Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2636 0 пікір 4 Қараша, 2010 сағат 06:53

Француздардың Sagem және «Қазақстан инжиниринг» ұшқышсыз ұшатын аппарат жинақтайтын БК құрады

Астана. 4 қараша. ҚазТАГ – Француздардың Sagemжәне «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ұшқышсыз ұшатын аппарат жинақтау және оған техникалық қызмет көрсететін БК құру туралы келісімге қол қойды. Бұл жайлы бейсенбі күні ұлттық компания баспасөз хатшысы Сара Бәкірова агенттікке хабарлады.

Келісім шарты бойынша, кәспорын ұшқышсыз ұшатын ұшақтарды әскерилердің, арнайы қызмет және азаматтық қажеттілік үшін шығара бастайды. Оның ішінде Ауыл шаруашылығы, апаттық қызметтердің пайдалануы, ҚР ҰҚК шекара қызметінің пайдалануы үшін шығарады.

Sagemкомпаниясының хабарлауынша, аталған құжатқа «Қазақстан инжиниринг» президенті Болат Смағұлов пен Sagemбасшысы Жан-Лин Фурнеро (Jean-LinFournereaux) Парижде 2-ші қарашада қол қойды. БК құру шарттары кейін нақтыланады. Келісімшартты екі елдің үкіметтері мақұлдады.

Француздардың Safran тобына кіретін Sagem компаниясы оптика, авиациялық радиоэлектроника, электроника, әскери салада қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз ету, навигациялық жүйелердегі ғылыми жетістіктері саласында танымал көшбасшысы. Компания Еуропада, Солтүстік Америка мен Оңтүстік – Шығыс Азияда жұмыс істейді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ машинажасау саласында жұмыс істейтін кәсіпорын. Компания кәсіпорындары мұнайгаз, темір жол, агроөнеркіәсіп пен жылу энергетикалық кешенде, сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу саласында маманданған. Компания қорғаныс өнеркәсібін дамыту, әскери-өнеркәсіптік өнімдер шығару мен экспорт және басқа да ҚР күш құрылымдарының мұқтаждықтары үшін мемлекеттің стратегиялық мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391