ИЖТМ индустриалды жобаларға бөлінген қаржыны тиімдірек басқаруға тиіс, деп есептейді есеп комитеті
Алматы. 3 қараша. ҚазТАГ – Есеп комитеті (ЕК) индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің (ИЖТМ) өндіріс комитетінің ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарына индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға бөлінген мемлекет активтерін басқарудың тиімділігін арттыруды ұсынды, делінген КЕ хабарламасында.
«ИЖТМ және өнеркәсіп комитеті өздеріне ведомстволық бағынысты республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг пен бақылауды тиісті дәрежеде жүзеге асырмаған. Соның нәтижесінде мемлекет активтері тиімсіз пайдалануда», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Құжатқа сәйкес, 2009 жылы Шығыс Қазақстан облысында металлургия орталығын құруға қаржы-экономикалық негіздемесіз 500 млн. теңге бюджет қаржысы бөлінген. Бұдан басқа, «Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК металлургия орталығына 739,1 млн. теңгеге жабдық сатып алған. Бақылау барысында белгілі болғандай, жабдық пайдаланбаған күйі «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ-ның аумағында сақталып келген.

«Минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» РМК-ның тәжірибелік-сынақ кешенінің ғимараттары 2002 жылдан бері өздерінің мақсаты бойынша пайдаланбай келеді. Бұл ретте тек 2009 жылы және 2010 жылдың бірінші жартысында ғана оларды ұстауға жұмсалған қаржы 6 млн. теңгеден асып кетті.
ЕК ақпаратына сәйкес, комитеттің ведомстволық бағынысты кәсіпорындарында әкімшілік шығыстардың бекітілген нормативтері көп жағдайда сақталмаған.
«Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен оның Өндіріс комитеті жерде сирек кездесетін металдарды өндіру және өткізу мәселелерін үйлестіріп отырмаған. Соның салдарынан республикада аммоний перренатындағы ренийді өткізу төмендеп, осмий-187-ні өндіру жүзеге асырылмаған. Сонымен бірге жоғары технологиялық өндірістің әлемдік нарығында сирек кездесетін металдарға деген сұраныс бар, ал кейбір мемлекеттерде экономикалық тұрақтылық қамтамасыз етуге қаржы-несие кұралдары инструменттер ретінде сирек кезедесетін металдардың ұлттық қорлары құрылуда», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Есеп комитеті ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне «сирек металдардың ұлттық қорларын құру жөніндегі шетелдік тәжірибені ескере отырып, сирек кездесетін металдарды тиімді пайдалану жөнінде үкіметке ұсыныстар дайындауды ұсынды».