Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 11713 0 пікір 30 Қазан, 2010 сағат 13:33

ІЛЕ ӨЛКЕСІНІҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОЧЕРКІ

УШЖ бойынша басылып отыр, т. 3, 9-17 бб. Қолжазбаның таза көшірмесі ВГО архивінде сақтаулы (разряд 70, 1-тізбе, 14-іс, 1-15 пп.). Қалған екі көшірмесі (алғашқы түрі мен тазасы) Ш. Ш. Уәлихановтың мұрағатында сақтаулы (ААН, Ф. 23, Оп. 1, Д. 12, ЛЛ. 1-8 об, Д. 22/3, ЛЛ. 22 об, 35 об).

Таза көшірмесі бірдей, олар алғашқы түрінен барынша нақты құрылысымен және елеулі өзгешеліктермен ерекшеленеді. Шамасы, ол бастапқы редакциялардың бірі болса керек. ҒАА таза көшірмесінде көшірмеші жіберген біраз қателер кездеседі.

ҒАА-ның алғашқы түрі мектеп дәптеріне қалай болса солай жазылған, қателер өте көп. Дәптердің соңында тақырыпсыз «Іле Алатауы очеркісімен» байланысы жоқ ескертпелер бар. Алғашқы көшірмесі бөлектенген беттерден алынуы мүмкін, себебі, кейбір жерлерде автордың жазбасы бұзылған. Сонымен қатар, таза көшірмесімен сәйкес келмейтін жерлері де кездеседі.

Ш. Уәлихановтың авторлығы біріншіден, бұл жұмысқа оның жасаған сілтемесімен екіншіден, «Іле Алатауы очеркісінде» және т.б. еңбектерінде айтылған ойлардың қайталануымен анықталады. Мысалға, «Іле Алатауы очер-кісінде» ол былай деп жазды: «1853 жылдың қысы орыстар Іленің арғы бетінде өткізген бірінші қыс. Ол өте суық қыс болды, ондай қыс қазақ ақсақалдарының естерінде жоқ. Бұл өз кезегінде қазақтардың орыстар қыспен туыс болып кеткені соншалық, олар қай жерге барса да, суығын өздерімен бірге алып жүреді, деген ойға келуіне себеп болды» (ААН, Ф. 23, Оп. 1, Д. 12, Л. 4). Бұл ой «Құлжа күнделегінде» де айтылған: 1853 жылғы қыс есте қаларлықтай... мұндай қыс қазақтардың есінде жоқ, орыстар суықты өздерімен бірге алып жүреді деседі» (Қараңыз: Ш. Ш. Валиханов. Собрание сочинений. т. II, Алматы, 1962, С. 96).

Ш. Уәлихановтың авторлығының басты дәлелі, ол өзінің Тянь-Шаньнан бастау алатын барлық өзендердің сипаттамасы берілген «Тянь-Шань мен Ыстықкөл бассейнінің географиялық очеркісі» шолу еңбегінде Ш. Уәлиханов Іле өзенінің бассейніне тоқтамай кетіп, өзінің «Қазақтың Ұлы жүзі туралы» және «Іле өлкесі» деген бұрынғы еңбектеріне сілтеме жасайды (қараңыз: Собр. соч., т. І, С. 316). Бұл екі еңбек бізге көшірме ретінде бір дәптер болып жетті (ААН, Ф. 23, Оп. 1, Д. 22/3, ЛЛ. 4-9 и 22 об-33 об). Еңбек 1855 жылға дейін жазылған.

Іле өзені мен Күнгей Алатаудың қарлы жотасы аралығында созылып жатқан ұзын жер тілімі. - елуінші жылдардың басында «Іле Алатауы» деген географиялық термин әлі болған жоқ, оның орнына барлық шығармаларда, оның ішінде П. П. Семенов, А. Ф. Голубев, И. И. Захаров, Ш. Ш. Уәлиханов және басқаларының еңбектерінде «Күнгей Алатау» деген атау қолданылды. Зерттеушілер Іле Алатауы жотасы мен Күнгей Алатауы екеуі бір деген сенімде болды. Іле Алатауы мен Күнгей Алатауы деп бөлу кейінірек шықты. Іле жотасын қазақтар бұрын Алматы тауы (Алматы жотасы) деп атаған.

Қамау - Іле өзенінің Балқаштың оңтүстік жағасына құйылар сағасы.

...Үлкен Алатау - Жоңғар Алатауына немесе Кіші Алатауға қарама-қарсы бүкіл Солтүстік Тянь-Шань жөнінде айтылып отыр.

Кіші Алатаудан биік - Жоңғар Алатауының тарихи атауларының бірі.

Ыстықкөлдің арғы бетіндегі Қырғыз Алатауы - Әңгіме Ыстықкөлдің оңтүстік жағын көмкеріп жатқан Теріскей Алатау жөнінде болып отыр.

Қарақұм құмдары... - дәл анықтама емес. Қаратаудың батыс бөктерінен Арал төңірегіндегі Қарақұмға дейін ұшы-қиырсыз ен дала мен ойпат жатыр. Ол Шу, Сарысу өзендерін, Телі көлін қамтиды. Қаратау төменгі Сырдария төңірегінде, оның сол жағалауына жақын жерде аяқталады.

Жасылкөл - Тау көлінің нағыз аты. Оған кейіннен қателесіп «Есік» аты берілген, оны көбіне Ыстықкөл атымен шатастырады. Есік көл аты емес, Жасылкөлден басталатын кішкене өзен аты.

Қазақ болыстарының адамдары қар кеткенде осы сайларға көшеді... - Яғни Іле Алатауының солтүстік бөктерінде шығыстан батысқа қарай орналасқан тау қойнауларына (Кеген, Түрген, Талғар, Қаскелең, Қордай) көшеді.

9 ...Қорған төбе деп аталады - Әңгіме Талғар өзенінің таудан жазыққа шығар жеріндегі Талғар қалашығының бірі туралы болып отыр. Қала орны қазір тегістеліп кеткен.

10 Талғар тауынан дәл шыға берісте көне бекіністің орны бар. Қазір Талғар қаласының шегіне кіретін Жоғарғы Талғар қала жұрты туралы айтылып отыр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394