Ақтаудағы OilTech Mangystau конференциясында технологиялық және экологиялық міндеттерді шешу мәселелері талқылануда
Актау. 2 қараша. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Ақтауда ашылған «OilTech Mangystau 2010» техникалық конференциясының негізгі тақырыбы технологиялық және экологиялық мәселелерді шешу болып отыр. Бұл туралы ITE Group директоры Ричард Уайтман Мangystau Oil, Gas & Infrastructure көрмесінің ашылуында мәлім етті.
«OilTech Mangystau технологиялар саласындағы маңызды аймақтық оқиғалар, соның ішінде технологиялық және экологиялық мәселелерді шешу стратегиясы талқыланатын алаңға айналып, инфрақұрылымды дамыту, инвестициялау мүмкіндіктері, көлік желілері, қуаттың балама көздерін дамыту бағдарламалары туралы ақпарат береді», - деді Р. Уайтман.
Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев конференцияның тақырыбын қолдап, аймақта жасалып, жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардың бәрі мұнай-газ секторына тікелей немесе жанама бағдарланғанын атап көрсетті. Аймақ басшысы «облыс экономикасының негізін мұнай-газ секторы құрап отырғанын, аймақтың елде өндірілетін көмірсутек шикізатының үштен бірін қамтамасыз етіп отырғанын» еске салды. «Маңғыстау облысы мұнай-газ саласындағы барлық ірі жобаларға қатысуға әзір, соның ішінде тауарлар мен қызметтерді жеткізу жобаларына да, инженерлік-техникалық және жұмыскер білікті кадрларды ұсынуға да, инфрақұрылымды дамыту жобаларына да қатысуға дайын», - деді ол.

Әкімнің мәліметіне сәйкес, үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндірістің көлемі Т1,5 трлн ($10 млрд) шамасында болып, республика бойынша 16,4% (өңдеуші өнеркәсіп есебінен соңғы үш жылда екі есе өсім, яғни нақты әртараптандыру байқалып отыр) құрайды деп күтілуде. Өнеркәсіп өнімінің физикалық көлемінің индексі 102% құрайды.
«Негізгі капиталға инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 11,7%-ға артып, Т236 млрд ($1,6 млрд) құрады, жан басына шаққандағы оның көлемі бойынша ел бойынша екінші орындамыз», - деді Қ.Көшербаев.
Р. Уайтманның айтуынша, Mangystau Oil & Gas 2010 көрмесіне қатысушылардың саны 40%-ға артқан. Көрмеге мұнай-газ саласында сервистік қызметтер көрсететін, мұнай-газ жабдықтарын, арнайы киімдер және қоршаған ортаны қорғау технологияларын жасайтын кәсіпорындар қатысуда. Олардың арасында «АтырауНефтеМаш» ЖШС, ArcelorMittal Aktau, «Каспийлік машина жасау кешені» ЖШС, GMMOS Kazakhstan, Paker, Larmax International BV сияқты мұнай-газ жабдықтарын жеткізуші және сервистік компаниялар бар.
Көрменің шеңберінде компаниялардың «Мұнай өндірудегі қиындықтардың алдын алу үшін жаңа техникалық құралдар мен технологиялар» және «Индустриалды парк: инвестициялар, инфрақұрылым, логистика» деген тақырыптағы семинарлары өтеді.
Конференцияға 100 делегат қатысуда. Пленарлық отырыстарда 30 спикердің баяндамалары тыңдалып, талқыға салынады.