердиевтің «Рейтинг популярности сайтов самых многотиражных казахских газет» деген мақаласын байқап қалдық. Автор әлемдегі веб-ресурстардың «бағасын» өлшейтін www.websiteaccountant.com сайтын пайдаланып, елімізде шығатын ұлттық басылымдарының интернеттегі нұсқаларының рейтингісін жасап шығыпты. Аталмыш сайтқа кез-келген тұтынушы кіріп, өзін қызықтырған веб-ресурстың «бағасын» өлшей алады. Мысалы, өз сайтыңыздың «виртуалды құнын» анықтағыңыз келсе, оның атауын арнайы терезеде теріп, «есепте» деген түймешеге бассаңыз жеткілікті. Сайт автоматты түрде оның күнделікті оқырмандарының, сайтқа жасалған ғаламтордағы сілтемелердің санын, сайттың «Гугл» сияқты жүйелердегі орнын т.б. көрсеткіштерді саралап, оның АҚШ долларымен есептелген «бағасын» анықтайды. Осы тәсілмен жасалған қазақ газеттерінің интернет-сайттарының жарысында алғашқы орынға «Алаш айнасы» басылымы шығыпты. Газеттің интернет-сайтының «бағасы» 6864 долларға теңеліпті!
Осы тәсілмен біздер қазақ интернет-сайттарының «бағасын» да анықтап көрдік. Аталмыш www.websiteaccountant.com сайтының дерегіне сенсек, өздеріңіз сүйіп оқитын www.abai.kz ақпараттық порталының бағасы 7448 долларды құрап, ол қазақ ресурстарының ішінде бірінші орынға ие!
Міне, www.websiteaccountant.com сайтының тәсілімен есептелгендегі қазақ веб-ресурстарының «бағасы» әзірге осындай ғана! Қалғанын өздеріңіз топшылай беріңіздер...
«Абай-ақпарат»
0 пікір
Үздік материалдар |