Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2228 0 пікір 3 Маусым, 2009 сағат 10:43

Қарағандыда алты кәсіпорын өндірісін толығымен тоқтатты

Қарағанды. 3 маусым. ҚазТАГ – Қалалық және аудандық жұмыспен қамту бөлімдерінің мәліметтеріне сәйкес, Қарағанды облысында 1 ақпаннан бастап осы уақытқа дейін алты кәсіпорын өндірісін толығымен тоқтатқан. Осы кәсіпорындардың 229 жұмыскері қысқартылды. Соның ішінде қызметін тоқтатқан «Гросс» супермаркеттер желісі 90 жұмыс орнын қысқартып отыр.  

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпаратына сәйкес, 981 адам жалақысын сақтамай демалысқа жіберілген. Соның ішінде «Қазақстанның Халық банкі» филиалдық желісінің 63 қызметкері, № 31 жол пайдалану учаскесінің 82 жұмыскері, «Қаргормаш» ЖШС-нің 33 адамы, «Еркин огнеупор» ЖШС-нің 41 адамы бар.

7227 жұмыскер толық емес жұмыс күніне және қысқартылған жұмыс аптасына жұмыспен қамтылып отыр. Соның 2875 адам - «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ның қызметкерлері. Компания кәсіподақтары мәлімдегендей, 1 шілдеден бастап  «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорындарында толық емес жұмыс аптасы кестесі алынып тасталады. Алайда, «АМТ» бас директоры Франк Паннир нақтылап өткендей, әрбір жұмыскер өтініш жазып, толық емес еңбек аптасында жұмыс істеуін жалғастыра алады.

Қызметкерлерін жұмыспен қамту  мақсатында жұмыс берушілер нақты шаралар қабылдап жатыр. Мысалы, жұмыскерлерді басқа жұмысқа аттандыруда. Кәсіпорындардың 245 жұмыскері қайта дайындықтан өту және біліктілік курстарына жіберілді. Болжамға сәйкес, алдағы екі айда облыс кәсіпорындары 70-тен аса адамды қысқартуды жоспарлап отыр. Облыстың 20-ға жуық кәсіпорнында жалақы бойынша қарызы бар. Қарыздың жалпы сомасы – 74 млн теңге.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475