Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2380 0 пікір 5 Қараша, 2010 сағат 03:46

Алдан Смайыл. Бізге балаларды медиазорлықтан қорғайтын заң керек

Мәжілісітің жалпы отырысында  депутат Алдан Смайыл балаларға арналған ақпараттардың бақылаусыздығын айтып, Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке депутаттық сауалнама жолдады.
«Менің депутаттық сауалым бұрын да көтерілген, алайда тиісті басқару орындары мән бермеген мәселеге арналып отыр. Біз бүгінде өмірімізде болып жатқан ақпараттық және рухани өзгерістерден көш кейін қалып келеміз. Әсіресе, жастар мен жасөспірімдерге компьютерлік ақпараттың ықпалы туралы ойланар түріміз байқалмайды. Әлдекімдердің тәп-тәуір бизнесіне  айналған, көп ретте контрабандалық жолмен әкелінетін электрондық нұсқадағы ойындар балалардың мінез-құлқы мен психологиясына кері әсер ететін сұрапылға айналып барады. Астана мен Алматының, облыс орталықтарының супермаркеттерінде, жеке клубтарда қаптап кеткен, осындай ойындарды көрсетуге арналған орындар арқылы қатыгездік те, мейірімсіздік те, басқа да жағымсыз қылықтар да насихатталады. Оның нақты көрінісі қандай десеңіз, мектеп жасындағы балалардың арасында болып жатқан, елдің жағасын ұстатқан оқиғалар жайында ойланыңыз. Топқа бөлініп қақтығысу, қорқытып-үркітіп ақша жинау, қару жұмсау бір қаланың шеңберінде емес, өңірлердің көпшілігінде байқалуда. Ал мұның сыры неде? Балаларға арналған ақпараттың бақылаусыз кеткендігінде.

Аталған мәселенің өзектілігі соншалық, ол әлемдік деңгейде талайдан бері талқыланып келеді. 2006 жылы Гонконгте білім беру қоғамдары ұйымдастырған халықаралық ғылыми конференцияда қаралды. 2007 жылы Сараевада шақырылған «Біртұтас әлем. Білім беру және мәдениетаралық диалог» атты салыстырмалы білім беру қоғамдары кеңесінің ХІІІ Конгресінде де арнайы сөз болды. Солардың бәрінде балалардың денсаулығы мен мінезіне кері әсер ететін электрондық және телевизиялық ақпараттар мен ойындарға қатаң бақылау орнатудың қажеттігі айтылды. Осы мәртебелі жиындарда келтірілген деректерге қарасақ, кабельдік арналар арқылы балалар күніне 17 өлім көріністерін бақылайды екен. 37 рет атыс-шабыс, ұрып-соғу секілді қатыгездік сценаларын көреді.
Осының бәрінің алдын алу үшін АҚШ Конгресі 1954 жылдың өзінде телезорлықтың әсері туралы мәселені талқылаған. 1972 жылы медиазорлықтың кәмелетке толмағандарға теріс ықпалын 50 американдық ғалым арнайы зерттеп, 5 томдық еңбек жазған. 2003 жылы осы елде «Балаларды бейнеойындардағы жыныстық қатынас пен зорлықтардан қорғау» туралы Заң қабылданды. 2005 жылы Ресей телеарналарының бір топ жетекшісі «Зорлық пен қатыгездікке қарсылық» Хартиясына қол қойды, өздері басқарып отырған арналарда оған жол бермейтіндіктерін мәлімдеді. Осындай қадамға біздің телебасшылар барса, құптарлық іс емес пе?!
Көптеген өркениетті елдерде балаларды медиазорлықтан қорғайтын арнаулы заңдар бар. Латвияда 1995 жылы «Телерадиохабар туралы» Заңда оған тиым салынды. АҚШ, Канада, Германия, Англия, Норвегия, Дания, Швеция, Австрия, Франция, Италия, Жапония т.б. елдерде балаларды зиянды компьютерлік ойындар мен телекөріністерден қорғайтын заңдар бұдан көп бұрын күшіне енген. Мұндай заңдар Грузияда 2001, Украинада 2003 жылы қабылданды.
Осындай қадамдарға біз де баруымыз керек. Супермаркет дүкендерінде қаптап кеткен, бақылаудан тыс қалған компьютерлік ойын клубтарын мемлекеттік тұрғыдан қадағалайтын, сыртқы елдердің телеарналарын ақпараттық сүзгіден өткізу туралы қойылып жүрген талаптарға жауапкершілікпен қарайтын кез жетті.
Республиканың кейбір мектептерінде болып жатқан балалар өлімі туралы ойланғанда, осы мәселе, ақпараттық қатыгездікті тоқтату мәселесі толғандыруға тиіс. Бізге балаларды медиазорлықтан қорғайтын заң керек.  Түрлі заңдарға сыналап енгізілген бірді-екілі баптарды зерттеп шығып, олардың жалпылама әрі жайдақ екеніне, арнайы қарастырылмаған соң көбіне орындалмайтынына көз жеткізген соң осылай деп отырмыз. Мұндай баптарда компьютерлік ойындар туралы айтылмайды да.  Ал балаларды мінез-құлқына кері әсер ететін ақпараттан қорғайтын арнайы заң жасалып қабылданғанша компьютерлік клубтар  тексеріліп, қатыгездікке құрылған ойындарға жаппай тиым салынсын. Балаларды бұдан былай зиянды бизнестің құрбаны етіп, бейжай отыруға болмайды. Талап тілегіміз осы»
Р.S Алдан Смайылдың депутаттық сауалын қолдап, Мәжіліс депутаттары: Сатыбалды Ибрагимов, Бекболат Тілеухан, Гүлнәр Сейітмағанбетовалар қол қойған.

Ақпарат ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметінен алынды

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435