Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2931 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 04:02

Мұнай және газ институты Каспийдің жағалау жолағын дамытудың кешенді жоспарын жаңарту жобасы бойынша есепті аяқтады

Ақтау. 2 қараша.ҚазТАГ – Қазақтың мұнай және газ институты (ҚМГИ) Каспий теңізінің қазақстандық секторының жағалау жолағын дамытудың кешенді жоспарын жаңарту жобасы бойынша есепті аяқтады, деп мәлім етті институттың бас директоры Ұзақбай Қарабалин OilTech Mangystau 2010 II мұнай-газ техникалық конференциясында.

Оның айтуынша, бастапқыда жоспар 2005 жылы жасалды. Алайда жылдар өткенде Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру және жағалау инфрақұрылымын құру бойынша жоспарларға өзгертулер енгізілді, қазақстандық қайраңдағы келешегі бар құрылымдар мен кен орындарының болжанған қорына қатысты, көмірсутекті өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау перспективалары бойынша мәліметтер өзгерді.

Ұ. Қарабалиннің атап көрсетуінше, кешенді жоспардың өзгеруі Қашаған кен орнын өнеркәсіптік игерудің екінші кезеңінің мерзімін ауыстыруға да байланысты.

ҚМГИ бас директорының ақпаратына сәйкес, институт қызметкерлері «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның тапсырыс беруімен жаңалау инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспарына өзгертулер енгізген. Негізінен Қашаған кен орнының 5,2 млрд тонна деп бағаланып отырған қорын уақытында тасымалдап, өңдеу керектігіне баса назар аударылды.

«Осыған байланысты Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Баутино мекенінде теңіздегі мұнай операцияларына қолдау көрсету үшін құрылған базалар  – Аджип ККО мен «ТеңізСервис» ЖШС-інің жағалаудағы нысандары қазір Қашаған кен орнын тәжірибелік-өнеркәсіптік игерудің бірінші кезеңін ғана қанағаттандыра алады. Алдағы уақытта бұл нысандар екінші және үшінші кезеңдердегі қажеттілікті қанағаттандыра алмайды. Осыған байланысты металл конструкцияларын жасайтын жаңа орындар, тау жыныстарын шығаратын айлақтар және мүмкін кеме салатын орындар да жасау қажет болады», – деп түсіндірді Ұ. Қарабалин.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364