Интернет-конференция: Нұрлан Ерімбетов
Интернет-конференциямыздың осы жолғы қонағы Нұрлан Ерімбетов мырза болып отыр.
Соңғы екі-үш жылдың ауанында еркін пікір мен азат ойлардың алаңына айнала бастаған «АйтPARK» клубының жетекшісі, саясаттанушы, қоғам қайраткері, тележүргізуші Нұрлан Кенжебекұлы бүгінгі заман және оның келбеті, мазмұны туралы келелі мәселе көтеріп қана қоймай тосын ой, тың көзқарасымен танылып жүрген азамат. Ол жаһантордағы еркіндікке орай Abai.kz ақпараттық порталының оқырмандарымен де ашық әңгімелесуге пейілді екенін білдіреді. Сауалдарыңызды әдеттегідей Abai-akparat@mail.ru поштасына немесе форумға жолдай беріңіздер.
Өмір-дерек
Нұрлан Кенжебекұлы Ерімбетов - саясаттанушы. 1960 жылы дүниеге келген. 1979-1983 жылдары Мәскеу мемлекеттік мәдениет институтында оқыған. 1985-1997 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда облыстық мәдениет комитеті төрағасының бірінші орынбасары, Қаз.ССР Мемлекеттік мәдениет комитетінің басқарма бастығы қызметінде болды.

1997-2004 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2004-2005 жылдары «Отан» партиясы саяси кеңесінің хатшысы болды. 2006 жылдан «Мәдени майдан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызметін атқарып келеді. Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының атқарушы директоры. «АйтPARK» қоғамдық-саяси интелектуалды клубының негізін қалаушы әрі модераторы.
«Абай-ақпарат»