Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2840 0 пікір 3 Қараша, 2010 сағат 04:03

«Қазақмыс» қаңтар-қырқүйекте қырғыздың Бозымчак кен орнын игеруге $45,15 млн инвестициялады

Алматы. 2 қараша. ҚазТАГ – «Қазақмыс» корпорациясы 2010 жылдың қаңтар-қырқүйегінде Қырғызстандағы Бозымчак алтын-мыс кен орнын игеруге $45,15 млн инвестициялады, деп хабарлайды Қырғызстанның табиғи ресурстар министрлігі.

«Kazakhmys Gold Kyrgyzstan жыл басынан бері Бозымчак алтын-мыс кен орнын игеруге $45,15 млн инвестициялады. 2010 жылдың үшінші тоқсанында компания құрылысқа және кен орнын зерттеуге $11,75 млн инвестициялаған», -деп хабарлайды министрлік.

Ведомствоның мәліметінше, алтын алу фабрикасы мен қажет инфрақұрылымның құрылысы 2011 жылдың 31 желтоқсанына қарай аяқталады. 2011 жылы кен өндіру 200 мың тоннаны құрайды, 2012 жылдан бастап жыл сайын 800 мың тоннадан өндіріледі. Байыту кезінде кеннен негізгі және ілеспе құрамдастарды ажыратудың орташа нормативті деңгейі алтын - 82,5%, күміс - 76,7%, мыс 90% құрайды.

Бұған дейін «Қазақмыс» корпорациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, жобаның жалпы құны - $100 млн.

Бозымчак алтын-мыс кен орнының орталық учаскесін игеру мақсатымен жер қойнауын пайдалану құқығына лицензия компанияға 2008  жылдың 16 сәуірінде 2028 жылдың 12 ақпанына дейін берілген.

«Қазақмыс» тобы Қазақстанда мыс өндіруші ірі корпорация және әлем бойынша алдыңғы қатарлы мыс өндірушілердің бірі болып табылады, топтың 20 кеніші, 10 тау-кен байыту фабрикасы мен мыс балқытатын өндірістік кешендері бар. Металлургиялық  корпорация алтын, мырыш, күміс және мұнай өндіреді.

Өндірісті электр қуатының ішкі жеткізілімдері мен өзінің теміржол инфрақұрылымы қамтамасыз етеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364